Просмотр содержимого документа
«Капроннан қуыршақ жасап үйренейік»
Шеберлік сыныптың тақырыбы:
Капроннан қуыршақ жасап үйренейік!
Мақсаты:
Білімділік: капроннан қуыршақтың басын дайындау жолдарын және әдістерін үйрете отырып, шеберлік, шығармашылық деңгейі арқылы әсемдік пен сұлулықты бағалай білуге үйрету.
Тәрбиелік: Көркемдік талғаммен жұмыс жасауға, ептілікке, ұқыптылыққа, өнерді сүюге, сұлулықты сезіне білуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Жаңа технологиялық әдістерді қолдана отырып шығармашылық қабілеттерін, өз бетімен жұмыс жасау дағдыларын дамыту, іскерліктерін арттыру.
Әдісі: Түсіндірмелі-көрнекілік
Көрнекіліктер: Дайын үлгі, суреттер
Қажетті құрал-жабдықтар: капрон, синтефон, дайын қуыршақтың көздері, қайшы, ине-жіп, ыстық желім, тоқыма жіп.
Жұмыстың барысы:
Қауіпсіздік ережесін еске түсіру
Жұмыс құралдарын түгелдеу.
1. Алдымен жұмыс орнын ретке келтіру. Керекті құрал-жабдықтарды дайындап алу.
2. Төменде көрсетілген нұсқау карта бойынша қуыршақтың басын дайындауға кірісейік! Алдымен капрон шұлықтың ішіне өзімізге қажетті көлемде синтефонды толтырып, дөңгелек пішінге келтіреміз. Кішкене синтефонды дөңгелектеп мұрынның пішініне келтіріп, капронның ішіне орналастырамыз. Инені сабақтап алып, суреттегі үлгі бойынша қуыршақтың мұрнын тігеміз.
3. Мұрнын тігіп болған соң, екі бетіне синтефонды толтырып екі ұртын томтитып шығарамыз.Одан әрі ерінін, көз ойығын нұсқау карта бойынша жіппен тігіп шығамыз.
4. Келесі кезекте көздерін ыстық желіммен жапсырып бекітеміз. Екі беті мен ерінін, өз қалауларыңша бояп безендіруге болады. Тоқыма жіптен шаштарын жасап басына желімдеп, болмаса тігіп бекітуге болады.
Ал, кәне «көз қорқақ - қол батыр» -дегендей. Алдарымыздағы керек құралдарды пайдалана отырып ұйымдасқан түрде жұмысымызды бастайық. Іске сәт!