Көрнекілігі: суреттер, технологиялық карта, слайдтар, папка, кітаптар.
Құрал – жабдықтар: интерактивті тақта, оқулық, жұмыс дәптері.
Пән аралық байланыс: тарих, математика, биология, ИВТ, экономика, өмірмен байланыс.
Сабақтың жоспары:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
3. Жаңа сабақ түсіндіру.
4. Шығармашылық жоба туралы түсінік.
5. Брок формуласымен қалыпты салмақты есептеу.
6. Тәуліктік азық – түлік жиынтығын жасау.
7. Сабақты бекіту.
8. Бағалау.
9. Үй жұмысы.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
1. Оқушыларды түгендеу.
2. Сабаққа даярлығын тексеру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Бисквитті қамыр дайындау. (3 слайд, сурет)
Бисквитті қамырдың технологиялық картасын сызу. (4 слайд)
Қамырды қалыпқа салу, тоқаш пісіру. (5 слайд)
Крем дайындау. (6 слайд, сурет)
ІІІ. Өтілген сабақ. (7слайд)
Бефстроган, торт, тоқаш, етті қырыққабат орамасы, пирожное, бүйрекше нан.
ІҮ. Шығармашылық жоба туралы түсінік.
Шығармашылық жоба - бұл оқушының мұғалімнің басқаруымен орындалған шығармашылық жұмыстың қорытындысы. Жобаның орындалу сапасы оның дұрыс орындалу реттілігіне, білімнің тереңдігіне, технология пәнін жете меңгеруге байланысты. Жоба әр түрлі бөлімнен тұруы мүмкін, мысалы, технологиялық процестің талдамасынан, бұйымның суреті мен сызбасынан т.б. Ал талдама есептеуден, ізденіс қорытындысынан, экономикалық шығыннан да тұруы мүмкін.
Жобаның әр түрлі нұсқалары болады.Барлық жоба күрделі және бір оқушының орындауы мідетті емес, жобаны бірнеше оқушы орындауға да болады.
Сондықтан жобалаудың тақырыбын таңдауда әрбір оқушының өзіндік ерекшеліктеріне, олардың бейімділігі мен психофизиологиялық қабілетіне, икемділігі мен қызығушылығына мән беру керек.
Жоба алгоритмі
Жобаны орындаудағы негізгі әрекет алгоритм әдістемесі болып табылады. Алгоритм термині операциялар жүйесі деген мағынаны білдіреді. Жобаны орындау алгоритмі үш этаптан тұрады.
- конструктивті іздену;
- технологиялық;
- бекіту.
Жоба үлгілерін оқушыларға көрсету.
Екінші тоқсанның соңында сіздер жасаған жобаларыңызды көрсетесіңдер.
Ү. Жаңа сабақ.
- Дұрыс тамақтану ұшін не істеуіміз керек?
- Артық тамақ жеу бізге пайдалы ма?
- Тамақтану ережеміз бар ма?
Дастарқан мәзіріне (8 слайд)
- Тағамдардың аталуы;
- Негізгі азық – түлік салмағы;
- Тағам құнының тізімі.
1- ұстаным (9слайд)
Тамақтану орынды болу керек. Тағам арқылы берілетін қуаттың саны жұмсалатын қуаттың санымен шамамен сәйкес болуы тиіс. Тағамдағы артық қуат майдың пайда болуына себепкер болады, ол өз кезегінде организмде көптеген қиыншылықтар тудыруы мүмкін.
2 – ұстаным (10слайд)Тамақтың құрамы әр түрлі болуы керек. Адамның күндізгі рационында белоктың, майдың және көмірсудың, минералды заттар мен дәрумендердің мөлшері мен өзара қатынасы қатаң сақталғаны дұрыс.
3 – ұстаным (11 слайд)
Адам күніне 3-4 рет тамақтану керек, оған ертеңгілік, түскі және кешкі тамақтар кіреді. Әрбір тамақтану кезінде азықтың құрамындағы негізгі заттар – белоктардың, майдың және көмірсулардың үйлесімді қатынасы сақталу тиіс.
Дастарқан мәзірін жасау
Тағамдағы азықтық Дүкенде қажетті
заттардың заттардың болуы
жалпы көлемі
Азық-түліктердің Климаттық жағдайы
бағалары
Маусымдылығы
Жұмыстың сипаты
Брок формуласы
ҚС = Б – 100 (бойы 165 см дейіңгілер)
ҚС = Б – 105 (бойы 166 – 175 см дейігілер)
ҚС = Б – 110 (бойы 175 см –ден биіктерге)
ҚС - қалыпты салмақ Б – бойы
Егер нақты салмақ пен қалыпты салмақ жақын болса, онда сенің май мен, көмірсуға қатысты тамақтану тәртібің үйлесімді.
Егер нақты салмақ қалыпты салмақтан жоғары болса, онда бұл майдың көмірсудың артық екендігін және қимыл белсенділігің төмен екендігін білдіреді.
Егер нақты салмақ қалыпты салмақтан төмен болса, онда сенің май, көмірсу және белокқа қатысты тамақтану тәртібің жеткіліксіз.
Тәуліктік азық – түлік жиынтығы.
Нан – 30 гр. Жарма – 25 гр. Картоп – 265 гр. Көкөніс – 450 гр.
Жеміс - жидек – 220 гр. Өсімдік майы – 36 гр.
Ет одан жас өнім – 192 гр. Қант – 10 50 гр. Жұмыртқа үш күнге - 2 данадан,
Бұршақ – 5 гр. Макарон – 25 гр.
Ертеңгі ас .
Көкөкніс гарнирімен бір кесек ет.
Балық – 50 – 100 гр.
Қаймақ қосылған ірімшік
Құырылған – екі жұмыртқа.
Түскі ас.
Нан – 150 гр. Басытқыға күнбағыс майына араласқан салат.
Бірінші тағам – сорпа, борщ.
Екінші тағам – көкөністі картоп гарнирі ет.
Үшінші тағам - 1 стақан шырын, бір алма.
Кешкі ас.
Салат, ірімшік саылп пісірілген нан – 50 гр.
Шай немесе бір стақан сүт.
ҮІ. Сабақты бекіту.
Графикалық диктант.
- Дастарқан мәзіріне дәрумендер кіреді.
- Тамақтың құрамы бір түрлі болу керек.
- Тамақтанудың үш ұстанымы бар.
- Тағам арқылы берілетін қуат саны жұмсалатын қуат санына сәйкес болуы керек.
- Ересек адамның рационында белок 90 % болу керек.
- Дастарқан мәзірін жасауда маусымды климаттық жағдайды алған жөн.
- Брок формуласы ҚС = Б – 100 (бойы – 165 см. дейіңгілер)
- Ертеңгі ас : борщ, 100 гр. - нан, 2 жұмыртқа, 1 стақан сүт.
- Түскі ас: қаймақ, 200 гр. Нан, 2 жұмыртқа.
- Кешкі ас: салат, ірімшік салып пісірген нан, шай немесе сүт, 50 гр. нан.
ҮІ. Бағалау.
ҮІІ. Үй жұмысы: Шығармашылық жобаға тақырып таңдап келу.