П?наралы? байланыс: Биология-г?лдерді? т?рлері, ??рылысы; математика; бейнелеу ?нері – композиция ??ру, т?стерді та?дау; тарих – бисерді? пайда болу тарихы.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға моншақпен кестелеп тоқуды үйрете отырып, композициялық панно жасау үйрету.
Білімділік мақсаты: Оқушылардың моншақпен тоқудағы білімін жүйелендіру, шеберлік деңгейін арттыру арқылы әсемділік пен сұлулықты бағалай білуге үйрету.
Дамытушылық мақсаты: Өз бетінше жұмыс істеу дағдысын қалыптастырып, шығармашылық қабілетін дамыту
Пәнаралық байланыс: Биология-гүлдердің түрлері, құрылысы; математика; бейнелеу өнері – композиция құру, түстерді таңдау; тарих – бисердің пайда болу тарихы.
Көрнекіліктер: моншақтан жасалған бұйымдар үлгілері , сызбалар, суреттер, журналдар. Қажетті құрал-жабдықтар: әр түрлі су моншақтар, бисер, картон, сым темір, бисер ыдысы.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Тақырыпты меңгеруге негізі білім арқылы дайындық
Жаңа тақырыпты меңгеруге дайындық
Жаңа тақырыппен таныстыру
Сарамандық жұмыс арқылы түйіндеу
Қорытындылау. Жұмыстарын бағалау
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі (оқушылармен амандасу, сабаққа дайындығын тексеру, түгендеу).
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ. Жаңа тақырыпты жариялау, мақсаты және міндеттерімен таныстыру.
IV. Жаңа тақырыппен таныстыру: су моншақпен (бисермен) гүл тоқу.
Бисердің шығу тарихы:
Бисер өнері – ертеден таралып, танылып келе жатқан, әшекей бұйымдар дайындаудың бір түрі. Бисермен жай суреттерден бастап өте күрделі түрлі-түсті жұмыстар жасауға болады. Қолдан жасалған бисер моншақтары Ресейде, шет елдерде өте жоғары бағаланады. Қазіргі кезде халық шығармашылығының осы түрі жаңа өрлеу үстінде, дамудың сатысында.
Бисер өнері өте нәзіктікті, әдемілікті, шыдамдылықты және фантазия мен шеберлікті талап етеді. Барлық қолөнер сияқты бисердің де тарихы бар. Бисердің шығу тарихы әйнектің пайда болуымен тікелей байланысты. Әйнектің қашан пайда болғанынан әлі күнге дейін дерек жоқ. Дегенмен әйнекті пайдаланудың ең алғаш құпиясын Финикия елі ашқан деген аңыз бар. Бұл аңызда Финикиялық көпестер әлемді кезіп жүр, Сирияға тоқталады. Өздеріне азық дайындау мақсатымен отқа қазан қою үшін аралдан үлкен тас іздейді. Ешнәрсе таппаған олар кемедегі селитраның (натрий қосындыларының) үлкен бөлігін пайдаланады. Жалынның ыстық температурасынан селитра еріп, өзен құмына араласып, сұйық әйнек болып аққан екен. Осылай ма, жоқ әлде басқа тәсілмен бе, әйтеуір әйнек дүниеге келген. Бірақ Финикиялық көпестердің бүкіл Жерорта теңізінің бойындағы халыққа әйнектен жасалған бұйымдар сатқандығы белгілі.
Кейбір деректер бойынша әйнектің Отаны ежелгі Египет болған. Әйнектен жасалған моншақтар, амулет, ыдыс-аяқтар біздің заманымызға дейін VI ғасыр ескерткіштерінен табылған. Әйнекті массаға кобальт, мыс, марганец қосу арқылы египеттіктер көгілдір, жасыл, алқызыл түсті әйнек алған, мұндай әшекейлерді еркектер де, әйелдер де ақ түсті киімдеріне таққан деседі. Ең алғашқы «бисер» атауы дәл осы Египет елімен байланысты. Оның атауы арабтың «Буера» немесе «Бусер» деген сөзінен шыққан (жалған маржан). Рим империясы Египет елін басып алғанда, әйнек өнімдері Рим еліне өтіп, империя құлағаннан кейін Византияға өтеді. Ал Константинопольды түрік жауынгерлері жаулап алған соң, әйнек өндіруші шеберлер жан-жаққа тарап, әлемге бисер атауы мәлім бола бастайды. Нақ осы кезде бисерді бұйымдар жасау, әйелдерге арналған сәндік киімдерге жапсырылған немесе түрлі оюлармен әшекейленген киімдер пайда бола бастайды. Бұйымды ұзақ пайдалану үшін оны мықты жіппен тоқыған. Бисермен қазақтың ою-өрнектері негізінде сәнді әшекейлерде жасауға болады.
Жаңа сөздер:
Бисер – ұсақ моншақтарға берілетін жалпы түсінік
Стеклярус – ұзындығы 3 мм. түтікше тәріздес сумоншақ түрлері
Фурнитура – қосымша көмекші материалдар (түйме, ілгек, жіптер, қапсырма)
Композиция – бірнеше заттың көркем жиынтығы және құрастыру.
Жұмыс орнын ұйымдастыру: Бисермен тоқу жұмысы қызықты, әрі тез жүру үшін тек құрал-саймандардың түгел болуы ғана емес, жұмыс орнынды ыңғайлап алуда маңызды. Әсіресе, ол жер бисерді орналастыруға ыңғайлы болуы шарт. Ол үшін (бисерді орналастыру) бір бедерлі фланельді матаға, түрлі-түсті бисерлерді үйіп қою керек. Кей жағдайларда өте терең емес (5-10 мм) тәрелкеге салғанда ыңғайлы, бірақ әр түсті жеке тәрелкеге салған жөн, не болса жақтаулары биік емес қорапшалар пайдалануға болады. Бисермен жұмыс істегенде, сонымен қатар, жұмыс істейтін орын жарықпен жақсы қамтамасыз етілу керек. Болмаса көзді ауыртып, жиі шаршауға әкеліп соғады. Көзге демалыс беру үшін әр сағат сайын 10-15 минут үзіліс жасау қажет.
V. Сарамандық жұмыс: Бисермен тоқудың ең кең тараған техникасы – параллельді тоқу. Яғни сым темір бисердің қуысынан параллельді өтеді. Берілген тоқудың негізгі әдістерін қарап көрейік.
Техника қауіпсіздік ережесін сақтау.
«Себеттегі гүлдер» тоқу үшін қажет заттар: себетке керек қоңыр, қызыл немесе сары моншақтар, гүлдерге – әр түрлі түсті моншақтар. Ең бірінші себетті тоқимыз. Тоқуды түп жағынан бастаймыз, яғни сым темірдің бір ұшына ортасына бірінші қатарға 5 моншақ, екінші қатарға 4 моншақ екінші ұшымен бекітеміз. Сымның екі жақ ұшынан жақсылап тартып, схема бойынша жалғастырамыз. Модельді орындауда шалып тоқу техникасы себетті тоқуға, параллельді тоқу әдісі – жапырақ және гүл тоқуға пайдаланады.
«Жапырақ». Қарапайым жапырақ немесе гүлдің жапырағы келесі түрде орналасады. Ұзындығы 20-30 см болатын сым темір алынады, оған таңдалған үш бисер кигізіледі, кейін сымның келесі ұшымен екі бисерден бір-біріне тығыз орналасады, үш моншақтан тұратын үшбұрыш құралады. Осы жерде сымдардың екі ұшының ұзындығы тең болуына көңіл аудару қажет. Содан соң сымдардың кез-келген басына үш бисер өткізіп, екінші жақ ұшымен қарсы параллель жүргіземіз. Параллель тоқу схемасына сәйкес жалғасады. Жапырақ шашылып қалмау үшін соңғы қатар орындалған соң, сымның ұштарын мықтап бұраймыз. Осындай үлгіден 5-8 жапырақ тоқып, оны біріктіру арқылы гүл, не болмаса бұтақ құрауға болады.
«Гүлдер». Осы гүлдерден алқаны, сырғаны және салпаншақты тоқуға болады. Ең алғашқы тоқу кезеңінде түсі және көлемі бірдей болуы керек. Тоқу әдісі дөңгелек тоқу әдісіне ұқсас.
Тереміз:
жұмыс жіпке гүлдің ортасын тоқу үшін бес моншақ теріп, оны дөңгелек тәріздес бекітеміз 1-ші моншақтан өткіземіз;
5 моншақ басқа түспен (6,7,8,9 және 10-ші) гүлдің ортанғы бөлігі өткіземіз 1-ші және 2-ші моншақтардан;
4 моншақты (11,12,13,14-ші) өткіземіз 6,2 және 3-ші моншақтардан;
3 моншақты (23,24 және 25-ші) өткіземіз 19,5,10,9 және 8-ші моншақтардан.
Енді гүлімізге 5 моншақтан жапырақты қосамыз. Жұмыс жіпті 8-ші моншақтан шығарамыз. Жапыраққа дайындаған моншақты пайдаланамыз. Инеге 5 моншақты теріп, дөңгелекке бекітеміз де 8-ші моншаққа ілеміз.
Жұмыс жіпті 13-ші моншақты теріп дөңгелекке бекітеміз, өткіземіз 13-ші моншақтан. Жұмыс жіпті көшіреміз 17-ші моншақты іліп, өткіземіз 12,11,18 және 17-ші моншақтардан.
Үшінші жапыраққа қайтадан жұмыс жіпке 5 моншақтан теріп, өткіземіз 17,15,15,22 және 21 моншақтардан.
Тереміз 5 моншақты тоқимыз төртінші жапырақты, өткіземіз 21, 20,19,25 және 24 моншақтардан.
Бесінші жапырақты тоқу үшін 5 моншақты аламых дөңгелекке бекітеміз 24-ші моншақтан өткізіп жіпті бекітеміз, гүліміз дайын.
VI. Сабақты бекіту:
VI. Қорытынды. Қорыта келгенде, жұмыстың (композицияның) жасалуында біліктілікті, білімділікті, нәзіктілікті, әдемілікті, қиял мен шеберлікті талап етілуін қадағалау.