Просмотр содержимого документа
«Был?арыны? жиыру т?сілін ?олданып, раушан г?л жасау »
Сабақтың тақырыбы:
Былғарының жиыру тәсілін қолданып, раушан гүл жасау
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Былғарының жаңа өндеу технологиясымен таныстыру
Дамытушылық: Оқушылардың білім дағдысын қалыптастыру, алған білімдерін сарамандық жұмыстарда қолдана білу,
Тәрбиелік:Оқушыларды үнемділік пен ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақ көрнекіліктері:
плакаттар (алма ағашы бейнеленген ),
сөзжұмбақ құрылған плакаты,
қайталауға арналған үлестірмелі карточка тапсырмалары
әуен жазылған үнтаспа мен компьютер
былғарыны өндеу жайлы көрсетілетін деректер (слайд)
тірек сызбалар,
«былғары жасалған әшекей бұйымдар» буклет
Сабаққа керекті құрал-жабдықтар:
былғары, қайшы желім , ақ қағаздар (үлгілер даярлау үшін және сабақ соңында шағын шығарма жазу үшін) қарандаш, қалам, свечка немесе май шам (былғарыны жиыру тәсілін көрсету )
Сабақтың түрі : сарамандық , жарыс
Пәнаралық байланыс: тарих, сурет, математика
Барысы
Ұйымдастыру кезеңі:
амандасу;
оқушыларды түгендеу;
оқушылардың сабаққа қатысуын бақылау;
жұмыс киімін және сабаққа дайындығын тексеру;
оқушыларды 2 топқа бөлу
«Сұңқар» тобы және «Самрұқ» тобы
Өткен сабақты қайталау
Балалар, бүгінгі сабақта мен сіздерді 2 топқа бөліп отырғыздым Себебі бүгінгі сабағымыз жарыс ретінде өткелі тұр. Өткен сабақты еске түсіру мақсатында әрбір топқа қойылған сұрақтарының дұрыс жауптарына ұпай беріледі . алдарыңызда ілулі тұрған мына сөзжұмбақты шешкейік. Кәнекей, қай топ тез, әрі жылдам дұрыс жауаптарын береді екен сынап көрелік. Оқушылар бір – бірімен жарысып, алдарында тұрған шартты белгілерін көререді.
Сөзжұмбақтың сұрақтары:
Былғары өру тәсілін қолдану арқылы шығатын бұйым.(белдік)
Былғары өндеуге қажетті құрал-жабдық (пышақ)
Былғарыға өрнек түсіру арқылы шығатын бұйым.(салфетка)
Былғарының үш түрі бар, соның бірі (жұмсақ)
Былғарының шетін немен өндейді? (таспа)
Аң терісі (қасқыр)
Кесуге арналатын құрал (қайшшы)
Карточкалық тапсырмалар бойынша өткен сабақта игерген білімдерін тексеру.
-Балалар біз өткен сабақта тері туралы,теріні илеу, өнлеу әдісі және технологиясымен толық таныстық.Сондықтан сабағымызды бастамас бұрын өткен сабақты қайталап,білімімізді шыңдайық.
Карточка сұрақтары:
1.Тері мен былғарының айырмашылығы неде?
2.Мал терісі қандай бөліктерге бөлінеді?
3.Теріні қалай илейді?
4.Теріні қалай бояйды?
5.Тері бояудың екі мақсаты қандай?
6. Былғарыны өндеп жасалатын қандай бұйымдарды білесіңдер?
өпейке көк сауыр хром
Былғары
сақтиян шегіре
қайыс ұлтан көн
Ал енді балалар карточкамен жұмыс жасап, сөзжұмбақты да шештік,енді бүгінгі жаңа сабағымызды бастаймыз.
Операциялық атқарушы бөлім(жаңа сабақты түсіндіру)
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Былғары бұйымдарды көркемдеудің қарапайым түрі» бүгін біз былғарының дүние жүзіндегі шығу тарихы мен былғарыны жиыру тәсілін қолдана отырып,былғарыдан раушан гүлін жасаудың әдіс-тәсілдермен танысамыз.
Слайд көрсету.
Ұстаз:Ең бірінші балалар мына бір слайдқа назар аударайық. Бұл слайдта былғары бұйымдардың жасалу түрлері мен оның басқа елдердегі өндеу тәсілдері көрсетіледі.
Ал енді үлкен мал терілерін өндеу тәсілдерін көріп тамашаладық, шамалы болса да қызықты , біз білмеген мәлеметтермен таныстық. Ал енді балалар кәнекей барлығымыз маған назар аударып, бүгінгі сарамандық жұмысымызды бастаймыз
Қауіпсіздік ережелерін еске түсіру.
(Плакаттағы алма ағашын жемістермен толтыру )
Ұстаз:Бірақ сарамандық жұмысымызды бастамас бұрын, қауіпсіздік ережелерді есімізге бір түсірейік. Мына бұрышта ілулі тұрған плакатқа назар аударайық. Бұл плакатта алма ағашы бейнеленіп тұр, бірақ бұл алма ағашының жемістері жоқ екен. Осы алма ағашының жемістерін қазір біз бірігіп толтырсақ қайтеді. Ол үшін бәріміз бір-бір қауіпсіздік ережесін еске түсіріп мен таратып шыққан стикерлерге жазып, алма ағашын осылайша жемістермен жабыстырып, толтырамыз.
Қауіпсіздік ережелері:
Қайшы, балға, тескіш құралдармен жұмыс жасағанда өте абай болу керек.
Өткір құралдарды пайдаланғанда ұшын өзіңе қарата, қасыңдағы оқушыға береде сақ болу керек.
Желіммен жұмыс жасағанда арнайы желім жағатын таяқты қолдану керек.
Жан-жақты таза ұстау.
Пышақпен жұмыс жасағанда қолымызды кесіп алмай абайлап жұмыс жасау абзал.
Үстел үстінде керекті құралдардан басқа артық нәрселер болмауы керек.
Шамшырақ немесе май шаммен жұмыс жасаған былғарыны қыздырғанда арнайы пинцетпен ұстау керек. Өйткені қолымыз отқа күйіп қалуы мүмкін.
Қолымызға ине кіргізіп алған жағдайда, қанымызға микроб жұқтыруымыз мүмкін.
Инені тігін сабағында қолданғанда инені ауызға салуға болмайды, себебі дем алғанда байқамай жұтып қоюымыз мүмкін.
Тот басқан инені қол тігіске қолдануға болмайды.
Инені арнайы қорапшада немесе арнайы жастықшаға қадап қою керек.
Сынған инені қазаға қадап, орап қоқыс қорабына тастау керек.
Ұстаз: Бәріміз қауіпсіздік ержелерін еске түсірдік , осы ережелерді сарамандық жұмыс барысында ұмытпай жадымызда сақтау абзал.
Ал балалар ,бүгінгі сабағымызда біз раушан гүлін жасап үйренеміз. Тері әр түрлі өрнек, бұйымдар жасау үшін созымды, икемге көнетін, жағымды материал, әрі былғарымен жұмыс жасау өте қызықты жұмыс. Былғарыны жиыру тәсілін қолданып біз гүлдің жапырағын, гүлдің күлшелерін жасай аламыз.
Сарамандық жұмыс
Әдістемелік нұсқау
Жұмыстың реті:
Бұл раушан гүлді жасамас бұрын бізге ең алдымен үлгілер даярлап алу қажет.
Дайын болған үлгі бойынша былғарыға салып қиямыз.
Былғарыны шамшыраққа ұстап, қыздырып, жиыру тәсілін қолдана отырып, былғарыны жиырып раушан гүлдің жеке-жеке күлшелерін жасап шығарамыз.
Дайын күлшелерді Момент немесе ПВА желімін қолдана отырып, рет-ретімен орналастыра, жабыстырамыз.
Жұмысты аяқтау.
Жұмыс орнын жинастыру.
Әр топтың өз қолдарымен жасаған раушан гүлі әдемі, әрі жақсы болып шықты.
Сабақ соңында әр топтың біріге жасаған жұмыстарын бағалап, баға береміз.
Жұмысқа «Жиыру» тәсілімен көркемдеп өнделген жұмсақ былғарылар жарайды.Қысқыш пен біздің көмегімен былғарыны оңай жиыруға болады.Былғарыны жиырып алып, «Момент»ПВА желімі арқылы негіге орноластыруға болады.Жиыру тәсілімен қаттамаларды,жапырақ,гүлдің жапырағын т.с.с бейнелеуге болады.
1.Райхан гүл шоғының панносын жасау үшін қатырма қағаздан негіз кесіп алынады.
2.Негіздің өлшемі бойынша зығыр мата кесіндісі дайындалады.Қатырма қағаз негіздің теріс жағының жиегіне желім тамызып,матаны керіп желімдейді.
3.Матамен қапталған қатырма қағазды алдын-ала дайындалған жақтаудың артқы жағынан орналастырып шегемен бекітеді немесе арнайы сатылатын жақтауды алып көркемдеуге де болады.
4.Жақтауды қатырма қағаздыңбетіне қойып қаламмен сызып алынады. Панноның ілмегін жоғарғы шетінен 3см ара қашықтықта жіп өткізу үшін бізбен екі тесік жасалады.
5. 6-7см таспа бауды тесіктен өткізіп,екі арасынан түйіледі.Сөйтіп қатырма қағаз жақтауға желімделеді.
6. «Жиыру» тәсілімен бірнеше гүл шоқтары жасалады,түрлі-түсті былғарылар болса тіптен жақсы
7.Арнайы жапырақтардың қағаз үлгілерімен былғарыдан жапырақтар кесіліп алынады.
Дайын негіздің бетіне орналастыру тәртібі алдын-ала жасалған үлгілеріне қарап жапырақтардан бастайды «Момент»,ПВА желімімен желімдеп топтастыра жинақтап композициялық шешімін таба гүлдерді де орналастырып жұмысты толық аяқтап, олқылықтарын түзетіп өндейді.
Дайын болған гүлді тырнақтың әр-түрлі бояуымен бояп,үстіне жылтырақ әрлегіш себеміз.
Сергіту сәті
Енді бүгінгі біздің сарамандық жұмысымыз да аяқталып та қалды. Жұмыс жасай отыра біз шаршап та қалған шығармыз Кәнекей балалар ойымызды қозғап, мына тапсырманы ойнайық та, ойлайық .Бұл тапсырманың аты-«Сөзқұрастыру»
Ойын шарты : Кестеге рнектердің (берілген теңдеулердің ) жауабын өсу ретімен орналастыр.Олардың астына тұсындағы әріптерді жаз. Сонда өнерге қатысты бір мақал-мәтел шығу керек.
Қорытынды.
(оқушылар шағын шығарма – эссе жазып, сабақтан алған білімдерін қорытындылайды)
Бүгінгі сабағымызды қорыту үшін сендер маған бір ақ парақ алып сабақ бойы түсінген ,білгендеріңді шағын шығарма ретінде оқып тапсырасыңдар Уақыт 5-минут беріледі. (Құлаққа жағымды әуен күй ойнап тұрады.)
Уақыт басталды...(оқушылар бір параққа сабақ бойы түсінгендері мен білгендерін жазып, дауыстап оқып тапсырады)
Ұстаз: Бүгінгі сабағымыз аяқталды «Сұңқар тобы мен «Самрұқ» тобы өте белсенді қатысқандары үшін кішігірім сыйлықтармен марапатталады. Бұл сабақта достығымыз, бірлесе бір шешімге келген бірлігіміз жеңді. Барлық қатысқан оқушылар мен келген қонақтарға алғысымды айтамын.
Сабақтан оқушының алып, үйреніп шығатын дүниесі:
1.теріні өндеу технологиясымен танысты ;
2.теріден раушан гүлді жасауды үйрендік;
3.шеберлікке үйрендік;
4.әдемілікті бағалауды,үнемділікті үйрендік;
5.оқушының таңдай білу қабілеті жоғарлады;
6.өң үйлесімділігін , түс үйлесімділігін таңдай білуді үйрендік;
7.оқушының байқағыштық қабілеті артты;
Үйге тапсырма:
Жұмысты аяқтау
Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытып,ұлттық қолөнерге баулу.