Сабақ тақырыбы: Бисермен жұмыс Сабақтың мақсаты: Оқушыларға бисерден гүл жасап үйрету шеберлігін арттырып, білімін жүйелеу.
а) Білімділік: оқушылардың бисермен тоқу туралы білімін арттыру, күнделікті тұрмысқа қажетті сұраныс туғызатын, қазіргі заман талабына сай қолөнер бұйымын жасап шығару. ә) Дамытушылық: өз бетінше жұмыс істеудегі шығармашылық қабілетін қалыптастыру, әсемдік пен сұлулықты бағалай білуге үйрету. б) Тәрбиелік: қолөнерге деген қызығушылығын арттыру, ептілікке, еңбексүйгіштікке, шыдамдылыққа тәрбиелеу Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту Сабақтың түрі: сарамандық, топтық. Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, жасап көрсету, өз бетімен жұмыс жүргізу.
Пәнаралық байланыс: математика, тарих, бейнелеу, әдебиет. Сабақтың көрнекілігі: бисерден жасалған дайын бұйымдар, әшекей бұйым түрлері, кітап, журналдар, слайд. Қажетті құрал - жабдықтар: ине, жіп, сым, леска, бисер түрлері, бисер салатын ыдыс, қайшы. Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардыңң сабаққа зейінін аудару мақсатында психологиялық дайындық минуты өткізіледі. Шеңберге тұрып ,бір- біріне жылы лебіздерін білдіреді. ІІ. Ой қозғау. Адасқан әріптерден сөз құрау.
СНЕБР, ЛІБІКЗЕ, ҚАНСИА, ЛАҚА, ЗКҮЖІ, АРҒЫС
Слайдтан әшекей бұйымдары туралы әңгімелеу. Алдын ала үйге бисер туралы мәлімет беріледі. Бисер тақырыбы бойынша сұрақ беру.
1. Бисер дегеніміз не? 2. Бисерді ең көп шығаратын жерлерді ата? 3. Бисермен кестелеуге қандай талаптар қойылады? 4. Бисердің отаны? 5. «Бисер» сөзі қандай мағына береді? 6. Бисердің түрлері? 7. Бисерді қандай бұйымдарға қолдануға болады?
ІІІ. Жаңа сабақ Бүгін, біз бисерден гүл дайындап үйренеміз. Өміріміз гүлдей құлпырсын деп бүгін гүл жасағалы отырмыз.Әр отбасында осы жасалған жұмыстарыңыз үйдің сәнін келтірері сөзсіз.
ІҮ. Сарамандық жұмыс. Қауіпсіздік ережесін еске түсіру.
Жұмысқа кірісер алдында
бисерді қораптарға салып қойған жөн
Жұмыс жасау талаптары
Бисермен жұмыс жасағанда Дайындалған бұйымыңыз
отырған орны жайлы, дұрыс болмаған жағдайда
жарық мол болу керек. ерінбей қайтадан дұрыстауға
Бисер теріп отырған сымды дағдыланыңыз.
бос қоюға, қатты тартуға
болмайды. Бисерлер дұрыс
орналаспайды.
1.Жұмыс киімін кию.
2.Қажетті құрал- жабдықтарды үстел үстіне дайындау. Жұмысты жасау үшін ұсақ бисерлер, сым, қондырғы, қайшы, ыдыс қажет (қалауларыңыз бойынша). Слайд арқылы жұмысқа кіріседі. Гүлдерді дайындау үшін сымға бисер теру керек. Жалпы тоқылу барысын слайд арқылы жүргізіледі.
Ү.Сергіту сәті. Би ырғақтарын жасау (баяу әуенмен)
ҮІ. Қорытындылау, бағалау.
Венн диаграммасы.
Не білдім?
Не үйрендім?
Не білгім келеді?
ҮІІ. Үйге тапсырма: Жұмысты аяқтау. Басқа елдерде бисерлердің аталуы туралы мәлімет.