білімділік: жобалау іс-әрекетіндегі өз ісін бағалауға, жұмыстың сапалы орындалуы, дайындаудың технологиялық бірізділігін баяндауға, өз жобасын қорғай білуге үйрету. Оқушыларға әр түрлі қалталардың сән үлгісінен, ерекшеліктерінен, қолданылуынан мағлұмат беру, жапсырма қалтаны өңдеу тәсілдерімен таныстыру.
дамытушылық: шығармашылық және ойлау қабілеттерін дамыту. Кәсіптік бағдарға қызығушылығын арттыру, қол, тігін машинасымен қалтаны бұйымға қондыруды үйрету, ойлау, талдай және түсіндіре білу қабілетін дамыту.
тәрбиелік: еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа, ұжымшылдыққа, эстетикалық талғаммен киім киюге, жолдастық өзара көмекке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: іскерлік пен дағдыны қалыптастыру.
Сабақтың әдісі: жаңа сабақты меңгеру, сарамандық жұмыс, жоба
Алжапқыш (алжағыш)- тазалық үшін алдына байлап алатын жұмыс адамының қосалқы киімі. Ертеде мал Алжапқыштың бұл түрі суық кезде пайдаланылды. Сондықтан да егделерге арналған түрі тек белден темен шалуға арналған доғал төртбұрыш емес, адамның сауырын, жонын жауып тұратындай қалқанды бөлігі коса сырылып тігіледі. Алжапқышпен белдемше зер, сауғанда, етік тіккенде т.б. жұмыста алға байлап алатын, омырауы бітеу, қолтығы оймалы жұмыс киімнің түрі. Темір ұсталары жұмыс үстінде теріден, көннен кейде кенептен жасалған.Алжапқышты пайдаланады. Алжапқыштың ұзындығы белден байлағанда көйлектің етегінен сэл кыска тұрады, ені адамның екі санына ілігетіндей, жоғары жағы доғал, етектерінің шетін сүйір етіп пішеді. Астар мен өң беті арасына киіз салып қалыңдатып, формасын сақтайтындай етті.теңге, күміс түйме, кестелі өрнектермен сәнделеді.
Адам тұтынатын киімдердің барлығы жүздеген ғасырлар бұрын пайда болған. Әдепкіде киім адамды тек суықтан қорғау қызметін атқарған. Соның ішінде алжапқышты ертеректе адамдар жұмыс киімдерінен басқа киім түрлері болмағандықтан үстерін ластанудан қорғау үшін киген. Қазіргі таңда да біз алжапқышты киімді ластанудан қорғау үшін, азық-түлікті инфекциядан қорғау үшін, яғни тазалық сақтау үшін өндіріс орындарында пайдаланамыз. Кез келген бұйымды тігу үшін, ең бірінші, оның сызбасын жасау қажет. Ерте кезде бұйымды көзбен жобалап, сызып, пішетін болған. Ол кезде киімдердің құрылымы қарапайым болған. Киім қиындыларының бөлшектері негізінен тікбұрышты төртбұрыштар болып келген. Жүре келе киім қиындылары күрделеніп, бұйым құрастырудың ортақ жүйесі шықты.
Жалпы алжапқыш қандай бөліктерден тұрады?
Кеуде бөлігі белдік аспа бау төменгі бөлігі қалта
Масштаб дегеніміз не?
Масштаб дегеніміз – бұйымның нақты өзінің өлшемінен сызбадағы өлшемнің неше есе үлкен, немесе неше есе кіші екенін көрсететін шама.
Өлшем алу туралы түсінік.
Алжапқыштың сызбасы және дене өлшемі
өлшем атауы
өлшем алу ережесі
Шартты белгілер
өз өлшемім
Кеуденің ұзындығы
Ось сызығы бойынша бел сызығынан кеуде безінің дейін
КҰ
Бұйым ұзындығы
Ось сызығы бойынша бел сызығынан қалаған ұзындыққа дейін
БҰ
Жартылай кеуде айналымы
Арқа жағынан жауырынның шығыңқы тұсынан, қолтық астын бойлай, алдыңғы жағынан кеуде безі үстімен
ЖКА
Жартылай бел айналымы
Бел сызығын қынаған жіп бойынша
ЖБа
Жартылай мықын айналымы
Бөксенің шығыңқы нүктесінен қарынның шығыңқы тұсы бойынша
ЖМа
Аспа бау ұзындығы
Кеуде безі үстінен иық ылдиымен мойынды айналдыра
Үй тапсырмасын бекіту.
Қолөнер туралы мақал-мәтелдерді жалғастырып, жұмбақтардың шешімін тауып, өткен сабақтар бойынша сұрақтарға жауап беру.
Бүгінгі ісіңді ... ... (ертеңге қалдырма).
Доғаң қисық ілінсе.
Құлақ баудан не пайда.
Дорбаң шала тігілсе, ... ...
(толтырғаннан не пайда).
Өз баласына тон піше алмаған,
... ... киіміне күлмес. (кісі баласының).
Талапсызбен тамыр болғанша,
... ... таныс бол. (талаптымен).
Жарқылдаған қос қылыш,
Қолға тисе жоқ тыныш. (Қайшы).
Киім деуге жатпайды,
Киімді кірден сақтайды. (Алжапқыш).
Қызып кетсе табаны,
Көзін қысып қалады (Үтік).
Тігін машинасының шығу тарихы туралы айту.
Тігін машинасының құрылымы туралы түсінік. (сұрақ-жауап).
Сөзжұмбақ
Тігін құралы
Қол тігістің түрі
Алжапқыш бөлігі
Уақытша біріктіріп тұратын тігіс
Машина тігісінің түрі
о
й
м
а
қ
қ
а
й
ы
п
б
е
л
д
і
к
к
ө
к
т
е
у
б
а
с
т
ы
р
а
IVЖаңа сабақ Кіріспе сөз
Қалталар ішкі және сыртқы болып екіге бөлінеді. Сыртқы қалталар – тілме, тілме емес, жапсырма қалталар болып бөлінеді. Тілме қалталар – қалпақшы, жапырақшалы, төртбұрышты, жиекті болып бөлінуі мүмкін. Тілме емес қалталар – жоспар тігіснде, бүкпелі жерлерде болады.жапсырма қалталардың формасы әр түрлі болып келеді, оларды бүктеп қойып, қақапақ және планка салып өңдейді.
Ішкі қалталарды өңір мен астардың жапсар тігісіне және осырау ішіне орналастырады. Қалталардың барлық түрі өңдеу тісілі жағынан алуан түрлі болып келеді. Біз бүгін қалталардың ішінде – жапсырма қалтамен танысамыз.
Жапсырма қалтаны өңдеу үшін:
Қалта
Сыртқы
Ішкі
Тілме
Тілме емес
Жапсырма
Өңір, астар
Жапсар тігіске
Омырау ішінде
Таңдаған қалта үлгісін матадан қиып аламыз;
Кесілген пішім ішке қарай ауыз жағынан 2см аралықта бүгіледі, ал іш жағынан 0,5см бүгіледі;
Тігістер үтіктеледі.
Қалтаны алжапқышқа орнату үшін:
Алжапқышқа қалта орнын белгілеу керек;
Қиып алған қалтаны алжапқышқа белгіленген жеріне көктеп қою керек немесе ағылшындық түйреуішпен екі жерден бекіту керек;
Қол машинасымен бастырып тігіп аламыз;
Тігістер үтіктеледі.
Қауіпсіздік ережесі
Қайшыны досыңа үшкір ұшымен берме.
Инені киімге қадауға болмайды.
Тігіс кезінде ине жібін тіспен үзуге болмайды.
Тігін құралдары арнайы қобдишада тұруы керек.
Жұмыс орнын таза ұста.
Сынған инені қағазға орап қоқысқа тастау керек.
Машинаның айналдыратын жерлеріне қайшыны, т.б. заттарды қоюға болмайды.
Жарық сол жағынан түсуі керек.
Жолдасың қайшымен жұмыс жасап жатқан кезде көңілін бөлуге болмайды.
Үтікті матаның қасиетіне қарай қыздыру керек.
Суды ауызбен бүркуге болады.
Тіккенде оймақпен тігу керек.
Сарамандық жұмыс. Қалтаны тігу.
Алжапқышқа қалта жапсыру және оны сәндеу.
V Жаңа сабақты бекіту
Қалтаның аузын қандай тігіспен тігеміз?
Қалтаның шететрін немен әшекейлеуге болады?
Қалта неше түрге бөлінеді?
VI Қорытынды бөлім
Жақсы жасалған жұмысты атап өту;
Жіберге қателерді талдау;
Бағалау. Жұмыс орнын жинастыру.
VII Үйге тапсырма
Үлгілермен жұмыстарды тігу, аяқтау;
Тігіс түрлерін қайталау.
1. Тігін машинасының түрлерін атаңыз.
2. Тігін машинасының жобасын ұсынған кім?
3. Мата неден тұрады?
1. Матаны ылғалды-жылумен өңдеу дегеніміз не?
2. Үтіктеу кезінде нені ескеру қажет? 3. Қол тігісінің түрлерін атаңыз.
1. Су бүріккіш пен дәке не үшін қажет?
2. Кесте тігу үшін қандай еңбек құралдары қажет?
3. Исаак Зингер қай жылдары тігін машинасын ойлап тапты?