А) Білімділік: адам ?міріндегі ??ндылы?тар?а назар аударта отырып ту?ан жер таби?аты сыйла?ан г?л ?леміндегі ?ыз?алда? ?сімдігімен таныстыру ж?не оны ?а?аздан жасау жолдарын ?йрету.
?) Дамытушылы?: О?ушы ?зіні? ал?ан білімдері мен т?жірибелерін ?ол?нер шеберлігі мен с?з ?нері ар?ылы ?штастыра отырып, білімдері мен ?абілеттерін дамыту.
Б) Т?рбиелік: Эстетикалы? патриотты? т?рбие бере отырып ?мірге деген ?зіндік к?з ?арастарын, белсенділігін ?алыптастырып г?л жасау ар?ылы ?ол е?бегін жатты?тыру.
Саба?ты? т?рі:
Саба?ты? ?дісі:Баяндау,сараманды?.
П?наралы? байланыс:Математика,д?ниетану, ана тілі, ?лтты? д?ниетаным.
Просмотр содержимого документа
«?ыз?алда? (?а?азбен ж?мыс)»
Сабақтың тақырыбы: Қызғалдақ (қағазбен жұмыс)
Сабақтың мақсаты:
А) Білімділік: адам өміріндегі құндылықтарға назар аударта отырып туған жер табиғаты сыйлаған гүл әлеміндегі қызғалдақ өсімдігімен таныстыру және оны қағаздан жасау жолдарын үйрету.
Ә) Дамытушылық: Оқушы өзінің алған білімдері мен тәжірибелерін қолөнер шеберлігі мен сөз өнері арқылы ұштастыра отырып, білімдері мен қабілеттерін дамыту.
Б) Тәрбиелік: Эстетикалық патриоттық тәрбие бере отырып өмірге деген өзіндік көз қарастарын, белсенділігін қалыптастырып гүл жасау арқылы қол еңбегін жаттықтыру.
Сабақтың түрі:
Сабақтың әдісі:Баяндау,сарамандық.
Пәнаралық байланыс:Математика,дүниетану, ана тілі, ұлттық дүниетаным.
Сабаққа қажетті құрал-саймандар:оқушы үшін:Түрлі-түсті қағаз,қайшы, қалам, өшіргіш,желім.
Мұғалім үшін:Тақта, слайд, плакат, гүл шоқтары,гүлді плакаттар, суреттер.
Сабақ барысы:
1)Ұйымдастыру кезеңі
2)оқушыларды түгелдеу.
3)сынып тазалығына назар аудару
4)жұмыс орнын дайындау
Жаңа сабақты түсіндіру:
Еңбек сабағының ережелерін пысықтау.
Оқушылар еңбек сабағында қауіпсіздік ережелерін естен шығармау;
Пайдалы материалды үнемдеп ұстау.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру. 1. Психологиялық дайындық. - Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? - Көктем. - Көктем мезгілінде неше ай бар? Үш. - Көктем айларына қандай айлар жатады? - Наурыз, сәуір, мамыр. - Қазір көктем мезгілінің қай айы? - Наурыз. - Табиғатта қандай өзгерістер болып жатыр? - Көктем. Ол қандай? - Көктем бізге күннің мол шуағымен келеді ғой. Ендеше осы күн сәулесінің тұсына көктем туралы білетінімізді жаза қояйық. Күн мен түн теңеледі Малдар төлдейді Көктем қар ериді күн жылынады.
ағаштар гүлдейді.
Жер көгереді.
Гүлдер өседі. - Дұрыс, балалар, көктемнің ерекшеліктерін жақсы біледі екенсіңдер.
ІІІ. Жаңа сабақ. Жұмбақ. Өзі сондай нәзік, Су құйсаң кетеді Алақаның жайып. (гүл) - Бұл қандай гүлдер? - деп ойлайсыңдар? - Бұлар көктем мезгілінде шығатын алғашқы гүлдер. - Гүлдер – туралы не білеміз? - Гүлдің пайдасы туралы не айтамыз? - Гүлді қандай жағдайда пайдаланамыз? - Гүлдер – туған еліміздің болашағы, олар оттегін бөліп шығарып, айналадағы ортаны жақсартады, ауаны шаң - тозаңнан тазартады. Гүл – сұлулық, гүл - әсемдік, гүл – нәзіктік. Олардың кейбіреулерінің емдік, дәрілік қасиеттері де болады.
Соншың ішінде қызғалдақ гүлінің ерекшелігін танып біліп, сол қызғалдақты түрлі-түсті қағаздан жасауды үйренейік. Қызғалдақ-лалагүлдер тұқымдас өсімдіктердің атауы.Бүгінде олар әлемнің қоңыржай климатты жерлерінде кеңінен тараған.Бірақ бұл өсімдік атауының шығыстық түп тамыры парсының «toliban» (сәлде) сөзінде жатыр.Бұдан қызғалдақтың отаны азиялық далалар мен шөлдер екендігі айқындалады.1558 жылы бұл өсімдіктер Австрияға, одан кейін Германия мен англияға әкелінген.XVII ғасырдың басында олар Голландяда да тарала бастаған. Қызғалдақтың алау түсті қауашақтары күн нұры молынан төгілгенде,айқара ашылып,ал,кеш түскенде,немесе,жауынды күні жабыла қалады.Қызғалдақ негізінен сәуір мен мамыр айларында шешек атады..Одан соң,араға ай салып, тұқым шашады.Торқа топыраққа сіңген қызғалдақ тұқымы келесі көктемді күтеді.Қызғалдақ тұқымдарының сақталу мерзімі бар болғаны 10-15 жыл ғана.Сондықтан,даламыздың алау гүлдерін аялай білсек зайыр... .Ал балалар осы көктем мезгілінде өсетін гүлдер жайында қандай өлеңдер білесіңдер?
Оқушылар гүл туралы өлеңдер оқиды.
Сарамандық жұмыс:
1.геометриялық игуралар
Түс үйлесімділігі. Нәзік күлтежапырақтары майыса төгіліп, күн көзіне әлсіз мойындарын соза өскен гүлдердің сан алуан түріне қарап халқымыз олардың түсінің өз мағыналары мен ерекшеліктерін ажыратқан.
Ақ гүл – нәзіктік пен тазалықтың нышаны саналған. Ақ түс − жастықтың, пәктіктің белгісі ретінде түсінілгендіктен, оларды үйлену тойында сыйлау бізде дәстүрге айналған
. Алқызыл түс – жалынды жастықтың белгісін сипаттайды. Қызыл түс − махаббат түсі саналады. Алтын түстесі – ұлылықты, мәртебелілікті білдірсе, сарғылт түс – шығыста тәкаппарлықтың, алып күштің, биліктің нышаны ретінде қабылданған.
Сары түс әдетте күннің нышанын бейнелейді. Дегенмен, біздің мәдениетімізде сары гүл – сенімсіздіктің белгісі ретінде қабылданады.
Көк түс – батыста сағыныштың, адалдықтың белгісі саналады. Оны негізінен әскерге кететін ер-азаматтарға сыйлайтын көрінеді. Ал бізде көк гүлдерді адамның ерекшелігін көрсету үшін тарту етеді.
1.Ге
Сергіту сәті. Орнымыздан тұрамыз, Қолды белге қоямыз. Бұрыламыз солға бір, Бұрыламыз оңға бір. Біздер тату баламыз, Гүл - гүл жайнап жанамыз. Жаттығулар жасасақ, Жақсы сергіп қаламыз.
- Өлеңді ақындар қандай көңіл - күйде айтқан? - Қуанышты. - Өздерің көктем келгеніне қуанасыңдар ма? - Бәйшешек, Жауқазын қандай гүлдер?
Сергіту сәті. Ойын: Ол кім? Бұл не? Мақсаты: Жекелеген заттардың суреті арқылы оларға кім? не? Сұрақтарының қойылатының білдіру. 1. Мынау не? 2. Мынау кім? Қандай ереже шығарамыз? - Адамға қатысты сөздерге кім? кімдер? - Ал, жануарларға басқа да заттарға не? Нелер? Деген сұрақтар қойылады. І топ. Бәйшешек. Осы сөзде неше дыбыс, неше буын бар? Сөз қалай айтылады? (жіңішке неге?) ІІ топ. Жауқазын. Осы сөзде неше дыбыс, неше буын бар? Сөз қалай айтылады? (жуан) Неге?
ҮІ. Дәптерлермен жұмыс. Ізденушілік деңгейдегі жаттығу. 92 - жаттығу. Көктем, ағаштар, мал туралы айтылған сөйлемдерді көшіріп жазыңдар. 1. Көктем болды. Ағаштар бүршік жарды. Мал көкке жайылды. 2. Не? Нелер? Сұрақтарына жауап беретін сөздердің астын сызыңдар. Ойын: «Өз орныңды тап». Мақсаты: Кім? Кімдер? Не? Нелер? Деген сұраққа жауап беретін сөздерді анықтауға жаттықтыру. (І - ІІ топқа суреттер беріп, І Кім? Кімдер? ІІ Не? Нелер? Деген сұраққа жауап беретін сөздерді кәрзеңкелерге салу).
93 - жаттығу. І топ. Туыстықты білдіретін сөздер (ата, әже, апа, қарындас) ІІ топ. Кәсіп иесін білдіретін сөздер (шопан, тракторшы) (мағыналарын түсіндіру)
ҮІІ. Жаңа сабақты бекіту. «Кім жылдам» ойыны. І топ. Кім? сұрағына жауап беретін сөз айтса, екінші топ сол сөзді көпше түрге айналдырады. Сол сияқты ІІ топ не? Сұрағына жауап беретін сөз айтса, І топтың оқушылары сөзді тез арада көпше түрге айналдырады.
ҮІІІ. Қорытындылау. Бүгінгі сабақ ұнады ма? Не білдік? Енді, балалар, қолдарымыздағы гүлдерді жинап, көктем гүлдерінен гүлшоғын жинап, жақсы тілектер тілейік, айтайық та, гүлдерді отырғызайық.
ІХ. Үйге тапсырма. Бәйшешек. Жауқазын өлеңін (жаттау) мәнерлеп оқып келу.
Х. Бағалау. Сабаққа жақсы қатысқан балаларды мадақтау. Өлең. Мына өлең жолын қайталайық. Шалғынды түрленген, Ойнаймыз, аунаймыз Өзіміз гүлдерден - Аумаймыз.
Қызғалдақ туралы ең алғашқы деректер ІХ-ХІІ ғасырларға жатады. Гүлдің ол замандағы атауы - "дюльбаш", сөзді аударатын болсақ "тюрбан" деген мағынаны білдіреді. Тюрбан - Шығыста киілетін бас киім үлгісі.
Өз сарайларында тірі гүлден кілем төсеуді армандайтын түрік сұлтандарының ең сүйіктісі де осы сұлу гүл болған деседі. Өткен жолы өздеріңізге қызғалдақтың Отаны туралы баяндаған болсақ, бүгін оның пайда болуы туралы әдемі аңыздардан сыр шерткелі отырмыз.
Ерте, ерте замандарда әлемнің бар бақыты сары қызғалдақтың орамына жасырылып қойылған және оған жетіп, бақытқа қол жеткізуді армандамайтын адам болмаған деседі. Өкінішке орай, ондай бақ ешкімнің басына қонбайды. Айлар өтеді, жылдар өтеді, күндердің-күнінде ойын қуып, бейғам жүрген шынашақтай бала қолға сол гүлді алса, қауызы өзінен-өзі ашылып сала берген. Содан бері қызғалдақбейкүнәлілік пен тазалықты, пәктіктің нышаны саналып келеді.
Келесі бір аңызымыз аздап көңілсіздеу келеді. Гүлдер тілінде қызғалдақ - махаббат сезімін жеткізу дегенді білдіреді. Бұл туралы мынадай парсы аңызы айтылады: "Парсы патшасы Фархад Ширих есімді сұлуға өлердей ғашық екен. Сондай тәтті сезімдермен мас болып жүрген патшаға бақталастары жас бойжеткеннің бақилық болғанын жекізеді. Ондай сұмдықты қабылдауға дәті шыдамаған Фархад тұлпарына мінеді де, айдалаға шауып кетеді. Сүйікті перизатынсыз өмірді қаламағандықтан, атын босатады да, өзі жардан құлап өледі. Патшаның құлаған жеріне қан ағып, олардың орнына қып-қызыл қызғалдақтар өсіп шыққан.
Қызғалдақтарды өсіру үрдісі ең алдымен Парсы жерінде басталып, кейіннен Кіші және Орта Азияға, Түркияға тарайды. Қызғалдақтар Отаны деп атап жүрген Голландиямызға бұл гүлдер 1570 жылы жеткізіліп, түрлі сорттары ойлап табылады.
Көп ұзамай елімізде қызғалдақтар дәурені басталады. Махаббат пен тазалықтың құлы болсаңыз, қызғалдақ теруге қамданыңыз!
Сіз бұл гүлдердің орысша атауын білесіз бе? білсеңіз жазыңыз..
Екпе раушан гүлдері
Екпе раушан гүлдері шамамен 5000 жыл бұрын пайда болған, оның 300-ге тарта түрі, 30000 мыңға жуық сорты бар.Раушан гүлі АҚШ, Англия және Иранның ұлттық гүлі болып табылады.Раушан гүлінің ең ежелгі бейнесі Крит аралында табылған, жасы шамамен б.з.д 2000 жыл.Ең кішкентай раушан гүл- «Си»(испан тілінде «ия») сортының түйнектерінің көлемі күріш дәнімен бірдей.Әлемде ең бір көне раушан гүлі Германияда кездеседі.Ол Хильдесхаймдағы шіркеудің жанында өсіп тұрған раушан гүлі, оның ұзындағы соншалық, тіпті шіркеудің шатырына да жетіп қалған.
Бәйшешек
Әлемде бәйшешектің 17-ге тарта түрі белгілі.Олардың қатарында гректік, византиялық, еңлік гүлі секілді заңғар тауларда өсетін кавказдық бәйшешек түрлерін айтуға болады.
Олар түрлі түсті, алуан пішінді болып келеді.Оның эльвис деп аталатын шар тәріздес түрі бар.Түкті сортты бәйшешектер өте әдемі келеді, олардың кейбіреулері жұпар иісімен таңғалдырады.
Қызғалдақ
Қызғалдақ-лалагүлдер тұқымдас өсімдіктердің атауы.Бүгінде олар әлемнің қоңыржай климатты жерлерінде кеңінен тараған.Бірақ бұл өсімдік атауының шығыстық түп тамыры парсының «toliban» (сәлде) сөзінде жатыр.Бұдан қызғалдақтың отаны азиялық далалар мен шөлдер екендігі айқындалады.1558 жылы бұл өсімдіктер Австрияға, одан кейін Германия мен англияға әкелінген.XVII ғасырдың басында олар Голландяда да тарала бастаған.
Жұпаргүл
Жұпаргүлдің атауы гректің «Sirinx» сөзінен шыққан, бұл түтікше деген мағынаны білдіреді.Ертеректе олардың балауса бұтақтарынан сыбызғы мен темекіге арналған түтікшелер дайындаған.
Қазіргі таңда бұл өсімдікті бау бақша, паркты әсемдеуге пайдаланылады.
Нәркес
Нәркес негізінен Оңтүстік Еуропа, Жерорта теңізі аймағы мен Азияда таралған 60-қа тарта түрі бар.Ежелгі Римде нәркес Жеңістің белгісі болған деі.Римдіктер соғыстан қайтқан жеңімпаздарын әдетте сары нәркестерден жасалған алқагүлдермен қарсы алатын болған.Қытайлықтар осы күнге дейін нәркесті Жаңа жыл салтанаттарында пайдаланады.Осындай тамаша күні осы әсем гүл барлық салтанатты шаралардың, құдайға табыну орындарының басты әшекейіне айналған.
Лаванда
Бұл гүлдің Отаны-Жеротрта теңізі жағалауы, Канар аралдары және Үндістан.Өсімдіктің атауы латынның «lava» -жуу сөзінен шыққан, бұл лаванданың гигиеналық қасиеттерін көрсетеді.Лаванданың қымбат тұратын жұпар иісі халықаралық саудада ерекше орынға ие, ол көптеген зиялы адамдардың өмірінде де, қайтыс болғаннан кейін де ерекше маңызға ие болған, себебі оны бальзамдау құрамына да қосады.
Меруертгүл
Меруертгүл атауын Карл Линней ежелгі латын тілінен «Lilium convalium»-алқап лалагүлі деген атаудан алған.Көптеген ұлттар мен халықтарда бұл гүл түрі тазалық пен адалдықты білдіреді.Оны XVI ғасырдың ортасында қолдан егіп өсіре бастаған.Бұл гүлді Францияда ерекше бағалаған, тіпті әлі күнге дейін жыл сайын меруертгүлдер мейрамын тойлау әдетке айналған.1967 жылы меруертгүл Финляндияның ұлттық гүліне айналды.
Түймедақ
Түймедақтың жалпы 350-ге тарта түрі бар.Олардың үштен бір бөлігі Ресей даласында кеңінен кездеседі.Сол түрлерінің ішіндегі ең кең тарлғандары: римдік, неміс, далматтық, кавказдық, парсылық түймедақтар.Ежелгі Египетте түймедақ гүлі Күн құдайы Раға арналған.
Лалагүл
Лалагүлдің атауы галл тілінен аударғанда «ақ-ақ» деген мағынаны білдіреді.Лалагүл лалагүлдер тұқымдасына жатады және 85 түрі бар.Лалагүл Францияның тарихында ерекше рөл ойнайды.Франк мемлекетінің негізін қалаушы І Хлодвиг лалагүлдер өсіп тұрған Ли өзенінің жағалауында германдықтарды тас талқан етіп жеңген болатын.Жеңімпаздар майдан алаңынан лалагүлдерімен әшекейленген алқалармен келген болатын, осыдан бастап Францияның жалаулары мен елтаңбасында үш ізгіні-рақымшылық, әділдік және қайырымдылықты бейнелейтін үш лалагүлі бейнеленген.
Сарыгүлдер
Сарыгүлдер адамзат баласына ежелгі заманнан-ақ бері белгілі.Мысалы, Крит аралындағы Кносс сарайының қабырғасындағы суреттерде гүлдеп тұрған сарыгүлдермен қоршалған абыз бейнеленген.Бұл сурететрдің жасы шамамен 4000 жыл.Сарыгүлдің атауы ежелгі Грекиядағы Ирида құдайының атына сәйкестендіріліп қойылған.Аңыз бойынша, құдайлардың елшісі Ирида жерге кемпірқосақ арқылы түскен.Бұл гүлдің атауын грек дәрігері Гиппократ қойған.
В контакте
Google BuzzЖердің сәні кіреді жұпар шашқан гүлімен…
11-Маусым, 2014 | 0 рет оқылған
Гүл – әсемдіктің, сұлулықтың белгісі. Көктем мезгілінде қар көбесі сөгілмей жатып, бәйшешектердің бүр жаратыны, күн қыза келе қыр төсінде наурызгүлдер (наурызшешек) мен наурызектер көз қуанта бой көтеретіні көктемнің сәнін келтіріп, шырайландыра түседі.Табиғаттың сырын ерекше танып білген қазақ халқы өсімдіктердің қасиетін бағалай білген. Бұл орайда көздің жауын алатын, дала мен қырды әдемілікке бөлейтін гүлдерге де айрықша көңіл бөліп, олардың әрқайсысына жаратылыстарына сай атау берген.
Гүл атаулары ұлтымыздың тілдік кеңістігінде мәдени әлеуетке ие маңызды сөздік бірліктер қатарына жатады. Гүлдер эстетикалық, өнеркәсіптік, құндылықтық сипатымен ғана емес, сонымен қатар қоршаған әлемге бейнелі-символикалық қатынасты білдіру ерекшелігімен де құнды. Кейбір гүл ашатын өсімдік атауларының қалыптасуына олардың гүлдеу уақыты негіз болған. Мысалы, наурызгүл (наурызшешек), наурызек аттарына наурыз айында (21 наурыз – 21 сәуір аралығында) жер бетін жарып шығып, гүлдеуі, ал намазшамгүл немесе ымыртгүл атына сай күн батқан соң, түнсұлу//түнсұлугүл тек түнде, мамыргүл атауына мамыр айында гүлдеуі себепші болған. Нәзік күлтежапырақтары майыса төгіліп, күн көзіне әлсіз мойындарын соза өскен гүлдердің сан алуан түріне қарап халқымыз олардың түсінің өз мағыналары мен ерекшеліктерін ажыратқан. Ақ гүл – нәзіктік пен тазалықтың нышаны саналған. Ақ түс − жастықтың, пәктіктің белгісі ретінде түсінілгендіктен, оларды үйлену тойында сыйлау бізде дәстүрге айналған. Алқызыл түс – жалынды жастықтың белгісін сипаттайды. Қызыл түс − махаббат түсі саналады. Алтын түстесі – ұлылықты, мәртебелілікті білдірсе, сарғылт түс – шығыста тәкаппарлықтың, алып күштің, биліктің нышаны ретінде қабылданған. Сары түс әдетте күннің нышанын бейнелейді. Дегенмен, біздің мәдениетімізде сары гүл – сенімсіздіктің белгісі ретінде қабылданады. Көк түс – батыста сағыныштың, адалдықтың белгісі саналады. Оны негізінен әскерге кететін ер-азаматтарға сыйлайтын көрінеді. Ал бізде көк гүлдерді адамның ерекшелігін көрсету үшін тарту етеді. Гүл атауларының қазақша атаулары халқымыздың ауызекі сөйлеу тілінде де, ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетінде де, тіпті баспасөз бетінде де ертеден бері қолданылып келе жатқандығы белгілі. Әдемілікті бағалай білген халықымыз қыз баланы әдемі де нәзік гүлге теңеп оларға Раушан, Райхан, Қалампыр, Баршын, Жауқазын, Лала, Қызғалдақ, Қырмызы, Наркез, т.б. есімдерді қоятын болған. Содан да болар «Гүл – жердің көркі, қыз – елдің көркі» деген аталы сөз қалдырған. Әр гүлдің өзіне тән ерекшелігі де, қасиеті де мол. Мәселен, Қазақстанда өсетін жанаргүл деп аталатын реңді гүл өте бағалы шипалық қасиетке ие. Ол жүрек ауруын емдеуде таптырмас бағалы өсімдік. Шипалық қасиетімен бірге бұл өте жоғары бағаланатын әсем өсімдік. Жанаргүлдің алыстан жанып тұрған от сияқты болып анық көрінетін өте әдемі ашық сары немесе қызыл гүлі болатыны белгілі. Ол көп жерлерге таралғанына қарамастан, бүгінгі күні шипалық мақсатта және гүлшоғы ретінде көптеп жинаудың әсерінен азайып, кейбір түрлері «Қызыл кітапқа» енгізілген. Шолпанкебіс – әдемі гүлдердің ішіндегі «қыңырының» бірі. Бұлай аталу себебі гүлінің төменгі күлтесі тар, кебіске ұқсайды. Ол кебістің түсі ашық сары немесе күлгін, ішінде қошқыл сепкілдері бар. «Кебіс» күлтенің ішіне қарай қайырылып тұрады. Көбіне жалғыз өсетіндіктен тозаңдана алмай қалады. Оның биіктігі 15-25 сантиметрге дейін жетеді. Көлеңкелі, жылы, қарағайлы орман саясын сүйеді. Шолпанкебістің 2-3 жапырағы бар сабағынан бір-екі гүл шығады. Күлтелері қызыл қоңыр, ашық сары түсті болып келеді. Төменгі күлтесі ұдайы түрін өзгертіп, ұлғайып кебіс сияқты пішінге енеді. Өсімдіктің аты да осыған байланысты шыққан болса керек. Құртқашаш – еліміздің бақтарына айрықша ажар қосар көпжылдық әсем гүлді өсімдік. Қылыш тәрізді жапырағы және жуан қысқа тамыр сабағы бар бұл өсімдік әсемдігі жағынан өте жоғары бағаланады. Маусым айында құртқашаш гүлдегенде жапондықтар жалпылама «ханами» ұйымдастырады. Мұның мәні гүлге телміріп бірнеше сағат отырып, рақаттану жоралғысы дегенді білдіреді. Мамыр айының бесін жапондар ер балалар күні деп атап өтеді, бұл кезде ер баласы бар үйдің бәрінің бұйымдарында құртқашаш бейнесі пайда болады. Құртқашаштың жапырағы қылышқа ұқсағандықтан, әлгі жоралғы ұл бала ержүрек, батыр болсын дегенге меңзейді. Сондықтан да құртқашаш жапон тілінде «батыр рухы» деп аталады. Египетте құртқашаш шешендік нышанға ие болған. Ал Австралияда ол кереғар үнсіздік пен қасіреттің белгісі ретінде қорымдарда өсіріледі. Көптеген өсімдіктердің ғылыми атаулары оның түсіне, шипалық қасиетіне, сыртқы пішініне қарап халық қойған атауларына байланысты туындағанын аңғару қиын емес. Құртқашаш немесе жыланқияқ өсімдігінің «ирис» деген атауы грек тілінде кемпірқосақ деген түсінік береді. Бұл ат құртқашаштың көк түрінің гүліне толық сай келеді. Олардың гүлдері шындығында әртүрлі әдемі түске еніп, кемпірқосақ сияқты құбылып тұрады. Құртқашаш көне заманнан бері әсемдік үшін қолдан егіліп келе жатқан өсімдіктердің қатарына жатады. Көктемнің көрікті гүлдерінің бірі – бәйшешек. Кейде оны халық арасында қарғалдақ деп те атайды. Бәйшешек ерте көктемде наурыз айының бас кезінде гүлдеп өсетін баданалы шөптесін өсімдіктің бірі. Бәйшешектің басқа гүлдерден ерекшелігі де осында: ерте көктемде қар астынан қылтиып шығатын, көктемнің хабаршысы. Оған қысқы суық, қар, тіпті көктемнің ызғары да қорқынышты емес. Бәйшешектің ормандар мен жайылым және шабындық жерлерде өсетін 10-15 түрі бар. Ең әуелі қияқ секілді жіңішке екі жапырағы шығады. Артынан қоңырау секілді ақ гүл жарады. Ғалымдар бәйшешектің гүлдеуі оның түріне ғана емес, өскен жерінің климатына, ауа райына да байланысты дейді. Сондықтан да бәйшешек уақытынан кешігіп немесе ерте шығуы да мүмкін. Жалпы, бәйшешекке көп күтім көрсетілмейді. Тек адам аяғы таптамайтын жерге егіп, гүлдеп біткен соң түбін қопсытып, қоректендіріп отыру қажет. Алтай, Тарбағатай, Жоңғар және Іле Алатауларында ерте көктемде гүлдеуге асығып тұратын әсем шөптесін өсімдіктің бірі – айдаршөп деп аталады. Айдаршөп деп аталуы гүл пішінің ерекшелігіне байланысты болса керек. Күлтелері сырттай қарағанда екі ерінді сияқты болып көрінеді. Күлтесінің бүйірлері түтікше тәрізді қусырылып барып тұйықталып бітеді. Айдарға ұқсайтын болғандықтан, өсімдік аты да айдаршөп деп аталған. Сәуір-мамыр айларында ол көк, ашық түсті гүлдерімен көз тартады. Айдаршөп қар кетісімен гүлдей береді. Гүлдер өздерінің әдемілігімен әрқайсымыздың жүрегімізде таза, мөлдір сезімдерді оятады, бірақ олар да табиғаттағы барлық тірі жандар секілді адамнан өзіне деген ерекше көңіл бөлуді, қорғауды талап етеді.
Delicious
Facebook
Mail.ru
Twitter
Бәйшешек - үміттің белгісі
Гүл мен қыз... Бәйшешек пен көктем... Махаббат пен жастық шақ... Барлығы да адам жанына шаттық ұялататын егіз ұғымдар. Адамзаттың бәрі де бұларды әрдайым үкілі үмітпен, сарғайған сағынышпен күтеді. Әңгімемізге арқау болғалы отырған бәйшешекті де алты ай қыс бойы армандап шыққан ағайындарымыз сүйікті гүлімен табысып мәз-мейрам болып жатқанда, қалайша жайбарақат отыра аламыз?
Бүгінде ғылымға бәйшешектің 80-ге жуық түрі белгілі. Оның ең сирек кездесетін түрлері Орта және Оңтүстік Еуропада, Қырым, Кавказ жерлерінде, Кіші Азия аумағында кең таралған. Гүлдің 6 түрі қызыл кітапқа енгізілген. Біздің еліміздің Іле, Жетісу (Жоңғар), Теріскей Алатауларында, Ұзынқара (Кетпен) жотасында, Қаратауда өседі.
Ел аузында гүлдің пайда болуы туралы небір әдемі аңыздар баршылық. Соның біріне құлақ түріңіз...
Ерте заманда жер бетінде қатал қыс ұзақ аялдап, қақаған аяз кетпей тұрып алады. Сол заманда тау бөктерінде орналасқан жертөледе бір шағын отбасы өмір сүріпті. Отағасы жанұясын асырау үшін жұмыс іздеп жер дүниені шарлап кетеді. Әйелі мен екі перзенті оны күтумен болады. Күндердің күнінде қаңтар айының аяғында ұл бала қатты науқастанып қалады. Әбден шарасы таусылған ана тәуіптің көмегіне жүгінген екен. Тәуіп әйел оның кеселінің себебін анықтайды. Ол сәбиді емдеу үшін жаңа өсіп тұрған гүлдер мен жапырақтар керек екендігін мәлімдейді. Анасы мен бауырының қайғысына шыдай алмаған әпкесі емшіге керекті өсімдіктерді іздеп жолға шығады. Қараса, айналаның бәрі мұзбен шырмалып, қалың қармен көмкерілген. Бойжеткеннің бойын үрей билеп алады да, не істерін білмей, отыра қалып, қатты жылайды да, Құдайға жалбарына бастайды. Жүректен шыққан ыстық жастар қарды тесіп, жердің түбіне жетеді де, нәзік гүлдерді - бәйшешектерді оятады. Олар қардың қалың қабатын тесіп, өздеріне жол салып, ақырында жер бетіне шыға келеді. Қыздың жасы тамған жерлердің бәрі әдемі ақ гүлдермен әрленеді. Сұлу бойжеткен оларды теріп алып, үйіне алып барады да, інісі аман қалады. Содан бері бәйшешек - үкілі үміттің нышаны саналатын болған екен.
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Қызғалдақ гүлі
Қызғалдақ[1] – лалагүлдер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін пиязшықты өсімдік. Қазақстанның далалық аймақтарында жиі кездеседі, 32 түрі бар, оның 11 түрі – Қазақстанның эндемигі болып саналады. Бұлардың биіктігі 3 – 50 см. Сабағы жұмыр, тік өседі. Тамырымен жалғасқан буынында пиязшығы болады.[2] Гүл қоршауы ақ, қызыл не сары. Жемісі – қауашақ. Қызғалдақтың пиязшығын күзде гүлі түскеннен кейін жинап алып, оны құрғақ, салқын жерде сақтап, көктемде егеді. Қызғалдақ әсемдік және гүлінен хош иісті зат алу үшін өсіріледі. Қызғалдақтың өте сирек кездесетін 13 түрі (Альберт қызғалдағы, Борщов қызғалдағы, Грейг қызғалдағы, Кауфман қызғалдағы, Шренк қызғалдағы, т.б.) қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген.[3]
Мазмұны
[жасыру]
1 Өсімдік туралы
2 Атауы
3 Шығу тегі мен таралуы
4 Отырғызуы
5 Көбейтілуі
6 Қызықты мәліметтер
7 Дереккөздер
Өсімдік туралы[өңдеу]
Қызғалдақ – пиязшықтардың ішіндегі табиғатта да кең таралған, көгалдандыруда да жиі пайдаланылатын өсімдік. Ерекше әсем көркімен дараланатын гүл болғандықтан, оны білмейтін адам кемде-кем. Қазақстан табиғатында қызғалдақтың 35 түрі бар. Осы себепті де Қазақстан – қызғалдақтың отаны болып саналады. Сұрпы мен түріне қарай қызғалдақтың гүлдеу мерзімдері де әртүрлі. Наурыз-мамыр айларында гүл ашады. Оның биіктігі 10 см-ден аспайтын аласа бойлы түрлері ерте көктемде гүлдейтін болса, “Рембрант қызғалдағы” сияқты биік өсетін түрі маусым айының ортасына таман гүлдейді. Барлық түрі 20-25 күн аралығында әдемі гүл жарып тұрады. Қызғалдақ гүлінің түсі ақтан қараға дейінгі аралықта алуан түрлі болып келеді. Көп жағдайда сабақ басына бір тал ғана гүл жарады. Гүлзарларға бірыңғай түсті қызғалдақтарды топтап отырғызған жақсы көрінеді. Ал, жеке ыдыстарға бойы аласа түрлерін отырғызған дұрыс. Бойы аласа қызғалдақтар альпі шоқысының да көркін асыра түседі.
Атауы[өңдеу]
Қызғалдақ атауы туралы көптеген болжам бар. Ең көп тарағаны-"тюльпан"-парсы сөзі "толибан" немесе "долбент", яғни қызғалдақ қауызының осы шығыс баскиіміне ұқсастығымен түсіндіріледі.
Шығу тегі мен таралуы[өңдеу]
Қызғалдақтың пайда болу орталығы Орта Азия болып есептеледі. Оның көп бөлігі шөл, айнала тау жүйесі қоршап жатыр:ортасында - Копетдаг, Ауғанстан шекарасына дейін Памир-Алай таулары, оңтүстік шығысында -Тянь-Шань. Үндістанның солтүстігінде, Ауғанстанда, Кавказ тауларында, Сирия мен Ливан шекарасында, Қара , Каспий және Жерорта теңізі маңында жабайы қызғалдақ түрлері өсетін оқшау ошақтары белгілі. Қызғалдақтардың экологиялық ауқымы өте кең. Бір түрі сусыз құмды және тасты шөлдерде, гипсті және сазды топырақта өссе, басқалары аңғарларда немесе тау етегінде, шөгінді тастарда, аяқ жетпейтін құлама жарда, қиыршық толған жартас қуыстарында, тау баурайымен теңіз деңгейінен 3000 м биіктікке дейін көтеріледі. Қызғалдақ өсімдігі ылғалды сүймейді.
Отырғызуы[өңдеу]
Қызғалдақ баданалардың отырғызу мерзімі жердің ерекшеліктеріне және олардың өсуіне байланысты тұрақталанады. Баданалардың тез өсуіне жер температурасының төмендеу (5-7°) қажеттілігі бар болғаны анық. Қыр жерлерде осындай жағдайлар қазанның ортасында пайда болады. Былай қарасақ, бүкіл қазан айы бойы қызғалдақтарды отырғызу үшін өте қолайлы уақыт. Қызғалдақтардың тамырлары жердің температурасы 6—10° болғанда жақсы дамиды. Егер температура жоғары деңгейге көтерілсе ол оған көп зиян келтіреді. Ал егер жер температурасы 3° болса онда баданалар тамырларын шығармайды. Сөйтіп, өсімдікті қарашаның аяғында отырғызуға мүлдем болмайды. Себебі гүлдер ауыруға өте жуық, сонымен қоса көктемде кеш гүлденеді. Әдетте, күндердің аяздауына дейін бадалардың тамыр жүйелері жақсы дамып, өсімдіктер қысты сәтті өтеді. Баданаларды қыркүек айының соңғы күндерінде де түсуге болады. Ең жарамды мерзімі бұл қазан жұлдызының бірінші және он бесіншінің арлығындағы күндері. Осыдан ертеректеу уақытта отырғызу ұсыналмайды.Сонымен қоса баданалар суық күндерге дейін тамырларын біраз жығару керек, сондықтан өсімдіктерді аяздардан үш әлде төрт жұма бұрын отырғызу қажетті. Тамыр жүйесін дамыту үшін қызғалдақтарға отыздан қырық күндерге дейін мерзім керек. Егер тамырлар жақсы деңгейде дамыса онда қыста оны жаму қажеті қалыптаспайды. Отырғызудың алдында әр бадананы қарап шығу керек және олардың арасынан ауру және бұзылғанндарды алыптастауға қажетті. Отырғызудың тереңдігі,баданамен жер арасы, бадананың үдкендігіне орай анықталады. Егер өсімдіктер кішіріктеу болса онда оларды аса терең отырғызбайды. Сонымен, үлкендерді он екі- он төрт см терең, ал кішкентайларын алты-сегіз см терең отырғызады. Бірақ, он бес см-ден терең отырғызбайды. Баданалардың арасындағы ұзындығы олардың мөлшеріне тікелей байланысты. Әдетте питомниктердің ішінде өсімдіктердің арасында сегіз-он см қалдырады.Кішкентай учаскелерінде баданаларды қолмен отырғызғанда он-жиырма см қалдырып шығады.
Қызғалдақтардың тамырлары отырғызғаннан кейін он-он бес күнде шығады. Оның жылдамдылығы жағдайлардан тәуелді. Ол жер сулылығына және температурысына байланысты.