kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Канзаши - ?шекей б?йым"

Нажмите, чтобы узнать подробности

?ыз балаларды е?бекке, ?лттарды? ?ол?нер б?йымдарын жасау?а баулу. О?ушылар?а канзаши туралы ма?л?мат беріп, жібек таспамен г?лді? жасалу жолдарын технологиялы? картаны? к?мегімен канзаши техникасыны? жасалу т?сілін ?йрету. ?ол?нер е?бегіне ?ызы?тыра отырып, ж?мыс барысында ой-?рістерін, ынтасын, сауса? ?имылдарыны? ептілігін дамыту, ?ауіпсіздік техника ережелерін д?рыс ?рі ?ата? са?тай білу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Канзаши - ?шекей б?йым" »

Күні: 17.01.2015

Класс: 7 «А»

Сабақтың тақырыбы: «Канзаши – әшекей бұйым»

Сабақтың мақсаты: қыз балаларды еңбекке, ұлттардың қолөнер бұйымдарын жасауға, канзаши техникасының жасалу тәілін үйрету.

Білімділік: оқушыларға канзаши туралы мағлұмат беру және жібек таспамен гүлдің жасалу жолдарын үйрету.

Дамытушылық: қыз балаларды қолөнер еңбегіне қызықтыра отырып, жұмыс барысында ой- өрістерін, ынтасын, ойлау қабілеттерін, шеберліктерін, саусақ қимылдарының ептілігін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды көркемдік танымға, жұмысты орындау кезінде ұқыптылық пен дәлдікке, жасалатын бұйымға ықтиярлықпен қарауға, еңбекті бағалауға, еңбек қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, өз беттерінше жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ, сарамандық жұмыс

Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, топпен жұмыс, түсіндірмелі

Көрнекілігі: слайдтар, сөзжұмбақ, технологиялық карта

Күтілетін нәтиже: Бұйымды көркемдеп жасау технологиясын меңгеру

Пәнаралық байланыс: математика, тарих, география, биология

Сабақтың өту барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі

II.Өткен сабақты өзектілеу

III.Үй тапсырмасын тексеру

IV.Сөзжұмбақ

V.Жаңа сабақ

VI.Сарамандық жұмыс

VII.Сабақты қорытындылау

VIII.Үй тапсырмасы

IX.Бағалау

I. Ұйымдастыру кезеңі.

Сыныппен амандасып, оқушыларды түгендеу, бөлме тазалығын тексеру, кезекші тағайындау.



II.Өткен сабақты өзектілеу.

1.Жіппен бейнелеу тәсілі дегеніміз не? (әр түрлі бейнеде жіптердің көмегі арқылы бейнеленген жіп дизайны)

2.Жіппен суреттеу өнері алғаш рет нешінші ғасырда, қай елде пайда болды? (XVIғасырда Англияда)

3.Жіппен бейнелеу техникасын ойлап тапқан кім? (Г.А Браницский)

4.Англия ойшылдары қандай әдісті ойлап тапты? (ілгектеп бекіту)

5.Жіппен бейнелеудің неше негізгі тәсілі бар? (2)

6.Олар қандай тәсілдер? (бұрышты және шеңберді толтыру)

7.Жіппен бейнелеу өнері қандай кестелеу түріне жатады? (көркемдеп)

8.Бұл техниканың негізгі құралы? (жіп)

9.Жіппен бейнелеу үшін қандай құрал – жабдықтар қажет? (ине, жіп, қатты картон, қайшы, циркуль, сызғыш, қарындаш)

10.Бейнежіп техникасында әр жіптің арасы неше миллиметр болуы керек? (2 мм)


III.Үй тапсырмасын тексеру. Бейнежіп техникасымен көркемдеп тігу тәсілдерін тексеру.

IV.Сөзжұмбақ. Оқушылыр, биология пәнін еске түсірейік.Сіздерге сөзжұмбақ береледі.Осы сөзжұмбақты шешу арқылы жаңа сабақтың тақырыбын табамыз.

  1. Ерте гүлдейтін гүл (бәйшешек)

  2. Жабайы итмұрыннан шығарылатын іріктеме (раушан)

  3. Гүлдері қоңырау пішінді (інжугүл)

  4. Қазақстан қай гүлдің Отаны (қызғалдақ)

  5. Көп жылдық шөптекті,биіктігі 15 см жететін дәрілік және улы өсімдік (лапыз)

  6. Бал ара,шыбын,көбелек гүлдің несімен қоректенеді (шірне)

  7. Гүл бөлімдерін жазықтықтағы көлденең қимасын шартты түрде бейнелеп, сызба нұсқасын сызу қалай аталады (диаграмма)

б

ә

й

ш

е

ш

е

к





р

а

у

ш

а

н



і

н

ж

у

г

ү

л


қ

ы

з

ғ

а

л

д

а

қ


л

а

п

ы

з



ш

і

р

н

е


д

и

а

г

р

а

м

м

а









V.Жаңа сабақ.

Канзаши – жапон халықтарының ұлттық шаш үлгілерінде қолданылатын әшекей бұйым. Канзаши бұйымдарының ішінде ерекше орын алатыны – Напа.

Канзаши (kan za shi)– гүл маталы түйреуіш. Бұл бұйым жібек матадан жасалынады. Жапон халқы канзаши түйреуіштері арқылы әйел адам шашына қарай отырып мінезін, тұрмыстық және отбасылық жағдайын(тұрмыс құрған, құрмағанын), оның жасын, тіпті неше баласы бар екенін біле алады. Бұйым ені жалпақ келетін материалдан жасалады. Канзашиді тағудың әр түрлі нұсқалары, түрлері бар. Канзашидың саны мен орналасқан орны шашты әсемдеуде өзінің қатаң қағидасын сақтайды. 12 ай бойы қыздар кимано түсіне байланысты канзаши тағады.


VI.Сарамандық жұмыс.

1.Еңбек қауіпсіздік ережелері. Жұмбақтың жауабын шешіп жауапқа сай қауіпсіздік ержесін айт.

1) Бар екен дүниеде жалғыз көзді, Сол көзбен дүниенің бәрін кезді. Әлемді он сегіз мың киіндіріп, Дүниеден жап – жалаңаш өзі безді (ине) - инені аузыңа салма! -киіміңе түйреме! - тот басқан инені қолданба!

–инені ине қадағышта немесе арнайы қорапшада сақтау керек ! – инені жоғалтқан жағдайда оны міндетті түрде тауып ал!

2) Екі семсер айқасқан, Оқта – текте шайқасқан (қайшы) -қайшыны лақтырма, сермеме! -қайшының ашасын ашық тастама!

– қайшыны ұсынғанда өзің жүзінен ұстап, алушыға сабын қаратып бер!

3) «Естіртпе», - деп ине жіптің күңкілін, Бүтіндейді қағаз кітап жыртығын (желім) – желіммен жұмыс кезінде партаның бетіне төсеніш төсе –желімді аузыңа, көзіңе тигізбе

4) Жүрген сайын жүйрігім, Қысқартады құйрығын (жіп) – ине жібін тіспен үзуге болмайды! – инені жіпсіз тастама!

2. Қажетті құрал – саймандар: жібек мата, ине, жіп, қатты қағаз, желім.









3. Жұмыстың орындалу технологиялық картасы.

Орындалу реті

Суреттемесі

Алдымен маталарымызды шаршы формасында қиып аламыз да, жиектерін балауыз көмегімен сәл күйдіріп шығамыз. Бұл матаның сетінеп кетпеуі үшін қажет..

2.Енді матамызды бүктейміз, бірінші екі диагоналі бойынша беттестіріп, үшбұрыш формасына келтіреміз.

3. Үшбұрыштың екі бүйір бұрышынан ұстап тағы бір бүктейміз, сонда мынадай кішірейген ромбик шығады.

4.Екінші жағына қарай аударамыз, сосын бұрыштарды ортаға қарай бүгеміз.

Тура суреттегідей шығуы керек.

5. Екі бұрышты ортаға қарай бүгеміз.

6. Осындайдан бірнешеуін (тақ сан) жасап аламыз және бұйымымыздың ортасынан түйрегішпен түйреп қоямыз

7. Бір бұрышты қиямыз, бұларды өзара біріктіріп, ине-жіппен тігіп шығамыз .

8. Түйме не басқа да әшекеймен сәндейміз. Жарамсыз қалған түйрегішке, резеңкеге қадап қойсаңыз болғаны. 

9.Канзаши дайын.



VII.Сабақты қорытындылау.

Бүгін сіздер жібек матадан гүл жасап үйрендіңізден. Өтілген тақырып бойынша түсінбеген жерлеріңіз болса,сұраңыздар.

-Канзаши қандай бұйым?

-Бұйым қандай матадан тігіледі?

-Канзаши қай халықтың бұйымы?

-Канзаши түйреуіштері қандай ұғым береді?

VIII. Үй тапсырмасы. Сарамандық жұмысты аяқтап келу.

IX.Бағалау.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Технология (девочки)

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
"Канзаши - ?шекей б?йым"

Автор: Нурсултанова Эльвира Хамитовна

Дата: 20.02.2015

Номер свидетельства: 176426


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства