Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей
Күні: 09.09.2015ж Пәні: технология Сыныбы: 7
Сабақтың тақырыбы: Балық және теңіз өнімдері.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға балық және теңіз тағамдарымен таныстыру;
Дамытушылық: оқушылардың теориялық білімдерін практика жүзінде қолдана білуге дағдыландыру;
Тәрбиелік: қыз баланы үй шаруашылығына икемді болуға, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, сұрақ - жауап
Сабақтың көрнекілігі: плакат № 1, 2, буклет
Сабақ барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі.
а) Сәлемдесу, оқушылардың көңіл - күйіне, денсаулығына баса назар аудару.
ә) Cабаққа қатысуын бақылау: жоқ оқушыларды белгілеу, кезекшілерді анықтау, құралдарын тексеру.
II. Өткен материалды еске түсіру.
а) үй тапсырмасын сұрау:
ә) өткен материалды пысықтау:
1. Дастархан басында өзін - өзі ұстау мәдениеті дегеніміз не?
2. Орындықта қалай отыру керек?
3. Майлық дегеніміз не?
4. Тамақ ішіп болған соң майлықты қай жағына қояды.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Балық еті – дәмділігі мен бойға жұғымдылығы жағынан одан асып түсетін ас. Ет тағамдарына қарағанда балық тағамдары әсіресе балық сорпасы сіңімді болғандықтан, оны пайдаланған кезде асқазан шырыны көп бөлінеді.
Балық етінің құрамындағы белоктың көлемі 15 %- тен 26 % аралығында болғанда, бағалы болып есептеледі. Балықтың белогінде 20 түрлі амин қышқылы болады, оның 8 - і (лизин, метионин, триптофан, валин, лейцин, изолейцин, треонин, фенилалин), адам организмі үшін өте қажетті зат болып есептеледі. Балықта 0, 1 - 30 % май, 0, 9 - 2 % витаминдер мен минералдық заттар болады. Сүтқоректі жануарлардың майына қарағанда балықтың майы сұйық болады, өйткені оның құрамында зат алмасуына маңызды роль атқаратын қанықпаған май қышқылдары көп болады.
Балық – өте бағалы тамақ өнімі. Балық етінде ақуыз, минералдық заттар, майлар мен дәрумендер бар.
Балық ақуызы бойға тез сіңеді (≈ 95 - 98 %).
Майы аз жас балық пайдалы.
Майлылығына қарай балықтарды 3 топқа бөледі:
- Арықтауы: нәлі балық (треска), хек;
- Орташа майлы: теңіз алабұғасы, камбала, скумбрия, ставрида;
- Майлысы: майшабақтар.
Балықтардың минералдық құрамы әр алуан. Теңіз балықтары йодқа бай. Балық тез бұзылады, сондықтан оны тоңазытқышта ұстайды, тұздайды.
Мұздалған балықтар өзінің бастапқы сапасын жоймайды. Балықты сақтау мерзімін қадағалаңдар.
Ет дайындамасы – жартылай дайындалған ет.
Үй тапсырмасы: Балықтан жасалынған тағамдардың пайдасы мен зиянын анықтау.
Тексерілді: _______________________________
Күні: 13.10.2015ж Пәні: технология Сыныбы: 5
Сабақтың тақырыбы: Фзиология және тиімді тамақтану
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға тамақтану физиологиясы туралы түсінік беру;
Дамытушылық: оқушыларға теориялық алған білімдерін күнделікті тіршілікте пайдалана білуге үйрету;
Тәрбиелік: оқушыларды тәртіптілікке, қарым - қатынас мәдениетіне, өзіне деген сенімділігіне тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, сұрақ - жауап
Сабақтың көрнекілік құралы: буклет, слайд
Пәнаралық байланыс: биология
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлеметсіздер ме, қыздар! Отырыңыздар. Оқушыларды түгендеп, сабаққа қажетті материалдарды тексеру.
ІІ. Үй тапсырмасы.
1. Қауіпсіздік техникасын ата.
2. Инемен қауіпсіздік техникасын айт.
3. Қайшымен қауіпсіздік техникасын айт.
4. Тігін машинасымен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережесі қандай?
ІІІ. Жаңа сабақ.
Тамақтану дегеніміз – организмнің тіршілігін, денсаулығын және еңбекке қабілеттілігін сақтау үшін қажетті қоректік заттарды сіңіру процесі. Адам ағзасы тамақпен бірге тіршілік әрекетіне қажет нәруыздар, майлар, көмірсуларды, сондай - ақ биологиялық белсенді заттар – дәрумендер мен минералды тұздарды алады. Ағзаға түскен тамақты қорытуда ас қорыту жүйесі үлкен рөл атқарады. Тамақты нәруыздарға, майларға, көмірсуларға, оларды өз кезегінде жай заттарға ыдыратады.
Бұл заттардың барлығы ас қорыту жолында сіңіріліп, қан мен лимфаға, яғни ағзаның сұйық ортасында түседі.
Адам өмірінде дұрыс және тиімді тамақтану маңызды рөл атқарады. Тамақ алуан түрлі болуы керек: еттен және балықтан жасалған тағамдар, сүт тағамдары, көкөністер мен жеміс - жидектер, өсімдіктекті және жануартекті майлар.
Тамақтану мәдениетіне ерекше назар аудару керек. Тамақты күнде бір мезгілде ішкен дұрыс, сонда тамақ едәуір толық қорытылады.
Санитарлық - гигиеналық талаптар.
Тамақты дайындау кезінде оған ағзаға зиянды, ауру тудыратын микробтар түсіп, тамақтан уланып қалмау үшін санитарлық - гигиеналық талаптарды сақтау керек.
Бөлмелер мен жабдықтарға қойылатын талаптар
1. Асүй бөлмесі таза болуы қажет. Ылғал шүберекпен үнемі сүртіп отыру керек.
2. Таза ыдысты жабық шкафка немесе жабық сөрелерге қою керек.
3. Тамақ қалдықтарын қақпағы бар шелекке салып, дер кезінде шығарып отыру қажет.
Тамақ дайындайтын адамға қойылатын талаптар
1. Тамақты алжапқыш тағып дайындау керек.
2. Қолды тазалап жуу қажет.
3. Шашты жинап, орамал тартып алу керек.
Тамақты жасауға қойылатын талаптар
1. Мерзімі өтіп кеткен азық - түліктерді пайдаланбау керек.
2. Азық - түлікті бөлуге, турауға жеке - жеке тақтайлар қолданылады.
3. Тамақ әзірлеу алдында азық - түлікті мұқият жуып, тазалайды және турайды.
4. Тотығатын металдан жасалған және сыры кеткен ыдысты пайдалануға болмайды.
Азық - түлікті және дайын тамақты сақтауға қойылатын талаптар
1. Азық - түлік пен дайын тамақты жабық ыдысқа салады, мерзімінен артық сақтауға болмайды.
2. Тез бұзылатын азық - түлікті тоңазытқышта сақтайды.
3. Сақтау мерзімі өтіп кеткен, ескірген азық - түлікті тамаққа пайдалануға болмайды. Бұдан адам уланып қалуы мүмкін.
Қауіпсіздік ережелері
Электр қуатымен жұмыс істейтін аспаптарды пайдалану
1. Электр қуатымен жұмыс істейтін аспаптарды отқа төзімді тұғырға қою керек.
2. Электр плиткасының сымдары жерге қосылуы керек.
3. Ток көзіне қосатын баудың жұмысқа жарамдылығын алдын ала тексеріп алған жөн.
4. Аспаптың айыртығынын құрғақ қолмен ұстап қосып – ажырату қажет.
5. Жұмыс соңында электр аспабын ажырату керек.
ІІІ. Жаңа сабақты бекіту.
1. Тамақтану физиологиясы дегеніміз не?
2. Адамның өмір сүруіне тамақтану қандай маңызды қызмет атқарады?
3. Тамақтану мәдениеті дегенді қалай түсінесіңдер?
4. Қандай дәрумендерді білесіңдер?
ІҮ. Сабақты қорыту. Міне, бүгін тамақтану физиологиясын таныстық. Қалай тамақтану керектігін, санитарлық - гигиеналық талаптарды білдік.
Ү. Үйге тапсырма. Тиімді тамақтану жолдарын түсініп оқу. ҮІІ. Оқушылардың білімін бағалау. Оқушылардың сабаққа белсене қатысып, сұрақтарға жауап беруіне қарай білімдерін бағалау.
ҮІІІ. Жұмыс орнын ретке келтіру.
Тексерілді: _______________________________
«Технология» пәнінен оқу бағдарламасы
Технология 10, сынып аптасына – 1 сағат, жылына – 34 сағат
|
Күні: 16.09.2015ж Пәні: технология Сыныбы: 7
Сабақтың тақырыбы: Пирог, тәтті тоқаштардың жасалу жолдары
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: қазақ халқының тәтті тағамдарының ерекшеліктерін, ұлттық тағамдардың даярлау технологиясының әдіс - тәсіл жолдарын үйрету;
Дамытушылық: оқушылардың қазақ халқының тәтті тағамдар туралы білімдерін, қызығушылығын, еркін сөйлеу, ойлау қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелік: оқушыларды ұлттық салт - дәстүрді сақтауға баулу. Тағам жасаудың тәсілдерін үйрету кезінде тазалыққа, ұқыптылыққа, үнемділікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі:түсіндіру, сұрақ - жауап, әңгімелеу, топпен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі:қазақы дастарқан, слайд, қажетті құрал жабдықтар: пышақ, тақтай, тәрелке.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
Бүгінгі дастарқанымыздың басты мәзірі қазақтың тәттілері болмақ. Осы уақытқа дейін назарыңызға ет және сүт тағамдарын ұсынсақ, бұл жолы «ұлттық тәтті тағамдары» дейтін тіскебасар туралы айтпақпыз.
Қазақтың өз десерті де, тосабы да, шоколады да бар
Құрт-май тосабы
Қай қазақтың үйі болмасын келген қонағының алдына алдымен бауырсақ, құрт-ірімшік, сары май, қаймақ, жент-талқан, өрік-мейіз, жеміс-жидек қойып, қою сүт қатқан шай ұсынады. Соңынан қуырдақ, асықпаса молынан ет асады, қона жатса қой сояды. Осы пейілімен дастарқанын майлы, қонағының көңілін жайлы етеді-ақ. Мұны қазақ кәдесінде «дастарқан дәмі» дейді екен. «Дастарқан дәмінің» ажырамас бөлігі әрине тәттілер. Бүгінгінің жеміс тосабы қалай тіл үйірсе, қазақтың тосаптары да сондай дәмді. Мәселен, құрт-май. Бұл тәтті тағам – тосаптың бір түрі. Дайындалу әдісі де аса қиын емес. Кәдімгі ашып кеткен сүтті ысырап етпей, одан құрт қайнатамыз. Құрттың мөлшеріне тең етіп қант қосасыз, бұл қоспаға майлылығына әрі қалауыңызға қарай сары май қосып, тағы бір қайнатасыз. Дайын болған құрт-май шай ішуге ұсынылады. Қазақта тосап тек қана жеміс-жидектен ғана емес ағарғаннан да жасалған. Құрт-майдың дәмі балдай. Аса майлы тағамнан кейін шай ішуге ұсынылатын жеңсік ас. Майлы тағамның дәмі қыжыл туғызып, көп кекірткенде осы тәттіні жесеңіз майлы тағамның дәмін сезбейсіз. Тамсанып отырып, шайыңызды рахаттана сораптай беріңіз. Бірақ тосапқа май қосылғандықтан, аса құнарлы. Тез салмақ қосып алуыңыз мүмкін.
Ұлттық тағамымыздың бірі – жент. Бұл да тәттінің бір түрі. Бала күнімізде әжеміз дайындайтын тамаша тағам. Әсіресе ораза кезінде даярланатын тойымды тағамның бірі. Дайындау әдісі әр жерде әртүрлі болғанымен, дәмі бір. Жент тәттісін дайындау үшін қазанға сары майды ерітіп, тортасынан айырады.
Сосын оған тарының талқанын, бидай немесе арпаның жармасын, ірімшік, мейіз қосып араластырып қайнатады. Қазанның оты пәс болуы керек. Ірімшік әбден ерігенде жент дайын болады. Уақытпен есептесек 15-20 минут. Дайын болған жентті суытып, дастарқанға қоя беріңіз. Таңсық асты қысқа сақтауға да болады. Ол үшін жаңа қайнап болған жентті қалтаға не мал қарнынан дайындалған меске салып, аузын буып, салқын жерге іліп қоясыз. Айта кету керек, жент ағзадағы дәрумен тапшылығының алдын алады. Құрамындағы ірімшік Д дәруменінің көзі болса, мейіз қаназдықты емдейді. Ал май – қуат, жармалар ішек пен өт жолдарының жұмысын жақсартады. Ұзақ сақталған жент бүгінгінің шоколады іспетті.
Тапсырма:Қазір ұлттық тағамдар, жұмбақ, мақал - мәтел туралы кім көп білетінін байқап көрейік.
«Жұмбақтар» тақырыбының сұрақтары
1. Қар емес, қатты
Мұз емес, тәтті (Қант)
2. Айналада ақ отау
Ауызы, мұрны жоқ отау (Жұмыртқа)
«Ұлттық тамақ» тақырыбының сұрақтары.
1. Ең дәмді спагетти қай елде дайындалады? (Италияда)
2. Палау қай елде дәмді дайындалады? (Өзбекстанда)
3. Халқымыздың қонаққа беретін дәстүрлі тағамы. (Ет асу)
«Мақал - мәтелдер»
1. Ас үстінен аттама, астан үлкен емессің.
2. Ас тұрған жерде, ауру тұрмайды.
3. Ас - адамның арқауы.
4. Ас иесімен тәтті, тамағымен жақсы.
5. Нан - тамақтың атасы,
Сарамандық жұмыс жүргізу. Қауіпсіздік ережелерін еске түсіру.
Бүгін біз топқа бөліне отырып ұлттық тәтті тағамдар туралы, олардың дайындалуы жайлы толық танысатын боламыз. Сол топ бойынша тапсырмалармен жұмыс жасаймыз.
Сабақты қорытындылау.
Оқушылардың білімін бағалау. Оқушылардың сабаққа белсене қатысып, сұрақтарға жауап беруіне қарай білімдерін бағалау.
Үйге тапсырма: Басқа ұлттардың тәтті тағамдарына реферат жазу.
Жұмыс орнын ретке келтіру.
Тексерілді: _____________________________________
Күні: 30.09.2015ж Пәні: технология Сыныбы: 7
Сабақтың тақырыбы: Қазақ халқының дәмді және қүнарлы тағамдары «Түскі асқа дастархан әзірлеу».
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: салт-дәстүрге, ұлттық тағам атауларына байланысты жаңа сөздер арқылы тыңдаушылардың тіл байлығын арттыру,
Дамытушылық: тыңдаушылардың сөйлеу мәдениетіне, өзінше ойын білдіруге, біреудің пікірін тыңдай білуге, шығармашылықпен жұмыс істей білуге үйрету,
Тәрбиелік: тыңдаушылардың бойына ұлттық сезімді қалыптастыру, қазақ халқының табақ тарту мәдениетін үйрету .
Сабақтың техникалық құралдары: мультимедиялық кабинеттің қондырғылары
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Өткен сабаққа шолу
Жаңа сабақ түсіндіру.
Қазақ халқы асты өте жоғары бағалаған. «Ас- адамның арқауы» деген сөзді әрбір қазақ жақсы біледі. Қазақ халқы адам өмірінде тамақтың орнын тіршілікке қажетті құндылықтардың бәрінен де жоғары қойған. Асты құрметтеу мен бағалаудың жолын да, оны дәмді етіп дайындауды да жақсы білген.
Қазақтың ұлттық тағамдары
Қазақ-өте қонақжай халық, ол ұрпақтан-ұрпаққа жалғасуда. Қазақ халқы асты өте жоғары бағалаған, әрі қастерлей білген. «Ас –адамның арқауы», «Жаман ауру-жақсы ас», «Ас қадірін білмеген аштан өледі, ат қадірін білмеген жаяу қалады»-деп халық тегін айтпаған. Асқа байланысты салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар: соғымбасы, қонақасы, табақ тарту, сарқыт, сәлемдеме, түстену, асату, дәмеу, асар, ауыз ашар тағы басқалар. Дастарқанға қойылған дәмнен ауыз тимей кетуге болмайды. Қазақ дастарқанына көбінесе ұннан, сүттен, еттен жасалған тағамдар қояды.
Қазақ халқы еттен түрлі тағамдар жасаған. Ет тағамдары: шұжық, түйемеш,шыж-мыж, бұжы, сырбаз, сірне, қуырдақ, сүр ет т.б
Ұлт тағамдарының негізі –сүт тағамдары. Сүт тағамдарын халық бір сөзбен «ақ» деп атайды. Сүт тағамдарының қоректік қасиеті мол, әрі денсаулыққа пайдалы. Сүттен қымыз, шұбат, қатық,май, ірімшік, құрт, сүзбе, қаймақ, айран,уыз сияқты тағамдар жасаған.
Қазақ халқы «Дәнді шашпа, нанды баспа», «Жерде жатқан бидай дәнін көрсең, түйенің үстінен еңкей де теріп ал»- деп нанды аса құрметтеген. Ұннан жасалатын тағамдар : бауырсақ, шелпек,құймақ,таба нан,жайма, күлше т.
Мақал-мәтелдердің сәйкесін көрсету.
Біздің халқымыздың құрметті қонақтарына ұсынатын басты тағамы-қазақша ет. Қазақтар сыйлы қонаққа малдың басын тартады. Табақ тарту-үлкен өнер, елдікке сын. Қонақтың дәрежесі мен жасына, туыстық жолына қарай табақ тарту- бас табақ, сый табақ, орта табақ, аяқ табақ, күйеу табақ, келін табақ т.б болып аталады. Аталған табақтарға сай жілік (ет) мүшелері болады. Ол мүшелерді ауыстыруға болмайды. Табақ тартуға қазақтар ерекше көңіл бөліп отырған.
Тыңдалым бойынша тест тапсырмалары:
1. Мәтінде жоқ ақпаратты көрсетіңіз.
А) Қазақтың басты тағамы-қазақша ет.
В) Сыйлы қонаққа бас тартады.
С) Қымыз –денсаулыққа пайдалы сусын.
Д) Табақ тарту-үлкен өнер
2. Мәтінге сай сөйлемді аяқтаңыз.
Қазақтар сыйлы қонаққа малдың басын… .
А) қояды
В) береді
С) тартады
Д) алады
3. Мәтінде жауабы бар сұрақты табыңыз.
А) Қазақтар қонақ күтпей ме?
В) Қандай ет сізге ұнайды?
С) Бүгін бесбармақ дайындадың ба?
Д) Қазақ халқы қонаққа қалай табақ тартады?
Ү.Жаңа сабақты бекіту.
Әр топтан сабақтан алған ақпарат бойынша пікір айтылады, жалғастырылады т.б
Мысалы: Қазақ халқының ұлттық тағамдары әр түрлі екен. Қазақ халқы асты өте жоғары бағалаған. «Ас –адамның арқауы» дегенді балаларына айтқан.
ҮІ. Сабақты қорытындылау.
Тексерілді: _____________________________________
Күні: 07.10.2015ж Пәні: технология Сыныбы: 7
Сабақтың тақырыбы: Химиялық талшықтар, олардың қасиеттері. Жасанды және синтетикалық талшықтардар.
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: оқушыларға химиялық талшықтардың түрлерін, қасиеттерін түсіндіру, олардың өндіру технологиясымен таныстыру.
Дамытушылық: оқушылардың мата туралы түсініктерін дамыту.
Тәрбиелік: шеберлікке баулу, үнемділікке, тиянақтылыққа, әдемілікті сүйе білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, ізгілендіру диаграммасы.
Көрнекі құралдар: мата қиындылары, ине, қайшы
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сабаққа қажетті құралдарын дайындату. Сабаққа назарларын аудару, қызығушылықтарын арттыру үшін жұмбақ жасырамын.
1. Жарқылдаған қос қылыш,
қолға тисе жоқ тыныш. (Қайшы)
2. Кигізіп ап ұзын жіпті көзіне,
Киім тігіп береді ол өзіңе. ( Ине)
Қауіпсіздік ежелерін еске түсіру
Инені арнаулы қобдишаларда ұстау керек. Инені киімге қадауға, ауызға салуға болмайды.
Қайшыны арнаулы қобдишада ұстау керек, қайшыны ашық қалдыруға болмайды. Жолдасың қайшымен жұмыс істеп жатқанда көңілін бөлме.
ІІ. Оқушылардың білімін бақылау
Жаңа тақырыпты бастамас бұрын ізгілендіру диаграммасы арқылы оқушылардан:
- Не білемін?- деген сұраққа дәптерлеріне жауап жазғызамын.
Өздерің білетіндей, мата негіз жіптері мен арқау жіптерін өріп тоқу арқылы жасалады. Әрбір жіп бірнеше ширатылған жіңішке талшықтардан құралған. Тоқыма талшықтары өздерінің қасиеттері бойынша әр алуан. Олар шығу тегіне, құрамына және өндіру тәсіліне қарай ерекшеленеді.
Сендер өткен кластарда өсімдіктекті мен жануартекті маталармен таныстыңдар. Табиғи маталар денсаулыққа пайдалы табиғи талшықтардан тоқылады, бірақ оларды өндіру - мол еңбектенуді қажет ететін және аса қымбат процесс. Химиялық талшықтардан жасалған маталарды өндіру аз еңбекті қажет етеді және арзан.
ІІІ. Жаңа сабақ
ХVІІ ғасырда ағылшын ғалымы Роберт Гук бірінші рет талшықтарды химиялық жолмен алуға болатындығы туралы айтты. Ал 1753 жылы М. В. Ломоносов түрлі түсті шыны әзірлеу үшін тәжірибелер жүргізді және лағыл шыны жасауға қол жеткізді. Сонда ол жасанды талшықтардан өнеркәсіптік өндіру тәсілін табуға талпынды.
Тұңғыш рет химиялық талшықтарды 1853 жылы ағылшын Аудермас алған, ал 1891жылы француз Шардонне алғашқы болып осы тәріздес жіптердің өндірісін ұйымдастырады. Ежелгі Египетте оларды әшекей үшін пайдаланған. Жасанды жібек өндіру бойынша бірінші зауыт Ресейде 1913 жылы, Мәскеу түбіндегі Мытищи қаласында тұрғызылды.
Қазіргі уақытта химиялық талшықтардан мата өндіру кезінде оларды әртүрлі үлеспен табиғи талшықтарға қосып отырады, сонда матаның қасиеттері жақсарып, матаның жаңа түрлері пайда болады.
Химиялық талшықтар. Жасанды Синтетикалық. Табиғи органикалық
материалдарды (ағаш, мақта целлюлозасы) әртүрлі
химиялық заттармен: қышқылдарымен арнайы өңдеу арқылы алады. Синтетикалық талшықты әртүрлі заттарды: мұнай, таскөмір, табиғи газ және ілеспе мұнай газын, ауылшаруашылық және және целюлоза - қағаз өнеркәсібінің қалдықтарын химиялық өңдеу арқылы алады
Мұндай талшықтарға нитро - жібек, вискозалы және ацетатты жібек жатады Бұл заттардан жоғары малекулалы шайыр алынады, олар синтетикалық талшықтарды (нейлон, капрон, лавсан, т. б.) өндіруге қажетті бастапқы материал болып табылады
Химиялық талшықтардан иірілген жіпті үш кезеңнен тұратын күрделі технология бойынша алады:
Иіру ертіндісін алу, талшықтарды қалыптау және өңдеу.
Бірінші кезең - бастапқы материалдардан химиялық жолмен сұйық және жабысқақ иіру массасын алу.
Екінші кезең - алынған масса химиялық талшық жасалатын жіп иіру машинасына түседі. Осы машинадағы сүзгілер көмегімен дайын массадан талшықтар түзіледі. Бір машинада 60 - 100 сүзгі болады. Олар өте ұсақ саңылаулары бар шағын металл қалпақша түрінде болады. Сүзгідегі саңылаулар саны 24 - 36мыңға дейін.
Үшінші кезең – талшықтарды өңдеу. Алынған жіптер жуудан, құрғатудан, иіруден, термиялық өңдеуден өтеді. Кейбір талшықтарды ағартады, бояйды және жұмсарту мақсатында сабын ертіндісімен өңдейді.
Химиялық талшықтарды жасау ерекшелігі сол, оның қалыпталу процесі бір мезгілде оны иіру де болып табылады.
Сыртқы түрі әдемі, табиғи маталарға ұқсас келеді. Өңі күңгірт немесе жылтырлау. Мақтаға қарағанда ылғалды жақсы сіңіреді, бірақ төзімділігі жағынан тозуға бейім. Вискозалық талшықтан айырмашылығы - шикізаттың сірке немесе күкірт қышқылымен өңделуінде. Асетум латын тілінен аударғанда – сірке қышқылы, сондықтан талшық ацетатты деп аталады.
Ацетатты талшықтардан жасалған маталар табиғи жібекке ұқсас, өте әдемі, өң жағы жылтырлау, созылғыш, қыртыстанбайды, пішінін жақсы сақтайды. Ацетат қатты қызуға төзбейді, 210 С темп. бүрісіп қалуы мүмкін
Кемшілігі: ылғалды жағдайда беріктігін жоғалтады(50%); тез отырып, қатты қыртыстанады Ылғалды жағдайда беріктігін жоғалтады; ауаөткізгіштік және ылғалсіңіргіштік қасиеті нашар полиамидті полиэфирлі полиакрилонитрилді
капрон, дедерон, нейлон лавсан, полиэстер нитрон, акрил, эластан(лайкра)
Ең берік талшықтар, ылғал күйінде де беріктігін сақтайды. Қолмен сипағанда қаттылау, өң жағы тегіс, беріктігі жоғары, жууға төзімді, өңі кетпейді, аз қыртыстанады, күйе түспейді, өтектеуді қажет етпейді. Берік, жұмсақ және иілмелі талшықтар, қыртыстанбайды, оларды маталардың беріктігі мен созылғыштығын арттыру үшін әртүрлі талшықтармен жиі араластырады. Бұйымдағы қатпарлар жуу мен тазалаудан кейін де сақталады. Лавсан талшықтарын табиғи талшықтарға (жүн, мақта, зығыр) қосып, көйлекке арналған маталар,, трикотаж шығарады Ең төзімді, берік, жылы, үлпілдек талшықтар. Олардан жасалған маталар жүнге ұқсас, трикотаж бұйымдарын, иірілген жіп дайындау кезінде пайдаланылады. Жүн, мақта, вискозаға қосып көйлектік және костюмдік маталар әзірленеді.
Капрон маталардың кемшілігі: жоғары температураға төзбейді, сусымалылық, сетінегіштік, ылғалсіңіргіштік. Таза күйінде лавсанды жіптер, техникалық маталар, жасанды тері, кілем жасау үшін қолданады. Кемшілігі жоғары температураға төзбейді. Эластанды. көбінесе басқа талшықтармен қосып пайдаланылады. Денеге жабыстыра киетін шалбар, джинсы, трикотаж, шұлық жасау кезінде қолданады.
Түрлі талшықтардан жасалған мата қасиеттерінің салыстырмалы сипаттамасы
ІІІ. Практикалық жұмыс
Материалдар мен құралдар: химиялық талшықтардан жасалған мата үлгілері, жұмысқа қажетті құрақтар, ине, қайшы, су құйылған ыдыс, оқулық, дәптер.
Жұмыстың орындалу реттілігі:
• Маталардың үлгісін қарастыру. Сыртқы түрі бойынша анықтау.
• Әрбір үлгіні қолмен қысып, матаның қыртыстануын анықтау.
• Инемен матаның шетінен бірнеше жібін суырып, матаның тарқатылу дәрежесін анықтау.
• Суырған жіпті үзіп беріктігін анықтау.
• Мата үлгілерін ылғалдап, олардың беріктігін құрақ матаның беріктігімен салыстыру.
• Жұмыстың нәтижелері бойынша әр оқушы матаның қасиеттерін кестеге толтыру
Кесте
Қыртыстануы Тарқатылуы Беріктігі Талшық түрі
ІV. Жаңа сабақты бекіту
1. Химиялық талшықтарды алу үшін қажетті шикізат түрлері?
2. Қандай талшықтарды жасанды деп атайды?
3. Сендердің киімдерің қандай матадан тігілген?
4. Мата талшықтарын білу үшін нені білу керек?
5. Синтетикалық маталар қандай қасиеттерге ие?
6. Жаздық көйлектерге арналған маталардың құрамы қандай болуы керек?
7. Вискозалық талшықтардан жасалған маталардың кемшіліктері?
V. Қортынды
Оқушыларды бағалау. Үйге тапсырма беру.
Тексерілді: _____________________________________
Күні: 01.12.2015ж Пәні: технология Сыныбы: 5
Сабақтың тақырыбы: Мата жасау технологиясы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі; матаның қасиеттері туралы түсінік беру,таныстыру.
Дамытушылығы; оқушылардың ойлау қабілетін арттыру,пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелілігі; эстетикалық талғамға, шапшаңдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап.
Көрнекіліктері: фотосуреттер, плакаттар, топтамалар,т.б.
Сабақтың барысы;
1.Ұйымдастыру бөлімі;
- Сәлемдесу. Оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындығын тексеру/.
2. Өткенді қайталау.
3. Жаңа тақырып.
Мата жасалатын талшықтар табиғи (мақта, кендір, жібек, жүн т.с.с.), жасанды немесе синтетикалық болуы мүмкін. Талшықтардан жасалған жіптер иірілген, қатты немесе бос, үлпілдек болуы мүмкін. Маталар құрылысы бойынша маталық және тоқыма-трикотаждық болып бөлінеді.
Маталардың түрлерін балалар киімінің өндірісінде пайдалану, олардың физикалық-гигиеналық көрсеткіштеріне: қалыңдығы, массасы, көлемдік массасы, кеуектілігі, ауа- және буөткізгіштігі, гигроскопиялылығы, ылғалсақтағыштығы, гидро- және липофильділігіне және жылуөткізгішітігіне байланысты болады.
Матаның қалыңдығы - миллиметрмен өлшенеді және негізінен матаның жылусақтағыштық қасиетіне тікелей әсер етеді. Қалыңдығы жоғары маталардың құрамында жылу өткізгіштік қасиеті өте төмен ауа көп болады. Яғни, мата неғұрлым қалың болса, соғұрлым жылы болады (мыс. бәтес-0,1мм, драп-5мм, табиғи жүн-30-50мм). Көлемдік масса - матадағы тығыз заттар мен ауа құрамының қатынасын анықтайды, 1см3 матаның граммен алынған массасы. Бұл көрсеткіш төмен болған сайын, матаның массасы жеңіл болады. Көлемдік масса сонымен қатар, қалыңдығы бірдей маталардың жылусақтау қасиетінің критерийі болып табылады, яғни, көлемдік массасы төмен маталар жылылау болып келеді . Кеуектілік - кеуектілік көлемінің берілген матаның жалпы көлеміне пайызбен алынған қатынасы арқылы анықталады және ол көлемдік масса көрсеткішімен тығыз байланыста болып келеді. Матаның кеуектілігі оның жылылық қасиетін анықтайды, өлшенеді және матаның кеуектілігінен сүзу арқылы секундына ауа өткізу қабілетін көрсетеді. Әртүрлі киімдерді өңдеуге арналаған маталардың, ауа өткізгіштігі әртүрлі болады. Мысалы, салқын ауадан сақтану үшін күз және қыс киімдерінің сыртқы қабатының ауа өткізгіштігі төмен болуы керек. Жаздық киімдер жақсы желдетілетін, яғни, ауа өткізгіштігі барынша жоғары болуы керек. Бу өткізгішітік - 1м2 матадан сағатына өтетін су буының көлемі, граммен өлшенеді және матаның киім астында тұрақты түрде пайда болып тұратын су буларын (мата талшықтарына сіңірілуі арқылы) өткізу қабілетін анықтайды. Әсіресе, жылу беруі, негізінен булану арқылы жүретін ыстық климаттық аймақтарға арналған киімдердің бу өткізгіштігі өте жоғары болғаны дұрыс. Гигроскопиялылық - матаның су буларын сіңіру қасиеті, пайызбен алынады. Жақсы гигроскопиялылық іш киімдерге арналған маталардың жақсы қасиетіне жатады. Тері сыртына пайда болатын тер тамшыларын сіңіреді. Атмосфералық ылғалдылықтан, жылу жоғалту қасиетінен сақтану үшін, қыс және күз киімдерінің сыртқы қабатына арналған маталардың гигроскопиялылығы төмен болғаны дұрыс. Су сіңіргіштік - матаны суға салып қойғандағы су сіңіргіштігі, пайызбен алынады. Ылғалдық әсер еткен кезде ауаөткізгіштікті белгілі деңгейге жеткізіп, жылылық қасиетінің өзгеруін төмендететіндіктен, матаның кеуектілігінің белгілі бөлігінің бос болуының маңызы өте зор. Гидрофильділік - матаның суды толық және жылдам сіңіріп алу қасиеті, пайызбен алынады. Дененің тері қабатына тиіп тұратын және тері бетіне пайда болатын су буларын сіңіретін маталардың гидрофильділігі жоғары болғаны дұрыс .
Гидрофобтық (суланбайтын) - гидрофильділікке қарама-қайшы қасиет. Сыртқы киімдерге әсіресе қар, жаңбыр, тұмандардан қорғануға арналған киімдердің гидрофобтығы жоғары болуы керек.Липофильділік - матаның тері бетіндегі майларды өзіне сіңіріп алу қасиеті, пайызбен алынады. Әсіресе синтетикалық маталарға тән қасиет, талшықтар арасындағы ауа өтетін кеуектіліктер тығыздалып, матаның физикалық-гигиеналық қасиеттері төмендейтіндіктен, олардың нашар қасиеті болып табылады. Жылуөткізгіштік - матаның жылусақтау қасиетін сипаттайды; бұл көрсеткіш төмен болған сайын, матаның жылылық қасиеті жоғарылайды.
Жылулық қарсылық - жылуөткізгіштікке қарама-қайшы қасиет, температура өзгерісі 10С болған жағдайда, 1м2 матадан 1ккал жылу өтетін уақытпен (сағатпен) өлшенеді және жылу өткізгіштікке кері шама болып табылады.Балалар киімін дайындау үшін табиғи талшықтардан жасалған маталар және қатал түрде СанНменЕ сәйкес келетін химиялық талшықтар қосылған маталар алынады. Балаларға арналған басқадай заттарға жасанды жүндер мен синтетикалық жылу сақтағыштарды (желімденген, көлемдік, ине өтетін) қолдануға болады.Жаңа туған сәбилер мен сәбилер жасындағы балалардың (28 размерге дейін) іш киімдеріне химиялық жіп қосылмаған болуы керек, бастауыш мектеп жасына дейінгі жастағы балалардың киімінде ол 30%-ға, одан жоғары жастағы балалардың киімінде 50%-ға дейін рұқсат етіледі. 30 размерге дейінгі суға түсуге арналған костюмдер мен спорт киімдері тек қана табиғи жіптерден жасалуы керек.Іш киімдер - тері қабатымен тікелей байланыста болатындықтан, киім астындағы аралықта пайда болып отыратын зат алмасу заттарынан (ылғалдылық, май, газдар) тазартып отыруға қатысады және олар ыңғайлы, кең, киім асты аралығының желдетілуіне, терінің “тыныс алуының” қамтамасыз етілуіне жағдай жасауы керек. Іш киімдер үшін ауа-, ылғал-, буөткізгішітігін, гигроскопиялылықтың және гидрофильділіктің жоғары болуын қамтамасыз ететін жұқа, жұмсақ, құрылысы тоқыма-трикотаждық маталар алынады. Жаңа туған нәрестелер мен 3 жасқа дейінгі сәбилердің киімінің ішкі қабаты тек табиғи талшықтардан (кендір, мақта, жібек) немесе вискозадан жасалуы керек. Мектепке дейінгі жастардағы балалардың іш киімдерін дайындауға мақта-сиблон маталарын қолдануға рұқсат етіледі.
4..Жаңа сабақты бекіту.
Маталардың түрлері
Маталардың қасиеттері
Олардың пайдасы мен зияны
5.Үйге тапсырма.
Маталардың түрлерінен альбом жасау. Қасиеттерін оқу
Тексерілді: _____________________________________
Күні: 21.10.2015ж Пәні: технология Сыныбы: 7
Сабақтың тақырыбы: Машина тігістерінің түрлері: біріктіру, шет, әрлеу тігістері.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: жаңа сабақты меңгерте отырып, білімдерін қалыптастыру. Машинатану негіздері, тігін машинасының шығу тарихымен таныстыру.
ә) Дамытушылық: оқушылардың ой-өрісін, көргендерін еске сақтап , оны қайта жаңғыртуға, әсемдікке, ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке үйрету
б) Тәрбиелік: жұмыс барысында белгілі тәртіп ережесін сақтауға, көмек көрсетуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: ашық сабақ
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілі: баяндау, түсіндіру, көрсету
Сабақтың көрнекілігі: слайд, тігін машинасы, суреттер
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды түгелдеп, сабаққа, сарамандық жұмысқа әзірлігін тексеру.
II. Үй тапсырмасын сұрау:
1. Бастапқы шикізат түріне қарай химиялық талшықтар неше түрге бөлінеді?
2. Синтетикалық талшықтарды қалай алады?
3. Тұңғыш рет химиялық талшықты алған кім, қай жылы?
III. Жаңа сабақ.
Тігін бұйымдарын дайындауға арналған жабдықтардың ең негізгісі – тігін машинасы. Осы тігін машинасының шығу тарихына жалпы құрылымына, құрылысына тоқтала өтейк.
• XV – ғасыр – Леонардо да Винчи – тігін машинасының жобасын ұсынды.
• 1755 жыл – Карл Вайзенталь – бір жіпті тігін машинасын ойлап тапты.
1834 жылы – Уолтер Хант шөрнекті машина жасады
1844-1845 жылы –Элиос Хоу бір қалыпты жұмыс істейтін тігін машинасын ұсынды
1850-1851 жылы –Ален Уилсон мен Исаак Зингер қазіргі заманғы машина түрлерінің негізі дүниеге келді
1870 жылы – АҚШ-та Исаак Зингер – “Зингер” фирмасын ашты.
1900 жылы – Ресейде Подольск қаласында “Зингер” зауытын ашты.
1917 жылы – Кеңес елінде Подольск қаласында тұңғыш механикалық зауыт іске қосылды. Машинаның сыртқы дизаиндары жасалып, фирманың белгісін жазатын болды.
Тұрмыстық тігін машинасы өзінің құрылымы, техникалық мүмкіндігі және сыртқы көрінісі бойынша түрліше болып келеді. Бірақ олардың құрылысы, реттеуі және пайдалану ережелерінің көпшілігі ортақ. Тігін машинасының қол машина, аяқ машина және электр машина деп аталатын түрлері бар
JANOME SW- 24 тігін машинасы
1. Кері жүріс тетігі.
• 2. Тігісті реттейтін құрылғы.
• 3. Тігістің ұзындығын реттеуші.
• 4. Тігістің енін реттеуші.
• 5. Жіп орағыш стопор.
• 6. Жіп орағыш шпиндель
• 7. Катушкалы өзек.
• 8. Жіп орағышты бағыттаушы.
• 9. Жіп бағыттағыш.
• 10. Жіп тартқыш рычагы.
• 11. Жіп берілісін реттеуші.
• 12. Алдыңғы бөлік.
• 13. Жіп кескіш.
• 14. Жіп бергіш.
• 15. Пластина.
• 16.Қысу табанын ұстаушы.
• 17.Инелі өзектің винті.
• 18. Ине.
• 19. Қысу табаны.
• 20. Қосымша бөлік (аксессуарларды сақтау орны).
• 21. Алып жүруге арналған ұстау тетігі.
• 22. Айналма дөңгелек.
• 23. Қосу тетігі.
• 24. Электр желісіне қосатын бөлік.
• 25. Бос жеңқап.
• 26. Түймелік рычагы.
• 27. Қысу табанын көтеру рычагы.
Тігін машинасымен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік ережелері
1. Жұмыс орнын ретке келтіру.
2. Шашты жинап, жеңді қайыру.
3. Машинада тіке, орындыққа толық жайғасып, денені жай ғана еңкейтіп, басты алға қарай иіп отыру керек.
4. Жарық жұмыс орнына сол жақтан немесе алдынан түсуі керек.
5. Тігін машинасын тікелей мұғалімнің жетекшілігімен іске қосу.
6. Машина мен жұмыс орындаушының ара қашықтығы 20-30 см
7. Аяқтар толығымен еденде немесе аяқ қойғышта (подставка) орнығуы керек.
8. Машина үстінде артық заттар жатпау қажет.
9. Машина тігісін бастарда бұйымда түйреуіштер немесе инелер болмауы тиіс.
10. Жұмыс бастамай тұрып орналасуын тексеру (табанды реттегіш бұранда жақсы ұстап тұр ма, ине тесігіне тура келе ме).
11. Матаны қойып, табанды түсірмей тігін машинасын жүргізуге болмайды.
12. Тігістерді ауыстырғанда инені жоғары көтеріп қою.
Машина тігістерінің түрлері
Киімді дайындау кезінде әр түрлі жұмыстар атқарылады: қолмен, машинамен, ылғалды-жылулық.
Машина тігістері қолданылуына байланысты біріктіру, шет және әрлеуші тігіс болып бөлінеді.
Біріктіру тігісі - тігін бұйымының бөлшектерін біріктіру үшін қызмет етеді. Олар: сырып тігу, бастыра тігу, айыра тігу, жапсыра тігу, қосарлы және бүктемелі тігістер. Бұл тігістермен (бүктемелі тігістен басқасымен) таныссыңдар.
Біріктіру тігістері иық, бүйір қиықтарын, жеңдерді, иініш, қалта, қатпарларды біріктіру кезінде қолданылады. Біріккен тігістерде бұйым бөлшектері тігістің екі жағында жатады. Мысалы, сырып тігілген тігісті жатқыза жөне айыра үтіктеуге болады. Айыра үтіктелген тігіс екі жағынан тігіммен бекітілген болуы мүмкін, яғни айыра тігілген.
Бүктемелі тігіс- ақ жайма, жейде пішімді блузка, ерлер жейдесін тігу кезінде қолданылады.
Шет тігістері- жаға, мойындық, өңір, қолтық ойындысы шеттері сетінеп кетпеуі және әрлеу үшін қолданылады. Шеттік тігістерге: жабық қиықты бүгіп тігу, жөрмеу, шеттіктеу (жиектеу)тігістері жатады.
Жөрмелген тігіс - өңір шеттерін, жаға, қаттама, қалталарды өңдеу кезінде қолданылады. Өңдеу кезінде бөлшек шеттерін біріктіріп жөрмеуден кейін бұйым өңін айналдыру, сонан соң шеттік жасап айналдыра көктеу қажет.
Ашық қиықты бүгілген тігіс- өңірдің ішкі жиегін, мойындық әдібін, қолтық ойындысын, бұйымның етегі мен жеңнің шетін өңдеу кезінде қолданылады. Бұйым етегін және жең қиығын өңдеу кезінде қиықтарды алдын ала арнайы машинада торлайды.
Жабық қиықты бүгілген тігіс- жібек және мақта матадан тігілген көйлек, блузка, ұйықтағанда киетін көйлектің етегін және бұйым жеңінің жиегін өңдеу кезінде қолданылады.
Шеттіктеу тігісі- үш түрге бөлінеді: ашық қиықты, жабық қиықты және ызбамен жиектеу.
Қиықты қиғаш жиекпен ғана емес, негізгі және әрлеу матасынан көлденең жиекпен, сондай-ақ дайын ызбамен де жиектеуге бол
IV. Сарамандық жұмыс.
Машина тігістерін тігу. Жұмысты ұқыпты, тігістерді түзу тігу
V. Сабақты бекіту.
1.Қай ғасырда тігін машинасының жобасы ұсынылды?
2.Тігін машинасы не үшін қажет?
3.Тігін машинасымен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік ережелерін ата
4.Қандай машина тігістерінің түрлері бар?
VI. Үйге тапсырма
Машина тігістерін аяқтап келу.
Тексерілді: _____________________________________
Күні: 28.10.2015ж Пәні: технология Сыныбы: 7
Сабақтың тақырыбы: Жөрмеу және шеттіктеу тігістердің орындаудың технологиялық процесі.
а) Білімділік: жаңа сабақты меңгерте отырып, білімдерін қалыптастыру. Машина тігістерінің түрлерімен таныстыру.
ә) Дамытушылық: оқушылардың ой-өрісін, көргендерін еске сақтап , оны қайта жаңғыртуға, әсемдікке, ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке үйрету
б) Тәрбиелік: жұмыс барысында белгілі тәртіп ережесін сақтауға, көмек көрсетуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілі: баяндау, түсіндіру, көрсету
Сабақтың көрнекілігі: тігін машинасы, суреттер
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды түгелдеп, сабаққа, сарамандық жұмысқа әзірлігін тексеру.
II. Үй тапсырмасын сұрау:
1. Киім тігетін алғашқы машина жобасы қай ғасырда жасалды?
2. Тігін машинасының жобасын жасаған кім?
3. 1755 жылы неміс Карл Вейзенталь қандай машина түрін ойлап тапты?
4. «Зингер» фирмасы Мәскеу түбіндегі қай қаласын зауытын ашты?
III. Жаңа сабақ.
Машина тігістерінің түрлері
Киімді дайындау кезінде әр түрлі жұмыстар атқарылады: қолмен, машинамен, ылғалды-жылулық.
