Қызығушылығын ояту. «Миға шабуыл» әдісі арқылы сабақтың тақырыбын анықтау Суретте не бейнеленген? Қандай іс әрекет орындалып жатыр? Кілем тоқудың қандай әдістері бар? Екінші суретте не бейнеленген? Қандай кілем? Кілем тоқу өнері туралы мағлұмат Кілем тоқу – қазақтардың ертеден келе жатқан кәсібі. Қанша уақыт өтсе де, кілем тоқу технологиясы көп өзгере қойған жоқ. Өрмекші шебер арқау жіптері мен бой жіптерін іле отырып, біркелкі тегіс кілем тоқиды. Кілемді қыз- келіншектер топтасып тоқыған. Кілем тоқуда ұлттық салт-дәстүрлер сақталған. Қыз балалар кішкене кезінен кілем тоқуды әжесінен, анасынан, әпкелерінен үйренген. Қазіргі кездегі қазақ гобелені- болашағы зор қызықты да көркем туынды. Қолдан тоқылған тұскиіз- гобеленде кілем тоқудың барлық техникалық тәсілі қолданылады. Гобелен- қолдан тоқылған кілем-сурет.Түрлі-түсті жүн және жібек жіптерден бөлек-бөлек тоқылып, кейін біріктіріледі. Гобелен кілемі-сәндік бұйым. Оны қазіргі кезде тәжірибелі суретшілер жаңа өрнектермен қолға алуда. Қазақстанда Гобелен тоқу өнері 20-ы ғасырдың 70 жылдардан бастап қолға алынды. Оның дамуына үлес қосқан суретшілер: Қ.Тыныбеков, Б.Зәуірбекова, Ә.Бапанов, С.Бапанова т.б. Тыңдалым алды тапсырмасы: Білу, түсіну
1-тапсырма «Дана үкі» әдісі - мәтінмен жұмыс Жаңа сабаққа арналған мәтін мен оқулық арқылы оқушыларға өз бетімен оқуға жағдай жасау: Қазақстанның дәстүрлі тоқыма өнерінің тарихын топта талқылаңыз. (Кілем тоқу – қазақтардың ертеден келе жатқан кәсібі. Қанша уақыт өтсе де, кілем тоқу технологиясы көп өзгере қойған жоқ. Өрмекші шебер арқау жіптері мен бой жіптерін іле отырып, біркелкі тегіс кілем тоқиды. Кілемді қыз- келіншектер топтасып тоқыған. Кілем тоқуда ұлттық салт-дәстүрлер сақталған. Қыз балалар кішкене кезінен кілем тоқуды әжесінен, анасынан, әпкелерінен үйренген.) 2 топ болып өз ойларын айтады. Топтар бір-біріне барып, түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Бағалау критерийі Қазақстанның кілем тоқу өнері туралы жан-жақты зерттейді. Дискриптор
«Екі жұлдыз, бір тілек » әдісі оқушылардың тақырыпқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында , тоқу өнері туралы ақпараттарды саралап, өз ойларын бөлісуге ықпалын тигізді.
2 тапсырма Оқушылар топтаса отыра, кілем тоқу өнері туралы мәліметті «Қима қағаз» әдісі арқылы жинақтайды Топтық жұмыс Қағаз қиындылар арқылы кілем бұйымдарының түрлерін құрастыру Әр топқа түрлі тоқыма бұйымдарының қағаз қиындылары тартылады. Әр топқа тапсырмалар берілу арқылы жинайды Топтар бір-біріне барып,түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Бағалау критерийі Дискриптор -
|