Оқушыларға алжапқыштың қажеттілігі туралы түсінік бере отырып, алжапқыштың тігу тәсілдерін үйрету.
Оқушының іскерлігін, өз бетінше ізденуге дағдыландыру қабілеттерін дамыту.
Еңбек қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, ұқыптылыққа, тазалыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: тақырыптық суреттер, бір түсті мата, қайшы, ине, жіп.
Сабақтың типі: аралас
Сабақ түрі: дәстүрлі
I. Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу
Оқушыарды түгендеу
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару
II. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі
Оқушылардың жасаған жұмыстарын тексеріп, мадақтау
III. Білімді тексеру кезеңі
Мата бетінің құрылымын қалай анықтайды?
Алжапқышты қандай матадан тігеміз?
Алжапқыш бізге не үшін қажет?
Қандай машина тігістерінің түрлерін білесіңдер?
IV. Мақсат қою кезеңі.
Сабақтың тақырыбын таныстыру, мақсатын хабарлау.
V. Материалдарды түсіндіру кезеңі.
Алжапқыш –киімді лас болудан қорғану үшін қолданылады. Кез келген бұйымды дайындау үшін оның сызбасын жасау керек. Ал сызбаны дайындау үшін адам денесінің өлшемін алу қажет. Ол үшін адам денесінің өлшем бірлігінің сантиметрлік таспамен түсіріп алады. Өлшемді дұрыс түсіру үшін дене бітімінің орналасуын білу керек және мынаны ескеру керек. Өлшемді адам денесінің оң жағында тұрып түсіреді. Өлшем алынатын адам тік тұру керек. Денені өлшегенде таспаны қатты тартуға немесе босаңсытуға болмайды. Ұзындық өлшемдерін толық жазып алады. Алжапқышты құрастыру үшін келесі өлшем бірліктерді түсіреді.
Дененің негізгі сызықтары.
Алжапқыш бірнеше бөліктен тұрады: кеуде, белдік, төменгі бөлік, қалта. Сонымен қатар алжапқышты кеудешесіз тігуге де болады.
Кұ – кеуденің ұзындығы. Бел сызығынан жоғары қажетті ұзындыққа дейін түсіріледі.
Тбұ – төменгі бөлшек ұзындығы. Бел сызығынан төмен қарай қажетті ұзындыққа дейін түсіріледі.
Жба – жартылай бел айналымы. Көлденең денені бел сызығынан айналдыра түсіреді. Өлшеп белдіктің ұзындығынан анықтау үшін қолданылады.
Жбөк.а – жартылай бөксе айналымы. Бөксені көлденеңінен айналдыра түсіреді. Өлшем алжапқыштың төменгі бөлігінің енін анықтау үшін қолданылады. VI. Жаңа сабақты түсінгенін тексеру кезеңі
1. Сызбада неліктен жартылай өлшемде орындалады? 2. Алжапқыштың ұзындығы қалай анықталады? 3. Матаның қандай түрлерін білесіңдер? 4. Алжапқыш бізге не үшін қажет? 5. Еңбек қауіпсіздік ережелерін айтып беріңдер?
VII. Бекіту кезеңі (практикалық)
Практикалық жұмыс орындамас бұрын, қайшымен және матамен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасы ережесімен таныс болуымыз керек.
Матамен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік ережелері;
Инелерді белгілі бір жерде сақтау;
Қайшыларды қаптарында сақтау;
Алжапқышты тігіп үйренейік.
Сабақты қорытындылау:
Біз бүгінгі сабақта алжапқышты тігудің тәсілдерін үйрендік. Оқушыларды бағалау.