kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ашы? саба?.Та?ырыбы: Киім ж?не о?ан ?ойылатын талаптар

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ма?саты: а) білімділік: о?ушыларды киімге, маталар?а, б?йымдар?а ?ойылатын талаптармен таныстыру, киімді кутіп, тазалауды айтып, т?сіндіру;

?)дамытушылы?: Адам м?сіні бойында?ы ба?дарлы? н?ктелер ар?ылы ?тетін ке?істік линияларды ойша ж?ргізе білуді дамыту?а жа?дай жасау.

б) т?рбиелілік: Ж?мыс жасау кезінде зейінділікке, жауапкершілікке, д?лдікке т?рбиелеуге жа?дай жасау.

Саба? т?рі:  т?сіндірме

Саба? типі: аралас

К?рнекілігі: плакат, слайд, киімдер

П?наралы? байланыс: химия,

Саба? барысы:

1.?йымдастыру кезе?і

2. ?й тапсырмасын тексеру

-«?арлы кесек» ойыны
1. Тігін машинасыны? т?рлерін ата?ыз. (?ол машина, ая? машина, электрлі машина, арнайы машина).
2. Тігін машинасыны? жобасын ?сын?ан кім? (Леонардо да Винчи)
3. Матаны ыл?алды – жылумен ??деу дегеніміз не? ( Матаны ?тіктеу)
4. Ресейді? ?ай?аласында Зингер зауыты ашылды? (Подольск)
5. Тігін машинасыны? атасы? (ЭлиосХоу)
6. Тігін машинасы мен ж?мыс кезіндегі ?ауіпсіздік ережелері?
7. ?азіргі заман?а ??сас тігін машинасын ойлап тап?ан ?алым? (Исаак Зингер)

(Бір о?ушы машинаны? ??рлысымен таныстырып, саба?талуын к?рсетеді)
 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ашы? саба?.Та?ырыбы: Киім ж?не о?ан ?ойылатын талаптар»





Маңғыстауоблысы

Мұнайлы ауданы

№ 6 жалпы орта білім беретін мектебінің технология пәнінің мұғалімі

Утемисова Жанат Бигараевна

Тақырыбы: Киім және оған қойылатын талаптар

Мақсаты: а) білімділік: оқушыларды киімге, маталарға, бұйымдарға қойылатын талаптармен таныстыру, киімді кутіп, тазалауды айтып, түсіндіру;

ә)дамытушылық: Адам мүсіні бойындағы бағдарлық нүктелер арқылы өтетін кеңістік линияларды ойша жүргізе білуді дамытуға жағдай жасау.

б) тәрбиелілік: Жұмыс жасау кезінде зейінділікке, жауапкершілікке, дәлдікке тәрбиелеуге жағдай жасау.

Сабақ түрі: түсіндірме

Сабақ типі: аралас

Көрнекілігі: плакат, слайд, киімдер

Пәнаралық байланыс: химия,

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі

2. Үй тапсырмасын тексеру

-«Қарлы кесек» ойыны
1. Тігін машинасының түрлерін атаңыз. (қол машина, аяқ машина, электрлі машина, арнайы машина).
2. Тігін машинасының жобасын ұсынған кім? (Леонардо да Винчи)
3. Матаны ылғалды – жылумен өңдеу дегеніміз не? ( Матаны үтіктеу)
4. Ресейдің қайқаласында Зингер зауыты ашылды? (Подольск)
5. Тігін машинасының атасы? (ЭлиосХоу)
6. Тігін машинасы мен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері?
7. Қазіргі заманға ұқсас тігін машинасын ойлап тапқан ғалым? (Исаак Зингер)

(Бір оқушы машинаның құрлысымен таныстырып, сабақталуын көрсетеді)
II. Сергіту сәті

3. Жаңа сабақ

Киім – адамның денесіне киюге арналған бұйым, жасанды жамылғы түрлері. Киім адамды қоршаған ортаның, табиғаттың түрлі әсерлерінен қорғайды. Оның тұтыну мәнімен бірге ғұрыптық және белгілі бір мақсатқа қызмет ететін маңызы бар. Жақсы киінуге ұмтылатын кісіге жинақылық, тазалық қасиеттер тән болу керек.

Үтіктелмеген, дақ түскен, кей жерлері майланып кеткен киімдерді, жағасы мен жеңі кірлеп, қыртыстанған жейдені киюге болмайды. Түймелердің дұрыс және берік қадалуын, киімдегі тесілген, жыртылған жерлерді жамап, тігіп отыруды ұмытпау қажет. Синтетикалық киімді киюдің кажеті жоқ, әсіресе жазды күні. Өйткені адам денесінің терлеуіне байланысты тер киімге сіңбей тері үстінде болып бірнеше жұқпалы ауру тарататыны микробтардың ұясына айналуы мүмкін.
Маусым ауысқан кезде бұйымдарды жуып, тазалап, үтіктеп, күйеден сақтайтын препараттарды сеуіп, келесі маусымға дейін сақтап қояды.

Кітаппен жұмыс.

Оқушыларды топқа бөліп мәтінді оқыту (4-5мин).

Адам өзін жайлы, сенімді сезіну үшін киім ыңғайлы, әдемі болу керек. Қолдануына қарай киім түрлерінің бөлінуі:

Сырт киім

Жеңіл киім

Іш киім

Жағажай киімі

Бас киімі

Киімдер ассортиментіне қарай үшке бөлінеді
- Сырт киім,

  • Жеңіл киім,

  • Іш киім.

Іштен киетін киім денеге жабысып тұрады. Оған басты талап – таза болуы, ылғалды жақсы сіңіруі және еркін жіберуі керек. Күндіз киген іш киіммен түнде ұйықтауға болмайды. Іш киім әдемі, ыңғайлы, мықты болып, қимыл-қозғалысқа кедергі келтірмеуі керек.

Іш киім тігуге келесі мата түрлері қолданады:

  • Тығыздап тоқылған,

  • Біркелкі боялған,

  • Қандай мата болмасын (мақта-мата, зығыр, жібек), барлығы да ағартылуы керек.

Жеңіл киім – іш киімнің сыртынан киілетін барлық киімдер (блузкалар, юбкалар, көйлектер, халаттар, көкірекшелер, қамзолдар).

Сырт киім – жеңіл киімнің сыртынан киетін барлық киімдер (пальто, плащ, куртка, тондар).

Қандай да болмасын бұйымға бірқатар талаптар қойылады.

Олардың ішіндегі негізгілері:

Дәптермен жұмыс

Эстетикалық талаптар: киім әдемі болуы керек; қазіргі заманғы сән бағытына сәйкес болуы керек; адамның жеке дене құрылысы мен жас ерекшеліктерін ескеруі керек.

Гигиеналық талаптар: киім жайлы микроклимат жасауы керек; жеңіл, жұмсақ, мықты, қыртысталмауы керек; қозғалыс, дем алу, қан айналымы еркіндігін қамтамасыз етуі керек; жеңіл жуылуы, тазалануы, үтіктелуі керек.

Эксплуатациялық (пайдалану талаптары): киімнің түрлі атмосфералық әсерлерге, суға, жуу құралдарына, тазалауға және де оның матасының тігуге төзімділігі. Киімнің пайдалану ұзақтылығы оны кию шарттарына байланысты болады.

Киімнің адамға ұзақ қызмет етуі оны кию шарттарына және күтіп баптауына байланысты.

4.Қорытындылау

Сәйкестендіру тесті








1-ші топ

Іш киім


Іш киімнің сыртынан киілетін киім

Сырт киім


Жалаңаш денеге киетін киімнің барлығы

Жеңіл киім


Жеңіл киімнің сыртынан киілетін киімдер

2-ші топ

Эстетикалық талап


Киімнің түрлі атмосфералық әсерлерге төзімділігі

Гигиеналық талап


Киім әдемі, заманға сай болуы керек

Эксплуатациялық талап (пайдалану талбы)


Киім жеңіл, жұмсақ жайлы микроклимат жасау керек

5.Бағалау

6. Үйге тапсырма

86-бет. 18-тақырып (оқу)























Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Технология (девочки)

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Ашы? саба?.Та?ырыбы: Киім ж?не о?ан ?ойылатын талаптар

Автор: УТЕМИСОВА ЖАНАТ БИГАРАЕВНА

Дата: 10.03.2016

Номер свидетельства: 303735


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства