kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Атаны? к?зі-а?ыны? с?зі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Атаны? с?зі – а?ылды? к?зі
Ма?саты:
Білімділік: Балаларды? бойында ?дептілік пен ал?ырлы?, адамды? ?асиеттерді ?алыптастыру.
Дамытушылы?: Балаларды? м?нерлеп о?у да?дыларын, ?лы ??ламалар с?здерін жат?а, м?нін т?сіне о?у да?дыларын дамыту.
Т?рбиелік: Жаман мен жа?сыны ажырата білуге, аталы с?зден ?ибрат алу?а т?рбиелеу.
К?рнекілігі: ??ламалар портреттері, ма?ал - м?телдер, на?ыл с?здер, ?лтты? ою - ?рнектер, г?лдер, шарлар.
1 - ж?ргізуші: Аяжан, б?гінгі кеш ерекше сия?ты, айнала?а ?араса? са?ан б?рі а?ыл айтып т?р?андай, оны? ?стіне ?она?тарды? алдында бір т?рлі ?ысылып т?рамын.
2 - ж?ргізуші: Мадияр, несіне ?иналасы?? Алдымен амандасайы? «С?з атасы - с?лем» деген емес пе?
1 - ж?ргізуші: Армысыздар ?стаздар, ата - аналар!
2 - ж?ргізуші: Бармысы?дар балалар!
1 - ж?ргізуші: Б?гін бізді? мектебімізде ?лтты? т?рбиені? бір айшы?ы ретінде ?ткелі отыр?ан «Атаны? с?зі – а?ылды? к?зі» ?деби танымды? кешімізге ?ош келіпсіздер!
2 - ж?ргізуші: Ендеше, б?гінгі кешке келгендері?ізге тіптен де ?кінбейсіздер, себебі, к?птеген аталы с?здер мен а?ылды? к?зі, бабалар ?сиетімен танысасыздар, ?сем ?н мен би де тамашалайсыздар.
1 - ж?ргізуші: Хал?ымны? ?ні ?андай, жыры ?андай,
Шешенні? н?рі там?ан тілі балдай
Шымырлап ?н бойы?а тарайт??ын
Ал биі н?зік жанды бал?ыт?андай, - деп «?аза?» биін тамашалайсыздар!
1 - ж?ргізуші: Олай болса, к?рермендерді кешімізді? барысымен таныстырайы?. 1 - кезе? «Мен атамны? жал?асымын.»
2 - ж?ргізуші: 2 - кезе? «Ма?ал - с?зді? м?йегі»
1 - ж?ргізуші: 3 - кезе? «Ескірмейтін есті с?з»(сахналы? к?рініс)
2 - ж?ргізуші: 4 - кезе? «Алтын са?а» ма?ал жал?астыру ойыны
1 - ж?ргізуші: 5 - кезе? «Асылды? с?зі - а?ылды? кені»
2 - ж?ргізуші: 6 - кезе? «?лылардан ?ал?ан ?лы с?з»
1 - ж?ргізуші: 7 - кезе? «?нерліні? ?рісі ке?» (сахналы? к?рініс)
2 - ж?ргізуші: Міне, ??рметті к?рермендер, бізді? бойымыз?а хал?ымызды? т?лім - т?рбиесі ананы? а? с?тімен, ?же ?негесімен, аталар а?ылымен беріліп, ?зіндік ?асиетімізді ?алыптастырады.
1 - ж?ргізуші: Атасыны? ерке ?ызы Жібекті? орындауында «Балалы?» ?нін ?абыл алы?ыздар!
2 - ж?ргізуші: Мадияр, бізді? балалар ма?ал - м?тел туралы не біледі екен? Олай болса, «Ма?ал – с?зді? м?йегі» б?ліміне кезек берейік.
1. ?аза? – ой?а к?сем, тілге шешен а?ын халы?. Ма?ал - м?телдер ?аза? хал?ыны? ?дет - ??рпын, ??ым - сенімін, д?ниеге к?з?арасын к?рсететін ?мір т?жірибесімен, тіршілік танымынан т?йіп т?зіледі.
2. Ма?ал - м?телдер – атадан ?ал?ан асыл м?рамыз, ауызша жеткен халы? шы?армасы. Ма?ал - м?телдер с?з м?йегі ?ана емес, ?лт т?рбиесі ??ралы ретінде ?олданылады.
3. Ма?ал - м?телдер балаларды ?лтжандылы??а, отанс?йгіштікке, бауырмалды??а, батырлы?, ерлік ?асиетін ??ыну?а, бой?а сі?іруге к?мектеседі.
1 - ші ж?ргізуші, Адамны? с?ні – ?нер - білім, а?ылы,
Жерді? с?ні – жеміс, ?нім да?ылы.
С?зді? с?ні – ?негелі ?ткір на?ылы.
Пікірді? с?ні – е? пайдалы ма??лы.
1 - ж?ргізуші: Келесі кезекте «Ескірмейтін есті с?з» (Сахналы? к?рініс) А: С?леметсі? бе, А?тор?ын. «С?лем – с?зді? анасы» демекші с?лем беруге келдім.
А?тор?ын: Амансы? ба, Аяжан. «?уыс ?йден ??р шы?па» деген тізе?ді б?гіп, д?м ауыз ти.
Аяжан: «Сыйлап берген су, сатып ал?ан балдан арты?» дегендей отырайы?.
А?тор?ын: «Сый?а сый, сыра?а – бал» демекші, ?ткенде ?здері?ізге риза болып ?айтты? ?ой.
Аяжан: «Аз да бітер, к?п те бітер, татулы??а не жетер» демекші - татулы? пен ауыз бірлікке не жетсін.
А?тор?ын: «Т?ртеу тату болса алар, алтау ала болса алдырар» деген ?ой, о не дегені?із?
А?тор?ын: «Тау - тау?а ?осылмас, адам?а адам ?осылар»- деген ?лі кездесерміз. Сау бол!
2 - ж?ргізуші: Мадияр, бізді? балаларды? арасында ойлыны? ойлысы, тап?ырды? тап?ыры, ж?йрікті? ж?йрігі бар шы?ар.
1 - ж?ргізуші: Оны ?алай бай?аймыз?
2 - ж?ргізуш і: Балаларды? б?л ?асиетін «Алтын са?а» б?лімінен бай?айсыздар.
(екі ж?ргізуші ?оржыннан ма?ал - м?телді? жартысы жазыл?ан асы?тар алады да ма?алды? бір жартысын о?иды. ?атысушы балалар ма?алды? екінші жартысын жал?астырады)
1. Болат ?ын?а то?тайды,
Тентек к?пке то?тайды,
Жомарт жо??а то?тайды.
2. Ал?аш ?з айыбы?ды біл,
Кейін бас?а?а к?л.
3. Аюды же?ген – жарты ер,
Ашуды же?ген – б?тін ер.
4. Дара?ыны? к?лкісі ?анбас,
Жал?ауды? ?й?ысы ?анбас.
?ят бетті ?ызартады.
2 - ж?ргізуші: Келесі кезекте: «Асылды? с?зі – а?ылды? кені»
1 - ж?ргізуші: Ассалаума?алейкум, Абыз баба,
Жасы?ыз келіп ?апты 120 - ?а.
2 - ж?ргізуші: ??ла?тан кіріп бойды алар,
?сем ?н мен т?тті к?й.
К??ілге т?рлі ой салар,
?нді с?йсе? менше с?й.
?н: «С?лем са?ан ту?ан ел» ?нін ?лмираны? орындауында ты?да?ыздар.
1 - ж?ргізуші: И?, ?аза? хал?ы не деген философ десе?ші! Міне, артына с?з ?алдыр?ан бабалар ?сиеті не дейді екен.
2 - ж?ргізуші: Олай болса, ?лы ??ламаларды? с?зіне ??ла? салы?ыздар(сахна?а ?БУ - Насыр ?л - Фараби, Махм?д ?аш?ари, С?йінбай а?ынны? портретімен 3 о?ушы шы?ады
1 - ж?ргізуші:»?нерліні? ?рісі ке?» б?лімінде ма?ал мазм?нына ??рыл?ан
к?ріністі тамашалайсыздар.
К?рініс: « ?арынбас, Шиб?т, ?ылмойын» ертегісі
1 - ж?ргізуші«?рлы? т?бі – ?орлы?» деген осы да!
1 - ж?ргізуші: И?, ?рлы?ты бір жасайсы?, екі жасайсы?, ?шіншіде т?тыларсы?. М?ндай жаман ?деттен аула? болайы?, балалар!
2 - ж?ргізуші: Атам кітап мен д?птер,
А?ыл толы с?зінде
?ызы?ам да ?лбетте
К?шіремін ?зіме
1 - ж?ргізуші: Еш д?кенде сатылмас,
Тегін кітап атамыз
?анша о?ыса? сар?ылмас
?мір кітап - атамыз.
2 - ж?ргізуші: Жа?ар?аны сананы?,
?мытады м?ны кім?
?сиетін атамны?
М?ра т?тты? біз б?гін.
2 - ж?ргізуші: Десек те уа?ытпен жарыспайды,
?ия?а ?иялымыз ?арыштайды.
Ш?кірттер шын ж?ректен тебіреніп,
Аспанда к?к туымыз ?алы?тайды.
Хор: « К?к туды? желбірегені»
1 - ж?ргізуші: ??рметті ?стаздар, б?лдіршін ??рдастар б?гін біз бабалар ?сиетін
?асиетті ана тілімізде осылай жырлады?. Ы?ылас ?ойып ты?да?андары?ыз?а рахмет!

Теріса??ан орта мектебі

П?н м??алімі: Бабен М

2014-2015 о?у жылы

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«атаны? к?зі-а?ыны? с?зі»


Атаның сөзі – ақылдың көзі
Мақсаты:
Білімділік: Балалардың бойында әдептілік пен алғырлық, адамдық қасиеттерді қалыптастыру.
Дамытушылық: Балалардың мәнерлеп оқу дағдыларын, ұлы ғұламалар сөздерін жатқа, мәнін түсіне оқу дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: Жаман мен жақсыны ажырата білуге, аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: ғұламалар портреттері, мақал - мәтелдер, нақыл сөздер, ұлттық ою - өрнектер, гүлдер, шарлар.
1 - жүргізуші: Аяжан, бүгінгі кеш ерекше сияқты, айналаңа қарасаң саған бәрі ақыл айтып тұрғандай, оның үстіне қонақтардың алдында бір түрлі қысылып тұрамын.
2 - жүргізуші: Мадияр, несіне қиналасың? Алдымен амандасайық «Сөз атасы - сәлем» деген емес пе?
1 - жүргізуші: Армысыздар ұстаздар, ата - аналар!
2 - жүргізуші: Бармысыңдар балалар!
1 - жүргізуші: Бүгін біздің мектебімізде ұлттық тәрбиенің бір айшығы ретінде өткелі отырған «Атаның сөзі – ақылдың көзі» әдеби танымдық кешімізге қош келіпсіздер!
2 - жүргізуші: Ендеше, бүгінгі кешке келгендеріңізге тіптен де өкінбейсіздер, себебі, көптеген аталы сөздер мен ақылдың көзі, бабалар өсиетімен танысасыздар, әсем ән мен би де тамашалайсыздар.
1 - жүргізуші: Халқымның әні қандай, жыры қандай,
Шешеннің нәрі тамған тілі балдай
Шымырлап өн бойыңа тарайтұғын
Ал биі нәзік жанды балқытқандай, - деп «Қазақ» биін тамашалайсыздар!
1 - жүргізуші: Олай болса, көрермендерді кешіміздің барысымен таныстырайық. 1 - кезең «Мен атамның жалғасымын...»
2 - жүргізуші: 2 - кезең «Мақал - сөздің мәйегі»
1 - жүргізуші: 3 - кезең «Ескірмейтін есті сөз»(сахналық көрініс)
2 - жүргізуші: 4 - кезең «Алтын сақа» мақал жалғастыру ойыны
1 - жүргізуші: 5 - кезең «Асылдың сөзі - ақылдың кені»
2 - жүргізуші: 6 - кезең «Ұлылардан қалған ұлы сөз»
1 - жүргізуші: 7 - кезең «Өнерлінің өрісі кең» (сахналық көрініс)
2 - жүргізуші: Міне, құрметті көрермендер, біздің бойымызға халқымыздың тәлім - тәрбиесі ананың ақ сүтімен, әже өнегесімен, аталар ақылымен беріліп, өзіндік қасиетімізді қалыптастырады.
1 - жүргізуші: Атасының ерке қызы Жібектің орындауында «Балалық» әнін қабыл алыңыздар!
2 - жүргізуші: Мадияр, біздің балалар мақал - мәтел туралы не біледі екен? Олай болса, «Мақал – сөздің мәйегі» бөліміне кезек берейік.
1. Қазақ – ойға көсем, тілге шешен ақын халық. Мақал - мәтелдер қазақ халқының әдет - ғұрпын, ұғым - сенімін, дүниеге көзқарасын көрсететін өмір тәжірибесімен, тіршілік танымынан түйіп түзіледі.
2. Мақал - мәтелдер – атадан қалған асыл мұрамыз, ауызша жеткен халық шығармасы. Мақал - мәтелдер сөз мәйегі ғана емес, ұлт тәрбиесі құралы ретінде қолданылады.
3. Мақал - мәтелдер балаларды ұлтжандылыққа, отансүйгіштікке, бауырмалдыққа, батырлық, ерлік қасиетін ұғынуға, бойға сіңіруге көмектеседі..
1 - ші жүргізуші, Адамның сәні – өнер - білім, ақылы,
Жердің сәні – жеміс, өнім дақылы.
Сөздің сәні – өнегелі өткір нақылы.
Пікірдің сәні – ең пайдалы мақұлы.
1 - жүргізуші: Келесі кезекте «Ескірмейтін есті сөз» (Сахналық көрініс) А: Сәлеметсің бе, Ақторғын. «Сәлем – сөздің анасы» демекші сәлем беруге келдім.
Ақторғын: Амансың ба, Аяжан. «Қуыс үйден құр шықпа» деген тізеңді бүгіп, дәм ауыз ти.
Аяжан: «Сыйлап берген су, сатып алған балдан артық» дегендей отырайық.
Ақторғын: «Сыйға сый, сыраға – бал» демекші, өткенде өздеріңізге риза болып қайттық қой.
Аяжан: «Аз да бітер, көп те бітер, татулыққа не жетер» демекші - татулық пен ауыз бірлікке не жетсін.
Ақторғын: «Төртеу тату болса алар, алтау ала болса алдырар» деген ғой, о не дегеніңіз?
Ақторғын: «Тау - тауға қосылмас, адамға адам қосылар»- деген әлі кездесерміз. Сау бол!
2 - жүргізуші: Мадияр, біздің балалардың арасында ойлының ойлысы, тапқырдың тапқыры, жүйріктің жүйрігі бар шығар.
1 - жүргізуші: Оны қалай байқаймыз?
2 - жүргізуш і: Балалардың бұл қасиетін «Алтын сақа» бөлімінен байқайсыздар.
(екі жүргізуші қоржыннан мақал - мәтелдің жартысы жазылған асықтар алады да мақалдың бір жартысын оқиды. Қатысушы балалар мақалдың екінші жартысын жалғастырады)
1. Болат қынға тоқтайды,
Тентек көпке тоқтайды,
Жомарт жоққа тоқтайды.
2. Алғаш өз айыбыңды біл,
Кейін басқаға күл.
3. Аюды жеңген – жарты ер,
Ашуды жеңген – бүтін ер.
4. Дарақының күлкісі қанбас,
Жалқаудың ұйқысы қанбас.
Ұят бетті қызартады.
2 - жүргізуші: Келесі кезекте: «Асылдың сөзі – ақылдың кені»
1 - жүргізуші: Ассалаумағалейкум, Абыз баба,
Жасыңыз келіп қапты 120 - ға.
2 - жүргізуші: Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй.
Ән: «Сәлем саған туған ел» әнін Ұлмираның орындауында тыңдаңыздар.
1 - жүргізуші: Иә, қазақ халқы не деген философ десеңші! Міне, артына сөз қалдырған бабалар өсиеті не дейді екен.
2 - жүргізуші: Олай болса, ұлы ғұламалардың сөзіне құлақ салыңыздар(сахнаға ӘБУ - Насыр әл - Фараби, Махмұд Қашқари, Сүйінбай ақынның портретімен 3 оқушы шығады
1 - жүргізуші:»Өнерлінің өрісі кең» бөлімінде мақал мазмұнына құрылған
көріністі тамашалайсыздар.
Көрініс: « Қарынбас, Шибұт, Қылмойын» ертегісі
1 - жүргізуші«Ұрлық түбі – қорлық» деген осы да!
1 - жүргізуші: Иә, ұрлықты бір жасайсың, екі жасайсың, үшіншіде тұтыларсың. Мұндай жаман әдеттен аулақ болайық, балалар!
2 - жүргізуші: Атам кітап мен дәптер,
Ақыл толы сөзінде
Қызығам да әлбетте
Көшіремін өзіме
1 - жүргізуші: Еш дүкенде сатылмас,
Тегін кітап атамыз
Қанша оқысаң сарқылмас
Өмір кітап - атамыз.
2 - жүргізуші: Жаңарғаны сананың,
Ұмытады мұны кім?
Өсиетін атамның
Мұра тұттық біз бүгін.
2 - жүргізуші: Десек те уақытпен жарыспайды,
Қияға қиялымыз қарыштайды.
Шәкірттер шын жүректен тебіреніп,
Аспанда көк туымыз қалықтайды.
Хор: « Көк тудың желбірегені»
1 - жүргізуші: Құрметті ұстаздар, бүлдіршін құрдастар бүгін біз бабалар өсиетін
қасиетті ана тілімізде осылай жырладық. Ықылас қойып тыңдағандарыңызға рахмет!



Терісаққан орта мектебі

















Пән мұғалімі: Бабен М

















2014-2015 оқу жылы



Сыныптан тыс сайыс сабақ:
Қатысатын сыныптар: 5 - 10сыныптың оқушылары арасында
Сайыстың тақырыбы:«Өнерлі өрге жүзеді»
Сайыстың мақсаты: Оқушылардың іскерлігін, икемділігін нығайту. Эстетикалық талғамдарының дамуына ықпал жасау.
Түрі: Сайыс сабақ.
Барысы:
Талпынған әр шыңдарға жас таланттар
Білімнің ордасында ән қалықтар
Күтіп тұр арман қуған өрендерді
Шеберлікпен ойға толы сын сағаттар
- Армысыздар құрметті өнер сүйер қауым! Технология пәні бойынша өтетін «Өнерлі өрге жүзеді» атты сайысымзға қош келдіңіздер. Барлығымыз бүгінгі кеште жеңімпаз өнерлі топты бірге анықтайық.
Жол сілтеген биіктерге ұстаздарым
Іштеріңнен шығар әлі жаңа дарын
Әділдікті тек алған мақсат еткен
Таныстырам әділқазы алқаларын
Бүгінгі кештің әділқазы алқаларымен таныс болыңыздар.
Ал енді алдарыңызға бүгінгі сайыскерлерді шақырамыз. (Муызка ойналады, қатысушылар ортаға шығады. Әрбір топты аттарымен таныстырып өткізу)
5, 10 сыныптан құралған «Өнерлілер» тобы
6, 9 сыныптан құралған «Шеберлер» тобы
7, 8 сыныптан құралған «Іскерлер» тобы
Сайыстың бағдарламасымен таныстыру.
1. Таныстыру.
2. «Тапқыр болсаң тауып көр!» викториналық сұрақтар сайысы
3. «Шебер қол ештеңені таңдамайды» бұл жерде ер балалар қыздардың, қыздар ер балалардың жұмыстарын орындайды.
4. «Жанкүйерлер жарысы» көрермендермен сайыс
5. «Сал айнытпай болсаң егер суретші» әр топ алдарында тұрған адамды суреттеулері керек. Сурет салу сайысы.
6. «Сен сұлу»
І. ТАНЫСТЫРУ
Өнер қуып сайыскерлер өтсе дейміз
Бір басына өнерлеріне жетсе дейміз
Бәске түскен сайыскерлер кезектесіп
Таныстырып өздерін өтсе дейміз.
(Әр топ өздерінің таныстыруларын орындайды)
ІІ. «ТАПҚЫР БОЛСАҢ ТАУЫП КӨР!
Білім сайысы
Шарты: Әр топқа 8 сұрақтан қойылады. Егерде сұрақ қойылған топ жауабын білмей, оның жауабын басқа беремін десе сұрақ алушы топтан нар тәуекел сұралады. Нар тәуекел сұраған топ сұрақтың жауабын дұрыс берсе ұпай соларға қосылады. Егер дұрыс жауап бере алмаса ұпайларынан 10 ұпай шегеріледі. Егер сұрақ қойылған топ нар тәуекел бермей өздері дұрыс жауап берсе қоржындарына 10 ұпай қосылады. Егер жауап бере алмаса қоржындағы ұпайдан 10 ұпай шегеріледі.
І топқа сұрақтар:
1. Ұлттық киімдер қандай стиль түріне жатады? (Фольклорлық)
2. Бояуларды үлкен неше топқа бөлеміз? (2 топқа. Табиғи және жасанды)
3. Қалпақ, кимешек, шәлі, тұмақ бұлар қандай киімнің түріне жатады? (Бас киімдер)
4. Тігін машинасының әкесі кім? (Элиос Хоу)
5. Әртүрлі маталардың қиындыларын жапсырып, мағыналы көркем жұмыс орындауды қалай атайды? (Коллаж)
6. Салат қандай тағам түріне жатады? (Салқын)
7. Оюды үлкен неше топқа бөлеміз? (4 топқа. Жануарлық, ғарыштық, өсімдік тектес, геометриялық)
8. Бисердің Отаны? (Египет, АҚШ, Канада, Жапония)
ІІ топқа сұрақтар:
