Құрал – жабдықтарын дайындау ІІ. Өткен сабақты қайталау.
Ой қозғау. «Қарлы кесек» ойыны арқылы өткенді еске түсіріп, құрал –сайманға,еңбекке білімге байланысты жұмбақ жасырып, жауабына мақал – мәтел құрастырамыз 1.Құрақ дегеніміз не?(мата қалдықтарынан құрастырылып жасалатын ерекше бұйым 2. Құрақтан қандай бұйымдар жасауға болады?(сумка,көрпеше, бөстектер) 3. Құрақтың қандай түрлерін білесіңдер?(Аққу,ромб, сегіз гүл)
Жұмбақ
Жауап
Мақал - мәтел
1.Жылмаң –жылмаң етеді, Жылмаңдап сайдан өтеді. Із міз тастап кетеді
Ине
Оқу инемен құдық қазғандай
2. Тілі бар, үні жоқ, Өзін адам түсінген. Жүрегі бар да қаны жоқ, сөйлеп тұрған ішінен
Кітап
Кітап – білім бұлағы, білім - өмір шырағы
3 Екі семсер айқасқан,,Оқта – текте шайқасқан
Қайшы
Асыл қайшы пішуге сән,Күміс қасық ішуге сән
4.Қимылдаса қос шебер
Қол
Көз қорқақ ,қол батыр
5.Үлбіреген сәні бар,қылдай нәзік жаны бар
Гүл
Гүл өссе елдің көркі ,
Қыз өссе жердің көркі
ІІІ. Жаңа сабақ: Құрақты қандай мақсатта құраймыз? - Біріншіден, мата қиындыларын іске асыру, кәдеге жарату. - Екіншіден, әдемілікке, ұқыптылыққа, тәрбиелілікке мән беру. Құрақ құрау өнерінің терең мән - мағынасы бар. Ертеде апа - әжелеріміз құрақ құрай отырып, қыз - немересіне арналған құрақты:«Отан болып құралып кетсін, өсіп - өнсін»деген тілекпен жасаған. Таңғажайып талантымен талайларды тамсандырған қазақ қолөнерінің қарапайым да қайталанбас түрі – қиыстырып құрақ қию, одан көздің жауын алатындай өте бағалы бұйымдар жасау. Оның қымбат құндылығының бір айғағы құрақтан жасалған заттардың ұзатылатын қыз жасауына еніп, бұл дүние - мүліктің ажарын арайландырып жіберетіні, үй ішіне ұлттық рең беріп, адамның рухын асқақтататыны. Құрақ – төрге төсейтін көрпеше. Мата қиындыларын қиюластырып, тұмарша, сегіз жапырақ, ромб тәрізді өрнектерден құралған көрпені құрақ немесе құрақ көрпе деп атайды. Ежелден қонақжай қазақ халқы төрін қонаққа арналған “қасиетті орын” санаған. Құрақ көрпені арасына мақта немесе қойдың, түйенің жүнін салып, сырып тігеді.
ІV. Сарамандық жұмыс Құрақ көрпені көмкеріп,қабу тігістерін орындау .
V.Қауіпсіздік ережесін қайталау
1 нұсқау. 1. Құрақ бөлшегіне астар қию жолдары. 2. Астар мен құрақ бөлігін біріктіру. Көктеу. 3. Құрақ көрпеше немесе жастық ішіне мақта немесе жүн салу. 4. Ашық жерлерін біріктіру. 5. Бұйымды дайындау. 2-нұсқау. Астарды қияр алдында матаны жайып үстіне құраған бұйымды орналастырамыз. Құрақ жиегінен жиектеп сызып, сызық бойынша қиып алынады. Қиылған астармен құрақ бұйымды оң бетімен беттестіріп шетіне 1см тігіс есептеп сызып шығамыз, сызылған сызық бойынша көктеу керек. Ал құрақ көрпешенің арасына мақта және жүн салу үшін бір шетінен 10-15см тігілмеген жер қалдыру керек. Бұйымның ашық жерінен жүн немесе мақта салынады. Егер жүн салатын болсақ жақсылап жуып, тазалап кептіріп алу керек. Кепкен жүнді түтіп көрпеше ішіне тегістеп салу керек. Көрпешенің жүнін салғаннан кейін ашық жерін ішкі тігіспен тігеді. Үлкен көрпеше болса, көрпешенің үстінен ұзыннан тепшіп тігеді.
Қорытынды нұсқау
Орындалған жұмысының сапасын тексеру
Әр жұмысына сараптама жасап, өз ойларын айту.
Әрбір оқушының жұмыстағы жетістіктері мен кемшіліктеріне талдау жасау,
қажет деген кейбір жұмыс тәсілдерін көрсету.
VІ. Оқушылардың білімін бағалау сұрақтары 1. Жиектеме не үшін қажет? 2.Суреттегі құрақтарды ата. 3. Құрақтардың ерекшеленуі. 4. Құрақ құрағанда қандай талаптарды орындау қажет? 5. Құрақ құрау өнері тек қазақ халқында ма әлде...? 6. Құрақты қию үшін қандай құралдар қажет болады? 7. Құрақ бұйым әдемі болу үшін не керек? VIІ. Қорытындылау. Сонымен қатар құрақ құрау адамды үнемділікке үйретеді. Кішкентай мата қиындысынан сәнді заттар жасау қабілеттілікке тәрбиелейді. Өз қолдарымен жасаған бұйым әрқашанда ыстық болады. Сондықтан уақыт тауып жиі – жиі құрақ құраумен, тігін тігуме айналысқан жөн. VII. Жұмыс орнын жинап ,тазалау
«Сарқан қаласының облыстық зерде бұзылыстары бар балаларға арналған