kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

" Бисер то?у " е?бекке баулу саба?ы 4 сынып

Нажмите, чтобы узнать подробности

О?ушыларды е?бек саба?ында бисер мен монша? то?уда?ы білімін ж?йелендіру, шеберлік де?гейін арттыру ар?ылы ?семдік пен сылулы?ты ба?алай білуге ?йрету. О?ушылар?а сыммен бисер монша? то?уды ?йрете отырып, ой - ?иялдарын дамыту. О?ушыларды е?бек с?йгіштікке, ?дімілікке, эстетикалы? тал?ам?а т?рбиелеу. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«" Бисер то?у " е?бекке баулу саба?ы 4 сынып »

Тақырыбы: Бисер тоқу

Сыныбы: 4 «А»

Сабақтың мақсаты:

а)Білімділік: Оқушылардың бисер мен моншақ тоқудағы білімін жүйелендіру, шеберлік деңгейін арттыру арқылы әсемдік пен сұлулықтың бағалай білуге үйрету;

б) Тәрбиелік: оқушылардың эстетикалық талғамын тәрбиелеу, тиянақтылық деңгейін көтеруге баулу;

в) Дамушылық: оқушыларға сыммен бисер моншақ тоқуды үйрете отырып ой-қиялдарын дамыту.

II.Сабақтың түрі: аралас

III. Сабақтың өту әдісі: практикалық, баяндау, сайыс әдісі.

IV.Пәнаралық байланыс: тарих, бейнелеу өнері, биология.

V.Сабақтың көрнекілігі: моншақтан жасалған бұйымдар үлгілері, схема, кітаптар, журналдар, плакат

VI.Сабақтың жоспары:

Ұйымдастыру кезеңі.

2) Тақырыпты меңгеруге өткізілген негізгі білім арқылы дайындық.

Жаңа тақырыпты меңгеруге даярлық.

Жаңа тақырыптарды таныстыру.

Сарамандық жұмыс арқылы түсіндіру.

Қорытындылау жұмыстарын бағалау.

VII. Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі( амандасу, сабаққа даярлығын тексеру, оқушыларды түгендеу)

Жаңа тақырыппен таныстыру, бисер мен моншақпен әшекейлеп бұйымдар тоқыту.

Бисердің шығу тарихы: Бисер тоқу өнері ертеде кеңінен тарап, танылып келе жатқан халық шығармашылығының және әшекей бұйымдар дайындаудың бір түрі. Бисермен жай суреттерден бастап өте күрделі түрлі-түсті жұмыстар жасауға, алқа, тұмарша, шаш буғыш, сырға, білезік, белдік, сөмкелерді де әшекейлеп тоқуға болады, сонымен қатар ойыншықтарда тоқуға болады. Қолдан жасалатын бисер моншақтары Ресейде, шет елдерде өте жоғары бағаланады. Нақ осы кезде халық шығармашылығының осы түрі жаңа өрлеу үстінде, дамудың сатысында. Бисер тоқу өнері өте нәзіктікті, әдемілікті, шыдамдықты және фантазия мен шеберлікті талап етеді.Әр адам бисер тоқумен айналысуына болады.Барлық қолөнер сияқты бисер тоқудыңда тарихы бар.Бисердің шығу тарихы әйнектің пайда болуымен тікелей байланысты. Ал,әйнектің қашан пайда болғаны әлі күнге дейін дерек жоқ. Дегенмен әйнекті пайдаланудың ең алғаш құпиясы Финикия елі ашқан деген аңыз бар. Бұл аңызда Финикиялық көпестер әлемді жүзіп жүріп Сирияға тоқталады.Өздеріне азық дайындау мақсатымен отқа қазан қою үшін аралдан үлкен таз іздейді. Ешнәрсе таппаған олар кемедегі селитраның үлкен бөлігін пайдаланады.Жалынның ыстық температурасынан селитра еріп,өзен құмына араласып,сұйық әйнек болып аққан екен. Осылай ма, жоқ әлде басқа тәсілмен бе әйнек дүниеге келген.Бірақ Финикиялық көпестер бүкіл Жерорта теңізінің халқына әйнектен жасалған бұйымдарды сатқан екен.

Ұсақ ,домалақ,сопақ,әр түрлі хрусталь,шыны,металл керамикалары металдардан жасалған моншақтарды бисер деп атайды.

Бисерден үлкендерін моншақ деп атайды.

Кейбір деректер бойынша әйнектің Отаны ежелгі Египет болған.Әйнектен жасалған моншақтар,амулет,ыдыс-аяқтар біздің заманымызға дейін VI ғасырдың ескерткіштерінен табылған.Әйнекті массаға,кобальт,мыс,марганец қосу арқылы египеттіктер көгілдір,жасыл, алқызыл түсті әйнек алған, мұндай әшекейлерді еркектер де, әйелдер де ақ түсті киімдермен таққан деседі.

Ең алғашқы «бисер» атауы дәл осы Египет елімен байланысты.Оның атауы Арабтың «Бусра» немесе «Бусер» деген сөзінен шыққан, мағынасы «жалған маржан». Рим империясы Египет елін басып алғандаәйнек өндіру Рим еліне өтіп,империя құлағаннан кейін Византияға өтеді.

Қазіргі кезде бисерден тоқылған бұйымдар, жастар мен орта жастағы әйелдерге арналған сәндік киімдерге жапсырылған немесе түрлі оюлармен әшекейленген киімдер, аяқкиімдерді, сөмкелерді жиі кездестіруге болады. Бисермен қазақтың ою-өрнектерін тұмарша, өңіржиек, бойтұмар, сондай-ақ алқа, шашбау тағы басқа өте сәнді әшекейлер: сырғалар, мойынға тағатын алқалар тоқу өте сәнді көрінеді.

Практикалық жұмыс: Жұмыс ережесін еске түсірейік.

Қауіпсіздік ережелері:

Қайшыны жолдасыңа үшкір ұшымен берме.

Қайшыны арнайы қобдишаға сақтау керек.

Инені киімге қыстыруға болмайды.

Инемен жұмыс істегенде оймақ киген дұрыс.

Инені тістеп ауызға салға болмайды.

Тігін машинасының үстінде артық киім жатпау тиіс.

Үтіктеу алдында өткізгіштің үзілген, желінген жерін тексеру керек.

VIII.Сабақты қорыту.

1.Египетте әйнектен жасалған ыдыстар қай ғасырда табылды?

2.Бисер сөзі арабтың қай сөзінен шыққан?

3.Оймақ не үшін керек?

4.Стеклярус деген не?

5.Бисердің моншақтан айырмашылығы?

Сабақты бекіту:

Оқушылар бисер тоқу білімділікті,нәзіктілікті,әдемілікті,шеберлікті талап ететін жұмыс.Біз осылайша бисердің тарихымен таныстық.

Сабақты бағалау:

Оқушылардың тоқыған бисерлеріне қарай бағалау.

Үйге тапсырма:

Жұмысты аяқтау.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Технология (девочки)

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
" Бисер то?у " е?бекке баулу саба?ы 4 сынып

Автор: Медетова Бол?ан Ары?бай?ызы

Дата: 12.03.2015

Номер свидетельства: 185267


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства