kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Кесте тігу. Инені алға, тігім, тізбек тігістерін орындау

Нажмите, чтобы узнать подробности

  • Кесте тігу барысында мына қағиданы ұстануға болады: «Қажетті затты дұрыс істегенде ғана қажетті нәтижеге жетуге болады». Яғни оқушының кесте кестелеп тігуге деген қызығушылығын арттыра отырып, өз жұмысының әдемі, ұқыпты болып шығуына әсерлету.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Кесте тігу. Инені алға, тігім, тізбек тігістерін орындау»

Ғ.Әбдірахманұлы атындағы Қима орта мектебі











Тақырыбы:

Кесте тігу. Инені алға,тігім, тізбек тігістерін орындау.

(Сабақ жоспары 5 сынып)







Технология пәні мұғалімі: Турлыбекова Т.К.















Жаңақима, 2016-17 оқу жылы







І. Сабақтың тақырыбы: Кесте тігу. Инені алға, тігім, тізбек тігістерін орындау.

ІІ. Сабақтың мақсаты: көркемдік көктеу тігінің түрлерін тігіп үйрену және оларды қолдану орнымен танысу.

А) Білімділік мақсаты: кестенің түрлерін, тұрмыста қолданылу ретін көрнекіліктер арқылы көрсету, таным деңгейін арттыру.

Ә) Дамытушылық мақсаты: көктеу тігістерін көркемдік тігістерден ажырата білу, тігісті әсем етіп орындау қажеттілігін қалыптастыру.

Б) Тәрбиелік мақсаты: кесте өнерінің ертеден келе жатқан ұлттық өнердің қастерлі бөлігі екендігін түсіндіру, қазақтың инабатты қызының рухында тәрбиелеу, әсемдікке, биязылыққа, еңбекті сүюге, үй тұрмысына бейімділікке үйрету және қызықтыру.

Сабақтың әдісі: баяндау, демонстрация, сұрақ –жауап, теориялық білім және сармандық жұмыс.

Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар:қайшы, түсті кесте жіптері, инелер ине қыстырғышта, бір түсті мата, түсті бор, қалам, фломастер, сызғыш, оймақ, сантиметрлік таспа, кестелер эскиздері, кергіш, жақтаулар, канва.

ІІІ. Көрнекілігі: кестелі бұйымдар, слайдтар, дайын бұйымдар.

ІҮ. Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері, қазақ әдебиеті, тарих, математика.

Ү. Сабақтың барысы мен мазмұны:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

2. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

3. Оқушы білімін анықтау.

4. Негізгі бөлім. Сарамандық жұмыс.

5. Сергіту сәті.

6. Сабақты бекіту бөлімі

7. Қорытынды бөлім, үйге тапсырма.



ҮІ. Өткен тақырыпты пысықтау.

1. Қол тігістерінің қандай түрлері бар?

2. Екі бөлшекті қосу үшін қандай тігістер қолданылады?

3. Көрінбейтін тігістерді қай кезде қолданамыз?

4. Көркемдеуші жіп пен көктеу жібінің айырмашылығы қандай?

5. Сабақтаулы ине тігілер алдында матаға қалай бекітіледі?

ҮІІ. Жаңа тақырып.

Адам баласы табиғаттан да, күнделікті тұрмыс-тіршілігінде де әдемілік пен жарасымдылықты таңдайды. Біздің жүрген ортамыз – үй, көше, дала, үстіміздегі киіміміз, жүріс-тұрысымыз бен қылығымыз, іс-әркеттеріміз – бәрі де әдемі болу керек. Осы әдемілікке біз де үлесімізді қоса аламыз.

Кесте – сәндік қол өнерінің бір түрі. Мата, тері, киіз, т.б. материалдар бетіне әр түрлі боялған жіптермен, жібек зерлермен сурет, өрнек салып тігу арқылы жасалады. Кестелеу өнерінің дәстүрлері мен тәсілдері, ою-өрнек пен оларды гауһар, асыл тастарды қосып, алтын және күміс түсті жіптермен үйлестірудің түстік амалдары жетілдіріліп, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіліп, қазіргі күнге дейін жетті.

Кестемен киімдер, тұрмыстық заттар, кәдесыйлар және т. б. безендіріледі. Кесте негізінде ұлттық, халықтық нақыштар мен ою-өрнектер салынған,себебі кестелеу өнері әр халықтың, әр дәуірдің мәдени ерекшеліктерімен тығыз байланысты.

Кесте – қазақ халықының өткен және қазіргі кездегі қолданбалы өнерінің кең тараған және сүйікті түрінің бірі.

Қазақ ұлттық кестесінің негізгі үш түрі болады, олар:

Бізкесте – тізбек тігіс

Баспа – қабырға тігіс, түзу және қиғаш инешаншыммен кестелеу түрі.

Кенебе – орыс халықының «крестеп тігу» кестесіне ұқсас.

Кестелеу – жіп, бисер және әшекейлеудің басқа элементтері арқылы ою – өрнекпен бұйымдарды әшекейлеу техникасы.

Оқушы білімін тексеру.

  • Кесте дегеніміз не?

  • Кестені қалай орындайды?

  • Кестелі бұйымдарға нелер жатады?

- Өздерің кестенің қандай түрлерін орындай аласыңдар?

Бұйымдардың демонстрациясы, слайд-шоу.

ІҮ бөлім. Оқулықта берілген нұсқаулық бойынша кесте тігісінің түрлерін орындау техникасы.

Ескерту! Ине мен жіпті қолданған кездегі қауіпсіздік ережелерін еске түсіріңдер.

  • Инені арнайы қыстырғышта сақта;

  • Қайшыны,инені біреуге ұсынғанда ұшын өзіңе қаратып ұста;

  • Инені аузыңа салма;

  • Қайшымен қиған кесде, сол қолыңды жаралап алма!

«Инені алға» тігіс әдісн тігу технологиясы.

«Инені алға» - тігістің ең кеңінен таралған түрі. Ол инені соңғы инешаншымнан үнемі алға жылжыта отырып, матаны тесіп өткенде пайда болатын инешаншымдардың үзік – үзік сызығы болып келеді. Инешаншымдардың ұзындығы мен аралығы бірдей болуы керек.

«Тігім» тігіс әдісн тігу технологиясы

«Тігім» тігісін тігу үшін жіпті матаға бекітіп, инені матаның өң жағына шығарындар. Оңға қарай бірнеше жіп шегініп, инені матаның теріс жағына шығарындар да инешаншым жасандар, оның ұзындығы 2 есе ұзын болуы тиіс. Содан соң екінші инешаншым жасандар, сонымен бірге инені бірінші инешаншымның басталған жеріне шаншындар.

«Ілмекті» тігіс әдісн тігу технологиясы

«Ілмекті» тігіс кестелеу және бұйымдардың (сулық, орамал, жапсырма, т.с.с.) жиектерін өндеу үшін пайдаланады. Жіпті матаға бекітіндер, бұйымның жиегінен бірнеше жіп шегініп, инені теріс жағына шығарындар. Жоғарыдан төмен қарай бағытта тік инешаншым жасандар, сонымен бірге жіп иненің арт жағында орналасуы қажет. Содан соң жіпті ілмек тәрізді етіп, бірнеше инешаншымнан оң жаққа қарай шегініп, жоғарыдан төмен қарай бағытта екінші инешаншым жасандар.

«Тізбекті» тігіс әдісін тігу технологиясы



Ү. бөлім. Сабақты бекіту. Тақырып бойынша тест жұмысы.

1.Қандай маталарды кестелеуге қолданады?

2. Түйінді қалай бекітеді?

3. Айқас тігісі қалай орындалады?

4. Суретті қалай көшіреді?

5. Кестелі бұйымдарды қалай күтеді?

6. Құрал- саймандарды, құрылғыларды атаңдар?

VI. Қорытынды.

Кестелеу өнері- бейнелеу өнері мен қолөнерінің қосындысы деп атайды.

Суреттен кесте тігістерін атау.

VІІ. Үйге тапсырма.

Өзіндік жұмысты аяқтау.


































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Технология (девочки)

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
Кесте тігу. Инені алға, тігім, тізбек тігістерін орындау

Автор: Турлыбекова Тлектес Кабиденовна

Дата: 14.09.2017

Номер свидетельства: 428155


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства