kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Алжап?ышты модельдеу"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? ма?саты: о?ушылар?а та?дап ал?ан ?лгі бойынша алжап?ышты

?лгілеуді ?йрету

Міндеттері:

Білімділігі:О?ушылар?а алжап?ышты ?лгілеуде, б?йым пішінін ?згертуді? ?діс-т?сілдерін ме?герту;

Дамытушылы?ы:    Теориялы? білімдерін сараманды? ж?мыста пайдалана білу,

о?ушыларды ?з бетінше ізденуге да?дыландыру, оларды? ой

?рісін дамыту;

Т?рбиелігі: О?ушыларды ??ыптылы??а, тал?ампазды??а, икемділікке т?рбиелеу,?нерге деген ?ызы?ушылы?ын арттыру

Саба?ты? т?рі:          жа?а материалды ме?герту

Саба?ты? ?дісі:         т?сіндіру, к?рнекілік,

П?н аралы? байланыс: бейнелеу ?нері, математика, 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Алжап?ышты модельдеу"»


Сабақтың тақырыбы: "Алжапқышты модельдеу"

Сабақтың мақсаты: оқушыларға таңдап алған үлгі бойынша алжапқышты

үлгілеуді үйрету

Міндеттері:

Білімділігі:Оқушыларға алжапқышты үлгілеуде, бұйым пішінін өзгертудің әдіс-тәсілдерін меңгерту;

Дамытушылығы: Теориялық білімдерін сарамандық жұмыста пайдалана білу,

оқушыларды өз бетінше ізденуге дағдыландыру, олардың ой

өрісін дамыту;

Тәрбиелігі: Оқушыларды ұқыптылыққа, талғампаздыққа, икемділікке тәрбиелеу,өнерге деген қызығушылығын арттыру

Сабақтың түрі: жаңа материалды меңгерту

Сабақтың әдісі: түсіндіру, көрнекілік,

Пән аралық байланыс: бейнелеу өнері, математика,


Құрал - жабдықтар: жұмыс дәптері, үлестірмелі карточкалар, тігінші сызғышы, түрлі - түсті қағаз, желім, қайшы, қарындаш, интерактивтік тақта, байын алжапқыш үлгілері, т.б.


Сабақ барысы
І Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
ІІ Өткенді қайталау. Сөзжұмбақты шешу

  1. Мата түрі (мақта)

  2. Тігін машинасының түрі (қол)

  3. Тігін құралы (жіп)

  4. Тігін машинасының түрі (аяқ)

  5. Қол тігіс түрлері (қайып)

  6. Тігін құралы (оймақ)

  7. Мата түрі (зығыр)

  8. Тігін құралы (қайшы)

Қауіпсіздік техникалық ережесін қайталау.

ІІ Жаңа сабақ

  • Мына буклетте не көріп тұрсыздар?

  • Алжапқыштың қандай түрлері бар?

  • Айырмашылықтарын талдап беріңіздерші?

Оқушылар алжапқыштың айырмашылықтарын жіктеп, талдайды.

  • Сонымен бұйымға өзгерістер енгізуді не деп атаймыз?

  • Модельдеу.

  • Өткен сабақта біз алжапқыштың сызбасын құрғамыз. Бүгін «Алжапқыштардың ғажайып әлемі» туралы әңгімемізді жалғастырамыз. Бүгінгі сабақтың тақырыбы «Алжапқышты модельдеу».
    Бүгін барлығымыз сәнгер құрастырушы боламыз.
    Сабақтың мақсаты - таңдап алған үлгі бойынша алжапқышты үлгілеуді үйрену. Сәнгер – суретші, сәнгер - құрастырушы, тігін өндірісінің технологы, тігінші мамандықтарымен танысамыз.

Дәптерге тақырыпты жазғызу.

Жаңа сөздерді дәптерге жаздырту.

Лекало – қандай да бір бұйымды дайындаудағы кесінді.

Стиль – мәнер, сипат, ерекшелік.

Сән – өлшем, тәсіл қимыл бейнесі.

Модельдеу – таңдалынған модель бойынша бұйымның кесіндісіне қажетті өзгерістер енгізу.

Модель – суретшілермен, құрастырушы – модельермен дайындалатын бұйымның үлгісі.

Киім пайдалануына қарай:

  1. Тұрмыстық – күнделікті, сәндік, үй, спорттық, ұлттық.

  2. Өндірістік – арнайы және санитарлық киім.

Оқушылармен әңгіме жүргізу
Бұйымды өзгертуге бола ма?
Алжапқыштың бөліктерін қалай өзгертуге болады?
2. Мұғалім сөзі
Киімді құрау модельдеумен тығыз байланысты. Киім бөлшектерінің формаларын өзгерту және оларды көркемдеу модельдеу жолы арқылы орындалады. Бұйым бөлшектері форма бойынша бір - бірімен үйлесуі керек. Киімді дайындау және модельдеумен бірнеше кәсіптің мамандары айналысады. Олар:
Суретші - сәнгер – киімді үлгілейді. Мұндай жұмысты орындау үшін адамның дене пішінін, оның тепе - теңдіктерін, икемділігін білу қажет. Тігін ісінің технологиясын, сондай - ақ костюмнің құралу заңдылықтарын, тігіс, әрлеу сызықтарын түсіну керек.
Суретші – құрастырушы – сызбалар мен пішін бөліктерін дайындайды.
Тігін өндірісінің технологы – сызбаларға сәйкес киімді даярлау тізбектілігін әзірлейді.
Тігінші – тігін операцияларын орындайды.
Модельдеу – таңдап алған қалыпқа сәйкес пішін сызбаларын өзгерту процесі. Бұл – сәні мен қиюы жаңа киімді құрастырудың шығармашылық процесі. Модельдеудің бірнеше түрлері бар.
1. Көркем модельдеу – модельдердің жиынтығын құру, бұл жерде киімнің сәні мен стилін ескеруі керек, онымен суретші - сәнгер айналысады.
2. Техникалық модельдеу – эскиздер, суреттер бойынша сызбалар мен пішіндерді жасау, онымен сәнгер - құрастырушылар айналысады.
Кез келген сәнгердің жұмысы: “кім үшін – не үшін – неден” деген формуладан басталады.
Киім - пайдалануына қарай тұрмыстық, өндірістік, формалық болып бөлінеді. Тұрмыстық киімдер күнделікті, сәндік, үй, спорттық, ұлттық киімдерге бөлініп, өндірістік киімдерге арнайы және санитарлық киімдер жатады. Үйде немесе мектепте аспаздық жұмыстармен айналысқанда алжапқыш пен орамалды пайдаланған жөн. Алжапқыш киімнің алдын ластаудан сақтайды. Ал орамал шаштың бөгет болуынан, әрі ас әзірлегенде санитарлық - гигиеналық талаптарды сақтау үшін қажет. Алжапқышқа арналған мата түксіз, жеңіл, тез жуылатын, тігісі мықты болуы керек. Ең бастысы - шыттан, зығыр матадан тігілген бұйым тез жуылады, жақсы үтіктеледі, сырт көрінісі тартымды келеді. Киім тігерден бұрын алдымен қандай киім тігуді орналастыру керек. Содан кейін таңдаған киімді қандай сән үлгісімен тігетінді, соған лайық мата түрін таңдау қажет. Таңдаған матаның тігетін бұйымға өрнегі, түсі үйлесімді, сәйкес болуын естен шығармаған жөн. Осы кезде бұйымға қандай сәндік жұмыстар жүргізуді ойластырған жөн. Сәндеу үшін таспалар, сутаж, көмкерме тесьма қолданады.
Үлгілеу ережелері.
1. Алжапқыштың сызықтарын өзгерту кезінде бөлшектердің формалары әр түрлі болмауы керек екенін есте сақтау керек: егер төменгі жағы жартылай дөңгелек, үшбұрыш, тіктөртбұрыш болса, қалтасы немесе кеудесі дәл сондай формада болуы керек.
2. Егер алжапқыш түрлі - түсті матадан тігілсе, қиюын бір түсті ету қажет, сонымен бірге ол мата түсінің біріне сәйкес келуі керек.
3. Негізгі матаның суреті неғұрлым ірі, ашық түсті болса, қалтасының, етегінің суреті соғұрлым ұсақ болғаны дұрыс.
4. Ашық түсті маталарды ашық емес, ақ, қара, сұр түстермен үйлестіру керек.
5. Боз, түссіз маталарды ашық түсті қиындармен безендірген жөн.

ІІІ. Практикалық жұмыс
Үлгілеудің әр түрлі тәсілдерін үйрету
:
1. Көрнекіліктерден көрсету
- алжапқыштың төменгі бөлігін үлгілеу
- алжапқыштың қалталарын үлгілеу (нобайын салу)
2. Алжапқыштың моделін түрлі түсті қағаздан қиып құрау. Үш қатарға үш түрлі тапсырма беремін.

1-қатар – мектеп формасының алжапқышын үлгілеу;

2-қатар – шаштараз алжапқышын үлгілеу;

3-қатар – аспазшы алжапқышын үлгілеу.

Әр топ берілген тапсырманы орындап және оны қысқаша қорғайды.

  • практикалық жұмыс барысында ағымдағы инструктаж жасау;

  • үлгермеушілерге көмек көрсету

VI. Өткен тақырыпқа анализ жасау және бекіту.
1. «Модель» дегеніміз не?
2. «Үлгілеу» дегеніміз не?
3. Үлгілеудің қандай түрлерімен таныстыңдар?
4. Алжапқышты модельдеу нұсқаларын ата?
5. Көркем модельдеу деген не, ол жұмысты кім орындайды?
6. Техникалық модельдеу деген не, ол жұмысты кім атқарады?
7. Модельдеудің кезеңдерін атаңдар.
8. Матаға пішін бөліктерін қалай орналастыру керек?
VII. Сабақты қорытындылау
– Сабақтың мақсатына жеткенін хабарлау.
– Оқушыларды бағалау.
– Үйге тапсырма беру.
VIII. Үй тапсырмасы: Алжапқышты матадан пішуге пішім бөліктерін дайындау, шыт мата, жұмыс қорабы, инемен және қайшымен жұмыс қауіпсіздік ережелерін қайталау




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Технология (девочки)

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
"Алжап?ышты модельдеу"

Автор: Атауова Амина Беркиновна

Дата: 02.02.2016

Номер свидетельства: 286776


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства