kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

??ра? ??рау ж?не оны? жолдары

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? ма?саты: ??ра? туралы, ма?л?мат беру;

Білімділік ма?саты:  о?ушылар?а ??ра?ты? тарихынан, оны? т?рлерінен ж?не ?олданылуынан ма?л?мат бере отырып, нары?ты? экономика?а байланысты матаны ?немдеуге, ?алды? ?са? матаны д?рыс пайдаланып іске асыру?а ?йрету;

Т?рбиелік ма?саты: теориялы? білімдерін іс ж?зінде шы?армашылы?пен дамыту, ??ра? ??ру барысында ал?ан білімдерін, да?дыларын ны?айту;

Дамытушылы? ма?саты: к?не заманнан келе жат?ан ?аза? хал?ыны? ?нерін, салт-д?ст?рін ба?алай білуге, ?семдікке, ??ыптылы??а, т?зімділікке т?рбиелеу;

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«??ра? ??рау ж?не оны? жолдары»

Сабақтың тақырыбы: Құрақ құрау.

Пән мұғалімі: БҚО, Орал қаласы, №47 ЖОББМ-нің технология пәнінің мұғалімі

Габбасова Гүлжан Темирбулатовна

Сабақтың мақсаты: Құрақ туралы, мағлұмат беру;

Білімділік мақсаты: оқушыларға құрақтың тарихынан, оның түрлерінен және қолданылуынан мағлұмат бере отырып, нарықтық экономикаға байланысты матаны үнемдеуге, қалдық ұсақ матаны дұрыс пайдаланып іске асыруға үйрету;

Тәрбиелік мақсаты: теориялық білімдерін іс жүзінде шығармашылықпен дамыту, құрақ құру барысында алған білімдерін, дағдыларын нығайту;

Дамытушылық мақсаты: көне заманнан келе жатқан қазақ халқының өнерін, салт-дәстүрін бағалай білуге, әсемдікке, ұқыптылыққа, төзімділікке тәрбиелеу;

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгеру.

Сабақтың түрі: шығармашылық сабақ.

Сабақтың әдісі: демонстрациялау, сөйлесу, көрнекілікпен жұмыс, ізденіс, қайталау, сарамандық жұмыс.

Көрнекілік: құрақ түрлеріне арналған альбом, нұсқау карта, слайд, дайын бұйымдар, кішігірім құрақтардан көрме.

Құрал-жабдықтар: ине, жіп, қайшы, мата қиындылары, іс машинасы.

Пән аралық байланыс: тарих, бейнелеу өнері, әдебиет, геометрия.

САБАҚ БАРЫСЫ:

Ұйымдастыру кезеңі.

Жаңа сабақ. Құрақ туралы түсінік.

Ертеден келе жатқан қолөнердің бір түрі – құрақ құрау. Құрақ құрау әдісі көшпенді халық арасында осыдан 2500-3000 жылдар бұрын дамып, тарады. Құрақ «құрау» деген сөзден алынған. Құрақ өнері белгілі бір наным-сенім негізінде пайда болуы да мүмкін. Әжелеріміз қолына түскен мата қалдықтарын тастамай,іске жаратып отырған. Жаман рухтан қорғау үшін – жаңа туған сәбиге көйлекті қырық құрақтан тігетін, ал ересек балаларға қырық құрақтан шапан, тақия дайындайтын. Құрақ – сан қилы қиықтан құрастырылады. Құрақтың ерекшелігі – ол негізінен мата қиындыларынан геометриялық фигуралар үлгісімен құрастырылып тігіледі. Құрастырылатын мата таза, тегіс үтіктелген болуы керек. Құраққа пайдаланылатын мата жұқа, қалындылығына қарай бірыңғай іріктелініп алынады. Жалпы қазіргі тұрмысымызға құрақтың көптеген түрлерін пайдалануымызға болады. Мысалы, орындықтарға, жиһаздар бетіне, диванға, креслоға т.б. әсемдеп тігілген үлкенді-кішілі құрақ көрпешелер, төр көрпелер әрбір үйге сән берері сөсіз.

Құрақ құраумен барлық жұрт шұғылданады, бірақ оны әр ұлт әр қалай атайды.

Қазақ тілінде құрақ құрау нері құрақ.

Орыс тілінде құрақ құрау өнері – лоскутное шитье.

Ағылшын тілінде құрақ құрау өнері – пэчворк.

Жапон тілінде құрақ құрау өнері – сашико деп аталады.

Қ

"Ай" құрақ

Ұ

"Шаршы" құрақ

Р

"Үшбұрыш" құрақ

А

"Ботакөз" құрақ

Қ

"Жұлдызша" құрақ

Т

"Тырна" құрақ

Ү

"Гүл" құрақ

Р

"Ою" құрақ

І

"Мүйіз" құрақ



Поэзия минуты.

Құрақ көрпе тігу қызықты,

Көп уақытты алады.

Бірақ соңына жеткеде

Керемет болып шығады.

Қия алсаң маталар әдемі,

Үйлессін оған көлемі.

Бояуымен үндескен,

Құрақ көрпе әсем түр-түспен.

Бұйымдар мен заттарды,

Сәндеу үшін құрайды.

Қиын да болса қиналмай,

Мен де үйрендім құрақ құрауды. – деп сарамандық жұмысқа көшеміз.

Қауіпсіздік ережесін еске түсіру:

  • Қол инесімен жұмыс кезінде қандай ережені сақтаймыз?

  • Қайшымен жұмыс кезінде қандай ережені сақтаймыз?

  • Үтікпен жұмыс істегенде қандай ережені сақтаймыз?

Қауіпсіздік ережесі:

  • Қол инесімен жұмыс:

  1. Инені киімге қыстыруға болмайды.

  2. Инені арнайы қобдишада сақтау керек.

  3. Ине жібін тіспен үзуге болмайды.

  4. Инемен жұмыс кезінде оймақ киген дұрыс.

  5. Инені жіпсіз тастауға болмайды.

Қайшымен жұмыс:

  1. Қайшыны арнайы қобдишада сақтау керек.

  2. Қайшыны жолдасыңа үшкір ұшымен берме.

  3. Қайшыны ашық қалдыруға болмайды.

  4. Қайшымен жұмыс кезінде жолдасыңның көңілін бөлме.

  5. Қайшыны ойыншық ретінде пайдалануға болмайды.

Үтікпен жұмыс:

  1. Үтіктеу алдында өткізгіштің үзілген, желінген жерлерін тексер.

  2. Үтікті мата түріне қарай қыздыру керек.

  3. Үтікті арнайы тіреуішке қою керек.

  4. Үтікті тұтқасынан ұста.

  5. Үтікті мұғалімнің рұқсатымен токқа қосуға болады.

  6. Ылғал қолмен токқа қосылған үтікті ұстауға болмайды.

Шығармашылық жұмыс.

Көрпеше тігу.

Нұсқау картаны оқушыларға таратып беру, сол бойынша орындалу ретінде түсіндіру.

Сабақты қорытындылау.

Оқушылар үлестірмені толтырады.

Білемін

Білгім келеді

Үйрендім









Бағалау.

Үйге тапсырма беру: көрпеше құрап тігу.

НҰСҚАУ КАРТА: ҚҰРАҚ КӨРПЕШЕ ТІГУ.

Реті

Жұмыстың орындалу реті

Сызбасы

Құрал-жабдықтар

1

Екі түсті таспадан маталар қию

Мата, қайшы

2

Астарлы матаға таспаларды біріктіре, түр-түсін үйлестіре отырып тігеміз.

Тігін машинасы

3

Көрпешені астарына қосып тігеміз

Тігін машинасы

4

Дайын болған көрпешенің ішіне мақта салып тігеміз, аяқтаймыз.




Тігін машинасы




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Технология (девочки)

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
??ра? ??рау ж?не оны? жолдары

Автор: Габбасова Г?лжан Темирбулатовна

Дата: 02.02.2016

Номер свидетельства: 286791


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства