kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ашы? саба?тар

Нажмите, чтобы узнать подробности

Елбасы  ?з  жолдауында  ел  болаша?ы  жастар  деген  болатын  Олай  болса  б?гінгі  партада  отыр?ан  о?ушылар?а  ?р  елді?  ?лтты?  та?амдарын  ?йрете  отырып, о?ушыларды?  ой -   ?рісін  дамыту,  ?р  елдерді?  м?дениеті, салт - д?ст?рі, ?лтты?  та?амы  туралы айта  отырып  эстетикалы?  тал?амын  дамыту  ма?сатында ж?ргіздім.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«ашы? саба?тар »

Атырау облысы.

Индербор кенті.

Оқушылар шығармашылығы орталығының «Ақ дастархан»үйірмесінің жетекшісі: Шакимова Гүлжан Жеңісқызы.

Сабақтың тақырыбы: Саңырауқұлақтарды өңдеу.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
Оқушыларға адам қорегінде саңырауқұлақтың атқартын рөлінің зор

екендігін түсіндіре отырып,оларды өңдеу тәсілін үйрету.
Дамытушылық
: Еңбекті ұйымдастыра отырып, олардың шығармашылық,

ізденімпаздық, сын тұрғысынан ойлау, еркін сөйлеу қабілеттерін

дамыту.
Тәрбиелік: шеберлікке, іскерлікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу, өз бетінше жұмыс

жасауға үйрету.
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, венн диаграмасы, ассосациясы, кубизм ББҮ әдісі,

сұрақ- жауап.
Сабақтың түрі: көкөніс туралы білімдерін жинақтау
Көрнекіліктер: нұсқау карта, буклет, қажетті құрал жабдықтар,жеуге жарамды

саңырауқұлақтар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
2.Оқушылар назарын сабаққа аудару
ІІ. Өткен сабақты қайталау, еске түсіру
1) Көкөністерді механикалық - аспаздық өңдеу.

2) Неге орамжапырақтарды тұзды суға салады?

3) Картопты турау пішіндері.

Жаңа сабақ «Қызығушылығын ояту»


С Майқұлақ (маслята)

А

Ң Түлкіжеді (лисичка)

Ы

Р Шикіжем (сыроешка)

А Қозықұйрық (шампиньон)

У Түбіртек (грузди)

Қ

Ұ Перделілер (пластичатые)

Л

А Қызыл саңырауқұлақ .

Қ

Т Ақ саңырауқұлақ.

А

Р Қалпақшасы бүріскен (сморчки)


Саңырауқұлақтардың құрамында ақуыздар, майлар, қант, минералды заттар,

дәрумендер А, С, Д, РР және В - тобы болады. Олар экстрактивтік заттарға

бай, сондықтан олардың дәмі тәтті, әрі хош иісті.

Саңырауқұлақтарды көже, тұздықтар,салаттар дайындауға кеңінен пайдаланады.

Тамақтану кәсіпорнына саңырауқұлақтар жас, тұздалған, кептірілген, шала

тұздықталған түрлерінде түседі.

Жас саңырауқұлақтарды алғашқы өңдеу тазарту жуу сорттау турау.

Кептірілген саңырауқұлақтарды іріктейді жуады 3-4 сағат салқын суға салу сүзіп алу пісіру.


Сарамандық жұмыс.

1.Тапсырмаға сәйкес жұмыс орнын белгілеу.

2. Әр жұмыс орнында қауіпсіздік ережелерін сақтау.

3. Нұсқау карта бойынша жұмысты бастау.

4. Оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуін қадағалау, бағыт – бағдар беру.

5. Жұмыс орнын жинау, тазалау.


«Саңырауқұлақ алаңы» салатын дайындау.


Қажетті азық - түліктер: 60 г қозықұйрық.

50 г картоп.

2 дана жұмыртқа.

25г пияз.

60г тұздалған қияр.

100г үгітілген ірімшік, майонез, аскөк.


Дайындалуы: Қозықұйрық пен пиязды ұсақтап турау, қуыру. Майын сорғытып, суыту. Жұмыртқа, қияр,картопты турап, бәрін араластыру. Үстіне үккіштен

өткізілген ірімшікті себу. Аскөкпен әсемдеу.



Жаңа сабақты бекіту

Саңырауқұлақтан дайындалатын тағамдардың сапасына қойылатын талаптар:

1. Пісірілген саңырауқұлақтар өз түсін, қалпын сақтап, жұмсақ болуы керек.

2. Дайындалған тағамдар дәмді, үнемді, пайдалы көз тартатындай әсемделген болуы

керек.

Үйге тапсырма: «Саңырауқұлақтан дайындалатын тағамдар» реферат.


Нұсқау карта. Тағамның аты: «Саңырауқұлақ алаңы» салаты.

қозықұйрық

аскөк

ірімшік

картоп

Қозықұйрық пияз жұмыртқа қияр картоп ірімшік а

жұмыртқа

пияз

қияр



Ұсақтап турау



Ұсақтап турау

Майын сорғытып,суыту

қуыру





Ыдысқа салу





Үстіне себу



әсемдеу





Сабақтың тақырыбы: Әлем халықтарының асханасы.

Білімділік: Оқушыларды әлем халықтарының ұлттық асхана ерекшеліктерімен

таныстыра отырып, тағамдарының дайындау технологиясын үйрету.

Дамытушылық: Тағам әзірлегенде шығармашылықпен орындауға, аспаздық

қасиеттерін, есте сақтау дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік: Әр ұлт өкілдерінің ерекшеліктерін ескеруге , мәдениетін ,салт-дәстүрін

құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндірмелі ,сұрақ-жауап, зертханалық жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі : слайд, плакаттар.

Сабақ барысы.

Сәлемдесу, сабаққа дайындықтарын тексеру, оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Жаңа сабаққа кіріспе: тақырыбы, мақсаты, маңыздылығы хабарланады.

Мұғалім: Белгілі бір ұлтқа ғана тән аспаздық тәсілмен ұлттық тағамдар дайындау

өнері қай халықта да бар. Бір ұлттың аспаздық шеберлігі екінші бір ұлттың

аспаздық шеберлігіне әрқашан игі әсерін тигізіп отырады, әйтсе де өзінің ұлттық

ерекшелігін де ешқашан жоймақ емес. Тағамның дәмінен басқа оның сыртқы түрі

де өте маңызды.

Ендеше, бірінші таныстығымызды қазақ халқының ең тойымды, ұлттық ет

тағамдарының басында тұратын «Бесбармақпен» таныстырайын.

«Бесбармақ» тойда, қонақасыға, сыйлы қонақтарға арнап дайындалады. Жіліктеп

бұзылған етті жуып, қазанға салады да, ет батып тұратындай етіп суық су

құяды. Содан кейін қазанды қатты жанған отқа қойып, сарқылдатып қайнатады,

бетіне шыққан көбігін алып тастап,шамалап тұз салып, отын аздап басып 1-1,5

сағат ет әбден піскенше шымырлатып қайнатады. Ет әбден піскен соң табаққа

сорпасынан бөлек қотарып алып, тартылған табақтың санына қарай мөлшерлеп

тұздық әзірлейді. Ол үшін сорпаға қара бұрыш, дөңгелектеп туралған пияз салып,

ыдыстың бетін жауып бұқтырып қояды. Ет туралып болған соң тұздықты еттің

үстіне құяды. Әдетте кәделі жіліктермен бірге сыйлы қонақтарға малдың басын,

(қой), ірі қараның шекесін, қазы, қарта, жал-жаяны табаққа бірге салып

береді.Сонымен бірге қамыр, бітеу пісірілген картоп қосуға да болады.

Келесі аялдама: Жапон тағамы «Суши»

Суши табиғи әрі үйлесімді, сонымен қатар, әлемдегі ең салауатты деп есептелінетін күріш  және соя – бұл барлық дерлік тағамда күтуге болатын құрам бөлшектер. Жапон асханасы таң қалдырады және оның түрі мен құрамы бойынша қарапайымдылығы мен қатаңдығы кез келгенге жарай бермейді. Жапониядағы ас – бұл тек адамның қажеттілігін қанағаттандыру ғана емес, сонымен қатар эстетикалық және мистикалық тану. Сонымен қатар, тағамның керемет келбеті тудыратын сезімдер және де сезім мен жүректің көңіл-күйі әрі жағдайлары маңызды болып табылады.

Уылдырық қосылған суши рецепті – оның арқасында жапондық тағамдар бүкіл әлемді тамсандырған тамақ. Классикалық нұсқада сірке суымен дәмделген күріш пен балықтан, теңіз өнімдерінен, көкөністер мен көбінесе таза жапондық басқа құраушылардан тұрады.

Өнімнің сипаттамасы

  • 9 қасық сушиге арналған күріш  көлемі 10 x 4 см 9 нори балдыры

  • 3 шай қасық қара уылдырық

  • 3 шай қасық қызыл уылдырық 

  • 3 шай қасық сары уылдырық

  • 1 шай қасық васаби – ащы желкек

Құрамдас бөліктері:
  • Сушиге арналған күріштен білікшелер жасап, васаби жағу керек.
  • Күріш білікшелерінің әрқайсысын нори 1 см-ге шығып тұратындай, ал күріш ішінде болатындай етіп, нори қиығына орау керек .
  • Әрбір орамаға шай қасық уылдырық салу керек. Дайын суши порциясын жасыл жапырақпен безендіріп, тақтайдың үстіне салып беру керек.

Келесі аялдама итальяндық тағам  «Тирамису».

Тирамису – бұл басытқы екінші таңертеңгі асқа беру үшін тамаша тағам. Классикалық түрде тирамису суытылып эспрессо кофесіне беріледі.Тирамису басытқысы тіпті ең талғамды дәмдерді қанағаттандыра алады. Таңқаларлығы, оны дайындау жеңіл .

Өнімнің сипаттамасы

100 мл амаретто 
60 г маскарпоне сыры 
6 қасық ерітілген кофе 
4 жұмыртқаның сарысы 
120 г қант ұнтағы 
250 г бисквит 
2 стакан су 
какао

Құрамдас бөліктері
  • Жұмыртқаның сарысын гоголь-моголь болатындай етіп, қантпен араластыру керек. Сонан соң маскарпоне қосып, әрі қарай қоюлағанша араластыру керек.

  • Шамалы мөлшерде су құйылған тостағанда кофені ерітіп, суытып, алдымен амаретто, сонан соң суытылған қайнаған су қосу керек. Дайындалған пуншта бисквиттерді жұмсарту керек және бисквиттер қабаттарын маскарпонеден жасалған крем қосып салып, оларды ыдысқа салу керек.

  • Тоңазытқышқа салып, қабаттарының кремді сіңіруін күте тұру керек.

  • Беру тәсілі

  • Дастарханға қоюдың алдында басытқының үстіне какао себу керек.

Келесі аялдама Қытай асханасы . Фу-юнг омлеті.

- Омлетті дайындау үшін дәмі аса нәзік болуы, ал тамақ ауызға салғанда еріп кетуі

үшін, тауық жұмыртқаларының ағуыздарын ғана пайдаланады. Бұл омлет

Штаттарда өте жақсы мәлім.

Фу-юнг омлеті - Штаттарда ерекше мәлім, оның атауы тамаша лотос гүлінен шыққан және сөзбе-сөз аударғанда бұл - "ақ лотостың күлтелері"дегенді білдіреді.

Өнімнің сипаттамасы

Омлет: 
6 жұмыртқа 
200 г пісірілген тауықтың төс еті 
200 г мунг үрме бұршағының жаңа шыққан өсінділері 
100 г қозықұйрық 
100 г балдыркөк 
1 пияз
көк пияз сабақтары 
тұз, бұрыш 
күнбағыс майы
Тұздық 
½ стакан тауық етінің сорпасы 
2 ас қ. соя тұздығы 
1 ас қ. күріш шарабы 
1 ас қ. жүгері ұны 
3 ас қ. су 
1 ас қ. күнбағыс майы 
ақ бұрыш

Құрамдас бөліктері
  • Тауықтың етін кішкентай бөліктермен кесу, қозықұйрықты жұқа тілімдермен кесу, балдыркөкті ұсақтау керек. Мунг үрме бұршағының өсінділерін қосып, барлығын араластыру керек. Пиязды ұсақтап, вок табасында күнбағыс майын қыздырып, алдымен пиязды қуыру, сонан соң қалған ингридиенттерді қосу керек.

  • Араластыра отырып, тұз бен бұрыш қосып қуыру керек. Оттан алып, суытуға қалдыру керек. Жұмыртқаны жарып, қуырылған етке қосу керек. Мұқият араластыру керек. Тағы да вокта күнбағыс майын қыздырып, дайын массаны құю керек. Қалақшамен екі жағын қозғап тұрып қуыру керек. Омлет қуырылғанда, екінші жағына аударып, шеттері қызарғанға дейін қуыру керек.

  • Тұздық: кастрюльде сорпаны қайнатып, соя тұздығын, шарап пен бұрышты қосу керек. Газды сөндіру керек. Ұнды сумен араластырып, тұздық қоюланғанша, үнемі араластырып тұрып, ақырындап кастрюльге құю керек. Күнбағыс майын қосып, тағы да араластыру керек.

  • Тұздықты тағы да қыздырып, араластырып, оны омлеттің үстіне құйып,ыстық күйінде беру керек



Келесі аялдама: Түрік асханасы. Döner kebab

Экмек нанымен бірге беретін, грильде қыздырып пісірілген, сиыр етінен дайындалған түрік тамағы.

Döner kebab – түрік асханасының ішіндегі ең әйгілі тамақтардың бірі. Ол араб шавермасына немесе грек гиросына ұқсас, бірақ кебабтың негізгі құрамдас бөліктері, оның қоспалары сияқты олардан ерекшеленеді.

Өнімнің сипаттамасы

300 г қырыққабат (қызыл және ақ) 
100 г салат жапырағы 
1 жас қияр 
1 үлкен пияз 
4 қызанақ 
тұз 
бұрыш 
1 қызыл бұрыш 
2 қасық кубик сорпасы (ұсақтау) 
500 г ет (сиыр еті қалаулы болады) 
5 қасық өсімдік майы 
1 Ekmek түрік наны

Құрамдас бөліктері
  • Қызыл және ақ қырыққабат жапырақтарын, қиярмен бірге жұқалап кесу керек, сонан соң ұсақталған кубик сорпасын сеуіп, араластыру керек.

  • Қызанақ пен пиязды кесу керек.

  • Табада майды қыздырып, пиязбен араластырылған етті қуыру керек.

  • Дәмі бойынша дәмдеу және ет қытырлақ болғанша қуыруды жалғастыру керек.

  • Нанды ұзынынан төрт бөлікке кесіп, бірнеше минут қыздырып пісіру немесе қуыру керек.Нан жылы болғанда, оны етпен және қалған құрамдас бөліктермен толтыру керек. Барлығының үстінен түріктің дәстүрлі сарымсақ-йогурт тұздығын құю керек.



Үйге тапсырма: Döner kebab тағамын дайындау.

































































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Технология (девочки)

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
ашы? саба?тар

Автор: Шакимова Гульжан женисовна

Дата: 23.11.2014

Номер свидетельства: 134289


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства