Қауіпсіздік ережесі: 1.Инені абайлап ұстау. 2.Қайшымен ойнамау. 3.Ережеге бағыну Алжапқыш пен орамал пішу Киімді құрау модельдеумен тығыз байланысты. Киім бөлшектерінің формаларын өзгерту және оларды көркемдеу модельдеу жолы арқылы орындалады. Бұйым бөлшектері форма бойынша бір - бірімен үйлесуі керек. Киімді дайындау және модельдеумен бірнеше кәсіптің мамандары айналысады. Алжапқыштытікпес бұрын оның сызбасын құрастырып ,үлгі дайындалады.Ол үшін адам денесінің өлшем бірлігін сантиметрлік таспамен түсіріп алады.Өлшемді дұрыс түсіру үшін Дене бітімінің орналасуын білу керек және мынаны ескеру қажет: Өлшемді адам денесінің оң жағында тұрып түсіреді.Белін алдын ала жіппен буып қояды.Өлшем алатын адам тіке тұруы қажет.Өлшемдерді сантиметрлік таспамен түсіреді.Денені өлшегенде таспаны қатты тартуға немесе босаңсуға болмайды.Ұзындық өлшемдерін толық жазып алады.Айналым және ен өлшемдерін жартылай жазады. Алжапқышты құрастыру үшін өлшем бірліктер: Кұ – кеуденің ұзындығы. Тбұ-төменгі бөлшек ұзындығы Жба-жартылай бел айналымы. Жбөк.а – жартылай бөксе айналымы. Үлгілеу ережелері. 1. Алжапқыштың сызықтарын өзгерту кезінде бөлшектердің формалары әр түрлі болмауы керек екенін есте сақтау керек: егер төменгі жағы жартылай дөңгелек, үшбұрыш, тіктөртбұрыш болса, қалтасы немесе кеудесі дәл сондай формада болуы керек. 2. Егер алжапқыш түрлі - түсті матадан тігілсе, қиюын бір түсті ету қажет, сонымен бірге ол мата түсінің біріне сәйкес келуі керек. 3. Негізгі матаның суреті неғұрлым ірі, ашық түсті болса, қалтасының, етегінің суреті соғұрлым ұсақ болғаны дұрыс. 4. Ашық түсті маталарды ашық емес, ақ, қара, сұр түстермен үйлестіру керек. 5. Боз, түссіз маталарды ашық түсті қиындармен безендірген жөн. Үлгілеудің әр түрлі тәсілдерін үйрету: 1. Көрнекіліктерден көрсету - алжапқыштың төменгі бөлігін үлгілеу (қара. пр. 1) - алжапқыштың қалталарын үлгілеу (қара. пр. 2) |