Сабақтың тақырыбы:Құрақтан қаламсап қабын тігу.
Сабақтың мақсаты: құрақтан қаламсап қабын тігу тәсілін үйрету.
Күтілетін нәтижелер:
Пәндік:оқушылардың қазақ халқының құрақ өнері жайлы білімдерін бекіте отырып,ата-бабамыздың асыл қазынасына деген көзқарастарын қалыптастыру;әлемнің басқа ұлт халықтарының құрақ өнерінің ерекшеліктері мен техникасын меңгеру;мата қалдықтарын пайдалы іске асыру әрекетін қалыптастыру;
Жүйелік-әрекеттік:оқушының іскерлігі,ізденушілігі мен шығармашылық қабілетттілігін шыңдау;ойын,қиялын дамыту;көркемдік тағамын қалыптастыру;
Тұлғалық:ұқыптылыққа,сұлулыққа,жинақтылыққа назарын аудара отырып,эстетикалық,экономиялық тәрбие беру.
Сабақтың түрі:практикалық.
Сабақтың көрнекілігі:құрақ үлгілері,сызбалар,эскиздер.
Сабаққа керекті құрал-жабдықтар:ине-жіп,қайшы,сызғыш,қарындаш,мата қиындылары.
Пәнаралық байланыс:математика,бейнелеу өнері.
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың сабаққа дайындылығын тексеру.
Көңіл күйлерін сабаққа бағыттау.
Жаңа сабақ бойынша істелетін жұмыс.
Кіріспе әңгіме.Қазақ халқының құрақ өнері жайлы не білеміз?
Қазақ халқының қолөнер түрлерінің талай ғасырлық тарихы бар.Күнкөріс тіршілігіне қажетті үй-жай салуды,киім-кешек тігуді,азық-түлік өндіруді өзінің тұрмыстық кәсібі етіп,оларды күнбе-күнгі тіршілік барысында орынды пайдаланып,әсем бұйымдар жасап келеді.
Құрақ өнері тек қазақ халқына ғана тән емес,әлемнің басқа халықтарында да құрақ өнері дамыған.Қазіргі кезде мата қалдықтарынан тігілген бұйымдар әр ұлттың тұрмысында кеңінен қолданылып жүр.Мысалы,орыс халқы бұл өнерді «Лоскутная техника» деп атайды,ал Еуропа халықтарында «Пэчворк» деген атаумен белгілі.
Орыс халқы мата қиындыларынан «құрау» әдісімен жамылатын көрпе,төсеніш,тұтқыш,жастық сияқты бұйымдар дайындаған.Бұл өнердің алғашқы туындылары жұпыны тұрмыс қажеттілігінен пайда болып,соңы үлкен әсем өнер саласына ауысты.Орыс халқы мата қиындыларын үнемді,әрі қиыстыра пайдаланған.Қиыр Шығыста тұратын Жапон халқы да құрақ құрау өнерін қолданады.Бқйымдағы өрнектер мықты ақ жіппен «инені алға салу»әдісімен матаны бірнеше қабатпен қабу арқылы тігілген.Мұнда ескі бұйымның үстінде жаңа мата қабатталып,бұйымның қолданылуын ұзарту үшін тігілген.Өрнектер геометриялық фигуралар түрінде тігілді.Қазіргі Жапон халқында «сашеко» техникасы ұлттық кимано киімінде жән үй тұрмысында қолданылып жүр.
Құрақ құрау- қолөнердің ерекше түрі.Қазақ қолөнер шеберлері де ертеден-ақ қиық маталарды құрап,киім,көрпе,тұрмысқа қажетті түрлі дүниелер жасайтын.Құрақ жабдығы тек әдемілік үшін ғана жасалған емес.Ертеден сиқырлы күштерге сенетін қазақтар құрақтан тігілген заттар да оның иесін тіл-көзден сақтап,үйіне бақыт алып келетіндігіне сенген.Жыл өткен сайын жаңа технология дамып,құрақ құрау өнері әлем бойынша танылып келеді.
Практикалық жұмыс
Жұмыстың орындалу реті
1.Құрақтарды бір-бірімен біріктіруде тігістік орынға 1см орын қалдырып тік.
2.Алдымен үлкен үшбұрышқа кіші үшбұрышты табанымен біріктіріп көктеп тік.
3.Тігілген бетті ашып,оның үстінен келесі кіші үшбұрышты табанымен біріктір.
4.Келесі тіктөртбұрышты құрақ бөлігін осылайша біріктір.
5.Осындай бес тіктөртбұрышты бір-бірімен біріктіріп тігіп шық.
6.Тізбекті тырна қатардың бетіне жолақты біріктіріп тік.
7.Келесі қарсы бетіне де осындай жолақтың екіншісін тік.
8.Тігілген құрақ жолақтың дұрыстығын тексер.
9.Құрақкөздің басына кіші жолақты біріктіріп тік.
10.Құрақкөздің аяғына жолақты тік.
11.Құрақкөздің дұрыстығын тексер.
12.Құрақкөздің астыңғы бөлікпен біріктіріп тік.
13.Құрақтан құралған қаламсап қабы дайын.
-Балалар сендер қолдарыңда бар материалдарды қолдана отырып,түрлі құрақкөздерін құруларыңа болады.Инемен,қайшымен жұмыс жасағанда ұқыпты болыңдар,инені ине салатын құтышаға салып,жіп өткізіп қой.
Сабақты қорытындылау.
Жұмыс аяқталған соң әр топ өздерінің жасаған құрақ бөлшектерінің орындалу барысын түсіндіріп,талдап,қорытынды жасайды.
Мұғалім оқушылардың тапсырмасын орындау барысындағы қателіктеріне тоқталады.
Бағалау.
Оқушылардың іс-әрекетін бағалау.Жасаған бұйымдарын көрмеге тапсыпу.
Үйге тапсырма беру:өз ойларыңнан құрақ құрап келу.