Көрнекілігі: Слайд, қауіпсіздік ережесі, сөмке үлгісі.
Қажетті құрал- жабдықтар: Фетр матасы, ыстық желім, таспа бау, моншақ тастар, қайшы, фетр матасын қиюға арналған құрал т.б.
Қатысушылар: 3 «ә» сынып ұлдары, бастауыш сынып қыздары.
3 «ә» сынып ұлдары Жантемір,Ерсұлтан, Шыңғыс, Арнұр, Ердаулет. Ою- өрнек, өнер туралы өлең оқу.
Мұғалім: Ою өрнек дегенде ою өрнек
Қошқар мүйіз оюы болсын ермек
Кел қонақтар сабақты тамашалап
Қатысушы қыздарды қарсы алайық деп ортаға үйірме жұмысына қатысатын бастауыш сынып қыздарын шақырады.
Қатысушы қыздардан музыкалық сәлем.
Сабақтың барысы: Слайд көрсету арқылы бүгінгі сабақта жасайтын жұмыспен танысады.
Мұғалім: Сөмкенің үлгісін жасап көрсетеді.
Жұмыс үш кезеңнен тұрады:
Бірінші: Мата түсін таңдап, одан өздеріне ұнаған сөмке бөліктерін қиып алады.
Екінші: Бөліктерді ыстық желім немесе таспа бау арқылы құрастырады.
Үшінші: Безендіру.
Қыздар жұмыс жасап жатқан кезде, сахынаға өткен сабақта фетр матасынан жасалған жұмыстарды көрсету үшін, бастауыш сынып қыздары сән үлгісін көрсетуге шығады.
Сән улгісі Үкілі кәмшат
Сабақтың соңы: Қыздар: Дайын болған жұмыстарын жасалу жолымен таныстырып, қорғау.
Шемонаиха қаласы «№5 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ
Тақырыбы: «Фетр матасынан сөмке жасау»
Үйірме жетекшісі: Екибасова Р.А
2018- 2019 оқу жылы
Талдау
1.03.2019 күні мектебімізде өткізілген аудандық семинарда бастауыш сынып қыздары арасында ұйымдастырылған үйірме жұмысына жетекші болдым. Тақырыбы: Фетр матасынан сөмке жасау. Үйірмеге барлығы он қыз және сән үлгісіне қосымша сегіз қыз, өлең оқуға бес ұл қатысты. Үйірмеге қатысқан қыздар фетр матасынан әр түрлі үлгідегі сөмкелер жасады.Қыздар жұмыс жасап отрған сәтте қонақтарға өткен сабақтарда жасаған заттардан сән үлгісі ұйымдастырылып көрсетілді. Ұлдар өнер, ою- өрнек туралы өлең оқыды. Сабақ соңында қыздар жасаған жұмыстарын қонақтарға таныстырды.