kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Атласты? таспамен ж?мыс

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба? 8 сынып о?ушыларына арнал?ан. Саба?ты? ма?саты: О?ушылар?а атласты? таспамен ж?мысты? т?рлерін білу ар?ылы, канзаши ?дісімен б?йымдар жасауды ?йрету. Саба? сараманды? саба? т?рінде ?йымдастырылып, с?ра?- жауап, топты? ж?мыс, ой тол?ау т?рінде ?тті. Саба?та презентациялы? слайд ?олданылды. саба? барысында о?ушылар канзаши ?дісін ?олданып, ?рт?рлі б?йымдар жасады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Атласты? таспамен ж?мыс »



Аты – жөні: Казкенова Айнаш Айтореновна

Мектебі: «Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласындағы № 1 мектеп – гимназиясы» КММ технология пәнінің мұғалімі

Сабақ тақырыбы: Атластық таспамен жұмыс

Сыныбы: 8

Мақсаты: 1. Оқушыларға атластық таспамен жұмыс туралы мағлұмат беру және канзаши әдісін пайдаланып бұйымдар жасауды үйрету.

2. Өз беттерінше жұмыс жасау шеберліктерін, қабілеттерін және өнерге деген қызығушылығын дамыту.

3. Жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережелерді ескере отырып, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа және шеберлікке тәрбиелеу.

Міндеті: Таспадан жасалатын бұйымдардың түрлерімен таныстыру.

Канзаши әдісін меңгерту арқылы әр түрлі бұйымдар жасау.

Бұйымдарды тұрмыста пайдалана алу жолдарын қарастыру.

Сабақтың түрі: Сарамандық сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, топтық жұмыс, ой толғау.

Көрнекіліктер, құрал - жабдықтар: Презентациялық слайд, видео слайд, шағын көрме, атластық таспа түрлері, құрал – жабдықтар, дайындамалар.

Пәнаралық байланыс: тарих, әдебиет, бейнелеу.


Сабақ жоспары:

  1. Атластық таспаның шығу тарихымен таныстыру.

  2. Канзашиді пайдалану арқылы жасалған бұйымдарға шолу.

  3. Канзашиді жасау технологиясы.

  4. Сарамандық жұмыс.

  5. Қорытындылау.


Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың дайындықтарын кезекшілер арқылы білу. Көңіл күйлерін сұрап білу. Сабақ тақырыбы, мақсаты айтылады. Өздері қандай мақсат қоятынын білу.

Сабақ мақсатымен таныстыру. (2 слайд)

Сабақтың жоспарымен таныстыру. (3 слайд)

Сендерге үй тапсырмасы ретінде таспа лентамен жұмыс түрлеріне байланысты ақпарат көздерінен мәліметтер іздестіріп, сарамандық жұмыстарың жайында ойланып келу берілген болатын, сабақ барысында сол мәліметтермен таныстыруларыңа болады.

  1. Кіріспе бөлім

Слайд арқылы атластық таспаның шығу тарихына тоқталып өту.

Ежелгі Римде әйел адамдар өздерінің сырт киімдерін жалпақ маталармен безендіріп, шаштарына матадан әшекейленген гүл баулар таққан. Тек 14 ғасырдан бастап, таспадан жасалған әшекейлер пайдаланыла бастады. (4 слайд)

14 ғасырда Франция королі Людовик өз киімдері мен аяқ киімін таспалармен әшекейледі және өз сарайларындағыларды әдемі киінуге шақырды. Осы жылдан бастап елде таспамен кестелеу қолға алына бастады. (5-6 слайдтар)

Таспаның қолданылуы:

  1. Той көйлектерінде (7 слайд)

  2. Жастықтарда (8 слайд)

  3. Ұялы телефондар сөмкесінде (9 слайд)

  4. Стильдік сөмкелерде (10-11 слайд)

  5. Қабырға суреттері (12-13 слайд)

  6. Той машиналарын безендіру (14 слайд)

  7. Балалар киімінде (15 слайд)

(16 слайд) Түстердің үйлесімділігі:

Түс Қосымша түстер

1. Қызыл 1. жасыл, сұр, қара, сары

2. Көк 2. сұр, ақ, қара.

3. Жасыл 3. сары, қызыл сары, қызғылт.

4. Сары 4. қара, көк,, қызыл, көгілдір.

Канзаши – шашқа арналған әшекей, жапон қыздарының әсемдік бұйымдарында қолданылады. Жуықтап алғанда 400 жыл бұрын Жапонияда әйел шаш үлгісі өзгерді әйелдер шаштарын ұлттық үлгіде тарамайтын болды, оның орнына әдемі және қызықты үлгіде жинады. Шаш үлгілерін жасауда әр түрлі әшекей бұйымдарын қолданды:таспаларды қолданып шаш түйрегіштер, шаш жинағыштар, қыздардың шаштарын сәндеуге болады. (17 слайд)

«Канзаши» техникасында:

  1. шаш жинағыштар (18 слайд)

  2. сәнді бас киім (19 слайд)

  3. шаш түйрегіштер (20 слайд)

  4. стильдік түйрегіштер (21 слайд)

  5. қабырға суреттері (22 слайд)

Таспамен жұмыс кезіндегі құрал – жабдықтар:

Таспа лента, «Момент» желімі, қайшы,оттық немесе май шам, түйрегіштер, қысқыш.(23 слайд)

Гүлдің жасалу технологиясымен таныстыру:

  1. Таспаны аламыз, оны бірдей шаршыларға қиямыз. Қанша жапырақша алғымыз келсе, сонша шаршы болуы қажет. (24-28 слайдтар)

  2. Бір шаршыны алып, оны диогональ бойынша бүктейміз.

  3. Бірінші бір бұрышты, сосын екінші бұрышты ортаға қарай бүктейміз.

  4. Екінші жағына қарай аударамыз, сосын бұрыштарды ортаға қарай бүгеміз.

  5. Екі бұрышты ортаға қарай бүгеміз. Бір бұрышты қиямыз, шетін күйдіреміз, қолмен жабыстырамыз.

Техникалық қауіпсіздік ережелерді еске салу: қайшымен, оттықпен, май шаммен жұмыс кезіндегі ережелер.

  1. Сарамандық жұмыс (29 слайд)

«Канзаши» әдісімен дайындалатын «көлемді қызғалдақ» түрінің дайындалуы видеодан көрсетіледі.

  1. Жұмыстарын қорғау. (30 слайд)

“Біз кәсіпкер болсақ” деген тапсырма бойынша топтар шағын кәсіпкерлікпен айналысқан жағдайда өз ойларын қалай іске асырушы еді деген ой толғаныс жасайды.

5. Қорытындылау (31 слайд)

Жыл сайынғы елбасының жолдауларында : “Өзін бизнесте сынап көруге, елде жасалып жатқан экономикалық өзгерістерге толыққанды қатысушыға айналуына жағдай туғызуымыз керек” дегендей болашақта елде кәсіпкерлікті дамытуға өз үлестеріңізді қосуға қатынасатындарыңызға сенеміз.

Елбасының биылғы жылғы Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ атты жолдауында : « Осы стратегияны жүзеге асыратын да, жемісін көретін де сіздер. Өз жұмыс орындарыңызда отырып, осы жұмысқа әрқайсысыңыз атсалысыңыздар. Немқұрайлылық танытпаңыздар.
Елдің болашағын барша халықпен бірге жасаңыздар!

  1. Үйге тапсырма (32 слайд)

Атластық таспамен кестелеу жұмысына дайындалу.



Сабақтың библиографиялық тізімі:

  1. Ай сайын шығатын  «Мектептегі технология» Республикалық әдістемелік журналы. Бас редактор Әбиева Фарида Бейбітқызы 2006 – 2014 жылдар.

  2. «Шелковые ленты» Лучшие идеи вышивок. Минск. Харвест. 2010.

  3. «Шёлковая лента. Полное руководство по технике объёмной вышивки и аппликации на ткани» М. Уильямс

  4. «Искусство вышивки лентами» А.Г.Чернова

  5. «Все для девочек» рукоделие и домоводство. Москва 2002.

  6. «Большая книга детского творчества» И. Лыкова, Е. Коротеева, Москва 2007.

  7.  http://www.biju-info.ru/articles/izgotavlivaem-kanzashi-svoimi-rukami

  8. http://www.kanzashi.dn.ua/rukodelie/kanzashi/182-master-klass-ostrye-i-kruglue-lepestki.html

  9. http://go.mail.ru/search video-технология изготовления канзаши объемные тюльпаны

  10. http://mkkanzashi.ru/category/master-klassy-po-izgotovlenija-lepestkov-kanzashi









Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Технология (девочки)

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Атласты? таспамен ж?мыс

Автор: Казкенова Айнаш Айтореновна

Дата: 31.01.2015

Номер свидетельства: 164861


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства