kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Кестелеу, апплекация.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Студенттерге қол тігіс түрлерімен таныстырып, тігуді үйрету, тігуге жаттықтыру, кесте және апплекация түрлерімен таныстыру.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Кестелеу, апплекация.»

«Бекітемін»:

Директордың ОӨЖ жөніндегі орынбасары

_____________________Д. С. Жиналеева

Өндірістік оқыту сабағының жоспары

Топ: 2 «а». Ө/о шебері: Мухамбетова Г.К.

Мамандығы: «Тігінші».

Бағдарламаның тақырыбы: № 4. Қолдан жасалатын жұмыстардың орындалуы.

Сабақтың тақырыбы: Кестелеу, апплекация.

Сабақтың мақсаты мен міндеттері:

Білімділік: Студенттерге қол тігіс түрлерімен таныстырып, тігуді үйрету, тігуге жаттықтыру, кесте және апплекация түрлерімен таныстыру.

Дамытушылық:  қол тігіс түрлерін тұрмыста қолдана білуге, тиімді пайдалануға үйрету, қызығушылықтарын дамыту.

Тәрбиелік: ұқыптылыққа, іскерлікке, шыдамдылыққа баулу, тігіс түрлерін тігуге жаттықтырып өмірде қолдана білуге тәрбиелеу.

Сабақтың үлгісі: фронтальдық – топтық (студенттер бір мезгілде бірдей тапсырмалар орындап, өндірістік оқыту шебері топқа түгел жетекшілік етуге қол жеткізеді).

Сабақтың түрі: Практикалық білімдерін, іскерліктерін, дағдыларын тексеру.

Оқыту әдістері:

  1. Сөздік: Ауызша – әңгіме, түсіндіру.

  2. Көрнекілік: Матадан тігілген қол тігіс түрлері, интерактивті тақта, оқулық, слайдтар.

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:

I. Ұйымдастыру бөлімі – 1 – 2 мин.

1.Студенттердің сәлемдесуі.

2.Сабақта жоқ студенттерді белгілеу.

3. Жұмыс орындарын сабаққа дайындау.

II. Үй тапсырмасын тексеру:

  1. Мережканың қандай түрлері бар?

  2. Мережканы қайда қолданады?

  3. Мережка қандай нөмірлі жіптермен тігіледі?

  4. Мережканы неше жіп арқылы тігеді?

  5. Қауіпсіздік ережелерін еске түсіру.

  6. Қол жұмысы кезінде қолданылатын құралдар мен құрылғылар.

  7. Тігін жұмыстарына арналған құралдар мен саймандар дегеніміз не?

  8. Тігін инелері мен оймақ туралы нені білу қажет?

III. Жаңа материалды түсіндіру. Қысқаша жазба.

Кестелеу (өрнек салу) - мата бетіне әшекей өрнек салу өнерінің бір түрі. Кестелеуге кез келген маталар және әр түрлі жіптер (мулине, жүн жіп, жібек жіп, синтетикалық жіп) пайдаланылады.

Кестелуді қолмен тігу үшін жіп, мата, ине (көзі кең, қысқа), қайшы, оймақ, түйреуіш, желім, біз және дөңгелек кергіш қажет.

Матаның қалыңдығы кесте жібінің жіңішке, жуандығына және тігістің шаншылым жиілігіне сай келуі керек. Мата қалыңдау болғаны дұрыс, бірақ тігісті тартып, иненің өтуін қиындатпауы керек, мата өте жұмсақ болса да тіккен кесте бедері әдемі көрінбей қалады. Кенеп матаның құрылымы қандай мөлшердегі болсын иненің өтуіне оңай, иненің қалдырған ашық іздері басқа маталарға қарағанда кейін тез жабылып кетеді. Өте нәзік бұйымдарды кестелеуге өте жұқа бірақ құрылымы тығыз маталарды пайдаланған жөн, себебі ол жұмысқа қосымша айқындық әсер беріп тұрады. Айқас тігіс сияқты санап тігілетін кестелерге канва ыңғайлы. Канвалар жіптердің санына, тығыздығына қарай әр түрлі нөмірлі болады. Нөмір санының өсуіне қарай канваның көздері кішірейе береді.

Иненің жуан-жіңішкелігі кесте тігілетін материалдың қалыңдығына және жіптің жуан-жіңішкелігіне (нөмеріне) байланысты болады. Кесте тігудегі ең басты құралдыңбірі болғандықтан иненің сапасының жоғары болғаны дұрыс. Кестенің түрлеріне қарай инелердің де түрлері әр түрлі болады. Жіптің жеңіл сабақталуы үшін иненің көзінің үлкен болғаны дұрыс. Өте ірі инемен кестеленген кесте тегіс болып түспейді.

Жүн маталарды кестелеуге ұзындығы орташа (көлемі 1-10) емес, бірақ жіп өтетін көзі үлкен, ұшы сүйір ине қолданылады.

Ұшы сүйір (көлемі 13-26), ұзын және жуан, көзі үлкен ине материалды жуан жіптермен кестелеу үшін қолданылады.

Тегіс тоқылған және селдір матаны (канвалауға) кестелеуге ұшы доғал (өлшемі 13-26) ине пайдаланылады. Мұндай ине матаның жіптерін суырмайды, түтпейді.

Жіптің ұзындығы 50-60 см. артық болмауы керек. Кесте жіптердің бірнеше түрлерімен кестеленеді:

Ширатылған мақта жіп - әдетте жеңіл бөліп алуға болатын алты қабаттан тұрады. Кейбір мұндай ширатылған жіптерді бөлмей сол күйінде пайдаланады. Канваға кестеленетін кестелерден басқа түрлеріне қоладана береді.

Ширатылған жібек жіп - алты қабаттан тұрады, мақта жіптер сияқты пайдаланылады, ерекшелігі жібек жіп жарқырап кесте түрін ашып тұрады.

Ирис - ширатылған жылтыр жіп кестенің көп түрлеріне қолданылады.

Кесте тігуге арналған жұмсақ мақта жіп - көбіне канва және қалың маталарды кестелеуге қолданылады.

Металл жіптер.

Жіңішке жүн жіп - қос қабатты жіңішке жүн жіппен маталарды, сонымен қатар канваға тігілетін әдемі өрнектерді кестелеуге жарамды.

Қайшының ұшы үшкір, ұзындығы 10-12 см. болғаны дұрыс.

Оймақ - қалың маталарды кестелеген кезде қолды жарақаттамай матаға иненің кіруін жеңілдетеді. Оймақтар қандай материалдан жасалса да ортаңғы саусаққа киюге ыңғайлы болғаны дұрыс.

Кеңестер

Кестелеу кезінде жіпті түйіншектеуге болмайды.

Кестелеуді бастар алдында жіпті матаға бекіту тәсілдері:

бірінші тәсіл - инені бірнеше рет шаншып, ұсақ тігістер жасап алу керек, ол жер артынан кестемен жабылып кететіндей болуы тиіс;

екінші тәсіл - инені бір рет шаншып алып, жіпті матадан ақырына дейін суырмай, қалған ұшын екінші рет ине шаншып, үстінен тігіп алу керек, жіптің ұшын қиып тастап, оның үстін кестемен бастырады;

үшінші тәсіл - екі қабатталған жіпті тұйықталмаған ұшынан сабақтап, инені матаның астынан үстіне қарай шығарып, жіпті ақырына дейін тартпай, инені қайта төмен шаншу арқылы жіптің тұйықталған ұшын бастыра тартады.

Кестені бітірер кезде кестелеп отырған жіпті жиі шаншып, суреттің астына жіберіледі.

Ұсақ бұйымдарды әдетте дөңгелек кергіште кестелейді. Матаны кішілеу кергішке салып, үстінен үлкен шеңберді салады да кереді.

Суретті матаға көшіргі қағаз арқылы калькаға түсіріп, сосын сурет нұсқасын түрлі-түсті қарындашпен сызады. Жібек маталарға сурет түсіру үшін суреті бар қағазды матаға салып сурет нұсқасын көктеп шығады да қағазды жыртып алып тастайды.

Кесте түрлері. Жай тігістер


Сабақты кесте

Сабақты кесте. Кестенің бұл түрін тігу үшін өрнектің нұсқалары пайдаланылады. Оларды тіккен кезде ине кері шаншылады, яғни әрбір жаңа тігіс осылайша түседі. Жіпті бекітіп, инені матаның кесте түсетін бетіне шығарған соң оған 2-4 жіпті іліп алу керек. Жіпті шығарып алған соң инені қайта шаншып, сосын оған алғашқы тігіске қанша жіп алынса, сонша жіп іліп алады. Тігістердің біркелкі болып түсуін қадағалау және инені екінші, үшінші, одан кейінгі тігістерде алдыңғы тігістің ортасынан шығарып отыру қажет.

Біз кесте

Біз кесте - кергішке керілген арнайы мата бетіне түсірліген (сызылған) ою-өрнек немесе бейнені сызық бойымен қармақ бізді матадан ары өткізіп, жіпті бері іліп шалып алу арқылы қайталанатын майда тігісті айтамыз. Кестенің бұл түрімен кейбір контурлы ою-өрнектер немесе гүлдің сабағы кестеленеді. Тігілу мәнері жағынан ол көлемі біркелкі ілмектер шынжыр секілді біріне-бірі тіркесе тігіледі. Шынжырларының формасы мен көлемі әр түрлі болып келеді. Жіпті бекітіп, оны матаның оң жақ бетіне шығарып алған соң, ілмек тәрізді етіп созып, оны сол қолдың басбармағымен басып тұрып, инені алғашқы шаншыған жерден дәлдеп, төмен қарай, яғни матаның астыңғы бетіне қарай шаншиды. Тігістің теріс жағынан ине ілмектің астынан өтіп, тігістің үстіне ілмектің ортасынан шығады.

«Аппликация»

«Аппликация» атауы латынның «жабыстыру», «қиыстыру» деген сөзінен шыққан. Аппликацияны қолданылатын материалына қарай үшке бөліп қарастыруға болады. Біріншісі – түрлі қағаздармен орындалатын аппликация. Екіншісі – әр түрлі мата, киіз, тері, шүберек, т. б. қолданумен орындалатын аппликация. Үшіншісі – табиғи материал (сабан, ши, қамыс т. б.) қолдану арқылы орындалатын аппликация.
Ал әр түрлі мата материалдарында орындалған аппликация түрі 16 ғасырда Италия мен Испанияда, 17 ғасырда Германия мен Францияда пайда болған. Аппликацияның силуэттік түрде орындалуы 18 - 19 ғ. Россияда жақсы дамыды. Аппликацияның қай халық өнерінде болса да алатын орны ерекше. Әсіресе қолданбалы өнерде көп қолданылады. Аппликация Қазақстанда да жақсы дамыған. Қазақ халқының ақ, қара киіз арқылы оюлап жасаған сырмағының өзі – аппликацияның бір түрі. Әсіресе ұлттық киімдерді ою - өрнекпен әшекейлеуде аппликация озық үлгіде дәріптеледі.
Сәндік аппликация түрлері қорап қағаздарды, открыткаларды безендіруде қолданылады. Сәндік аппликациямен қабырға газеттерді, альбом, папкаларды да безендіреді. Сәндік аппликация үлгісімен әр түрлі түсті қағаздардан гүлдердің алуан түрін жасауға болады. Сәндік өрнектік аппликацияны төртбұрыш, үшбұрыш, шеңбер ішінде ою - өрнектерден үйлестіріп орындауға болады. Аппликация сәндік қолданбалы өнердің бір түріне жатады. Киімді, тұрмыстық заттарды, сәндік паноларды дайындауда қолданылатын кестелеулердің бір түрі болып табылады. 
Аппликация латын сөзінен (бастыру) шыққан бейнелеу техникасының бір түрі, кесіп дайындалған әр түрлі формаларды қойып, екінші материалдарға, фонға бекіту. Аппликация - әр түрлі материалдан дайындалған қөркем шығарма. Материалдардың қасиеттері аппликацияның орындау техникасына әсерін тигізеді. 
Мысалы: қағаз, сабан, кептірілген өсімдіктер желіммен жабыстырылса, ал маталар, тері, киіз, әдептеп тігіледі. 
Аппликация – тек безендіру жұмыстарында ғана емес, панно, өрнек, картиналар жасауда да қолданылады. Аппликацияның негізгі белгілері: сұлбалығы, бейненің жазықтығы бейнеленуі, түстік дақтардың біркелкілігі. Аппликация мазмұны бойынша тақырыптық, сюжеттік, сәндік, өрнектік, шрифтік және дайындалу технологиясы бойынша жайпақ, көлемді және тағы басқа болып бөлінеді.
Ал енді аппликацияның шығу тарихына келетін болсақ, ол ертеден әр түрлі халықтарда қолданып келе жатқан киім, аяқ киім, тұрмыстық заттарды, үйді сәндеудің ежелгі тәсілі. 

IV. Жаңа тақырыпты бекіту:

  1. Кестенің қандай түрлері бар?

  2. Апплекацияның қандай түрлері бар?

  3. Кестені қайда қолданады?

  4. Апплекацияны қайда қолданады?

  5. Аппликация қолданылатын материалына қарай нешеге бөлінеді?

V. Үйге тапсырма. Қол тігістерінің үлгірінен тұратын альбом дайындау.

Кестелеу және апплекациядан жасалған бұйым түрлерін тігу.

Пайдаланылған әдебиет: М.Нұржасарова, К.Кучарбаева, А.Рустемова «Киім дайындау технологиясы»



Өндірістік оқыту шебері: ____________________ Г. К. Мухамбетова


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Технология (девочки)

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 10 класс

Скачать
Кестелеу, апплекация.

Автор: Мухамбетова Гулнар Каиржановна

Дата: 09.06.2017

Номер свидетельства: 421178


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства