3.1.Сыныпты екі топқа бөлу.Сұрақтар бойынша ұпай алады.
1)Самса тағамның қай түріне жатады?(Нан тағамы)
2)Жалпы тағамдар қандай топтарға бөлінеді?(ет ,нан,көкөніс,сүт тағамдарына бөлінеді.)
3)Ұннан жасалатын тағамдар қандай топтарға бөлінеді?(нан тағамы,аспаздық тағамдар,кондитерлік тағамдар.)
4)Ұнның қандай негізгі түрлері бар?(бидай ұны,қара бидай ұны,жүгері.)
5)Қамырдың түрлерін ата?(ашытқылы:ашыған:ашымаған,ашытқысыз:тәтті,тәтті емес.)
6)Ашытқысыз тәтті тағамдардың қандай түрлері бар?
(үгілмелі,қайнатпалы,бисквитті,қаттама.)
7)Ашытқысыз тәтті емес қамырдың негізгі құрамы қандай?
8)Ұннан жасалған тағамдарға қандай талаптар қойылады?(өзіне тән иісі,дәмі болуы,
жақсы дәлме-дәл пісуі,тағамның жақсы көтерілуі.)
3.2.Танымдық мәліметтерді хабарлау.
Самса-қазақтың ұлттық тағамдарының бірі.Оны кейде «сомса»деп те атайды.Қазақтың ұлттық самсасына көбінесе қуырылған жас ет қана салынады.Ал,кейбір аймақтарда ұсақ туралған шикі ет,күріш салып тандырға ,пешке қойып та пісіреді.Кейбір жағдайда оған ет орнына піскен өкпе-бауыр,ішек-қарын,бүйрек,жүректерді де пайдалана береді.Сонымен қатар оған асқабақ,сәбіз сияқты көкөністерді де қосуға болады.Самсаның қамырын әртүрлі әдіспен дайындауға болады.Оның ішіндегі ең қарапайым түрі ашытқысыз(тәтті емес) қатты қамыр.Оның құрамы тұз,су,ұннан тұрады.Ал,ішіне салынатын фарш яғни салмасы –ет,пияз, тұз,бұрыштан құралады.
3.3.Шығармашылық жұмыс.
Оқушылардың өз бетінше ізденіп,дайындаған жұмыстарын тыңдау.
Өзге ұлттарда самсаның дайындалу әдістері мен технологиясы туралы мәлімет.
ІҮ.Сарамандық жұмыс.
Екі топтан екі оқушыдан шығарып тапсырма беру.Тапсырма:
1.Қамыр әзірлеу. 2.Фарш әзірлеу.
Қажетті құрал-жабдықтар:табақ,тақтай,тегеш,пышақ..
Қажетті азық-түліктер:ұн-60гр,су-20гр,май-3гр,тұз-татымына қарай,қой еті-110гр,бас пияз-30гр, сары май-10гр,су-1ас қасық,бұрыш-татымына қарай,жұмыртқа-1тал.
Ү.Сабақты бекіту.
1.Неліктен самсаға қой еті ғана пайдаланылады?
2.Неліктен самсаның бетіне жұмыртқа жағылады?
3.Неліктен самсаның қамырының құрамында май болса таба майланады?
ҮІ.Бағалау.
ҮІІ.Үйге тапсырма: Өзге ұлттар самсалар арасындағы өзгешеліктер.