Ма?саты: Ілмек бізбен то?уды? шартты белгілерімен ж?мыс жасау жолдарын ?йретіп, эстетикалы? тал?амдарын арттыру. Ілмек бізбен ?шекей б?йымдарды дайындау т?сілімен таныстыру.
Просмотр содержимого документа
«Ілмекті бізбен ?шекей б?йымдар дайындау »
Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы,
Мұхит атындағы орта жалпы білім беретін мектебі
Технология пәні мұғалімі: Жанисова Жазира Султанбековна
Өткізілу мерзімі: 20.02.2015ж
Шеберлік сыныбының тақырыбы:
Ілмекті бізбен әшекей бұйымдар дайындау
Мақсаты: Ілмек бізбен тоқудың шартты белгілерімен жұмыс жасау жолдарын үйретіп, эстетикалық талғамдарын арттыру. Ілмек бізбен әшекей бұйымдарды дайындау тәсілімен таныстыру.
Құрал –жабдықтар: Ілмек біз, моншақтар, сым, қайшы, әшекей бұйымдар
Барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі
А) Қажетті құрал-жабдықтарды дайындау.
Ә) Қауіпсіздік ережелері
ІІ. Ілмек бізбен жұмыс істеу тәсілін түсіндіру.
Тоқу барысына ілмектің болаттан, пластмассадан және ағаштан жасалынған түрлерін және олардың жіптің, сымның жуан-жіңішкелігіне сәйкес түрлі нөмерлері пайдаланылады. Ілмекпен тоқу үшін кез келген жіпті, сымды пайдалануға болады: Әдетте үстіге киетін киімдерді бостау иірген, ал дастарқан, салфетка, сумка сияқты заттарды ширақ иірілген жіппен тоқиды. Ал бүгінгі шеберлік сыныбымызда біз сымды пайдалана отырып, әшекей бұйымдар, соның ішінде алқаны ілмек біз арқылы дайындауды үйренеміз.
ІІІ. Әшекей бұйымның ( алқаның ) дайындалу әдісі:
1. Сымды өзімізге қажетті өлшемде қиып алып, моншақты сымның бойына өткізіп аламыз.
2. Алқаны тізбек әдісімен тоқимыз. Ілмектің ұшына бір шалу жасаймыз да, сымды ілмекке орап, алғашқы шалудың ортасынан өткізіп аламыз, моншақтарды әр екі шалудан кейін қосып отырамыз. Тоқуды осылай жалғастыра береміз.
2. Осылайша үш бөлек тізбек тоқып аламыз. Соңынан үшеуін қосып өріп шығамыз, алқамыз дайын.