Кез келген б?йымды пішуден, технологиялы? ??деуден б?рын, оны? к?ркемдік жобасын жасап алады. Киімді модельдеу – б?л оны? жа?а моделін жасау болып табылады. Модельдеу термині модель – «?лгі» с?зінен алын?ан. Суретші киімді модельдеу кезенде жа?а жоба ойлап табуы немесе б?рын?ы затты заман талабына сай жа?арту м?мкін. Сонымен ?атар суретші б?йымны? ?ажеттілігін, пішімін, т?сін, материал ?асиетін, ?азіргі заманны? с?н талабын ?мытпауы керек.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Әр топқа мәтін беремін.7 минут.Мәтінді мұқият, әрі ұқыпты оқуларың керек. Қазір
жанұяларыңа ақпараттарыңды дұрыс жеткізулерің керек. Оқушылардың сабақты түсінуі
сендердің берген ақпараттарыңа байланысты.
1-топ. Кез келген бұйымды пішуден, технологиялық өңдеуден бұрын, оның көркемдік жобасын жасап алады. Киімді модельдеу – бұл оның жаңа моделін жасау болып табылады. Модельдеу термині модель – «үлгі» сөзінен алынған. Суретші киімді модельдеу кезенде жаңа жоба ойлап табуы немесе бұрынғы затты заман талабына сай жаңарту мүмкін. Сонымен қатар суретші бұйымның қажеттілігін, пішімін, түсін, материал қасиетін, қазіргі заманның сән талабын ұмытпауы керек.
2-топ. Киім үлгілерін ойлап табушы және соны жүзеге асырушы адамды сәнгер (модельер) дейді. Сәнгер жаңадан ойлап тапқан модельді алдын ала графикалық іске асырады, нобайын жасайды. Нобайды ақ – қара түсті, сондай – ақ түрлі түсті етіп те жасауға болады. Нобай – бөлшектерге бөлініп өңделмеген бұйымның алдын ала жасалған үлгісі. Сонымен қатар (алжапқышта) модельдің екінші модельден айырмашылығы фасон деп аталады.
3-топ. Киімді тігуге кіріспес бұрын, біріншіден, оның көркем жобасын немесе жай ғана эскизін жасау керек – бұл кезең көркемүлгілеу кезеңі аталады; екіншіден, конструкция негізінің есебі мен сызбасы немесе жай ғана негізі жасалады – бұл жинақтау; үшіншіден, есептеу арқылы бүрмелер, қатармалар, иініштер, қалталар, ойықтар және т.б. анықтау – бұл техникалық үлгілеу.
Ал енді, негізгі және қосымша түсініктерді толтырамыз. Жанұяларыңа қайтыңдар. Негізгі түсінікке өздеріңнің алған, ал қосымша түсінікке топтан алған ақпараттарыңды ортаға салып, жазасыздар. Бірінші жұппен, одан кейін топпен ойласасыңыздар 10 мин.
1 жіңішке 1 жуан сұрақтар дайындаңдар.
Сарамандық жұмыс алжапқышты М1:4 модельдеу әр оқушы өздері ұнатқан модельдерін модельдейді, онда қайшымен қауіпсіздік ережелерін ұмытып кетпейік. Түс үйлесімділіктерін ескеруіміз керек. Сендерге 15 мин.Іске кірісейік.іске сәт. Ал, енді дайындаған модельдеріңізді тақтаға іліңіздер және осы галлерияға саяхат жасап жіберейік. Өз ойымызды ашық айта алуымыз керек. Тоқталып кетейік.
ІІІ. Ой толғаныс «Ассоцация» стратегиясын қолдану. Оқушылар сендер бүгінгі сабақтан модельдеу деген жаңа терминді үйрендіңдер. Ендеше осы сөзді сендердің қалай түсінгендеріңді білгім келеді.
Ерекшелеу өзгеріс енгізу әсемдеу
Модельдеу
Түрлендіру сәндеу пішімін өзгерту құрастыру
Топ басшылары оқушыларды бағалап, үйге жалғастыру.