Как тратить минимум сил на подготовку и
проведение уроков?
Как быстро и объективно проверять
знания учащихся?
Как сделать изучение нового материала
максимально понятным?
Как избавить себя от подбора заданий и
их проверки после уроков?
Как наладить дисциплину на своих
уроках?
Как получить возможность работать
творчески?
Просмотр содержимого документа
«Конспект на тему "Тігілмелі же?ді к?йлек"»
Түзу силуэтті тігілме жеңді көйлек чертежының негізін тұрғызу.
11 сынып
Уалибаев Мағауия Оқанұлы, Алматы облысы, «Райымбек ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Нарынқол мектепаралық оқу-өндірістік комбинаты» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының тігінші мамандығының мұғалімі.
Сабақтың тақырыбы: түзу силуэтті тігілме жеңді көйлек чертежының негізін тұрғызу.
1.Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: оқушыларға көйлектің сызбасын есептеуді және тұрғызуды үйрету. 2.Дамытушылық: оқушыларға сызба тұрғызудың маңызын түсіндіру,терминдер мен өлшемдердің мағнасын ашу, теориялық білімдерін іс жүзінде қолданудағы шығармашылық ой-қиялын дамыту, «Бурда» журналындағы дайын сызбаларды ажырата білуге және іс жүзінде пайдалануға дағдыландыру. 3.Тәрбиелік: әсемділікке,ұқыптылықа баулу.
2.Сабақтың түрі: теориялық Оқыту әдістері: 1.Ауызша-әңгімелеу,түсіндіру. 2.Көрнекілік-нұсқаулық карта, бұйым үлгілерін көрсету. Пәнаралық байланыс: сызу,математика 3.Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру бөлімі.
1.Оқушылардың сәлемдесуі.
2.Кезекшінің рапорты.
3.Топтың сабаққа дайындығын тексеру.
II.Кіріспе нұсқау.
1.Оқушыларға жұмыстың мақсаты мен міндетін,негізгі мазмұнын түсіндіру.
2.Оқушыларды сабақтың тақырыбын қабылдауға дайындау үшін төмендегідей сұрақтар қойылады:
а) көйлектің торы не үшін тұрғызылады? ә) артқы бой дегеніміз не? б) алдыңғы бойды артқы бойдан қалай ажыратамыз? в) жеңнің қандай түрлерін білесіңдер? 3. Жаңа материалды оқып үйрету.Тігін бұйымдарын конструкциялау-бұл киім бөлшектерінің сызбасын тұрғызу.Сызбаны тұрғызу үшін өлшемдер қажет.Өлшемдерді адамның фигурасын өлшеу арқылы немесе типтік тұлғаның өлшем кестесінен алады.Тігін бұйымының сызбасын 1:4 масштабымен құрастырады.Сызба бойынша бұйымның үлгісін жасайды.
Конструкциялау жұмысын орындау үшін мынандай құрал-жабдықтар керек: 1:4 масштабтық сызғыш,30 см сызғыш,бұрышты сызғыш, жұмсақ және қатты қарындаш, өшіргіш, миллиметрлік қағаз.
Ол үшін жас өспірімдердің типтік мүсінге арналған абсолюттік өлшем бірліктерінен керекті өлшемдерді мына таблицаға түсіреміз: бой (рост)-158 см, өлшем (размер)-46 см.