kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Диван?а арнал?ан (кестемен, жапсырмамен, ою-?рнекпен, ??ра?пен) ша?ын жасты?шалар. Шы?ындар.?зіндік ??н. ?зіндік ??нды есептеу

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сынып: 8

Саба? та?ырыбы: Диван?а арнал?ан (кестемен, жапсырмамен, ою-?рнекпен, ??ра?пен) ша?ын жасты?шалар. Шы?ындар.?зіндік ??н. ?зіндік ??нды есептеу
Саба?ты? ма?саты: О?ушылар?а ?р т?рлі диван?а арнал?ан ша?ын жасты?шалар  жасап ?йрету,тігу шеберлігін арттырып, білімін ж?йелеу.

а) Білімділік: о?ушыларды? диван жасты?шаларын тігу туралы  білімін арттыру, т?стік шешімін тауып, к?нделікті т?рмыс?а ?ажетті с?раныс ту?ызатын, ?азіргі заман талабына сай ?ол?нер б?йымын жасап шы?ару.
?) Дамытушылы?: ?з бетінше ж?мыс істеудегі шы?армашылы? ?абілетін ?алыптастыру, ?семдік пен с?лулы?ты ба?алай білуге ?йрету.
б) Т?рбиелік: ?ол?нерге деген ?ызы?ушылы?ын арттыру, ептілікке, е?бекс?йгіштікке, шыдамдылы??а т?рбиелеу
Саба?ты? типі: Жа?а саба?ты ме?герту
Саба?ты? т?рі: сараманды?, топты?.
Саба?ты? ?дісі: с?ра? - жауап, т?сіндіру, жасап к?рсету, ?з бетімен ж?мыс ж?ргізу.

П?наралы? байланыс: математика, сызу, бейнелеу, ?дебиет.
Саба?ты? к?рнекілігі: дайын б?йымдар, ою-?рнек т?рлері, карточка, 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Диван?а арнал?ан (кестемен, жапсырмамен, ою-?рнекпен, ??ра?пен) ша?ын жасты?шалар. Шы?ындар.?зіндік ??н. ?зіндік ??нды есептеу »


Сынып: 8

Сабақ тақырыбы: Диванға арналған (кестемен, жапсырмамен, ою-өрнекпен, құрақпен) шағын жастықшалар. Шығындар.Өзіндік құн. Өзіндік құнды есептеу
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға әр түрлі диванға арналған шағын жастықшалар жасап үйрету ,тігу шеберлігін арттырып, білімін жүйелеу.

а) Білімділік: оқушылардың диван жастықшаларын тігу туралы білімін арттыру, түстік шешімін тауып, күнделікті тұрмысқа қажетті сұраныс туғызатын, қазіргі заман талабына сай қолөнер бұйымын жасап шығару.
ә) Дамытушылық: өз бетінше жұмыс істеудегі шығармашылық қабілетін қалыптастыру, әсемдік пен сұлулықты бағалай білуге үйрету.
б) Тәрбиелік: қолөнерге деген қызығушылығын арттыру, ептілікке, еңбексүйгіштікке, шыдамдылыққа тәрбиелеу
Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың түрі: сарамандық, топтық.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, жасап көрсету, өз бетімен жұмыс жүргізу.

Пәнаралық байланыс: математика, сызу, бейнелеу, әдебиет.
Сабақтың көрнекілігі: дайын бұйымдар, ою-өрнек түрлері, карточка, суреттер, слайд.
Қажетті құрал - жабдықтар: ине, жіп, қайшы,мата (велюр).

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Оқушылармен амандасу, түгендеу

2. Оқушылармен танысу және сабаққа зейінін аудару мақсатында психологиялық дайындық минуты өткізіледі. «Жүректен жүрекке» бір- біріне атын атап, жылы лебіздерін білдіреді.(Мұғалім бастайды: оқушылар, біздің әрбір сабағымыз сіздердің жан дүниелеріңізге кішкене болса да жылулық ұялатып, ізгілікке қарай бастауына тілектеспін)

Үй тапсырмасын тексеру. «Сұрақ» стратегиясы

1. Құрақ дегеніміз не?
2. Құрақ құраудағы қойылатын талаптар?
3. Құрақтың тиімділігі?

Сұрақтарының жауаптары:
1. Құрақ-мата қалдықтарынан жасалатын үй бұйымдарының бірі

2. Құрақ құрау кезінде қойылатын талап-ол мата бөлшектерінің симметриялы болуы,матаның түс үйлесімділігі және матаның арқау және негізгі жіптерін ескеруіміз керек. Құраққа пайдаланатынматаның түсі 3-5 түрлі болуы керек және мата жұқа қалыңдығына қарай іріктелініп алынады

3. Мата қиындыларын кәдеге жарату

ІІ. Қызығушылығын ояту. Ой қозғау. Адасқан әріптерден сөз құрау.

ТЕКСЕ, ЮАОРЛ, РАҚҰҚ ,РКӨЕН, СЫЖАТҚ

КЕСТЕ, ОЮЛАР, ҚҰРАҚ,ӨРНЕК , ЖАСТЫҚ (жеке-жеке айтылады) дегенде көз алдарына не келеді? (Оқушылардың жауаптары тыңдалады)


ІІІ. Мағынаны тану кезеңі.

Оқушылар біз бүгін диван жастықшаларын жасауды үйренеміз.Жастықшалар кестелеу, жапсырмалау, аппликация, лентадан өрнектеу, іліп тігу арқылы сәндеп жасауға болады.

Осындай жастықшалар туралы не білесіңдер соны бірінші бағанға толтырыңдар:

ББҮ стратегиясы

Білемін

Білгім келеді

Үйрендім







Енді сіздер диван жастықшалары туралы не білгілеріңіз келеді, соны екінші бағанға жазыңыздар ( оқушылар жазғандарын оқиды)

Слайдтан диван жастықшаларының түрлерін көрсету,олардың қалай жасалғандығы туралы түсіндіру.

Бүгін, біз «Диван жастықшасын » дайындап үйренеміз. Жұмысымызды бастамас бұрын екі топқа бөлінеміз.

(жастықшаның екі түрінің суреті арқылы бөлу)

1-топ: 2-топ:


Бағалау парағы беріледі.

Сарамандық жұмыс.
1. Алғашқы нұсқау. Сіздерге жұмыс жасау үшін не қажет?

1-топ. 2-топ

- мата (3 түс) - мата (қызыл, сары, жасыл)

- жіп - жіп

-мақта -мақта

Диван жастықшасын жасау үшін біз қандай құралдарды қолданамыз? (оқушылардың жауаптары тыңдалады, күтілетін жауап: ине, қайшы, түйреуіш, үтік) Ендеше инемен, қайшымен, үтікпен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережелерді қайталайық:

Қайшымен жұмыс кезінде сақталатын қауіпсіздік ережелері

  1. Қайшыны арнаулы қобдишада сақтау керек.

  2. Қайшыны жолдасына үшкір ұшымен берме.

  3. Қайшыны ашық қалдыруға болмайды.

  4. Жолдасың қайшымен жұмыс істеп жатқан кезде, бөгет жасауға, көңілін бөлуге болмайды.

Қол ине, түйреуішпен жұмыс кезінде:

  1. Инені арнаулы қобдишада сақтау керек.

  2. Инені киімге қыстыруға болмайды.

  3. Тігіс кезінде ине жібін тіспен үзуге болмайды.

  4. Инемен жұмыс кезінде оймақ киген дұрыс.

  5. Инені тістеп отыруға болмайды.

Жұмыс шығынын есептеу:

1-топ:

Алынатын зат

Өлшемі

Бағасы

Мата

3×20см

300тг

Жіп

1

50тг

Мақта

1 кг

150тг


ЖАЛПЫ БАҒАСЫ:

500тг+ ЕҢБЕК

2-топ:

Алынатын зат

Өлшемі

Бағасы

Мата

Қызыл-1 м

Жасыл-10 см

Сары- 10 см

400тг

40тг

40тг

Жіп

1

50тг

Мақта

1 кг

150тг


ЖАЛПЫ БАҒАСЫ:

680тг+ ЕҢБЕК

Жұмыс киімін кию.

ІІ.Ағымдағы нұсқау. Әр топ парталарындағы диван жастықшаларының жасалу сызбасына қарап жастықша тігу. (слайд арқылы көрсетіледі)

  1. Үлгі бойынша пішу

  2. Тігістікке шетінен 1 см-дей мата қалдыру

  3. Бөлшектерді тексеріп, қию

  4. Әр бөлшекті сәйкестіріп, құрастырып тігу (көктеу тігісі)( жұмыс жасау барысында ақырын музыка ойнап тұрады)

ІІІ.Қорытынды нұсқау. Жұмыстарын талқылау, ақауларын түзету.


ІҮ. Ой толғаныс кезеңі.Үшінші бағанды толтыру, оқу

Білемін

Білгім келеді

Үйрендім








Үйге тапсырма: Жұмысты аяқтау. Екі топ жасаған диван жастықшаларын бағалау (шығын+еңбек құны) және жарнама дайындап келу.

Бағалау. Жасаған жұмыстарының нәтижесіне қарай, сабаққа қатысу белсенділігіне қарай бағалау ( әр топтың басшысы оқушылардың бағалары айтылады, журналға қойылады)

Бағалау парағы.

Жұмыс орнын жинақтау.

Мұғалім:

“Кел, жас дарын, істі баста!

Жаз , оқы , сөйле , тыңда!

Айт , зертте , тексер , сұра!

Шаршама да , демалма!

Егер бәрін үйренсең,

Көп ұтасың сен ертең!” деп сабағымызды аяқтаймын және шығармашылықпен жұмыс жасауға тілек білдіремін!





Білемін

Білгім келеді

Үйрендім









Алынатын зат

Өлшемі

Бағасы











ЖАЛПЫ БАҒАСЫ:




Оқушылардың

аты-жөні

Үй жұмысы

Жұмыс шығынын , өзіндік құнды есептеу

Сарамандық жұмыс

Жалпы баға





















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Технология (девочки)

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс

Автор: Тулаева Аймекен Байбакитовна

Дата: 04.05.2015

Номер свидетельства: 208073


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства