Өткен сабақты сұрақ- жауап арқылы қайталау, бекіту.
Жаңа сабақты түсіндіру.
Ою-өрнек халқымыздың мәдени шежіресі. Халқымыз қай заманда болмасын сұлулыққа ұмтылған, әсем дүниелер жасауда айнала қоршаған табиғаттан үлгі алған. Ой, ниетін ою-өрнек тілімен тұспалап жеткізген.
Түрі – ай текеметтің! Асыл қандай!
Үңілдім үнсіз ғана басымды алмай.
«Келе ғой, қошақаным, өзіме!» -деп
әжем кеп сипағандай шашымнан жай.
Фариза Оңғарсынованың «Оюлар» атты жыр жолдарынан көруге болады.
Ою-өрнек тарихына ой жіберсек, көп мағлұмат аламыз, даму кезеңдерін байқаймыз, уақыт өткен сайын жетіле бергенін көреміз.Ғалымдар ғылыми тілде оюды төрт түрге бөледі: хайуанаттар, өсімдіктер, космогониялық, геометриялық.