Күні: Сыныбы: 10 Пәні: Технология Тақырыбы: Қазақ халқының десерттік (тәтті) тағамдары.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға тәтті тағам түрлерінен, сусындар және тағамдар туралы мағлұмат беру.
Сабақтың түрі: Теория
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, әңгімелеу
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі:
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
1. Марципан деген не?
2.Марципанның Отаны қай ел?
3.Марципан әзірлеу үшін қандай азықтар қажет? Қосымша қандай азықтар қолданылады?
4.Марципан әзірлеудің қандай тәсілдерін білесіңдер?
ІІІ. Жаңа сабақ.
Тәтті тағамдар жеңіл сіңетін көмірсулар – қанттардың көзі. Бірақ қант есебінен адамның көмірсуларға қажеттілігінің 1/3 бөлігі, ал қалған 2/3 бөлігі крахмал есебінен қанағаттануы керек. Тағам құрамында тазаланған көмірсулар көп болса, организмде майлар жиналады, сондықтан бұл топ тағамдары рационда негізгі бола алмайды және әдетте десертке беріледі. Қант асқазан сөлінің бөлінуін тежейтінін ұмытпау керек, сондықтан тәтті тағамдар негізгі тағамдардан кейін біраз ауқыт аралығынан кейін берілу керек.