kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Борыщтар

Нажмите, чтобы узнать подробности

Соңғы жылдары машиналардың жеке агрегаттары мен жабдықтарын, сондай-ақ машинаның жалпы техникалық жағдайын бұзбай бағалау диагнос-тикалау әдістері бағыты қарқынды дамуда. Оларды пайдалану ақаулықтардың санын 2…2,5 есе азайтып және техникалық ақаусыздық нәтижесінде машиналардың тұрып қалуын қысқар-тып, жөндеу аралық техникалық ресурсын 1,5…2 есе 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Борыщтар»

Соңғы жылдары машиналардың жеке агрегаттары мен жабдықтарын, сондай-ақ машинаның жалпы техникалық жағдайын бұзбай бағалау диагнос-тикалау әдістері бағыты қарқынды дамуда. Оларды пайдалану ақаулықтардың санын 2…2,5 есе азайтып және техникалық ақаусыздық нәтижесінде машиналардың тұрып қалуын қысқар-тып, жөндеу аралық техникалық ресурсын 1,5…2 есе арттырып, техникалық қамтуға және жөндеуге шығыны 30…40% азайтып, машина – трактор агре-гаттарының өнімділігін 15…20% көбейтіп, отын шығынын 15…25% төмен-детіп және қозғалтқыштың жұмыс ұзақтығын 14…20% арттыруға мүмкіндік береді. Машинаның жасы және оның тозуы өскен сайын отын шығынының ұлғаюы анықталған. Мысалы ДТ-75M, МТЗ-80 тракторларының бесінші жылы пайдалану уақытында отынның меншікті шығыны 20…25%, оныншы жылға 40% артатыны белгілі болған. Сондықтан дизель қозғалтқыштар-ының жанармай жүйесінің кезеңділігін, олардың жасын және қажалу дәреже-сін ескеріп, түзету қажеттігі туындайды. Жанармай беру параметрлерін диагностикалау, бағалау және бақылау белгілі әдістері осы кездегі тракторлардың жанармай беру жүйесінің жұмыс істеу ерекшеліктерін, олардың даму келешегін және олардың жағдайын бақы-лау құралдарының жетілдірілуін ескермейді. Олар негізінде тек қана осы жүйенің нақты жұмыс істеу барысының бүліну белгісі незінде техника-лық жағдайын және жеке элементтерінің ақаулығын анықтауға арналған. Соңғы кезде диагностикалық параметрлерді шапшаң өлшеп алуға көп-теген электрондық аспаптар кең қолдануда. Әрине келешекте машина-лардың параметрлерін тіркеу және орнатылған басқару жүйесін жетілдіру барысында, олар көптеген белгілі аспаптарды ысырып, кең колданып табуы сөзсіз. Осы кезде Қазақстанда және ТМД елдерінде пайдаланудағы күрделі техникалар мұндай электрондық аспаптармен онша жабдықталмаған, олар алыс шет елдер техникаларында кең орын алған. Күрделі техникалардың кейбір маңызды жүйелерінен диагностикалық ақпарат алу үшін күрделі де қымбат электрондық және компьютерлік диаг- ностикалау жүйелерін қолдану міндетті емес. Егер де дизель қозғалтқыштарының ақаулықтарының әжептәуір үлесі қоректендіру жүйесіне келетін болса, оның агрегаттарын диагностика-лауға қолданылатын аспаптар өте қымбат және белгілі бір машиналар тобы-на қолданады. Көбінесе оларды қолдану үшін тексерілетін тетікті қозғалт-қыштан алып, арнайы тұрақты орында тексеру қажет, бұған көп уақыт керек. Бұл қосымша техниканың жұмыс істемей тоқтап тұруына әкеліп соға-ды. Күрделі техникалардың қоректендіру жүйесінің ең күрделі тетігі, жоға-рыда айтқандай жанармай аппаратурасы болса, оның ұзақ уақыт ақаусыз жұмыс істеуі мұқият сүзгі жағдайына байланысты. Сондықтан машиналар-дың жұмысы барысында оның шамадан тыс ластануына жол бермеу керек. Машиналардың құрылысында оның ластану дәрежесін қадағалау аспабы жоқ. Мұқият сүзгінің жағдайын, мысалы, тракторларға кезеңділікті техника-лық қамту (ТҚ -3) кезінде орындайды, яғни К-701 тракторына 1000 мото –сағат немесе 3120 ш.эт.га немесе 36200 кг. отын жаққаннан кейін орындала-ды. Бұл көлемдегі жұмыстар әртүрлі жағдайда орындалатын болғандықтан тәжірибеде мұқият сүзгі белгіленген мерзімнен бұрын ластануы мүмкін және ол жөнінде механизатор ақпарат ала алмайды. Бұл жағдайда тәжірибелі меха-низатор қозғалтқыш жұмысының сыртқы белгілері бойынша сезіп шара қол-дануы мүмкін, ал тәжірибесі аз механизатор әрі қарай жұмыс істей береді, соның нәтижесінде біртіндеп қозғалтқыштың жағдайы төмендеп кетуі мүмкін. Әдетте дизель қозғалтқыштарының мұқият сүзгісінің жағдайын тексеру үшін КИ-4801 ГОСНИТИ (cур.1) немесе КИ-13943 (сур.2) аспабын қолданып сүзгіге дейінгі және одан кейінгі отын оның қысымының айырмашылығы бойынша анықтайды. Егер бұл айырмашылық 0,08 МПа төмен болса мұқ-ият сүзгіні бұзып, оны не айырбастау, не тазалау қажет. Әртүрлі қозғалтқыштар-дың және олардың мұқият сүзгілерінің құрылыстарының ерекшеліктеріне сәйкес мұқият сүзгінің жағдайын КИ-4801 ГОСНИТИ аспабымен тексерген-де бір рет, ал КИ-13943 аспабын қолданғанда екі рет жалғау қажет болады Алайда мұқият сүзгінің элементтерін тексеру технологиясы барлық тракторлардың нұсқаулықтарында, оқулықтарда және диагностикалау техно-логиясында мұқият жазылған. Алайда бұл белгілі аспаптардың кемшілігі - қажетті ақпарат алу үшін оларды жанармайды мұқият тазалау сүзгісіне орналастырып диагностикалау операциясын орындау қажет.Бұл қазіргі жағдайда онша озық әдіс деп айтуға сай емес. Қазіргі техниканың даму кезеңінде кез келген диагностикалық ақпаратты қолма-қол алып сәйкес шара қолдану керек. Бұл бағытта жанармайды мұқият тазалау сүзгісінің жағдайы жөнінде мәлімет беретін өнертабыс ұсынылған. Бұл құрылғы өндірісте жоқ және ол жұмыс істей алады деп айту қиын. Сондықтан мақсат-жанармайды мұқият тазалау сүзгісінің жағдайы жөнінде қолма-қол нақты ақпарат алуға мүмкіндік беретін аспап құрылысын ұсынып зертттеу жұмысын орындау. 1-сурет. Жанармайдың мұқият сүзгісі жағдайын тексеруге арналған КИ-4801 ГОСНИТИ аспабы 1-манометр,2-тұтқасы бар тығын, 3-үш жағдайда қойылатын шүмек, 4-ұштары бар жалғау жең, 5- ұзартылған жалғастық, 6-винт, 7-жаппа манометр; жалғаужеңі ұштық қуысжалғағыш. 2-сурет. КИ қондырғысын жанармайды мұқияттазалау сүзгісіне орналастыру. Сапаров О., т.ғ.к., доцент


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Технология (девочки)

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Борыщтар

Автор: Тезекбай Алмат Асқарович

Дата: 23.05.2017

Номер свидетельства: 417875


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства