Просмотр содержимого документа
«Энкаустика ?діс - т?сілдері»
Тақырыбы: Энкаустика әдіс тәсілдері.
Мақсаты:
Білімділік: Энкаустика туралы нақты ақпарат беру,композиция негізін қалыптастыру.
Дамытушылық: Оқушылардың қызығушылығын арттыру, бейнелеу өнері сабағында сурет салудың тағы бір тәсілін үйрету, меңгерту. Оқушылардың ой-өрісін, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушылардың қол шеберліктерін арттыра отырып,таза әдемі сурет салуға тәрбиелеу. Оқушыларды ұқыптылыққа,шыдамдылыққа,әсемдікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі : жаңа білім беру сабағы.
Сабақ әдісі: түсіндіру,көрсету.
Көрнекілігі: дайын бұйым үлгілері,суреттер.
Құрал-жабдықтар: майлы немесе пастель карандаштары,беті жылтыр картон қағаз, үтік, каутерий аппараттары, картон астына қоятын ыдыс, сальфетка.
Жаңа сабақ: Энкаустика (грек тілінен аударғанда –өнер күйдіремін) деген сөзден шыққан.
Энкаустика –живопись өнерінің түрі,бояу түстерін балауыз арқылы бір-біріне байланыстыра отырып,бейнелейді.
Балауыз қосылған бояуымен сурет салу- өте ерте заманнан бастап дамыған.
Энкаустика техникасының ең танымал үлгілері Римдегі ,Египеттегі біздің эраға дейінгі І-ІІІ ғасырларда- фаюмдық портреттерді салған суреттерінен білеміз.
Сурет салу тәсілдері:Үтікті төменгі төменгі температурада ұстаймыз. Үтік табанын жоғары қарай ұстаймыз.
Үтік табанына бояуды жағамыз,ерітеміз.Бояуды қағаз бетіне жағамыз.