Бәйге ойыны бойынша жеті құпия (жеті пәннен сұрақ)
1.Биология.Егер тамақтан не нәрсе жетіспесе баланың дамуы күрт тежейді? Ол ересек адамдардың денсаулығын едәуір бұзады,еңбекке қабілетін нашарлатады,ағзаның тұмауға, жұқпал ауруларға қарсылығын кемітеді.Ол не? (Ақуыз,белок)
2.Медицина.Авитаминоз қандай ауру?
(Бұл ауру ұұзақ уақыт толық құнды тамақтанбаудан,иамақ құрамында тиісті дәрумендер болмауының нәтижесінде болатын ауру)
3.Әдебиет.
Үйірілген сары алтындай сары қымыз,
Ауруға ем, сауға қуат дәрі қымыз.
Елімнің социалистік сүйген асы
Шығаршы тағы нең бар дәрі қымыз,-деп жырлаған бір ғасырлық тарихы бар ақынымыз кім? (Ж.Жабаев)
4. «Дастархан» натюрмортының авторы кім? (Айша Ғалымбаева)
5.Музыка.Дастарқанға байланысты қандай әндерді білесің? («Датарқан-ау дастарқан», «Қазақы дастарқаны»)
6.Математика.Ертедегі ақылды кемпір өз үйін, малын қалай ұрылардан аман алып қалған? (Сапырып-сапырып, Сарманға бер, құйып-құйып Құрманға бер, төрдегі төртеуге бер, есіктегі екеуге бер,- деп аман алып қалған.
7.География.Төрт түліктің киелісі-түйе малының шыққан жері? (Орта Азия,Қазақстан)
3-тапсырма:Аспаз-маман. Ет және балықтан қандай тағам түрлерін дайындай аласың? (Оқушылар өздері дайындаған тамақ түрлерімен таныстырады.)
4-тапсырма.
1)Бас, жамбас, асық жілік, ортан жілік,сүбе, омыртқа салынған жасы үлкен беделді кісілерге жасалатын табақ түрі? (бас табақ)
2)Малдың басы,жамбасы,омыртқасы,қол жіліктің біреуі қабырға салынып,сыйлы адамдарға тартылатын табақ түрі (сый табақ)
3)асықты жілікпен,төс салынып тартылатын табақ түрі(күйеу табақ)
4)Ұлтабар мен жүрек салынып тартылатын табақ түрі(келін табақ)
5-тапсырма.
Асқа байланысты мақал-мәтел құрастыр.
1.Ел,таны,барда,асың, барда,атың,тоны,жер
2.Ас,жаман,ауруға,жақсы.
3.Аттама,үстінен,ас
Үлкен,емессің,астан.
4.Болады,ас,айран ішсең.
5.Ет,тісіңе,кіреді,түсіңе кіреді,жемесең.
6-тапсырма.
Естеде сақта. (оқушы ескертпесі)
Ет дайындауға арналған пайдалы кеңестер:
1)Шикі етті,піскен етті талшыққа көлденеңінен кесу қажет.
2)Сиырдың қатты етіне егер қайнатқанға дейін құрғақ қышаны бірнеше сағат бұрын жағып қойса жақсы піседі,әрі жұмсарады.
3)Ет нәрлі тағам,оны шамадан тыс артық жеуге болмайды.
4)жақсы қуырылған және піскен ет сүйегінен оңай ажыратылады.
5)Ет тез қайнау үшін сорпаға тұзды бірден салмай қайнай бастағаннан кейін 20-30 минут кейін салған жөн.
6)Мұздатылған етті баяу еріткен жөн.
7-тапсырма. Тест.
1.Қой етін мүшелегенде нешеге бөледі?
а)12 ә)13* в)15
2.Кәрі жілік малдың қай мүшесінде орналасқан?
а)санда ә)қолда* в)қабырғада
3.Бүйрекке жақын алғашқы төрт қабырғасы етек етімен алынатын мүше?
а)қабырға ә)бұғана в)сүбе*
4.Асықты жілік,ортан жілік,жамбас малдың қай мүшесінде орналасқан?
а)қолда ә)санда* в)арқасында
5.Бөлшектеп туралған балық неше минутта қуырылады?
а)5 ә)45 в)15*
6.Балық фаршнан не дайындап алуға болады?
а)паштет,котлет,тұшпара* ә)балық сорпасы в)омлрет
7.Ет құрамында қандай дәрумендер құрамы болады?
а)С ә) В тобы* в)Р
8.Тағамның энергетикалық құндылығы немен өлшенеді?
а)каллория* ә)килограмм в)грамм
9.С дәрумені қандай қышқыл деп аталады?
а)тұз қышқылы ә)аскорбин қышқылы* в)сода
8-тапсырма. Қортынды
Сандарды кішісінен үлкеніне қарай қойып, астындағы әріптерден сөйлем құра.
32
27
20
17
25
30
36
21
15
60
і
і
б
ә
т
ң
З
е
т
ы
75
42
49
45
54
40
н
ш
л
ы
с
а
ТӘБЕТІҢІЗ АШЫЛСЫН!
Бағалау.Үйге тапсырма:ас мәзірін үйрену қыз бала үшін қажет пе деген сауал төңірегінде өз пікірлерін жазу.
Совет Одағының Батыры Мәди Бегенов атындағы жалпы білім
беретін орта мектеп
«Қазақстан жолы- 2050:бір мақсат ,бір мүдде,бір болашақ»