kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Казактын улттык ашекей буйымын шашка тагатын шолпыны жасау технологиясы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Такырыбы :Казактын улттык ашекей буйымын шашка тагатын шолпыны жасау технологиясы.
Сабак мақсаты:
Білімділік: Сусылдаған нәзік шашқа неше түрлі шаш сәнін жасауға болады, оны буса да, түйсе де, желкеге түсіріп бос қойса да жарасымды, шолпын жасауды  үйрену.
Дамытушылық: Оқушының алған білімін өз бетінше қолдана білу қабілеттілігін дамыту және нәзік икемділік пен ептілікке бейімдеу.
Тәрбиелік: Оқушыларды тазалыққа, ұқыптылыққа, эстетикалық талғамының жоғары болуына тәрбиелеу.
Көрнекілік құрал-жабдықтар: Плакаттар, сумойшак, былгары, кайшы, ине, жып.

Cабақтың барысы:

1

Ұйымдастыру кезеңі

1.Сәлемдесу,

2. оқушыларды түгендеу,

3.сабаққа даярлығын тексеру.
 
2

Уй тапсырмасын тексеру

Өткен сабақты қайталау: сұрақтар арқылы жауаптар алу.

3

Жана материалды тусындыру

Сұлудың сұлуы – бұрымды қыз

Қазақтың ұғымы бойынша әрқайсысын өзінің ырымымен жөніменен тағылады. Кез-келген зергерлік бұйымды сән екен, не біреу тағып жүр екен деп таға бер дұрыс емес. Шашбау, шаштеңге, шолпы жас қыз-келіншектердің шашына тағылады екен. Сонымен қатар, ерекшеліктері шашты өсіруге пайдасы бар. Ұзын шашқа таққанда салмағымен шашты тартып тұрады артқа қарай.

ШОЛПЫ – қыздардың бұрымға тағатын әшекейі. Шолпыны екі үзбелі етіп, күмістен соғады. Қақталған күмістен үш бұрышты немесе сопақша пішінді етіп жасалады да, ортасына асыл тас орнатылады. Төменгі үлкен тұмаршасының етегіне шынжырлап немесе үзбелеп соғып, сөлкебай тіркелген бірнеше салпыншақ тағылады. Ол баулары арқылы бұрымға қоса өріледі. Дәстүрлі қазақ қоғамында Шолпының – көзді Шолпы (асыл тас қондырылған), қозалы Шолпы, қоңыраулы Шолпы, шынжырлы Шолпы, қос үзбелі Шолпы, маржанды Шолпы, меруертті Шолпы, ақықты Шолпы, т.с.с. түрлері мен атаулары кездеседі. Шолпыны о баста әйелдер қара ниетті тылсым күштерден қорғану үшін тағып жүрген. Халық адамның жарты жаны шашта болады деп, оны қорғау мақсатында Шолпы, шашбау таққан. Кейде олардың салмағы 3 кг-ға жеткен. Шолпы жас қыздардың жүрісі мен бойын тік ұстау мәнерін қалыптастырған. [1]

Шашбау– қыз-келіншектер шашына тағатын сәндік бұйым. Мұндай әйел шашының әр-ажарын аша түсетін, өрілген бұрымның ұшын бекіту үшін тағылатын алтын, күміс тиындар, кейде маржан қадалған, ызылған бауы бар Шашбауды түркі халықтары ежелден қолданып келеді. Жасалу, әшекейлеу әдістеріне қарап оларды үзбелі Шашбау, шашақты Шашбау деп топтастыруға болады. Оның қазақтар арасында сөлкебай Шашбау, теңге Шашбау, шаштеңге, үкі аяқты Шашбау, шаштүлек (лентадан жасалынған), шашбаутас (жалпақ күміске асыл тастар орнатылған) сияқты түрлері кеңінен кездеседі. Шашбау көбіне күмістен қақталып соғылады, ұшына теңгеден (сөлкебай) шұбыртпа тағылып немесе түсті масатыдан, жібектен ызылып шашақталынады. Матадан жасалған Шашбаудың екі ұшына зер шашақ тағып, оның жоғарғы жағынан бунақтап құндыз тұтады. Шашбауды бұрымға қоса өріп, шаштың ұшына таяу жерден оны бір шалып байлайды да, бұрымның ұшын бекітіп тастайды. Жасы келген әйелдің Шашбауы қарапайымдау болады. Шашбау біріншіден, әйел шашының өсуіне ықпалын тигізеді, екіншіден, басқа массаж жасайды. Ерте заманда Шашбау тағу шаш арасындағы жын-шайтандарды қашырады деген түсініктен туындаған.

Күміс немесе алтын тиындар қадалған мынадай шашбауды «шолпы» деп те атайды. Бойжеткен қыз баланың жүрісін, қимылын түзеу үшін қоңыраулы шолпыны бұрымына таққан. Содан қоңыраулы шолпы таққан қыз бала үй арасында жүргенде, жүгіргенде, күлгенде ол сыңғырлап дыбыс беріп, үйдегі үлкендер қалжыңын қойып, әдеп сақтаған, бойжеткен жұрт назарын өзіне аударғанына ұялып, жүгіріп, секіруін тиған. «Шолпы» деген ұғым балықтың cудағы секіріп,ойнағанынан шыққан сияқты.

Жас қыздар мынандай шолпы таққан:

1.Үзбелі шолпы;

2.Қос үзбелі шолпы;

3.Маржанды шолпы;

4.Меруертті шолпы;

5.Ақық шолпы;

6.Қоңыраулы шолпы;

7.Тізбелі шолпы;

8.Сағат баулы шолпы;

9.Қозалы шолпы;

10.Сылдырмақ шолпы;

11.Көзді шолпы;

12.Алтын шолпы;

13.Күміс шолпы.

Шашқап. Ол шашты,бұрымды шаң-тозаңнан, күн көзінен қорғайды, сәндік бұйым ретінде  қолданылады.  Оны мақпал, шұға, барқыт, мауыты тәрізді көк, қызыл түсті маталардан бұрымның ұзындығы мен жуандығына орай пішіп, тігеді. Шашқаптың жоғарғы, төмен жағынан ою-өрнекпен безендіреді, зер, оқа моншақтарымен сәндейді, кейде оған маржан, меруерт, күміс шеттіктер тағады.

Шашқап – шашты, бұрымды
шаң-тозаңнан, күн көзінен қор-
ғайтын бұйым. Қыз-келіншек-
тер үй шаруасымен айналыс-қанда оны киіп алатын бол-ған. Шашқапты мақпал, шұға, барқыт, мауыты тәрізді көк, қы-
зыл, қара түсті әсем маталар-
дан тігеді, бұрымның жуанды-ғына қарай жасайды, кестеле-
ніп әсемделеді, оған маржан,
меруерт, моншақ та тағады, кү-
міс шеттіктермен де әшекей-лейді.

Шаштеңге. Шолпының күміс, алтын теңгелерден тізбеліп жасалған түрін шаштеңге деп атайды. Шолпы мен шаштеңге шашбауға немесе бұрымның ұшына тағылады. Шаштеңге таққан қыз-келіншек мезгілсіз жүрмеуге тиіс. Өйткені күміс сыңғыры қыз-келіншектің мезгілсіз жүргенінен хабар беріп, «айтып»қояды.

Қыз-келіншектің арқа тұсындағы шаш өріміне таққан әшекейдің аты-әшекейлі арқалық, шүйдеге тағылған әшекейдің аты-желкелік дейді.

 Шаштың сәндік әшекейлері Шашбау. Ол – қыз, келіншектердің шашына сәндік бұйым ретінде тағылады. Шашбау әйел шашының әр – ажарын ашады. Оны өрілген бұ-рымның ұшын бекіту үшін де тағатыны мәлім. Түркі халықтары алтын, күміс тиындар, кейде маржан қадалған, ызылған бауы бар шашбауды ежелден пайдаланып келеді. Шаш- баудың жасалу, әшекей-лену әдістері әртүрлі. Соған орай олар мынандай топтарға бөліне-ді: 1. Үзбелі шашбау; 2. Шашақты шашбау. Қа- зақтарда ашбаудың: сөл- кебай шашбау, теңге шашбау, шаштеңге, үкі аяқты шашбау, шаш-түлек (лентадан жасалады), шашбаутас (жалпақ күміске асыл тастар орнатылады) тәрізді түр- лері де бар. Қазақ зергерлері шашбауды негі- зінен күмістен қақтап соғады, ұшына теңге- ден (сөлкебай) шұбырт-па тағылып, түсті масатыдан, жібектен ызыл- ған шашақтармен әсемде-леді. Матадан жасалған шашбаудың екі ұшына зер шашақ тағады, оның жоғарғы жағынан бунақ-тап құндыз тұтып қояды. Шашбауды бұрымға қо-са өриді, сосын шаштың ұшына таяу жерінен бір шалып байлайды, сөйтіп, бұрымның ұшын бекіте-ді. Жасы ұлғайған әйел-дің шашбауы қарапай- ым болады. Шашбау әй-ел шашының өсуіне ық-пал жасайды, басқа массаж істеп, денсаулықты түзейді. Халықтың ескі наным – сенімі бойынша, шашбау шаш арасындағы жын – шайтандарды қа- шырады.

4

Жана материалды бекыту

Сұрақтары:
1.Шолпы неше туры бар?

2.Шолпы неден жасалады?

5

Уй тапсырмасы

кайталау

6

Сабак оку кортындысын жасау, багалау

Жасаган жумысты багалау

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Казактын улттык ашекей буйымын шашка тагатын шолпыны жасау технологиясы»

Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Технология (девочки)

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
Казактын улттык ашекей буйымын шашка тагатын шолпыны жасау технологиясы

Автор: Әліппи Нұргүл Қосманқызы

Дата: 20.04.2017

Номер свидетельства: 410572

Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства