?аза? хал?ыны? с?ндік ?олданбалы ?нері жайлы жалпы ма?л?маттар беру, оларды? т?рлерімен таныстыру.О?ушылар?а ?лтты? б?йымдарды? адам ?міріндегі ма?ызын айту, оларды? ?абілеттерін ?ылыми негізде дамыту.О?ушыларды ?лтты? салт-д?ст?рге, Отанс?йгіштікке ?лтты? ?нер ерекшеліктерін сезінуге т?рбиелеу.?аза? хал?ыны? с?ндік ?олданбалы ?нері жайлы жалпы ма?л?маттар алып шы?ады. Т?рлерімен танысады
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«"Д?ст?рлі с?ндік ?ол?нері" атты саба? жоспары»
сынып
9. 21.01.2016
Сабақ тақырыбы
Дәстүрлі сәндік-қолданбалы қолөнер және қазақ халқының өнер кәсібі
Сілтемелер
Технология оқулығы
Жалпы мақсаттар
Қазақ халқының сәндік қолданбалы өнері жайлы жалпы мағлұматтар беру, олардың түрлерімен таныстыру.Оқушыларға ұлттық бұйымдардың адам өміріндегі маңызын айту, олардың қабілеттерін ғылыми негізде дамыту.Оқушыларды ұлттық салт-дәстүрге, Отансүйгіштікке ұлттық өнер ерекшеліктерін сезінуге тәрбиелеу.
Оқыту нәтижелері
Қазақ халқының сәндік қолданбалы өнері жайлы жалпы мағлұматтар алып шығады. Түрлерімен танысады
Әдіс-тәсілдері
«Қайта жаңғырту» ,
Бағалау критерийлері
Сабақ бойынша оқушылар әр орындалған тапсырма бойынша бағалау парағына баға қойып отырады.
Көрнекілігі
Таратпа материалдар
Сабақтың кезеңдері және тапсырмалар
Мұғалім әрекеті
І. Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу, кезекшімен сұхбат
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Сабақтың мақсатымен таныстырамын.
Бағалау критерийлері:
Оқушылардың іс-әрекеті
Қосымша
ІІ. Үй тапсырмасы
«Қайта жаңғырту» Қауіпсіздік ережелерін сұрау.
Кезекшінің есебі,
Бағалау критерийлерімен танысады.
№1 қосымша таратпа материалдар
№2 қосымша
Бағалау парағы
ІІІ. Жаңа сабақ
І қызығушылы
ғын ояту
1-тапсырма
Өнер дегеніміз не? Ою-өрнек дегеніміз не? Пейзаж дегеніміз не? Натюрморт дегеніміз не? Текеме дегеніміз не? Мозайка дегеніміз не? Эскиз дегеніміз не?
ҚР Президентінің жолдауынан : «Біз өз мәдениетіміздің құндылықтарын сақтай отырып, байыпен алға жылжи беретін боламыз.»
Балалар, сабағымызды бастамай тұрып екі топқа бөлінейік. І топ- «Зергер», ІІ топ –«Шебер». Бір-бірімізге сәттілік тілейік.
Қолөнер бұйымдарын жасаушылар неше топқа бөлінеді? - 4 - Қандай? - Зергерлер, ұсталар, ісмерлер, ағаш шеберлері.
Өткен тақырып бойынша еске түсіреді.
Берілген мәтінді оқып, талқылайды.
Мәлімет тарату
ІІ.Мағынаны ажырату
2-тапсырма
Мәліметпен таныс болған соң әр топ оқушылары постер қорғайды
Берілген мәліметтермен таныса отырып, талдау жасайды.
Топта талдайды, мысал келтіреді
Сұраққа жауап беруге дайындалады
постер
ІІІ.Ой толғаныс
3-тапсырма
Практикалық жұмыс.Әр топ өздеріне берілген заттардан қолөнер бұйымдарын әзірлейді.
Барлық оқушы практикалық жұмыс орындайды
ІV. Бекіту
Бір-біріне сұрақ қояды
V. Бағалау
Жұмыстарына қарай бағалау
Тақырып бойынша топтар бір – біріне сұрақтар қояды
Қорытынды
«Галерея»
Сабақ соңында әр топ бір-бірлерінің жұмыстарын аралап қарап шығады
Кейінгі тапсырмалар
Әр оқушы бисерден қолөнер бұйымын жасап келу.
Күнделікке жазу
Сәндік қолданбалы өнер деп тек қана тәжірибелік жағынан емес, эстетикалық мәні жағынан да маңызы көркем жасалған өндірістік немесе қолөнер арқылы өмірге келген көркем туындыны айтады. Қазіргі кездегідей бұрынғы өткен заманда да адамдар өз тұрмысын өздері әсемдеуге ұмтылған. Адам өмірінде сәндік қолданбалы өнер шығармалары үлкен орын алады. Қазақ жерінде ХV ғасырда қолөнер қолөнер ұлттық дәстүр тұрғысынан дамыған. Сәндік – қолданбалы өнерге: алаша, тоқыма бұйымдар, ағаштан жасалған бұйымдар, темірден түйілген бұйымдар, барлық адам қолынан шыққан қолөнер бұйымдарын жатқызамыз. Әр істің өз шебері болады: кестеші тігінші, тері илеуші, бояушы, музыка аспаптарын жасаушы. т. б. Біз осылардың ішінде музыка аспаптарын жасаушыға тоқталатын болса. Бүгінгі сабағымызға музыка аспаптарының ішінен домбыраны алайық. Қазақ халқының кезіндегі қолөнері сан ғасырлық ақыл-ойдың тәжірибесін табиғатты түсіне білудің, сондай-ақ дәулескер шеберлік пен даналық суреткерліктің құдіретті туындылары десек, асыра айтқандығымыз болмас. Қолөнер шеберлерінің жан дүниесінен жүрек талғамымен өріліп шыққан туындылар адам жанын рухани байытып, талғам тынысын, көңіл көкжиегін кеңейтіп, өмірге көзқарасын оңалтады. Ақиқатында, бұл – шебердің нағыз шеберінің қолынан келетін құдірет. Себебі, шебердің ол маңдай тері, ақыл-парасаты, талғам түсінігі, өмірге көзқарасы, дүниетанымы өзіндік жүрек қалауымен қайталанбас қолтаңбасынан көрініс табатын болса. Сән және қолданбалы өнер - сән өнерінің бір саласы, тұрмыска кажетті көркем, жиһаздық заттарды жасайтын шығармашылық түрі. Негізінен, түрлі үй жиһаздарын , зергерлік ою-өрнекпен әшекейленген заттар, тіршілікке қажетті сәндік құрал-жабдықтар, сувенирлер, құмыра, сый кеселер, т.б.) жасайды. Сән және қолданбалы өнерінің материалдары - металл, керамика, ағаш, қыш, шыны, асыл тастар, сүйек, былғары, т.б. Негізгі техникалық әдістері көркем оймыш, шекіме, көркем жазба, кесте, құйма, т.б. Ол сүйек, ағаш, тері өңдеу, бедерлеу, зергерлік, инкрустация, фарфор, фаянс, кілем тоқу, көркем мата жасау секілді салаларға бөлінеді. Сән және қолданбалы өнер келелі өндірістік, технологиялық міндеттерді атқарғанымен, өз дәуіріндегі өнер мен мүліктік мөдениеттің даму дөрежесіне тәуелді болып, дәстүрлі, жергілікті этникалық ұлттық ерекшеліктің негізінде дамиды. Сәндік-қолданбалы өнерге негізделген көркем-шығармашылық сабақтар мектеп оқушыларына белсенділік береді, бейнелі ойлауын, қиялдауын да-мытуға ықпал етеді,. Мәселен, халықтың сәндік-қолданбалы өнер туындыларындағы бейнелер мен ою-өрнектерде берілген оюлар, түйсіктер мен түсініктер, тұжырымдар, халықтың дүниетанымы жеке тұлғаның эстетикалык сапаларын жетілдіре түседі. Бояу түстері мен материалдың, бұйым формасы мен нақыштарының үйлесімділігі, олардың әсемдігі мен жарасымдылығы адамның ой ұшқырына әсер етіп, оның рухани жан дүниесін байытады. Саналуан, киын да күрделі өрнектерді жүзеге асыру шығармашылықты шыңдайды, сәндік-қолданбалы өнер сабақтарында ырғақ, бояу түстері, сызбалардың икемділігі туралы негізгі үғымдарды меңгереді. Олардың әртүрлі материалдар мен құралдарды пайдалану тәсілдері туралы түсініктері қалыптасады. Кешегі қазақтың қолөнері бүгін қайда барады? Енді осы бір толғақты сауалға жауап ізделік. Жасыратыны жоқ, бүгінде қазақ қолөнері келмеске кетіп баратын сыңайлы десек, қателеспейміз. Қолөнердің бүгінгі халіне қарасақ, ата-баба мұрасының қайсыбір керемет түрлері мен үйлесімдері (бөліктері) түрлі тарихи себептермен жалпы ағымға, техникалық прогреске, қалалық сәнге, тағы басқаларға байланысты көпе-көрінеу ескіріп, өткен өмір еншісіне айналып барады. Ал бүгінде, яғни еліміз тәуелсіздігін алғаннан бері Елбасымыздың тікелей ықпалымен ұлттық өнерге деген талпыныс бар. Жыл сайын, болмаса мерекелік іс-шараларға байланысты аймақтық, республикалық деңгейде қолөнер шеберлерінің көрмелері, ұлттық дәстүрдегі іс-шаралар өткізіліп жүр. Демек, келешек ұрпақтардың ұлттық өнерге деген талпыныстары қалыптасып келеді. Десе де, сіздер мен біздер еліміздің ертеңі үшін бүгінгі ұрпақты білімді, өнерлі болуға баулу бағытында не тындырып жатырмыз, осы ойландырады. Осы бір қағидаға сүйене отырып, бүгінгі жастардың кейбір істеріне көңіліміз толыңқырамайды. Жасыратыны жоқ, жастарымыздың ұлтық өнерге деген көзқарасы мен бейімділігінің кемшін тұстары жетерлік. Өздеріңізге мәлім, қоғамға нарық заманы енуіне байланысты жұмыссыздық жастар еншісіне көбірек тиюде. Егер қолөнерден нәр алған жастар болса өмірден өз орындарын ойып тұрып алар еді. Қазағым: «Кәсібің – нәсібің» деп бекер айтпаса керек. – Қолөнер дегеніміз – ол кәсіптің бірі де, бірегейі. Ал, кәсіпкерлік – ол адам баласының тіршілік көзі. Неліктен осы қолөнерге деген халықтың ынта-ықыласы төмен? – «Не себеп?» деген сауалыңа мынадай үш себепті ұсынар едім. Біріншіден, қол үзіп бара жатқан ата кәсіпкерлікке жанашырлық керек. Содан да осы кәсіпкерлікті дамытамыз деп жүрген қолөнер шеберлеріне мейлінше қамқорлық жасалса. Екіншіден, дүкен, базарлардағы полуфабрикаттық тұрмыс заттарын ғана емес, қолөнер шеберлерінің осы заман талабына сай жасаған ұлттық тұрмыстық бұйымдарын неге пайдаланбасқа? Yшіншіден, отбасынан бастап, балабақша, мектептерде ұлттық өнерді насихаттап, оларды жас ұрпақтардың бойына сіңіре білуіміз керек-ақ. Осы үш себеп оң шешімін тапса, жастар ұлттық өнерге бейімделіп, еліміздің әлеуетін көтеруге өзіндік үлестерін қосар еді. Ғылым мен өнер егіз десек, ғылыммен ұштасқан өнер жастарды өнертапқыштық деңгейге жетелер еді. Халык шеберлерінің колынан шыққан бұйымдарын талдап қана коймай. соларға ұқсатып жасау баланың шығармашылык жұмысқа, ұлттық өнерге сүйіспеншілігін арттьірады, әдемі заттар жасауға талпындырады. Ұлттық сәндік-қолданбалы өнері қаншама жылдар бойы жасалып, жетіле түскен аса кәсіби дағдылар мен амал-тәсілдерге негізделген. Олар арқылы карапайым да көркем мәнерлілікке қол жеткізуге болады. Оларды жұлдызша. айшық, ирек сызықтармен бедерленген керамикалык ыдыстардан; ағаштан ойып жасалған бұйымдардан; жіптерді өру, айқастыру, шатыстыру аркылы токыған токыма үлгілерінен; құю, бедерлеу, жапсыру тәсілдерімен, асыл тастарымен, бағалы металдарымен ерекшеленген зергерлік өнер туындыларынан көруге болады. Осы техникалық әдіс-амалдарды үйрену де мектеп оқушыларына тән және бұл олардың шығармашылық қабілеттерінің байқалуына, дамуына кең мүмкіндіктер береді. – «Өнер – ағып жатқан бұлақ, білім – жанып тұрған шырақ» дегендей, өнерлі де білімді жастар – еліміздің ертеңі. Содан да сегіз қырлы, бір сырлы қазақ азаматтарын тәрбиелеу үшін баланың жан дүниесін өнердің алуан түрімен байыту қажет-ақ. Бала бойындағы қабілетті ашып, ізденіске жетелеуде үйірменің үйретері көп. Ел аузынан «Ұстаз пейілді болса, шәкірті зейінді болады», «Ұстаз – екінші анаң», «Ұстазыңды өле-өлгенше мадақта, сол емес пе сені қосқан санатқа» деген ұлағатты сөздер қалған. Содан да балаларды ұлттық қолөнерге баулу – менің парызым мен қарызым. Қорыта келе тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні сол, ағайын, ұлттық дәстүріміз бен өнерімізді жас өрендер бойына сіңіруге, көптің игілігіне айналдыруға жан сала жігер жұмсап, жұмыс істеуіміз қажет-ақ. Сонда ғана шәкірттеріміздің шеберліктері арта түсіп, ұлттық өнеріміздің өркен жаятыны ақиқат.
Сәндік- қолданбалы өнер деп тек қана тәжірибелік жағынан емес, эстетикалық мәні жағынан да маңызы көркем жасалған өндірістік немесе қолөнер арқылы өмірге келген көркем туындыны айтады. Қазіргі кездегідей бұрынғы өткен заманда да адамдар өз тұрмысын өздері әсемдеуге ұмтылған. Адам өмірінде сәндік қолданбалы өнер шығармалары үлкен орын алады. Қазақ жерінде ХV ғасырда қолөнер қолөнер ұлттық дәстүр тұрғысынан дамыған. Сәндік – қолданбалы өнерге: алаша, тоқыма бұйымдар, ағаштан жасалған бұйымдар, темірден түйілген бұйымдар, барлық адам қолынан шыққан қолөнер бұйымдарын жатқызамыз.
1. Төсеніш бұйымдары. Тұскиіз- сәндік үшін төсектің тұсына ұстайтын үй жиһаздарының бірі. Оны жасау үшін нығыз басылған жұқа киіз таңдалып алынады. Тұскиізді безендіріп, әшекейлеу үшін түсті барқыттар, жібек, шұға т.б. маталардан бетіне ою-өрнектер тігіледі. Текемет- бетіне түрлі түсті ою-өрнек басылған киіз. Оның бетіне жүнді бояп, ою-өрнек жасап, киіз басқан әдіспен басады. Сырмақ- киізден сырып оюлап жасалған төсеніш. Екі түсті киізден оймалаған немесе үстіне матадан ою басқан тігістеріне жиек басып, сырып жасайды. Қоржын- өрмек құрып тоқылатын бұйым. 2. Ағаштан жасалған бұйымдар. Сандық киім кешек тағы басқа заттарды салуға арналған ағаштан жасалған бұйым. Кебеже ағаштан жасалған әшекейлі сандық. Оған тамақ, ыдыс-аяқ салып сақтаған. Адалбақан- төрде тұратын киім ілетін өрнектелген бұтақты, не бұтақтарын қолдан жасаған сырық. 3. Зергерлік бұйымдар. Білезік- білекке салынатын сәнді зат. Сырға– әйелдердің құлаққа салынатын сәнді зат, алтын, күмістен, асыл тастардан жасалған.Алқа– алтын, күміс, маржанмен әшекейленген омырауша, өңір, өңірше. Демек қазақ халқының қолөнер бұйымдарының түрлері өте көп. Олардың шығу тарихы алуан түрлі. Міне осындай өнеріміз «Өнер-өмірдің өзіңдей мәңгілік» демекші ұрпақтан- ұрпаққа жалғасып, өмірмен бірге ұштасып келеді. Енді біз «Бақытты сәт» ойыны (оқыта үйрету ойындары)(модульдік технология бойынша)
Қолөнерден білім берудің әрбір түріне тоқтайтын болсақ : Құрақ-құрау өнері Бүгінгі күнде ата-бабамыздың айналысқан қандайда бір кәсібі болмасын өз маңызы мен қасиетін жоймаған. Қайта түрленіп қазіргі заман талабына сай ерекшеленіп отыр.Құрақ құрау барысында оқушылардың ой-өрісін жанжақты дамытуға әсері мол. Құрақ құрауда оқушылар түрлі геометриялық фигураларды басын құрастыруды игеріп , үшбұрыштың қабырғасы мен төртбұрыш таңбасының бір-біріне тең болуын, өлшемі арасындағы байланыстылықты есептеуді үйренеді.Ою өрнек – қолөнер бұйымдары бүгінгі тұрмысымызда сирек қолданылатындықтан, оқушылар оның атын естігеннен көп есте сақтамайды, сондықтан оюдың шығу тарихын, аңыз- әңгімелер арқылы жеткізе отырып,тәжірибиеде жиі қолдануымыз керек . Ою оя білген оқушы шеберлікке, өрнекті матаға үйлесімді, сәйкесті орынды қолдануға үйренеді.Ертедегі қазақ оюларын мазмұны жағынан іріктесек, негізінен 3 түрлі ұғымды бейнелейді. Олар: біріншіден, мал өсіру мен аңшылықты, екіншіден, жер – су, көшіп – қону көріністерін, үшіншіден, күнделікті өмірде кездесетін әр түрлі заттардың сыртқы бейнесін береді. Шеберлер іске беріліп, жұмыс әдісіне төселе келе өздерінің көрген ою – үлгілерін жатқа жасап, оюға өз бетімен жаңа түрлер енгізу дәрежесіне жетті.Ою- өрнек жасауда өзіндік қағидалары бар. Олар: композиция, колорит, симметрия, ритм. Композиция дегеніміз өрнекті бұйымның бетіне реттеп орналастыру. Колорит дегеніміз ою- өрнектің бояутүрлерінің бір-бірімен үйлесіп, жарасым табуы.Осы жерде әр түстің нышаны бар. Мысалы, көк түс – аспанның, қызыл түс – оттың, ақ түс – ақиқаттың, сары түс – ақыл-парасаттың, жасыл түс – жастықтың, көктемнің символы. Симметрия дегеніміз – ою- өрнектің екі жағының тең болуы. Ритм дегеніміз – ою-өрнекте бір элементтің қайталанып келуі деп атайды.
Кесте –қазақ халқының қолөнерінің ерекше түрінің бірі . Ертеде халқымыз киімде, үй тұрмысында қолданатын бұйымдарының бәрін кестемен әшекейлеп безендірген.Бүгінгі күнде кесте өнерін ұлттық киімдерде және ұлттық бұйымдарында ғана қолданылады.Кесте тігу барысында төзімділікті, шыдамдылықты талап етеді және адам бойына, әсіресе, бойжеткендерге сабырлы, ұқыпты, зерделі мінез-құлық қалыптастыруда кесте өнерінің тигізетін пайдасы көп деп айтуға болады.Кесте және көркемдеп тігу ою – өрнекті әшекейлеудің ертеден келе жатқан элементтерінің басты түрі. Кестені бізбен және жай инемен әшекейлеп тігу барлық халықтарға да ортақ өнер. Кесте өнері нағыз халықтық, алуан әдісті, таңдауы көп өнер. Кесте өнерінің қазақ халқына тән байырғы көне түрлері: біз кесте, айқас тігу, айқыш – үйқыш тігу, басып тігу, қайып тігу. Біз кестенің шым кесте және әредік кесте деп аталатын екі түрі бар.
Тоқу өнері –қазақ халқының ежелден қолданып келе жатқан ең алғаш киімі мен үй жабдығының негізі болған.Бұл тамаша өнер қазіргі талап тілектер тұрғысынан жасалып, жылылыққа, сұлулыққа, әсемдікке жетелеуде. Тоқумен айналысқанда адам жеке басына аса қажет нәрсені жасау үшін ғана тоқымайды. Осы тоқу әдісінің өзі оған қуаныш әкеледі.Себебі, түрлі- түсті бояулар әлемінің үйлесімділігі, алуан сән мен фасондар шеберлігін, ой -өрісін жетілдіріп, көркемдікті сезіну қабілетін дамытады. Тоқыма тоқу кезінде адамның көңіл-күйі сабасына түсіп, бір сәт өзімен-өзі болып, шаршағаны басылады. Әрі еңбек, әрі ермек. Оның үстіне мынадай қымбатшылық заманда өз киімін өз тоқып алса, ол да әжептеуір үнем.
Әшекейлерді түсіре білу – үлкен өнер. Бұл екінің бірінің қолынан келе бермейді. Тіпті күнде ине ұстап, киім тігіп отырғандардың өзі әшекейлеуге келгенде шорқақтық танытады.Бұл заңды да, өйткені әшекей салу – өнер. Әшекейлеудің түрлері көп.Зергерлік – өте ерте заманнан келе жатқан өнер. Алтын – күміс әшекейлі бұйымдарды жасаумен әуестенушілерді зергер деп атау бүкіл Орта Азия халықтарында ерте кезден – ақ қалыптасқан. Қазақ шеберлер зергерлік өнерін біліп бірақ алтын – күмісті өздері қорытып, өндіре алмаған. Сондықтан оларды көрші орыс мемлекеттерінен сатып, айырбасқа алып отырған. Кесек күміс пен алтын оңайлықпен табылмағандықтан ол кездегі қазақ зергерлері көбінесе алтын, күміс ақшаларды қайта балқытып немесе ол күйінде пайдаланған. Олар – бұрау, көз салу, жону, бастыру, бедерлеу, өру, теру, кестелеу, сызу, құю, бояу, зерделеу, жапсырмалау, бисірлеу сияқты өрнек үлгілерінің үй тұрмысында, өнеркәсіпте ,құрылыста, мәдениет саласында, сәулет өнерінде жалпы әлем өнерінің дамуында қолданылмайтын, іске аспайтын жері жоқ.
Соның ішінде көп кездесетін түрі – кестелеу, жапсырмалау, бисерлеу өнері. Бисер тоқу өнері ертеде кеңінен тарап, танылып келе жатқан халық шығармашылығының және әшекей бұйымдар дайындаудың бір түрі. Бисермен жай суреттерден бастап өте күрделі түрлі-түсті жұмыстар жасауға боладыМысалы,тұмарша, ұлттық сөмкелерді, әмиян, ұлттық қоржын, алқа, шашбау,қазіргі кезде ұялы телефондарға арналған қапшықтарды әшекейлеп тігеміз. Бисер тоқу өнері нәзіктікті, әдемілікті, шыдамдылықты және фантазия мен шеберлікті талап етеді. Әр адам бисер тоқумен айналысуына болады. Сызбамен жұмыс істегенде есте сақтау қабілеті жоғары болып, түстерді үйлесімді орната білуге үйретеді.Бисермен жұмыс істегенде жұмыс істейтін орын жарықпен жақсы қамтамасыз етілу керек. Көзге демалыс беру үшін 5-10 минут үзіліс жасау тиімді. Бисерді таңдау – үлкен жұмыс. Олардың өлшемдері, түстері әр алуан. Сондықтан тігілетін бұйымға байланысты маржан моншақтың қандай түрін, қанша мөлшерде алуды, қандай түсін таңдауды, тігілетін мата түрін, ине, жіпті тандай білу қажет.Қазақтың ұлттық қолөнерінде ағаштан көптеген заттар жасалады. Балташылар, ағаш ұсталары, ершілер қайыңды, үйеңкіні, үйшілер, ағаш ойып, шыбық өріп тоқушылар талды пайдаланады. Балташылар үй борайды, еден төсеп, арба, шана, жақтау, қақпа, тіреу сияқты ірі заттарды істейді. Ағаш ұстасы стол, шкаф, сөре, орындық, кебеже, асадал, рамалар жасайды. Ағаш оюшылар оны жонып күйдіреді де бояулап өрнектейді. Шыбық өрушілер, тоқушылар қамыстан, шиден қорап, шыпта, орындық, шарбақ сияқты заттарды өреді
Адамзат коғамының рухани және мәдени корының кымбат казыналарының бірі – халыктың колөнері мен әдет-ғұрпы, кай халықтың болсын бітім тұлғасы, психологиялық, этникалық жан сезім белгілері оның колөнер мен әдет-ғұрып, салт-санасынан көрінеді. Өткен ел тарихын, тұрмыс-тіршілігін ой елегінен өткізер болсақ, халық өміріндегі әдет-ғұрып, салт-санасының дамуы тарихи оқиғалардан кейін заманның өзгеруіне байланысты болғаны айқын.Мұны ұрпақ тәрбиелеу ісіндегі халықтық тәжірибе белгілсрінен көруге болады.Бұл жағдай сабақтарда халық өнерін қазіргі мәдениеттің ажырамас бөлігі тұрғысынан, кәсіби өнермен өзара әрекеттестігі, ерекше типтегі шығармашылық тұрғысынан карастырғанда ғана мүмкін болады.Сәндік-қолданбалы өнерге негізделген көркем-шығармашылық сабақтар мектеп оқушыларына белсенділік береді, бейнелі ойлауын, қиялдауын дамытуға ықпал етеді. Мәселен, халықтың сәндік-қолданбалы өнер туындыларындағы бейнелер мен ою-өрнектерде берілген оюлар, түйсіктер мен түсініктер, тұжырымдар, халықтың дүниетанымы жеке тұлғаның эстетикалык сапаларын жетілдіре түседі. Бояу түстері мен материалдың, бұйым формасы мен нақыштарының үйлесімділігі, олардың әсемдігі мен жарасымдылығы адамның ой ұшқырына әсер етіп, оның рухани жан дүниесін байытады.
Өнер – адамға жақсы әсер ететін және оны тәрбиелейтін нәзік дүние. Қолөнер бұйымдарын жасау барысында қазіргі жастарға берер тәлім-тәрбиесі , пайдасы өте мол, сонымен қатар эстетикалық тәрбие бере отырып, өз қолдарымен қажетті бұйымдар жасай білуге, шеберлікке,қолөнер шығармашылықтарын дамытады.Оқушыларды ұлттық колөнер арқылы кәсіби шеберліктерін қалыптастырудың маңызды тұжырымдамалық бағыты болып білім, ғылым, өнер, өндіріс және өнеркәсіптің байланысы саналады. Бұл бағыттың жүзеге асуын ғалымдар қазіргі кезде технологиялық білім беру тұжырымдамасында: мамандарды қоғамдық өндірістегі қайта құрылған іске даярлау, олардың танымында ұлттық қолөнердің әлемдік көріністерін қалыптастыру, ой-өрісі мен кәсіби- шығармашылық кабілеттерін жетілдіру, білім және еңбек қабілеттерінің бірнеше түріне катысу үрдісінде мамандарды даярлауға жағдайлар жасау мақсаттары қойылып отыр.
Ғасырдан-ғасырға, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан ата дәстүрі халықтық өнер желісін үзбей, халқымыздың асыл мұрасы ретінде бағалап, оларды көздерінің қарашағындай сақтап, ілгері дамытып өркендету – өнегелі іс.Мектеп оқушыларының кәсіби шеберлігін қалыптастыруда сәндік-колданбалы өнерді менгеру үрдісінде кәсіби шеберлігін калыптастыру оның адам өміріндегі рөлін жетік түсіндіруден, оның маңыздылығы мен мәнін және спецификалық зандылықтарын толық ашып көрсетуден де талап етіледі.Адам өміріндегі қоғамдық салт-дәстүр, әдет-ғұрып қашан да адам қиялынан туындап, заман ағымына карай байып, мазмұны тереңдеп келе жаткан тәрбиелік мәні өте зор тағылым.
Қолөнер бұйымдарын жасау барысында қазіргі жастарға берер тәлім – тәрбиесі, пайдасы өте мол, сонымен қатар эстетикалық тәрбие бере отырып, өз қолдарымен қажетті бұйымдар жасай білуге, шеберлікке қолөнер шығармашылықтарын дамытады.