1. Киімге қосымша пайдаланатын ұсақ бөлшектерді қалай атайды? Мысалы, сумка, қолшатыр, көзәйнек, қолғап, әмиян т. б. (Акссесуарлар)
2. Қара, көк, жасыл, көкшіл, бояулар қандай түстерге жатады? (Суық түстер)
3. Халат, күрте, жейде, көйлек бұлар қандай киім түрлеріне жатады? (Иық бұйымдары)
4. Ең алғашқы тігін машинасын ойлап тапқан кім? (Леонарда да Винчи)
5. Стеклярустың бисерден айырмашылығ? (Ол түтікше болып келеді)
6. Іс тіккенде саусақтың ұшына киілетін затты қалай атайды? (Оймақ)
7. Түйе табан, қос өркеш, ботагөз, сынық мүйіз бұлар қай оюдың түріне жатады? (Жануарлық ою)
8. Әр нәрсені көркемдеп жобалау қалай аталады? (Дизайн)
ІІІ топқа сұрақтар:
1. Стильдің неше түрі бар? (4)
2. Қызыл, сары, қызыл сары, күлгін бояулар қандай түстерге жатады? (Жылы түстер)
3. Тон, ішік, пальто бұлар қандай киім түріне жатады? (Сыр киімдер)
4. 1900 жылы Ресейдегі Подольск қаласында тұңғыш тігін машиналар зауыты ашылды. Бұл зауыт қалай аталады? (Зингер)
5. Негізгі неше түс бар? (3 түс. Қызыл, сары, көк)
6. Көбінесе табиғатты суреттейтін суретші кім? (Айвазовский)
7. «Экология» ұғымын алғаш ұсынған неміс биологы кім? (Эрнесть Геккель)
8. Қайнар, жауқазын, жапырақ бұлар қай оюдың түріне жатады? (Өсімдік оюы)
ІІІ. «ШЕБЕР ҚОЛ ЕШТЕҢЕНІ ТАҢДАМАЙДЫ»
Бұл сайыста ер балалар қыздардың, қыз балалар ер балалардың жұмыстарын орындайды. Қыздар ағаш аралап, рамка жасайды. Қыздарға рамкаға қажетті ағаштар, шеге, балға, ара беріледі. Ұлдар нан жаяды. Ұлдарға иленген даяр қамыр, оқтау, құрғақ ұн беріледі. Уақыт 10 минут
ІҮ. «ЖАНКҮЙЕРЛЕР ЖАРЫСЫ»
Шарты: Жанкүйерлерге сұрақтар қойылады. Жауабын тапса ұпайын қалаған тобына бере алады.
1. Кестенің Отаны қай ел? (Қытай)
2. Ылғалды - жылумен өңдеу дегеніміз не? (Үтіктеу)
3. Юбканың қазақша атауы? (Белдемше)
4. Кестені, кілемді керіп қоятын арнаулы зат қалай аталады? (Кергіш)
5. Гравюра өнерінде оймалайтын аспапты қалай атайды? (Гравштихель)
6. Қандай түстерді араластыру арқылы ала алмаймыз? (қызыл, сары, көк)
7. Қазақтың ұлттық сүт тағамдарын ата? (айран, қаймақ, құрт, ірімшік, шұбат, қымыран, қымыз, уыз, қатық, ашыған көже)
8. Қазақ әйелдерінің, әжейлердің басты тұтас жауып тұратын бас кіиім қалай аталады? (Кимешек)
Ү. «САЛ АЙНЫТПАЙ БОЛСАҢ ЕГЕР СУРЕТШІ»
Топтардан екі оқушы шығып алдарында отырған адамға қарай отыра сурет салады. Қажетті заттар А4 қағазы түрлі түсті қарындаштар, қара қарындаш.
ҮІ. «СЕН СҰЛУ»
Топтағы 4 оқушы бірігіп көрермендер арасынан біреуді алып шығып киіндіреді, әрлейді, шашын сәндейді. Дайын болған кездеортада жүріп көрсетеді. Сөйтіп 3 топтың арасынан ең көркем безендірілген ару анықталады. Қай топтың жұмысы жоғары болса сол топқа жоғары ұпай қойылады.
ҚОРЫТЫНДЫ
Сөз кезегі әділқазыларға беріліп, жеңімпаз топ және басқа да қатысқан топтар мақтау қағаздарымен және арнайы сыйлықтармен марапатталады.

















Сабақ тақырыбы:Еңбекке келген бақытым

Сабақтың мақсаты: 

1. Оқушының өз қабілетіне қарай жеке тұлғаны еңбекке икемдеу, көзқарасын, сүйіспеншілігін қалыптастыру. Қоршаған ортаны жақсы тануға, қорғауға, түсінуге үйрету; 
2. Топпен жұмыстануда бірін-бірі тыңдай білу, ұйымшыл болу, белсенді, жауапты екенін түсіне білуге баулу; 
3. Бастаған ісін тиянақты орындауға, әр түрлі заттың бөлшектерін де пайдаға асыра білуге, үнемшіл, ұқыпты болуға, еңбек құралдарын дұрыс пайдалана білуге бағыт-бағдар беру. 
Сабақтың көрнекілігі: 
Еңбек папкасы, еңбек құралдары, шығармашылық тапсырмаларға қажетті құралдар. Хатқалталар. Мақал-мәтелдер. 
Еңбек сабағының қауіпсіздік ережесі: 
І.Ұйымдастыру бөлімі. 
ІІ.Қызығушылықты ояту. «Топқа бөлу» 
Алма, шие, жүзім, алмұрт (осы атаулармен аталған балалар топқа бөлініп отырады); 
Әр топтан 1 оқушы тұрып құрбыларының еңбектеріне сәттілік тілейді. 
ІІІ. Өткен сабақтың түрлерін еске түсіру. 
1. Табиғи материалмен жұмыс. 
2. Ағаш, сымтемірмен. 
3. Матамен. 
4. Қатырма қағазбен. 
5. Түсті қағазбен. 
6. Ермек сазбен. 
7. Сазбалшықпен. 
8. Фольгамен. 
Еңбек сабағының ережелерін пысықтау. 
1. Оқушылар еңбек сабағында қауіпсіздік ережелерін естен шығармау; 
2. Пайдалы материалды үнемдеп ұстау. 
3. Сәнді бұйымдарды жасай білу. 
4. Әр істеген ісінде уақытты тиімді пайдалана білу. 
5. Жұмыс орнын жинақы, таза ұстау. 
6. Есіңде болсын! 
7. Жасаған бұйымын әсем, әдемі болсын. 
8. Өз жұмысың таза, ұқыпты болсын. 
9. Ұшты нәрсенің, ұшын жоғары қаратып ұстмаса! Инені жастықшаға түйре. Қайшыны сабымен бер. 
10. Қолыңды сабындап жу. 
IV. топпен жұмыс. «Ұяшық таңдау» 
1-ұяшық: «Адамды адам еткен не?» Еңбек 
2-ұяшық: абай өлеңіндегі 5 асыл істі ата? 
3-ұяшық: Бейнетсіз (не) жоқ? (рахат) 
4-ұяшық: Енсең егін, ішерсің қалай? (тегін) 
V. Әр топтағы хатқалтадағы шашылған сөздерден еңбек туралы мақал құрастыру (ақылдасып 1 оқушы оқиды. 
1. Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей. 
2. Қолы қимылдаған адамға кедейлік жоқ, 
Аяғы қимылдаған адамға алыстық жоқ. 
3. Еңбекпен ер көгерер, жаңбырмен жер көгерер. 
4. Егін ексең жерге өкпелеме, еңбек етсең елге өкпелеме. 
5. Бейнетің қатты болса, татқаның тәтті болады. 
Мақалды жалғастыр. 
VІ. Сарамандық жұмыс. 
VІ. Сарамандық жұмыс. 
Оқушылардың жұмысына басшылық беру, түсіндіру, танысу. 
Ескерту, мадақтап отыру. Оқушыдан ненің бейнесін жасағанын сұрау, мәнін ашу, бағалау. 
Балалар біз мақал-мәиелді еңбектеніп, құрап шығардық. 
«Гүл өсірсең терлеп 
Мұның аты – еңбек. 
Кесте тіксең зерлеп, 
Мұның аты – еңбек» - дегендей бүгін біздер өз қалауымызша шығармашылық жұмыспен айналысамыз. 
Шығармашылық жұмыс дегеніміз – әр адам баласының өз ынта-жігерімен, қабілетімен жұмыстануы (шығармашылық жұмыс әртүрлі бағытта болатынын түсіндіру). 
VІІ. Жұмбақтар шешу. 
Жарқылдаған қос қылыш 
Қол тисе жоқ тыныш. 
(Қайшы) 
Кішкене өзі, мың көзді. 
(Оймақ) 
Тап-тап, тап жорға 
Табаны жоқ боз жорға. 
Желіп кетсе жеткізбес 
Жерге түссе таптырмас. 
(Ине) 
VІІІ. Топтау әдісі. 
Қуанышқа бөлейді Мұратқа жеткізеді 
Қорытындылау. 




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Технология (девочки)

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
атаны? к?зі-а?ыны? с?зі

Автор: Бабен Мейрамхан

Дата: 01.03.2016

Номер свидетельства: 301091


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства