Сабақтың негізгі кезең (жалпы уақыт -
| 2. Жаңа материалды игеру. Оқушылармен қазақ халқының өнері жөнінде әңгіме өрбіту. - Өткен сабақта халқымыздың арасында кеңінен тараған кілем тоқу өнерімен танысқан болатынбыз. Бүгін біз қазақтың сәндік-қолданбалы өнерінің түрлерін қарастыруды жалғастырамыз: - Тері өңдеу өнері - Зергерлік өнер - Сүйек өңдеу өнері - Тас өңдеу өнері - Ұсталық кәсіп - Ағаш өңдеу Видеофильмдерді көру - Тері өңдеу өнерін қарастырайық…. Теориялық материалдармен жұмыс. Оқушылар материалдар бойынша зерттеу жұмысын жүргізеді - Қазақ халқының зергерлік өнері - Ер-тұрман – атқа салт мініп жүруге қажетті жабдықтардың жиынтық аты. - Сүйек пен тасты мәнерлеп өңдеу – қазақ халқында әріден келе жатқан өнер. Археологиялық қазба жұмыстарының барысы Қазақстанда сүйек пен тастан зат жасауды пайдалану ертеден-ақ дамығандығын байқатады. Ұзақ ғасырлар бойы жинақталған тәжірибе, шикізат көзінің молшылығы, сүйек пен тас бұйымдарына деген сұраныс қолөнердің бұл түрінің ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басында шырқау биікке көтерілгенін баяндайды. Сүйек оюды қазақ шеберлеріағаш және металл өңдеумен байланыстырған. Жасалуы әдемі болуы үшін әртүрлі қымбат маталар, майлы бояулар пайдаланған. Сүйекті пайдаланбас бұрын ыстың суға қайнатып, содан соң барып әртүрлі формаға келтіріп, өңдеуге кіріседі. - IX ғасырда қазақ халқының тұрмысында анағұрлым кең тараған Музыкалық аспап екі ішекті домбыра болатын. Біздің елімізді, ұлтымызды танытатын бірден бір бұйым – домбыра. Домбыраның күмбірлеген үні қазіргі кезде бүкіл дүние жүзін шарлап кетті. Домбырасыз ұлтымыздың өмірін елестету мүмкін емес. Домбыра қазақ халқының арасында өте кең тараған кос ішекті шертіп ойнайтын аспап. Домбыраның ән сүйемелдеуге, күйге арналған түрлері болады. Күйге арналған домбыраның шанағы үлкендеу, мойыны ұзын болып келеді В изготовлении казахской домбыра, корпус и дека инкрустировались костью. - Қазақтардың тас өндеу ісі негізінен ескерткіштер орнатылумен байланысты болған. - Ағаш бұйымдардың шеберлері киіз ұй, арбалар, үлкен ағаш бұйымдар орындаған.
- Жүнді басуға арналған материалдарды зерттеу: * инелермен басу: поролон алашасы, тоқыма желім, инелер (№ 36 тәжі; №19 үшбұрышты; №38 жұлдызды; №40 үшбұрышты; №36 үшбұрышты); * сабынмен басу: сабын, жапқыш материал, матаны пішуге арналған қайшы, пульверизатор, қарындаш немесе маркер.
3. Өзіндік жұмыс кезеңі (20 мин.).
Дамыту, зерттеу, коммуникативтік және шығармашылық дағдыларды дамытуға арналған тапсырма. - Балалар, сіздер 4 командға бөлініп, ою-өрнек жасау тапсырмасын орындайсындар: * I топ - геометриялық ою-өрнектерді қағаздан оясындар; * II топ - өсімдік ою-өрнектерді оясындар; * III топ - зооморфтық ою-өрнектер; * IV топ - космогониялық ою-өрнектер.
Дескрипторлар және бағалау критерийлерімен таныстыру. Тапсырмаға дескрипторлар: Ою-өрнек түрін анықтайды (геометриялық, өсімдік, зооморфтық, космогониялық); Тиісті тапсырма бойынша қазақ ұлттық ою-өрнектін суретін орындайды (қағазды бүктеп, ою суретін бейнеленіз); Ою-өрнекті ұқыпты, эстетикалық талаптарға сай қағаздан ояды; Ою-өрнек үшін фонның түсін сауатты таңдайды (ойып, қағазға жапсырындар). Дифференциация: қарапайым және күрделі ою-өрнектер оқушылардың таңдауы бойынша таңдалуы мүмкін. - Балалар, сабақтың соңында әр команда көрме ұйымдастырады. Практикалық жұмыс барысында көз демалу үшін жаттығулар жүргізіледі. (жоғары, төмен, оңға, солға, көзімен шеңбер немесе өз атының бірінші әрібін бейнелеу). Практикалық жұмыс орындау барысында мұғалімнің кері байланысы жүзеге асырылады: • қателермен жұмыс – түзету, ескертулер, ұсыныстар, кеңестер; • мұғалімнің оқушыларға жұмыс істеу тәсілдерін көрсетуі; • көтермелеу, дәлелдеу, мақұлдау, мақтау. | Интерактивті тақта, слайдтар
1 видео Дәстүрлі ши тоқу өнері https://youtu.be/2HRi3eWVNuA 2 видео КИІЗ БАСУ. Киізден жасалған сумка - клатч және сақина. Киіз басып үйренейік. Динара Жанат https://youtu.be/et7-4NOLvTc
(оқушыларға аналған Теориялық материалдар) Слайд 3 Кемер белбеу
Слайд 4-7
httpwww.hobby-haus.rusite38 сайтынан материалдар
Слайд 8
Кітаптар, журналдар, фотосуреттер, суреттер. Қайшы, желім, түрлі-түсті қағаз, қарындаштар. Қазақ ұлттық оюлар туралы ақпаратты іздеу үшін АКТны қолдану |