Просмотр содержимого документа
«К?к?ністерді турауды? ?арапайым ж?не к?рделі т?рі.»
«Жамбыл атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталықпен» КММ
Өткізген: Булдыбаева К. технология пәні мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: Көкөністерді тураудың қарапайым және күрделі түрі.
Білімділік мақсаты: Оқушылар көкөністерді тураудың қарапайым және күрделі түрлері турау әдісімен танысып үйренеді.
Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың ойлау қабілетін, білімін дамытады.
Тәрбиелік мақсаты: Оқушылар өзара бірігіп жұмыс жасауға, ұқыптылық сақтауға, еңбек дағдысын қалыптастырады.
Сабақ түрі: Дәстүрлі емес сабақ.
Сабақ әдісі: СТО.
1.Ұйымдастыру.
Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу.
Топқа бөлу, топ басшысын сайлау.
2. Қызығушылығын ояту.
А) Іс қимыл арқылы сахналау арқылы әр топ үй тапсырмасы бойынша тапсырма беру. Қалған топ оқушылары сол жұмбақ шешімін табу.
Б) Сиқырлы қалам арқылы "Көкөністі алғашқы өңдеу туралы білгенін айту"
3. Мағынаны тану. Жигсо-2
Әр топқа оқулықтағы текстің бөліктері бойынша 2 сұрақ беру 3 сұрақ ситуациялық.
1. Өз бетінше оқып әр қайсысы өз жауабын дәптерге жазу.
2. Әр топты саны бойынша отырғызып өз сұрақтарын талқылату.
3. Қайта бастапқы орындарына отырғызып жұп арасыда өз сұрағын басқа топ мүшесіне таныстыру, талқылау.
4. Әр командадан бір оқушы шығып сұрақтарға жауап беру.
Сұрақтар
1-топқа
1. Қызанақтан, жуадан гүлді қалай жасайды?
2. Жапырақ пен жүрекшені қалай жасайды?
3. Айнұр француз салатын жасады ол қызылшаны майда төрт бұрышты, ал жұмыртқаны ұзыншалап тілімдеп, алманы ұзыншалап, колбасаны төрт бұрыштылап турады. Айнұр нені дұрыс жасамады?
2-топқа
1. Көкөніс тураудың қандай түрлері бар және олардың көлемі қандай болу керек?
2. Сәбізден ұзынша тілімдерді біркелкі кесу үшін қалай кесеміз?
3. Раушан гүлінің күлтелері бөлек бөлек олай болса осы күлтелерді көкөніс тілімдерінен қалау жасайды?
4. Ой толғаныс. (Идея жинау әдісі)
Интерактивті тақтада берілген мәліметтер бойынша жұп арасында және топ арасында талқылау.
1. Тақырып ұсыну.
2. Оқушы өзі білген ақпаратты жазады.
3. Жұппен ой бөлісу.
4. Идея жинауға интервю алу.
5. Талқылау саралау, ойын айту.
5. Үйге тапсырма: Осы тақырып және көкөніс тураудың басқа түрлерін зерттеу.
6. Сарамандық жұмыс.
Француз салаты.
Қажетті заттар: асылған 2 қызылша, төрт жұмыртқа, 2 алма, 200 гр колбаса, консервленген жүгері, керешки, майонез.
Жасалуы:
1. Алғашқы өңдеу
2. Қарапайым ұзыншалап турау
3. Әр көкөніс түрін тәрелкеге орналастырып майонез құю.