Машина тігістері қолданылуына байланысты біріктіру, шет және әрлеуші тігіс болып бөлінеді.
Біріктіру тігісі тігін бұйымының бөлшектерін біріктіру үшін қызмет етеді. Олар: сырып тігу, бастыра тігу, айыра тігу, жапсыра тігу, қосарлы және бүктемелі тігістер. Бұл тігістермен (бүктемелі тігістен басқасымен) таныссыңдар.
Біріктіру тігістері иық, бүйір қиықтарын, жеңдерді, иініш, қалта, қатпарларды біріктіру кезінде қолданылады. Біріккен тігістерде бұйым бөлшектері тігістің екі жағында жатады. Мысалы, сырып тігілген тігісті жатқыза жөне айыра үтіктеуге болады. Айыра үтіктелген тігіс екі жағынан тігіммен бекітілген болуы мүмкін, яғни айыра тігілген.
Бүктемелі тігіс ақ жайма, жейде пішімді блузка, ерлер жейдесін тігу кезінде қолданылады.
Шет тігістері жаға, мойындық, өңір, қолтық ойындысы шеттері сетінеп кетпеуі және әрлеу үшін қолданылады. Шеттік тігістерге: жабық қиықты бүгіп тігу, жөрмеу, шеттіктеу (жиектеу)тігістері жатады.
Жөрмелген тігіс өңір шеттерін, жаға, қаттама, қалталарды өңдеу кезінде қолданылады. Өңдеу кезінде бөлшек шеттерін біріктіріп жөрмеуден кейін бұйым өңін айналдыру, сонан соң шеттік жасап айналдыра көктеу қажет.
Ашық қиықты бүгілген тігіс өңірдің ішкі жиегін, мойындық әдібін, қолтық ойындысын, бұйымның етегі мен жеңнің шетін өңдеу кезінде қолданылады. Бұйым етегін және жең қиығын өңдеу кезінде қиықтарды алдын ала арнайы машинада торлайды.
Жабық қиықты бүгілген тігіс жібек және мақта матадан тігілген көйлек, блузка, ұйықтағанда киетін көйлектің етегін және бұйым жеңінің жиегін өңдеу кезінде қолданылады.
Шеттіктеу тігісі үш түрге бөлінеді: ашық қиықты, жабық қиықты және ызбамен жиектеу.
Қиықты қиғаш жиекпен ғана емес, негізгі және әрлеу матасынан көлденең жиекпен, сондай-ақ дайын ызбамен де жиектеуге бол
Сабақты бекіту.
1.Тігін машинасы не үшін қажет?
2.Тігін машинасымен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік ережелерін ата
3.Қандай машина тігістерінің түрлері бар?
Үйге тапсырма
Машина тігістерін аяқтап келу.
Тексерілді: _____________________________________
Күні: 18.11.2015ж Пәні: технология Сыныбы: 7
Сабақтың тақырыбы: Иық бұйымдары конструкциялау және модельдеу.
Сабақтың мақсаты:
Білімбілік: оқушыларды иық бұйымдары түрлері және сипаттамасы, киімге
қойылатын талаптармен, сән тарихымен таныстыру; киім силуэті
мен стилі туралы түсінік беру.
Дамытушылық: білім - біліктерін жетілдіру, бұйымның сызбасын құруға
арналған өлшем алу жөніндегі тапсырманы меңгеруін қамтамасы
ету.
Тәрбиелік: қазақтың ұлттық киімін дайындаудың ерекшеліктерін ашып көрсету және таныстыру; эстетикалық талғамға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың типі: аралас
Сабақтың әдісі: түсіндіру,
Көрнекі құрал – жабдықтар: бұйым сызбасы, адам мүсінде сызықтарды
бейнелеу кестелері, әр кезеңдегі киім суреттері, сән журналдары,
шынайы көлемде бұйым үлгілері.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. оқушыларды түгендеу
2. сабаққа қажетті құралдарын тексеру.
ІІ. Кіріспе бөлімі
Өтен материалды пысықтау сұрақтары.
Өңдеу тігістері қандай жерлерде қолданылады?
Белгілі бір пішінді беру үшін қандай тігіс қолданылады?
ІІІ. Негізгі бөлім:
Жаңа сабақ
Қазіргі киім және оған қойылатын талаптар. Қазіргі уақытта киімнің әр алуан түрлері бар. Оны топтауда, жіктеуде көптеген ұстанымдар кездеседі.
Қолдану мақсатына қарай киім түрлерінің бөлінуі:
түрмыстық ( күнделікті, салтанатты, үйде киетін, спорттық және ұлттық)
өндірістік (арнайы, санитарлық)
формалық.
Қолдану тәсіліне қарай:
сырткиім, жеңіл киім, ішкиім, корсеттік бұйым;
жағажай киімі, баскиімдер.
Басында киім қарапайымдылығымен ерекшеленген және негізгі иықты және белден киюге арналған киім түріне бөлінген. Иықты киім – мата бөліктерінен тігілетін иықтан киілетін бұйым. Белден киілетін киім өзінің бастамасын алғашқы қауымдығы белдік бұйымдардан алған, мықын тұсын жабу ретінде қолданылған. Одан қазір алжапқыш, белдемше, шалбарлар пайда болған.
Кейініректе қарапайым костюм – алжапқыш – күрделене түскен жейде түріне алмастырылды. Ол алдыңғы және артқы бойды құрайтын екі бүктелген материал қиығынан тігілген. Ортасынна басқа арналған ойынды жасалып, тігілген шеттерінен қолға арнап тесік қалдырылған. Бұл кастюмді ежелгі мысырлықтар мен римдіктер туника деп атаған.
Қоғамның дамыуымен костюм түрлері де күрделене, жетілдіріле түсті. Киім - кешек немесе костюм түсінігі, яғни киімдер жиынтығы, аяқкиім, баскиім, сонымен қатар костюмді толықтырып тұратын бұйымдар пайда болды. Костюмді толықтырып тұратын бұйымдар пайда болады. Костюмді толықтырып тұратын бұйымдар – аксессуарлар деп аталады. Оларға биялай, шляпа, сөмке, шарф, бант, гүл және т.б жатады.
Әр тарихи кезең киімнің белгілі бір стилімен сипатталады. Киім сипаты стильге байланысты. Стиль -қоғамының материалдық және рухани мәдениетін бейнелейтін киім мәдениеті саласындағы ең маңызды түсініктің бірі. Қазіргі кезде сән үлгісінде негізгі төрт стиль бар.
Стиль түрлері
Классикалық спорттық
Романтикалық фольклорлық
Сән бағыты силуэт арқылы бейнеленеді.
Киім силуэті. Сән бағытында алдымен силуэт бейнеленеді. Силуэт – денебітім кескінінің нұсқасы, сыртқы пішіні, ол оның негізгі жалпы проппорциясын анықтайды. Сәннің өзгеруімен бірге силуэт те өзгереді. Белгілі бір уақыт аралығындасилуэт сызығы қайталанып, қайта сәнге айналады. Алуан түрлі кәзіргі киімдерде, сән үлгісінде үнемі кездесетін төрт силуэтті ерекше атауға болады: тік, қынама бел, жартылай қынама, трапециялық.Силуэттерді геометриялық пішіндермен салыстыруға болады.
Тік силуэт денебітімінің барлық түріне жарасады.
Жартылай қынама силэт денебітім аздап қана айқындайды
Қынама бел силуэті иық сызығы, бұйым етегінің еңдігімен жинақталуымен ерекшеленеді.
Трапеция силэті – иық сызығынан немесе қолтық ойындысынан өзіндік кеңеюі.
ІҮ. Сабақты қорытындылау:
Қазіргі қандай стильдегі киімдер сәнді?
Қазіргі киіп жүрген киімдердің қандай стильде?
Өз киімдеріңнің силуэтін атаңдар
Ү. Үйге тапсырма:
Киім силуэті туралы түсініктерін дәптерге жазу
Күні: 09.01.2016ж Пәні: технология Сыныбы: 9
Сабақтың тақырыбы: Қолмен кестелеу технологиясы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Халықтың қолөнерінің бірі кестелеу технологиясы туралы ұғымды қалыптастыру, білімдерін кеңейту.
Дамытушылық: Кесте тігістерінің орындалу әдістерін меңгерту, қол икемділігін дамыту,тағампаздыққа баулу.
Тәрбиелік: Қолөнерді үйрету арқылы салт – дәстүрімізді құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: аралас сабақ.
Сабақтың көрнекілігі:
1. Дайын бұйымдар.
Құрал - жабдықтар: ине, қайшы, кергіш, жіп.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі.
1. Оқушыларды түгелдеу.
2. Сабаққа дайындығын тексеру.
ІІ Үй тапсырмасын бағалау.
Қайталау сұрақтары:
1. Қандай кесте түрлерін білесің?
2. Кестелеу барысында қандай құрал- жабдықтар қолданылады?
3. Кестелеу барысына қойылатын талаптар?
4. Мата таңдау туралы не білесің ?
5. Кесте өрнегін дайындау жолдарын ата?
ІІІ Үй тапсырмасын қорытындылау.
ІҮ Жаңа сабақ.
1.Қолөнер - ежелден келе жатқан кәсіп. Ол халықтың өмірімен, тұрмысымен бірге дамып, ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырады.Қолөнер дүние жүзінің әр халқында бар.Сонымен қатар әр елдің табиғи ерекшелігіне ,этетикалық талғамына байланысты өзіндік ерекшелігімен өшпес із қалдырып отырады. Көне заманнан келе жатқан қазақ қолөнері өз халқының дәстүрлі көркемдік мұрасын сақтап қалған. Сол қолөнердің бір түрі – кесте тігу. Кестені бізбен және жай инемен әшекейлеп тігу барлық халықтарға да ортақ өнер. Кесте өнерінің қазақ халқына тән байырғы көне түрлері: біз кесте, айқас кесте, айқыш- ұйқыш тігу, басып тігу, қайып тігу. Біз кестенің шым кесте, және әредік кесте деп аталатын екі түрі бар.Біз кесте дөңгелек немесе төрт бұрышты етіліп, кергіш ағашқа керілген материалдың бетіне түсірілген ою өрнек бойынша қармақты бізбен өткермелеп шалу арқылы кестеленеді.
Шым кесте тігілетін материалдың ашық жерін қалдырмай немесе ашық орынды өте аз қалдырып, тұтас кестелеген шымқай кестені айтады. Кесте тігуге қажетті негізгі құрал – жабдықтың бірі кергіш. Ол матаны керіп ұстайды және оны зақымдалудан сақтайды.
Ү Сарамандық жұмыс.
Жұмысты бастамас бұрын қауіпсіздік ережелерін еске түсіру.
1. Инені аузыңа салма
2. Тот басқан инемен жұмыс жасауға болмайды.
3. Инені кез келген жерге қадауға болмайды.
4. Қайшыны жолдасыңа үшкіл жағымен берме.
5. Жолдасың қайшымен жұмыс істеп жатқан кезде, көңілін бөлуге болмайды.
6. Қайшының ұшын жоғары қарай көтерме.
Нұсқау карта
Жұмыстың орындалу реті. Керекті заттар
1. Мата, карандаш, ине, жіп, қайшы
2. Матаға өрнекті салу
3. Матаны кергішке керу
4. Матаға сызылған өрнекті сызық бойымен кестелеу
1 - кезең. «Түкті кесте» тігу технологиясы. Кестені кергішке керу арқылы орындайды.Кергіш төртбұрыш немесе дөңгелек болуы мүмкін.Бұл кестенің бедері сүлгінің (орамалдың) түгі тәрізді болып келеді. Таңдалған кестенің сызбасын матаның теріс жағына сызады. Мата жұмсақ тез тесіліп қалмайтын болуы шарт. Кестелейтін жіпке келсек: кесте тігуге арналған түрлі түсті жіпті қалауынша пайдалануға болады.
Ал түкті кестеге арналған «кестенің бізін» мал егуге арналған жуантық шприцтің инесінен дайындайды. Инеге тігін машинасының инесі тәрізді тесік жасап, ұшынан 1см жер қалдырып, резина (өшіргіштің бөлшегі)өткізіп дайындайды. Жіпті иненің бойымен өткізіп келіп,тесіктен кері өткізу қажет. Кесте тартымды болу үшін тігістің ара қашықтығы 1-2мм, тігін машинасының тігісі тәрізді түсуі қажет. Бұл кестемен әркімнің өз қалауына қарай жастық, төсек жапқыш (плет), қабырғаға ілуге арналған бұйымдар т.б жасауға болады.
2 - кезең. Жастықша кестелеу
3 - кезең. Айқас тігісімен кестелеу.
4 - кезең. Бисермен кестелеу.
ҮІ. Сабақты бекіту.
Мақал мәтелдер
1. Алтын кемер белге сән ------------------(Ақылды жігіт елге сән)
2. Адам өнермен әсем ------------------------(Аң жүнімен әсем)
3. Дау қуған жау табады -------------------------(Өнер қуған қазына табады)
4. Ата көрген оқ жонар_--------------------------( Шеше көрген тон пішер)
5. Қыз еркем --------------------------(кестесімен көркем)
6. Киіс пішсең, кең піш ---------------------(Тарылтуың оңай)
7. Өнер іздеген өсер ---------------------(Өсек іздеген өшер)
ҮІІ .Бағалау
ҮІІІ. Үйге тапсырма
Кесте тігістерін тігу
Тексерілді: _____________________________________
Күні: 09.01.2016ж Пәні: технология Сыныбы: 6
Сабақтың тақырыбы: Мата тоқу түрлері.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Мата тоқу туралы, олардың түрлері туралы,мата бетіндегі негізгі және арқау жіптер жөнінде,мататану туралы түсінік беру
Тәрбиелік: еңбексүйгіштікке, ептілікке,әдемілікке, мататануға,эстетикалық сұлулыққа,жолдастыққа,ұқыптылыққа,тазалыққа,киімді ұқыпты киюге тәрбиелеу
Дамытушылық:микроскоп арқылы мата бетіндегі талшықтардың тоқылуын анықтау кезіндегі мататануға деген қызығушылықтарын арттыру, таспа жасау кезіндегі қол қабілеттерін дамыту
Сабақ типі: жаңа сабақты меңгерту
Сабақ түрі: жаңа сабақ
Сабақ әдісі: баяндау, көрсету, іс- тәжірибе
Сабақтың пәнаралық байланысы: бейнелеу өнері,биология
Көрнекілік құралдары: оқулық, сәтен, атлас, шыт,шифон маталар түрлері, әртүрлі қағаздар, қайшы, негізгі және арқау жіптердің орналасуының дайын түрі,мата бетінің құрылысы көрсетілген плакат,нұсқау карта т.б.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
Амандасу. Оқушыларды түгендеу. Сабаққа дайындықтарын тексеру.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Тақырыбы:«Тігін машинасының қызметі,тігін машинасының реттеуіштері,тігін жұмысында кездесетін ақаулар,машина инесінің құрлысы,машина тігістері,машина күтімі,тігін машинасының түрлері,машинаның құрлысы
Сұрақтар
1.Ең алғаш рет тігін машинасының жобасын кім ұсынды? (Леонардо До Винчи)
2. Ең алғашқы машина қай жылы пайда болды? (1690ж)
3 Тігін машинасының қызметі қандай? (тігіс жүргізу)
4. Тігін машинасын қалай күтіп баптайды? (тазалайды, май құяды)
ІІІ. Жаңа сабақ
Тақырыбы: « Мата тоқу түрлері.Т
Мата шығарудың ең алғашқы сатысы- талшықтардан жіп жасау. Тоқыма фабрикасына түскен талшықтарды арнайы машиналарда қопсытады,қоқыстардан тазартады,тарайды.Содан соң бірыңғай,ұзын таспа түрінде созады.Таспаны тегістеп,сәл айналдырады да,босаң жіп алады.Тоқыма машиналарында ұршықтың көмегімен оны иіреді.Дайын болған жіпті арнайы шөріктерге орайды.Талшықтан жіп шығару процесін иіру деп атайды.Дайын болған жіп тоқыма фабрикасына түсіп, одан тоқу станоктары мата шығарады.Матаның ұзына бойымен орналасқан жіпті негізгі жіп, ал көлденеңінен жатқан жіпті арқау жіп деп атайды. Мата негізгі және арқау жіптерін өріп тоқу арқылы жасалады.Матаның екі жағындағы тарқатылмайтын шеттерін матаныңжиегідеп атайды.Матаны алу процесін тоқу деп атайды. Мата жіптері әр түрлі тәсілдермен тоқылады, матаның сыртқы түрі мен сапасы өру түріне байланысты болады.Матадан жіптің әр түрлі айқасу жолдарын байқауға болады.Мата жіптерін тоқудың неғұрлым қарапайым түрі-кездемелік тоқу.Сонымен қатар кездемелік, саржалық, сәтендік (атластық) айқасу түрлері де бар. Кездемелік тоқуға негізгі жіптер мен арқау жіптерін неғұрлым жиі өру тән болады. Мұндай өру арқылы маталардың басым көпшілігі тоқылады.Негіз бен арқау бойынша кездемелік өрудің раппорты екі жіпке тең болады. Кездемелік айқасумен тоқылған маталарға өндірісте көп қолданылатын шыт,зығыр талшықтары аралас маталар жатады. Раппорт деп матаның ұзындық бойында да,енінде де суреттің қайталануын құрайтын жіптер санын атайды.
Саржалық айқасуда негізгі жіптері, біреуін жіберіп отыра, екі арқау жіптерін жауып отырады. Раппортқа үшеуден кем емес жіп қатысады. Саржалық айқасуды матаға диагоналы бойынша түсетін бүртік арқылы айырады. Бүртік раппорттың орын ауыстыруы кезінде пайда болады.Саржалық айқасумен тығыз, қалың және ауыр маталар тоқылады.Бұл маталарға саржа, кашемир, шотланд, фланель маталары жатады.
Сәтендік айқаспада арқау жіп төрт немесе одан көп негізгі жіпті қамти айқасады.Ал атластық айқаспада ,керісінше негізгі жіп төрт немесе одан артық арқау жіптерді қамти айқасады. Сәтендік және атластық айқаспалармен тоқылған маталар біршама тығыз әрі салмақты келеді. Сәтендік айқаспамен сәтен және драп, атластық айқаспамен атлас, креп- сәтен, астарлық сәтен сияқты маталар дайындалады.
Үй тапсырмасы: Мата тоқу түрлерін үйрену.
Тексерілді: _____________________________________
Күні: 12.09.2015ж Пәні: технология Сыныбы: 6
Сабақтың тақырыбы: Көкөніс саласындағы күзгі жұмыстар.
Сабақтың мақсаты: ауылшаруашылық жұмыстарын жүргізу дағдыларын қалыптастыру.
Білімділік: қызанақ және тамыржеміс тұқымдарының пісіп жетілулерінің сыртқы белгілері, өнімді жинау ережелерімен таныстыру;
Дамытушылық: жалпыеңбектік білім, іскерліктерді дамыту;
Тәрбиелік: ауыл шаруашылық еңбек адамдарын сыйлауға, өзара түсіністік таныту, өзін-өзі ұстай білу мәдениетіне тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар мен жабдықтар: «Көкөністер», «Топырақ өңдеу», өнімдер, тұқымдар, тамыржемістер, көкөніс дақылдарының зиянкес жәндіктері мен аурулары суреттелген иллюстрациялық суреттер. Табиғи көкөністер, тапсырма карточкалары.
Оқыту әдістері: Ауызша, практикалық, нұсқаунамалық.
Жаңа материалмен танысуға кіріспес бұрын көкөністер, олардың түрлері, тамақтануда алатын орны мен адам ағзасына маңызы, көкөністердің қандай қасиеттерге ие екені жөніндегі өткен материалды қайталап, сарымсақ, қырыққабат, томатқа жан-жақты тоқталу керек. «Көкөністер» кестесі бойынша жұмыс істеуді ұсынуға болады.
Учаскеде жұмыс істеу:
Тұқым алуға арналған көкөністерді іріктеу (қыркүйек айының соңынан бастап қатқақ суық түскенше).
Қырыққабаттың тұқым алуға арналғандарын іріктеп алу (қыркүйектің 1-жартысынан бастап, қатқақ суық түскенше).
Учаскені күзге дайындау.
Тұқымдарды сұрыптап, өндіруге қою (сәуір айының аяғында).
Сүдігер (зябь) жырту (мамыр айының басында).
Топыраққа тұқымдарды отырғызу (мамыр айының 1-онкүндігі).
Барлық тұқымдықтырды үстеп қоректендіру (15-20 мамыр).
Суару және қопсыту (мамыр-маусым)
Үйге тапсырма: Тақырып бойынша тест құру.
Тексерілді: _____________________________________
Күні: 26.09.2015ж Пәні: технология Сыныбы: 6
Сабақтың тақырыбы: Жеміс шаруашылығының жалпы сипаттамасы.
Сабақтың мақсаты: жеміс ағаштар мен бұталарды отырғызу үшін топырақты дайындауға үйрету.
Білімділік: жеміс-жидек дақылдары тобымен және Қазақстан жағдайында жеміс-жидек дақылдарын егу ережелері мен таныстыру, ағаш отырғызуға топырақ дайындауға үйрету..
Дамытушылық: жеміс-жидек дақылдары, оларды өсіру шарттары, зиянкес жәндіктерден қорғау, ағаш өңдеу кезінде техника қауіпсіздігін сақтау ережелері жөніндегі білімдерін кеңейту.
Тәрбиелік: ауыл шаруашылығы еңбек адамдарын сыйлауға, өзара түсініс.
тік таныту, өзін-өзі ұстай білу мәдениетіне тәрбиелеу.
Жидек бұталарын суару және құнарландыру
Бұталардың шеткі аймағы бойымен кетпенмен терең емес жырашықтар жасаңдар.
Жырашықтарға, әр бұтаға 2-5 шелектей есебінен су құйыңдар (топырақтың ылғалдығына байланысты).
Тыңайтқыштардың сұйық ерітіндісін дайындап, жақсылап араластырыңдар.
Жырашықтарға тыңайтқыш ерітіндісін енгізіңдер.
Жырашықтарға топырақты себелеп салыңдар.
Суарып, жерді тыңайтқан соң топырақты қопсытыңдар.
Күзгі жұмыстар – бақта күзгі маусымдық жұмыстар кешенін жүргізу қажет. Сонда көктемде бақтағы өсімдіктер энергияға толы күйде оянып, жақсы өседі. Күзде жеміс ағаштары мен жидек бұталарының маңында келесі жұмыстарды жүргізу өажет.
Құрғақ және қураған бұтақтарды алып тастау.
Ағаштер мен бұталардың айналасындағы топыраққа тыңайтқыштар себу.
Аязға төзімсіз, шырмалғыш сабақтарды бұтау, бұталардың тіреуіштерін алып тастау және жерге жатқызу.
Ағаш діңгектерінің айналасына тыңайтқыш себу
Бұталар айналасының жерін аудару, көңмен жабу.
Жеміс-жидек бұталары мен ағаштарының күзгі күтімі. Мұғалімнің жетекшілігімен мектеп жанындағы учаскеде төмендегі жұмыстарды жасауды үйреніңдер:
Таңқурайдың қураған бұталарын кесу.
Тыңайтқыш себу
Бұта түбінің топырағын жабу берілген жұмысты топтарға бөлініп жасаған дұрыс. Бір топ жеміс ағаштарымен, екінші топ жидектермен айналысады, кейін топтар орындарын ауытырады.
Бақ өсімдіктерін зиянкес жәндіктер мен аурулардан қорғау.
Бақта аурулармен және зиянкес жәндіктермен зақымдалған өсімдіктерді табыңдар;
Ауруқоздырғыштар мен зиянкестер келтірген зақымдану түрін анықтаңдар
Зақымдалған бұтақтарды, сонымен қатар үстінде зиянкестердің ұялары мен жұмыртқалары орналасқан бұтақтарды кесіп тастаңдар;
Кепкен және ауруға шалдыққан жемістер мен жидектерді жинаңдар;
Баққа алдын ала дайындалған жасанды ұяларды іліп шығыңдар;
Үйге тапсырма: Жеміс – жидектер туралы мақал – мәтелдер жазып келу.
Тексерілді: _____________________________________
Күні: 26.01.2016ж Пәні: технология Сыныбы: 5
Сабақтың тақырыбы: Кестелеу түрлері.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: халықтың қолөнерінің бірі кестелеу, көркем тігістері, қолөнері туралы ұғымды қалыптастыру, білімдерін кеңейту.
Дамытушылығы: танымдық қызығушылығын дамыту, ой өрісін, қол шеберлігін, эстетикалық талғамын ұштау.
Тәрбиелігі: еңбексүйгіштікке, қол еңбегінің меңгертуге, икемділікке, іскерлікке, өнерге баулу.
Көрнекілік: оқулық, кестелер түрлері (сурет ), еңбек құралдары.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Жаңа сабақты түсіндіру.
3. Сарамандық жұмыс. Тігіс түрлерін орындау.
4. Білімдерін бағалау
5. Қорытындылау
6. Үйге тапсырма
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Қызым еркем – кестесімен көркем,
Ұлым көркем - өрнегімен көркем.
Қолөнері кестеде,
Сөз өнері - өлеңде.
1. Еңбек бәрін де.... (жеңбек.)
2. Еңбек түбі..... (береке)
3. Еңбек етсең..... ( емерсің)
Жаңа сабақ - кестелеу өнері ертеден келе жатқан халық өнері. «Өнер таусылмас қазына, жұтамас байлық» дейді дана халқымыз. Қазақ қолөнері өзінің төлтума бітім қасиетімен, көркемдік мән – мағынасымен, шын мәнінде, халқымыздың ғасырлар талғамынан өткен асыл қазынасы, соның бірі кестелеу өнері. Сол кестелеу өнерін жоғалтпай үйреніп, ары қарай дамыту біздің міндетіміз. Кестелеу өнері әр халықта бар. Жалпы кесте тігу технологиясы табиғатпен тығыз байланысты.
Кесте – мата, киіз, т. б. материалдар бетіне әр алуан суреттер мен өрнектер салып әр түрлі жіптермен немесе әсем таспа, бисер, моншақтармен, т. б. қолөнері бар.
Кесте түрлері: шым кесте, айқас, қиғаш, терме, тышқаніз, баспа кесте, біз кесте.
ІІ. Қауіпсіздік ережелері:
1. Қайшыны жолдасына сабымен ұсын.
2. Қайшының ұшын сабымен көтерме.
3. Өтпейтін, тозған қайшымен жұмыс жасама.
4. Жолдасың қайшымен жұмыс істеп жатқанда көңілін бөлме.
5. Инемен дұрыс жұмыс істе.
6. Инені аузына жақындатпа.
ІІІ. Сарамандық жұмыс:
1. Суреттер, дайын үлгілерді көрсету. Кестеге тігуге қажетті жіптің түрлерін таңдап алу.
* Кестелеуге қандай жабдықтар қолданылады
* Кестелеуге қандай жіптер немесе таспа, т. б. заттар қолдануға болады
* Кесте тігуге кергіш не үшін қажет? Қандай тігіс түрлерін және атауларды білеміз
* Кесте инемен, бізбен, әр алуан түсті жіптермен, әсемдік таспалар, бисер және моншақтар қолданылып тігіледі.
* Иненің жуан, жіңішкелігі материалдың қалыңдығына және жіптің жіңішкелігіне байланысты болады.
Қазір сабағымызда, таңдаған баспа, шым кесте тышқан із тігіс түрлерін орындаймыз.
1 - әдіс: Шым кестемен өсімдіктің жапырақтары, гүл, сондай – ақ геометриялық ою - өрнектер кестеленеді. Кестенің бұл түрін кез м - келген матаға түсіруге болады. Мұндай кесте орамалды, киімді, дастарқанды безендіреді.
2 - әдіс: Тышқан із тігісі – тігілу әдісі жағынан көлемді біркелкі ілмектер шынжыр секілді бір – біріне тіркесе тігіледі.
3 - әдіс: Баспа тігісі – тік, көлденең және қиғаш болып әр түрлі түсуі мүмкін. инені матаның оң жақ бетіне шығарып, жоғары қарай бір тігіс түсіреді. Тігіс жиі, ашық жері қалмай орындалуы тиіс.
5. Жеке дара жұмыс.
- Көрсеткен әдістер бойынша оқушылар жұмыс істейді.
Кесте тігістерің көлемі біркелкі әдемі, ұқыпты, таза сапалы болуы керек.
Әр қатар өздерінің тіккен тігіс түрлерін ортаға шығып көрсетеді.
Қорытынды:
- Кесте түрлерін ата.
- Шым кестемен қандай өрнектерді орындайды?
- Кестеге арналған ине қандай болады?
- Кергіш не үшін қажет?
Үй тапсырамасы: Тышқан із кестесін аяқтап келу.
Тексерілді: _____________________________________
Күні: 06.02.2016ж Пәні: технология Сыныбы: 9
Сабақ тақырыбы: Бисермен жұмыс жасау кезіндегі сақталатын қауіпсіздік ережелері және жұмыс жасау технологиясы
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі:Бисермен жұмыстануда шығармашылық жоба жұмысы туралы білім қалыптастыру.Моншақ тоқудағы білімін жүйелендіру, шеберлік деңгейін арттыру арқылы әсемдік пен сұлулықты бағалай білуге үйрету.
Дамытушылығы: Оқушылардың жұмысты орындаудағы ептілігін, ынта-ықыласын, шығармашылық қиялын дамыту, жобаны талқылау мен қорғау іскерліктерін дамыту.
Тәрбиелілігі: төзімділкке, ұқыптылыққа, әсемдікке эстетикалық талғамын арттыру.
Сабақ өткізу әдістері:
а) түсіндіру-иллюстрациялық (әңгімелесу, дидактикалық материалмен жұмыс, көрнекілік);
ә) жеке іздестірушілік;
б) нұсқама, сарамандық жұмыс, өздігінен орындалатын жұмыс.
Сабақтың барысы
ТРЕНИНГ»СЕН ҚАНДАЙСЫҢ?»Қызыл,жасыл моншақ болып топқа бөлу.
Оқушыларды түгелдеп, сабаққа дайындығын тексеру.
«Бисер»талдау-жинақтау.
Бисерді қайда қолдануға болады?
Көрмеге саяхат.»Моншақтар әлемі»
II.Мағынаны тану:
Барлық қолөнер сияқты бисердің де өз тарихы бар.
Ертеде Фин саудагерлері Жерорте теңізі арқылы Африкаға табиғи тұз апара жатып, жолда теңіз жағасына түнеген екен. Олар түнде от жағып, тамақ дайындап, отты үлкен ас содасымен қоршап ұйықтайды. Таңертең күлін жинаса, олар әдемі, қатты, күннің көзіндей оттай жанған, мөлдір су сияқты бұйым көріп таң қалады. Бұл кәдімгі әйнек еді. Әрине халық тез арада осы әйнектен бірнеше, әр түрлі моншақ, бисер, стеклярус алған. Бұл байлықты , соның ішінде бисерді дүние жүзінде барлық елдер мәдениетінде көруге болады. Біздің қазақстан өнерінде де көп тарайды. Киім- кешек, әшекейлер, білезік, сыр-
ға, сақина, тіпті ерлердің сауыт саймандарында да кездескен.
Бисерді әр халық өзінше атаған. Бисердің отаны Ежелгі Египет, бұл жерде түрлі- түсті шыныдан үлкен моншақтар жасаған. Бисер сөзі Араб сөзі «бусра» сөзінен шыққан.
Бусер- жалған меруерт (жемчуг). Бисер кіші, үлкеніне қарай бірнеше түрге және түстерге бөлінеді.
Моншақ- үлкендеу бисер, диаметрі 2 см.
Бисер- ұсақ, домалақ келген, диаметрі 2 мм- ден көп болмайды.
Стеклярус- ұзын таяқшалар, домалақ және көп қырлы.
Рубка- қысқа таяқшалар.
Шығармашылық жобаны таңдау.
Бүгінгі сабақтың мақсаты - шығармашылық жобада бұйымды таңдай білуге үйрену және бисермен тоқу техникасын жетілдіру. Жұмысты шығармашылықты түрде ұйымдастыру үшін сынып шағын топтарға бөлінеді, әрбір топ жұмыстың өздеріне бөлінген кезеңін атқарады, әрбібір топтың өз жұмыс орны, қажетті құралдары болады және мұғалімнің кеңесін ала алады.
I-топ»Қызыл моншақ»
II-топ»Жасыл моншақ»
Жоба бойынша жұмыс. «Бақыт ағашы»,»Түйреуіш көбелек»
Жобаның көкейтестілігі.
2 топ жобаны жіктеу мен талқылау барысында іс-әрекеттер жоспары жасалады, проблемаға талдау жүргізіледі.
Қазір қолда не барын және нені істеу керек?
Деген сұрақ төңірегінде пікір алмасады.
Тақырып бойынша ақпарат жиналып, талқыланады. Бірлесіп талқыланғаннан кейін негізгі нұсқаны таңдап алады.
Мұғалім іс-әрекеттер жоспарын жасауға көмектеседі.
Жобаны дайындаудың технологиялық картасын құрастырады, құрал –саймандар,(сым,қайшы,моншақ.композиция ,т.б)материалдар іріктеліп алынады. Оқушылар көрсетілген дайын жобаларға талдау жасайды, болашақ бұйымға қажетті заттардың тізімін құрастырады.
Жоба тақырыбын таңдап алуды негіздеу, идеяларды дайындау мен үздіктерін таңдап алу.
Оқушылар мұғаліммен бірге алға қойылған мәселелерді талқылайды. Өз жобалары үшін қажетті ақпаратты іріктеп алады.
Қауіпсіздік техникалық ережесі:
* Моншақтарды араластырма.
* Моншақтар шашылып кетпес үшін оларды бөлек жайпақ ыдыстарда немесе қорапшада ұстаған жөн.
* Сым темірмен ойнама.
* Сымды қайшымен қияды.
*Сымды көзге жақын ұстамайды.
* Жұмыс орныңды таза ұста.
Керекті құрал – жабдықтар:
• Бисер түрлері;
•қайшы; жіңішке сым;
.фарнитуралар(түйреуіш,т..б)
.ермексаз
*Сарамандық жұмыс
1. Қауіпсіздік ережесін үнемі есте сақтау керек;
2. Жұмыс киімін кию;
3. Құралдарды тексеру;
4. Шұңғылдау бір ыдысқа керекті бисерлерді алып дайындаймыз;
5. жұқа сымды аламыз;
6. Сымның бір шетін түйіндеп, екінші шетінен бисер өткіземіз;
7. Сымның бір шетінен бастап бисерлерді 1-2-3 түйірден бастап ораймыз, ара қашықтығы 1-1,5 см болу керек;
8. Осындай бұтақтық 16 данасын жасауымыз керек;
9. Дайын бұтақтардың 5 данасын бір-біріне біріктіріп жіппен орап, ораймыз да талдың бір бұтағын дайындаймыз
10. Дайын болған бұтақтарды қалың сымға біріктіріп, изолентпен ораймыз;
11. Дайын ағашты арнайы ыдысқа саламыз, ол үшін бізге ермексаз жұмсарту, үстіне ағашты саламыз;;
12. Эстетикалық талғаммен ағашымызды түрлендіреміз.
Сергіту сәті. Көзімізді демалтамыз Жданов әдісі бойынша көзге арналған жаттығулар жасау. 3 мин Жаттығу жасау реті:
Көзді алақанмен жауып тұру.
1 жаттығу “төртбұрыш сызу” және керісінше,3 рет көзді жыпылықтату
2 жаттығу “сағат тілі” және керісінше, 3 рет
көзді жыпылықтату
3 жаттығу “жылан” және керісінше, 3 рет
Нәтижелер мен қорытындылар:
Оқушылар дайындаудың оңтайлы технологияларын таңдап алып, болашақ жобалардың эскиздерін көрсетеді, жиналған ақпаратты нақтылайды,талдайды, қорытындылар жасайды. (Барлық жұмыс мұғалімнің бақылауымен жүргізіледі.)
Жоба таңдағанда қойылатын талаптар.
1.Таңдаған заттың өзіңе жақсы таныс, түсінікті, қызықты болуы керек.
2.Таңдаған зат сенің шығармашылығыңды көрсете ала ма?
Осының барлығын ойластыру керек.
3.Таңдаған жобаның күрделілігін, қанша еңбекті қажет ететінін білу керек. Жұмыс орындарын жинастыру.
Тексерілді__________________________________
Күні: 23.01.2016ж Пәні: технология Сыныбы: 9
Сабақтың тақырыбы: Қазақ халықының қолөнер кәсібі, қазіргі заманғы үйге керек-жарақтар.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Оқушыларға қазіргі заманғы сәндік қолданбалы өнердің ерекшеліктерін түсіндіру. Сыр бойындағы қолөнер шеберлерінің шығармаларымен таныстыру және насихаттау.
ә) Дамытушылық: Оқушылардың ұлттық қолөнеріне деген қызығушылығын арттыру, ой-қиялын дамыту.
б) Тәрбиелік: Қазіргі заманғы сәндік қолданбалы өнерді түсіндіре отырып, оларға кәсіби бағдар беру. Эстетикалық тәрбие беру.
Сабақтың көрнекілігі: Қазіргі заманғы қолөнер шеберлері жасаған ұлттық бұйымдар: құрақ көрпешелер, зергерлік бұйымдар.
Сабақтың барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі
а) Сәлемдесу
ә) оқушыларды түгелдеу
б) Сабаққа даярлығын тексеру
Жаңа сабақ бүгінде халқымыздың қолөнері қарқынды дамып келе жатыр. Ұлттық қолөнер салт-дәстүрімізді жетілдіріп, мәдениетіміздің озық жетістігін көрсетуде. Халық өнерінің бай мұраларын сұрыптай отырып, заманымызға сай сапа, түр беру әдісімен оларды әрі дамыту, оны бүгінгі ұрпаққа меңгерту-игілікті іс. Осы жағынан алғанда ұлттық қолөнердің тәрбиелік, тағылымдық мүмкіндіктері жоғары, өйткені ұрпақ тәрбиесіне кешенді түрде әсер етеді, қабілеттерінің жетілуіне, белгілі бір кәсіпке бейімделуіне көмектеседі.
Қолөнер-біздің рухани байлығымыз, мәдениетіміз, салт-дәстүріміз, ол бірнеше ғылымдардың дамуынан пайда болған өнер туындылары.
Қолөнер кәсібі еліміздің экономикасын көтеруге ықпал етеді. Қазақ халқының қолөнері әлем халықтарына мақтанышпен көрсететін көрме. Оған дәлел-біздің киіз үйіміз бен оның ішіндегі көз жауын алатын сәндік қолөнер бұйымдарын тамашалаған шетелдіктер «Киіз үй-қазақ халқының шағын мұражайы» деп бағалаған еді.
Қазіргі кезде қолөнері қарқынды дамып ұрпақтан ұрпаққа жалғасуда. Ғасырлар бойы қалыптасқан пішіндер мен тәсілдердің бай мұрасы негізінде шеберлер қазіргі заманғы сюжетті композиция элементтерін көрсететін ағаш, металл, керамика, киізден жасалған ерекше шығармаларды дүниеге әкелуде.
Қазіргі заман суретшілері мен қолөнер шеберлері тері, ағаш, сүйек өңдеудегі ескі технологияларды меңгеріп, қайта жаңғыртуда. Солардың арқасында халық қолөнерінің көптеген сырлары белгілі болды. Осылайша көне бұйымдар көркемдігі мен әсерлігін жоғалтпай, қазіргі заманғы шеберлердің қолынан қайта жаңғыртылып отыр.
Оңтүстік Қазақстан облысының шеберлері ұлттық дәстүрді жалғастыра отырып, тоқыма және киіз, кілем, алаша, басқұр, баулар тоқиды.
Өзіміздің Қызылорда облысы бойынша қолөнерімен айналысатын көптеген шеберлер бар. Олардың қолынан шыққан бұйымдары республикалық тіпті шет мемлекеттердің де көрмелеріне қойылған.
2011 жылы Тәуелсіздіктің 20 жылдығы қарсаңында Қызылорда қаласында Республикалық қолөнер шеберлері мен суретшілерінің симпозиумы болып өтті. Сол кезде де жерлестеріміздің қолөнер бұйымдары тамашалаған қонақтарды тәнті еткен болатын. Мысалы: ұста-Құлмамбетов Құдайберген, шебер-Қалназаров Борис, зергерлер-Абдуханов Зейнолла, Жақыпов Бекзат, ісмер-Рамазанова Гүлнар, т, б. шығармалары. (Слайд)
- Сендер технология сабағынан көптеген қолөнер бұйымдарын жасап үйрендіңдер. Қане соларды көрсете қойыңдаршы.
Оқушылар өздері жасаған бұйымдарын: құрақ көрпеше, су моншақтан жасаған алқалар, теріден жасаған пышақтың қыны, тұмар сияқты заттарды көрсетеді.
- Осы жұмыстарды жасағанда қандай көңіл-күйде болдыңдар?
- Қызығушылығымыз артты, жұмыс нәтижесін көруге асықтық.
- Жұмыс істеу барысында шыдамдылық, төзімділік қажет екенін және де оймен жұмыс істеу керектігін түсіндік.
- Иә, қолөнер бұйымдарын жасау үшін Абай атамыз айтқандай талап, еңбек, терең ой керек екен. Кез келген істі талаппен бастап, талғаммен аяқтасаңдар көңіл қуантарлық әдемі бұйымдарды жасауға болады.
Сөзжұмбақ беріледі. Әр қатардағы сөздер дұрыс табылса, тігінен «Сәндік қолөнер» деген сөз тіркесі шығады.
1. Ұлттық киімдер мен бұйымдар тігетін адам (ісмер)
2. Қазақ қыздарының бас киімі (сәукеле)
3. Суретті тықыр кілем (гобелен)
4. Батырдың бас киімі (дулыға)
а) Оқушылар еңбегін бағалау, сабаққа белсене қатысқан оқушыларды мадақтау
ә) Үйге тапсырма: Жұмысты аяқтау.
Тексерілді_________________________________
Күні: 16.01.2016ж Пәні: технология Сыныбы: 9
Сабақтың тақырыбы: Қолмен кестелеу тігістерін орындау
технологиясы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қазақтың кесте өнері жөнінде түсініктерін молайту.
Дамытушылық:Оқушылардың танымдық қабілеті мен қызығушылығын дамыту. Жаңа білім мен әрекет тәсілдерін қабылдау, пайымдау және есте сақтау бойынша оқушылар іс-әрекетін ұйымдастыру.
Тәрбиелік: Жеке тұлға ретінде өзін-өзі тани білуге, шапшаңдыққа зейін шоғырландырып,есте сақтау қабілетінің дамуына жағдай жасау. Халқының салт- дәстүрін қадірлей білуге тәрбилеу.
Сабақтың барысы. 1. Ұйымдастыру кезеңі
а) Оқушыларды түгендеу
ә) Құралдарының түгел екенін тексеру
б) Оқушылар назарын сабаққа аудару
2.Жаңа сабақ «Қолмен кестелеу тігістерін орындау технологиясы» тақырыбындағы конференциямызға бір топ мамандар келіп отыр. Сөз кезегін мамандарға береміз. Келесі кезекте кесте өнер зерттеуші мамандар тобы кесте тоқу үшін қолданылған аспаптар, қазіргі қолданып жүрген аспаптар түрлері, кесте тоқу үшін қажетті материалдармен, маталар жайлы айтады. Зеттеуші маман - Қарлығаш кестенің қолөнер бұйымдарында қолданылуын айтады. Суретші-этнодизайнер- Талшын қазақ кестесіндегі қолданылып келген, қолданып жүрген ою-өрнек түрлерімен таныстырады. Қолөнер түрлерін зерттеуші маман- Жадыра кесте тоқу үшін қолданылатын аспаптармен,маталармен таныстырады. Қолөнер түрлерін зерттеуші мамандар- Мақпал,Аружан кесте түрлерімен слайдтан түсіндіреді. Өнертанушы маман- Жарқынай көркем бізкестені қазіргі заманға лайықтап, халықаралық деңгейге көтергені үшін 2007ж ЮНЕСККО-ның сапа белгісі сертификатының иегері жайлы мағлұмат беріп,жұмыстарымен таныстырады. Технолог маман:- Сымбат кесте тігу технологиясымен таныстырып, тізбек тігісінің орындалуын көрсетеді. Кестеші: - Айгүл болашақ жас кестешілерге кеңесін айтады. Дәрігер маман:- Нэлла өз кеңестерін айтып, ФҮ жасатады.Адам бойында, әсіресе бойжеткендердің табанды, сабырлы,ұқыпты, зерделі мінез-құлық қалыптастыруда кесте өнерінің тигізетін пайдасы көп. Іс үстінде ісмерлік шыңдалады.
Бағалау
7.Үйге тапсырма: Реферат жазып келу
Тексерілді: ______________________________________
Күні: 06.02.2016 ж Пәні: технология Сыныбы: 6
Сабақтың тақырыбы: Тігін машинасының күтімі.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушылардың қол инесімен ұқсастығы мен айырмасын қарастыра отыра машина инесінің құрылысы мен тағайынадалуы туралы, тігін машинасының жұмысындағы ақаулардың себептері туралы және оның күтімі туралы білімді меңгеруін қамтамасыз ету.
Дамытушылық: уақытты тиімді пайдалану, жұмыс орындау кезінде тазалық сақтау және мұқият орындау сияқты жалпы еңбектік және политехникалық біліктерін дамыту.
Тәрбиелілік: Жұмысқа жауапкершілікпен қарау, мектеп құрал-жабдықтарын аялай ұстау сезіміне тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Сабаққа қатысуды бақылау. Жұмыс киімін оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру
Жаңа сабақ. Машина инесі - машинаның неғұрлым маңызды жұмыс органдарының бірі. Оның негізгі қызметі тігіс тігу болып табылады. Атқаратын жұмыс түріне байланысты түрлі машиналарда ұзындығы мен формасы әр түрлі инелер қолданылады. Машина инелері қол инелері сияқты нөмірлері бойынша ажыратылады. Ине жуан болған сайын оның нөмірі де өсе береді. Ине болаттан жасалады. Ол берік және серпімді болуы керек. Инелер ұзын және қысқа, жуан және жіңішке, түзу және иілген «(жапсыра тігу жұмыстары үшін) формалы болады.
Машина инесінің қүрылысы.
Сабақты қорытындылау. Оқушылардың орындаған жұмыстарын тексеру.
1.Машина инесі не үшін қызмет етеді?
2. Тігін машиналары инесін таңдау қалай жүргізіледі?
3. Машина инесінің орнату реттілігі қандай?
Баға қою.
Үйге тапсырма: Қол машинасымен іс тігіп үйрену.
Тексерілді________________________________
Күні: 30.01.2016 ж Пәні: технология Сыныбы: 6
Сабақтың тақырыбы: Тігін машина инесінің құрылысы және оны орналастыру.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды білімділік, біліктілік іс - тәжірибесімен ұштастыра отырып, толық мағлұмат беру. Оқушыларға туралы білімдерін кеңейту.
Дамытушылығы: жеке тапсырмаларды орындау барысында технологияның ретін, талаптарын орындау, оқушылар шығармашылығын дамыту.
Тәрбиелігі: жаңашылдыққа, әдемілікке, тігін машина инесінің құрылысы және оны орналастыру жолдарын үйрету, ұқыптылық, эстетикалық талғамға баулу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: сыни тұрғыда ойлау, ынтымақтастықта оқыту, түсіндірмелі сұрақ - жауап.
Сабақтың көрнекілігі: тірек - сызбалар, сурет, журналдар, оқулық, тігін машинасы, құрал - жабдықтары, т. б.
Пәнаралық байланыс: сызу, бейнелеу, тарих, әдебиет, алгебра, геометрия.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Жаңа сабақ
Сабақты бекіту
Үйге тапсырма
1. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен сәлемдесу.
- Сабаққа қатынасын анықтау.
2. Тігін машина инесінің қол инесі сияқты әр түрлі нөмірі бар. Басты міндеті – тігіс жүргізу. Ине жылтыр болат темірден жасалады, оның жуандығы біркелкі болмайды. Ұшы жіңішке, үшкір де жоғарғы жағы жуан, бір беті тегіс келеді. Иненің жуан бөлігін қолба деп атайды. Қолбадан (колба) төмен ұшы үшкір стержень жалғасқан. Стерженьннің ең үшкір ұшында иненің көзі орналасқан. Стержень ұзын және қысқа ойықтардан тұрады. Ұзын ойықта жіп тұрады., ол иненің жүрісі кезінде жіпті үйкелмеуден сақтайды. Жіпті ұзын ойық жағынан сабақтайды. Өздерің көріп жүрген ине конструкциясын Америкада ХІХ ғасырдың 30 - жылдарында ойлап тапты. Иненің нөмірін мата түріне қарай таңдайды. Жұқа маталарды жіңішке инемен, яғни 70 - 80 - 90 нөмірлі инелермен тігеді. Ал, қалың маталарды жуан, 100 - 120 нөмірлі инелермен тігеді. Соған қарай жіпті де ауыстырып отырады. Жұқа бәтес, жібек ине нөмірі 70 мақта жібі, 80 жібек жібі 75 сәтен, шыт жібек, ине нөмірі 80 - 90 мақта жіп 60 - 80 жібек жіп 65.
Сабақты бекіту. Тігін машина инесінің құрылысы және орналастыру туралы нені үйрендіңдер?
Үйге тапсырма: Оқып келу, үйрену.
Тексерілді_______________________________
Күні: 09.02.2016 ж Пәні: технология Сыныбы: 5
Сабақтың тақырыбы: Тігін машинасының тарихы. Машина түрлері, жұмыс істеу ережелері. Машина тігістері.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды тігін машиналарының түрлері, тарихын, жұмыс істеу ережелерімен таныстыру. Машина тігісінің түрлері мен терминологиясы туралы білім беру. Оқушылардың машинатанудағы танымдарын, түсініктерін қалыптастыру. Еңбек мәдениетіне, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың міндеттері: Білімділік: Жаңа сабақты меңгерте отырып, білімдерін қалыптастыру. Машинатану негіздері, тігін машинасының шығу тарихымен таныстыру.
Дамытушылық: Оқушылардың ой - өрісін, көргендерін еске сақтап, оны қайта жаңғыртуға, әсемдікке, ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке үйрету
Тәрбиелік: Жұмыс барысында белгілі тәртіп ережесін сақтауға, көмек көрсетуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың көрнекілігі: Тігін машинасаның түрлері, Тігін машинасы тігісінің түрлері, Тігін машинасына дұрыс отыру тәртібі суретті – плакаттар, слайд көрсету.
Сабақтың әдісі: Әңгімелеу, мәтінмен жұмыс, сұрақ - жауап, ой-бөліс.
Сабақтың құрылысы: Ұйымдастыру бөлімі;
Жаңа сабақты меңгеру;
Сабақты бекіту; қорытынды, үйге тапсырма
Оқушылармен амандасу, жоқ оқушыларды белгілеу.
Оқушылардың назарын тақырыпқа аударып, суретті көрнекіліктерді ұсыну.
Сұрақ: Кім қандай тігін машинасын біледі?
Жаңа сабақ: Тігін машинасының түрлерімен таныстыра отырып, тарихына тоқталу:
Ең алғаш рет тігін машинасының жобасын ХV ғасырда Леонардо да Винчи ұсынған.
1755 жылы Карль Вайзенталь қол тігісін жүргізетін инесі бар машина ойлап тапты.
1808 жылы ағылшын Д. Пири бір жіпті тез тарқататын машина шығарды. Тек 1834 жылы Уолтер Хант шөлмекті машина жасады.
1844-1845жылы американдық Элиос Хоу инженер Уолтер Ханттың принципін қолдана отырып, бірқалыпты жұмыс істейтін тігін машинасын ұсынды.
1850-1851 жылы амрикандық Ален Уилсон мен Исаак Зингердің күшімен қазіргі заманғы машина түрлерінің негізі қаланды.
1870 жылдан бастап АҚШ-та «Зингер» фирмасы кеңінен етек жайды. Сөйтіп ол Ресейде де, өз фирмасын ашты.
1900 жылы Ресейдегі Подольск қаласында «Зингер» зауытын ашты. Онда шетелден әкелінген машина бөлшектерінен, тігін машинасын құрастырады.
Тұрмыстық тігін машинасы өзінің құрылымы, техникалық мүмкіндігі және сыртқы көрінісі бойынша түрліше болып келеді. Бірақ олардың құрылысы, реттеуі және пайдалану ережелерінің көпшілігі ортақ. Тігін машинасының қол машина, аяқ машина және электр машина деп аталатын түрлері бар.
Тігін машинасымен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік ережелері.
1. Жұмыс орнын ретке келтіру.
2. Шашты жинап, жеңді қайыру.
3. Машинада тіке, орындыққа толық жайғасып, денені жай ғана еңкейтіп, басты алға қарай иіп отыру керек.
4. Жарық жұмыс орнына сол жақтан немесе алдынан түсуі керек.
5. Тігін машинасын тікелей мұғалімнің жетекшілігімен іске қосу.
6. Машина мен жұмыс орындаушының ара қашықтығы 20-30 см
7. Аяқтар толығымен еденде немесе аяқ қойғышта (подставка) орнығуы керек.
8. Машина үстінде артық заттар жатпау қажет.
9. Машина тігісін бастарда бұйымда түйреуіштер немесе инелер болмауы тиіс.
10. Жұмыс бастамай тұрып орналасуын тексеру (табанды реттегіш бұранда жақсы ұстап тұр ма, ине тесігіне тура келе ме).
11. Матаны қойып, табанды түсірмей тігін машинасын жүргізуге болмайды.
12. Тігістерді ауыстырғанда инені жоғары көтеріп қою.
Машина тігістерінің түрлері.
Киімді дайындау кезінде әр түрлі жұмыстар атқарылады: қолмен, машинамен, ылғалды - жылулық.
Машина тігістері қолданылуына байланысты біріктіру, шет және әрлеуші тігіс болып бөлінеді.
Біріктіру тігісі тігін бұйымының бөлшектерін біріктіру үшін қызмет етеді. Олар: сырып тігу, бастыра тігу, айыра тігу, жапсыра тігу, қосарлы және бүктемелі тігістер. Бұл тігістермен (бүктемелі тігістен басқасымен) таныссыңдар.
Біріктіру тігістері иық, бүйір қиықтарын, жеңдерді, иініш, қалта, қатпарларды біріктіру кезінде қолданылады. Біріккен тігістерде бұйым бөлшектері тігістің екі жағында жатады. Мысалы, сырып тігілген тігісті жатқыза жөне айыра үтіктеуге болады. Айыра үтіктелген тігіс екі жағынан тігіммен бекітілген болуы мүмкін, яғни айыра тігілген.
Бүктемелі тігіс ақ жайма, жейде пішімді блузка, ерлер жейдесін тігу кезінде қолданылады.
Шет тігістері жаға, мойындық, өңір, қолтық ойындысы шеттері сетінеп кетпеуі және әрлеу үшін қолданылады. Шеттік тігістерге: жабық қиықты бүгіп тігу, жөрмеу, шеттіктеу (жиектеу)тігістері жатады. Шеттіктеу тігісі үш түрге бөлінеді: ашық қиықты, жабық қиықты және ызбамен жиектеу.
Қиықты қиғаш жиекпен ғана емес, негізгі және әрлеу матасынан көлденең жиекпен, сондай-ақ дайын ызбамен де жиектеуге бол
Жөрмелген тігіс өңір шеттерін, жаға, қаттама, қалталарды өңдеу кезінде қолданылады. Өңдеу кезінде бөлшек шеттерін біріктіріп жөрмеуден кейін бұйым өңін айналдыру, сонан соң шеттік жасап айналдыра көктеу қажет. Ашық қиықты бүгілген тігіс өңірдің ішкі жиегін, мойындық әдібін, қолтық ойындысын, бұйымның етегі мен жеңнің шетін өңдеу кезінде қолданылады. Бұйым етегін және жең қиығын өңдеу кезінде қиықтарды алдын ала арнайы машинада торлайды.
Жабық қиықты бүгілген тігіс жібек және мақта матадан тігілген көйлек, блузка, ұйықтағанда киетін көйлектің етегін және бұйым жеңінің жиегін өңдеу кезінде қолданылады.
Машина тігістерінің түрлері
Тігін машинасының тарихы дәптерлеріне түртіп алу. Тұрмыстық тігін машинасында жұмыс істеу ережелері айтылып, сипаттама беріледі. (кітаппен жұмыс)
«Тігін машинасы тігістері», «Тігін машинасымен жұмыс кезінде қолданылатын терминдер» кестесін оқи отырып талдау жасау.
Үйге тапсырма: Өтілген материалды оқу, схеманы жаттау, талаптар мен терминологияны жатқа білу.
Тексерілді_____________________________________
Күні: 20.10.2015 ж Пәні: технология Сыныбы: 5
Сабақтың тақырыбы: Жұмыртқадан дайындалған тағамдар.
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Жаңа сабақты меңгерте отырып, білімдерін қалыптастыру.
Дамытушылық: Оқушылардың ой - өрісін, көргендерін еске сақтап, оны қайта жаңғыртуға, әсемдікке, ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке үйрету
Тәрбиелік: Жұмыс барысында белгілі тәртіп ережесін сақтауға, көмек көрсетуге тәрбиелеу.
Жаңа сабақ: жұмыртқа тағамдары - дайындалу технологиясы жеңіл әрі қарапайым тағамдар тобына жататын тағам. Жұмыртқа тағамдарына — пісірілген, қуырылған, дәмдік қоспалар салы- нып бұлғанған жұмыртқалар, омлеттер, бисквиттер жатады. Жұмыртқа тағамдарының ішінде әр түрлі қоспалар салыну арқылы жасалатын көптеген аспаздық тағамдар бар: пор- тугаль, швед, полыиа, украин, беларусь, Россини жұмыртқалары, а-ля ройяль және т.б. Қоспа ретіне көбіне қызанақ, зөйтүн, сыр, шүжық, пияз, саңырауқұлақ қолданылады. Жұмыртқа тағамдарын ойлап табу оңай. Мысалы, Россини (композитор) жұмыртқасын қуырылған жұмыртқаның сарысын ойьш алып, үстін піскен қаз бауырының кесегімен жауып, мадерадан дайындалған соус қүйып береді. Бірақ жұмыртқаны күнделікті жеудің зияны да бар. Артық салмағы бар адамдардың организміндегі зат алмасу процесінің түзелуін тежейді.
Жұмыртқа — құнды тағамдық өнім. Қабығы аршылған тауық жұмыртқасының химиялық құрамы 73,6% судан, 12,8% белоктан, майлардан, көмір сулардан, минералдық заттардан тұрады. Жұмыртқада адам организміне қажетті, тіршілік үшін маңызы зор амин қышқылдарының бүкіл жиынтығы бар. Жұмыртқа құнды бөлігінің бірі — сары уызы. Ол майлар мен белоктарға, көмір сулар мен минералды заттарға ғана емес, сонымен бірге витаминдерге (А, В, Д, Е т.б.) де бай. Жұмыртқа емдемдік тағамдар қатарына жатады. Сары уызы жеңіл сіңеді. Шикі жұмыртқа ақуызы ұзақ қорытылады, тек пісірілген кезде оның сіңуі артады. Жұмыртқа көптеген тағамның құрамына енеді, Жұмыртқа құнарлылығы жағынан қондылығы орташа сиыр етіне теңеседі. Тамаққа негізінен тауық, бөдене жұмыртқалары пайдаланылады. Жұмыртқа өнімдеріне меланж және жұмыртқа ұнтағы жатады. Жұмыртқаның құрамында 12,7 % белок, 11,5% май, 0,7% көмір су, 1,0% күл бар. Энергетикалық құндылығы 157 ккал. Тауық жұмыртқалары емдемдік және асханалық болып бөлінеді.
Тексерілді: ______________________________________
Күні: 27.10.201 ж Пәні: технология Сыныбы: 5
Сабақтың тақырыбы: Бутербродтар түрлері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға бутерброд туралы түсінік беру, бутерброд түрлерін таныстыру.
Дамытушылық: Оқушылардың өз бетімен тағам түрлерін жасай білуін және аспаздық қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Қыз баланы ас мәзірін дайындау кезінде тиянақты, ұқыпты таза жұмыстануға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Кесте, суреттер, сөзжұмбақ.
Керекті құрал-жабдықтар: Тақтай, пышақ, тәрелкелер.
Бутерброд жасауға арналған азық-түліктер.
Сабақ түрі: аралас
Сабақ әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
- оқушылармен амандасу
- оқушыларды түгендеу, назарын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
1. Салат дегеніміз не? Салаттың түрлерін ата
2. Көкөністер қандай топтарға бөлінеді?
⦁ Тамақтану мәдениеті дегеніміз не?
⦁ Көкөністерді тураудың неше түрі бар?
ІІІ. Жаңа сабақ Тақырыбын, мақсатын таныстыру.
Дастархандағы нан – ауқаттылықтың, жетістіктің және бейбіт өмір тұрақтылығының белгісі.Адамдар нанды барлық жерде және барлық уақытта қастерлеп келген.Нан және нан өнімдері ең маңызды тағам.
Нанды бутерброд дайындауға пайдаланса болады.Бутерброд неміс сөзінен шыққан «май жағылған нан» дегенді білдіреді.Біз бутерброд сөзін кең мағынасында қолданамыз.
Бутербродтар салқын тағамдарға жатады. Оларды таңғы, түскі, кешкі асқа тез дайындауға болады.Бутерброд мәзірді түрлендіреді, әр түрлі тағамдар дың сәнін кіргізіп, кісінің тәбетін ашатындай етіп көрсетеді.Оны жеке тағам ретінде немесе ас алдында сорпамен, шаймен,кофемен, сондай-ақ ыстық тамақсыз дастарханға басытқы ретінде беруге болады.
Кесте
Бутерброд дайындауға қажет азық-түліктердің ықтималды үйлесімі
Пайдаланылатын азық – түліктер Пайдаланылатын азық – түліктер құрамы
Еттен жасалған 1. Май, шұжық, ветчина, піскен ет, піскен тіл.
2. Қышамен аралас май, піскен ет, қияр, қызанақ, жасымша.
Балықтан жасалған ⦁ Піскен балық, май, майонез, жасымша
⦁ сардиналар, қияр, кальмарлар.
Сүттен жасалған 1. Май, ірімшік сүзбе, ірімшік(брынза)
2. Сүзбе массасы, тосап.
Көкөністен жасалған 1.Май, қызанақ езбесі, жұмыртқа, ақжелкек көгі, көк пияз, салат.
2.Қызылша, сәбіз, қияр, қызанақ.
Жемістен жасалған Алма, жаңғақтар, апельсиндер, жидектер.
Қолданылған қоспаға байланысты бутербродтар былай бөлінеді:
⦁ еттен жасалған;
⦁ балықтан жасалған;
⦁ сүттен жасалған;
⦁ көкөністен жасалған;
⦁ жемістен жасалған;
Өңдеу тәсіліне байланысты бутербродтарды салқын, ыстық деп топтауға болады.
Бутербродтардың негізгі түрлері:
⦁ ашық (азық көрініп тұрады);
⦁ жабық (сэндвичтер);
⦁ тіске басар басытқы (3х3см мөлшерлі канапе), оның түйірлері көкөністен жасалған.
Кесте. Бутерброд түрлері.
Бутерброд дайындау түрлері
мен әдістері Дайындау ерекшеліктері
Салқын
Ыстық
Ашық (қарапайым)
Ашық (күрделі)
Жабық
Тіске ілерлік канапе немесе тартинкалар Жылусыз өңдеу
Жылумен өңдеу
Бір азық түрімен
Екіден артық азықпен
Салынды екі тілім нан ортасына орналастырылады.
Нан жабық пеште (духовка), тостерде пісіріледі.Уақтап кесіліп, екі жағы кептірілген нан қолданылады.
Салындыны кептірілген нанға салады.
IV. Сарамандық жұмыс. Керекті құралдар: тақтай, пышақ, тәрелкелер,
азық-түліктер. Оқушылар өз қалаулары бойынша бутерброд жасаулары қажет.
Қауіпсіздік ережесін еске түсіреміз
⦁ пышақты, шанышқыны ұсынғанда сабын ілгері қаратып беру керек.
⦁ көкөністерді арнайы тақтайшаларда турау қажет.
⦁ азықты турағанда пышақты тақтадан тым жоғары көтермеу керек, пышақ жүзінен сол қолдың саусақтары бүгіліп, қашық түруы тиіс.
⦁ көкөністерді үккіштен өткізгенде оны қатты ұстау қажет және тым майдалап жіберуге болмайды.
Оқушылар өздері дайындаған бутерброд түрлерін көрсетіп, таныстырады.
V. Сөзжұмбақ шешу.
⦁ Жердің астында – қызыл, жер бетінде – жасыл. (Қызылша)
⦁ Түймесі жоқ, қабат-қабат тон киген көкөніс. (Қырыққабат)
⦁ Қарапайым «бұйрашашты» жасылша. (Аскөк)
⦁ Барлық ауру қашатын көкөніс. (Пияз)
⦁ 95% судан тұратын көкөніс. (Қияр)
⦁ Ол көкөністі «екінші нан» деп атайды. (Картоп)
VI. Дайын бутербродтардың сапасына қойылатын талаптар:
⦁ бутерброд жеу алдында ғана дайындалуы тиіс;
⦁ бутерброд құрамындағы азықтар жасаң болуы тиіс;
⦁ нан үзімдерінің қалыңдығы 0,51 см болуы қажет;
⦁ нан азықтармен түгел жабылған болуы қажет;
⦁ бутербродтардың дәмі, түсі, және иісі қолданылған азықтарға сәйкес болуы тиіс;
⦁ бутербродтардың тоңазытқышта сақталу мерзімі 4-80 мөшерінде 3сағаттан аспаған жөн;
⦁ көкөністерді турамастан бұрын алғашқы өңдеуден өткізу қажет;
⦁ нан, көкөністер турау кезінде әрқайсысына арнайы тақтайшалар пайдаланылады.
VII. Қорытынды.
Міне балалар бүгін біз сендермен әртүрлі бутерброд түрлерінің қалай жасалатынымен танысып, кейбіреулерін жасап көрдік.
Бүгінгі тақырып бойынша қандай сұрақтарың бар?
⦁ Жаңа материал бойынша сүрақтарға жауап беру.
⦁ Оқушыларды бағалау.
⦁ Үйге тапсырма. Басқа да бутерброд түрлерін жасау.
Тексерілді: _________________________________
Пәні: технология Сыныбы: 10 «Ә» Күні: 17.11.2015ж.
Тақырыбы: Қазіргі кездегі қазақша киім түрлері.
Сабақтың мақсаты: Қазіргі кездегі жаңа үлгідегі иық бұйымдарының түрлері туралы білім қалыптастыру.
«Киім» сөзіне ой қозғау. Оқушылардың киім туралы пікірлерін тыңдай отырып, жаңа сабақ тақырыбын ашамын.
Бейне жазба арқылы қазіргі заманғы иық киім үлгілерін көрсету
Киім туралы әр топ өз ойларын айтады.
Сабақ тақырыбын дәптерлеріне жазады.
Қазіргі кездегі сән үлгісіндегі иық киімдерінің түрлерімен танысады, көру арқылы есте сақтайды.
Жаңа сабақ.
Киім силуэті мен стилі.
Әр топ берілген тапсырма бойынша жұмыстанып, постер дайындайды және қорғайды.
Жеке жұмыс. Ұлттық иық киім үлгісін қағаздан жапсырмалау. Табыс критерийлерін оқушылармен бірге шығару.
Топ атынан ұсынылған жұмыстарды екі жұлдыз, бір ұсыныс арқылы бағалау.
Оқушылар оқулыққа қосымша ресурс парақтарын пайдалана отырып постер дайындайды, әр топтан бір адам шығы топтық жұмысты қорғайды. Топтық жұмысты табыс критерийлер бойынша бағалайды.«Сэндвич» әдісі арқылы 1жақсы 1сын 1мақтау айтады.
Топтық жұмысты бағалау табыс критерийлері.
Критерийлер Толық жауап Жартылай
жауап
1. Тақырып мазмұнының
ашылуы.
2. Баяндау шеберлігі.
3. Эстетикалық талғамы.
Оқушылар А4 форматына түрлі - түсті қағаздан ұлтттық киімінің үлгісін жасайды.
Табыс критерийлер бойынша, өзін - өзі бағалау, өзара бағалайды.
Топ атынан үздік жұмысты ұсынады. Стикерге екі мақтау, бір ұсыныс жазып ұнаған жұмысқа жапсырады.
Қорытынды.
Мұғалім әрекеті
Түрткі сұрақтарды қолдана отырып сабақты бекіту.
Оқушылардың қоржынына жиналған бағаларын назарға ала отырып, қортынды бағалаймын.
Тексерілді: ______________________________
Пәні: технология Сыныбы: 10 «Ә» Күні: 27.10.2015ж.
Сабақтың тақырыбы: Қазіргі киім үлгісі .
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: стиль,сән,киім кешек түсініктеріне тоқталу, киім шешімін меңгерту. Оқушыларға сән, киім, стиль түсініктерін білдірту.
Дамытушылық: Оқытушылардың тақырып туралы ойларын кеңейту. Шығармашылығын арттыру.
Тәрбиелік: Жастарды жас ерекшелігіне сәйкес киінуге, киіну мәдениетінің қыр сырын ұсынатын эстетикалық тәрбие беру, әсемдікке сұлулыққа ұйымшылдыққа баулу
Киім мәдениеті туралы ой қалыптастыра отырып өз мүмкіндіктерін қолдана білуге үйрету.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың барысы:
Бүгінгі сабақта киім стильі, сән үлгісіне туралы таңысамыз! Сән қалай пайда болды? Сән адамзат баласы пайда болғаннан бастап пайда болды. Айтатын болсақ адамзат баласы ең алдымен жапырақ, аңдардың терісі т. б. Әлемдегі әр түрлі елдердің дәстүрлі халықтық костюм үлгілері қазір де сән жасаушылар үшін шығармашылық жаңалықтардың негізгі бастауы болып отыр және қандай жағдай болмасын арналып тігілген киімдердің бәрінен де өзінің нақты көрінісін табуда.Қазіргі кезде кез - келген адамның өз қалауынша сәнді киінуіне мүмкіншілігі бар. Тіге білетін және сәнге қызыққан адам өзіне ыңғайлы және сәнді бұйым тігіп кие алады.
Сән (франц. moda, латын modus - өлшем, әрекет тәсілі) киім кию
Киімде бірнеше классикалық, спорттық, романтикалық және фольклорлық стилдер болады.
Классикалық стильге (қатал. Іскер, сәнді киіну ) салыстырмалы түрде тұрақты, сән әлеміндегі өзгерістерге онша беріле бермейтін барлық киім түрлері кіреді. Ерлердің классикалық киімдеріне – костюм шалбар немесе тек шалбардың өзі, жакет - костюм, ағылшын пальтосы, ал әйелдердің классикалық киіміне – жеңді көйлек жекетімен, белдемше кіреді. Қазіргі кезде классикалық киімдер аясы ерлер үшін де, әйелдер үшін де трикотаж күртешелердің ештеңеге міндеттелмейтін еркін түрлерінің енуіне байланысты біршама кеңеюде. Әйелдер киімінің құрамына ерлер костюмі, жейдесі, шалбары түпкілікті енді.
Іскерлік стиль:1 Қимылға кедергі келтірмейді, ыңғайлы;
2 Нәзік рецкті немесе ұсақ суретті жоғары саналы;
3 Түстері қатты ашық емес және нәзік, тынық;
4 Аксессуарлар мен әшекейлерді ұстамды
5 Орташа өкшелі немесе өкшесіз жайпақ аяқ киімдер.
Спорттық стиль - демалыста, спортпен айналысқанда, саяхатқа шыққанда киюге ыңғайлы киімдер. Спорттық киімдер ассортименттері - күртеше, жейде, әр түрлі ұзындықтағы және әр түрлі әрленген белдемшелер комбинезондар, джинсы киімдері. Бұл стильдегі киімдер түйме, батырма, сыдырма түймелердің, сондай - ақ әрлеу тігімдерінің, бөлшектердің дәл және тартымды орналасуымен ерекшеленеді.
Романтикалық стильде – әдемілік, ерекшелік, сүйкімділік, нәзіктікті әдеттегіден тыс бөліп көрсетеді.Романтикалық стильдің ерекшелігі - қатпарлар, желбіреушілер, шілтерлер, банттар, желбіршектер жиынтығынан тұрады.
Фольклорлық стиль (этникалық) ұлттық сипаттағы осы заманғы киімдер. Бұл стильде ұлттық ою - өрнектер кестелер, қол жұмысының
көптеген элементтері, жоғары технологиялық әдістер кеңінен пайдаланылады. Фольклорлық стильді көбіне кантри стиль деп атайды.
Киім түрлері киім арналуына қарай бірнеше түрге бөлінеді, күнделікті киім, үй киімі, спорттық киім, әртүрлі салтанаттарға киюге арналған киім.
Сарамандық жұмыс .Қауіпсіздік ережесімен сурет арқылы танысу.
Оқушыларға киімді үтіктеуді, жөңдеуді, түйме қадауды көрсете отырып үйрету, өздеріне орындауға беру.Оқушылардың жұмысын бағалау.
Психологиялық тренинг жұмыс: оқушыралға таза шыны стаканға түрлі түсті бормен тұзды бояу арқылы толтыру керек.Стаканға тұзды бояап салған кезде балалар бір-біріне тілек айтып салынады.
Үйге тапсырма
Сән үлгілерінен буклет жасау.
Тексерілді: ___________________________________
Пәні: технология Сыныбы: 7 Күні: 14.10.2016ж
Сабақтың тақырыбы: Мата түрлері және оның қасиеттері.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: матаның қасиеттері туралы түсінік беру,таныстыру.
Дамытушылығы: оқушылардың ойлау қабілетін арттыру,пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелілігі: эстетикалық талғамға, шапшаңдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі; жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі; сұрақ – жауап.
Көрнекіліктері: фотосуреттер, плакаттар, топтамалар,т.б.
Сабақтың барысы;
1.Ұйымдастыру бөлімі;
- Саламатсыздар ма, оқушылар! Отырыңыздар!/Оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындығын тексеру/.
2. Өткенді қайталау.
1. Жүн және жібек талшықтардың айырмашылығы
2. Талшықтардың түрлері
3. Матаның шығару жолдары
3. Жаңа тақырып.
Мата жасалатын талшықтар табиғи (мақта, кендір, жібек, жүн т.с.с.), жасанды немесе синтетикалық болуы мүмкін. Талшықтардан жасалған жіптер иірілген, қатты немесе бос, үлпілдек болуы мүмкін. Маталар құрылысы бойынша маталық және тоқыма-трикотаждық болып бөлінеді.
Маталардың түрлерін балалар киімінің өндірісінде пайдалану, олардың физикалық-гигиеналық көрсеткіштеріне: қалыңдығы, массасы, көлемдік массасы, кеуектілігі, ауа- және буөткізгіштігі, гигроскопиялылығы, ылғалсақтағыштығы, гидро- және липофильділігіне және жылуөткізгішітігіне байланысты болады.
Матаның қалыңдығы - миллиметрмен өлшенеді және негізінен матаның жылусақтағыштық қасиетіне тікелей әсер етеді. Қалыңдығы жоғары маталардың құрамында жылу өткізгіштік қасиеті өте төмен ауа көп болады. Яғни, мата неғұрлым қалың болса, соғұрлым жылы болады (мыс. бәтес-0,1мм, драп-5мм, табиғи жүн-30-50мм).Матаның массасы – матаның белгілі ауданына (1м2 немесе 1см2) алынған грамм көлемімен өлшенеді. Өзіне қажетті қасиеттердің бәрі (мыс. крепдешин-25г/м2, драп-77г/м2, табиғи жүн-1000,0г/м2) сақталған және массасы төмен болып келетін маталар гигиеналық тұрғыдан ең дұрысы деп саналады.Көлемдік масса - матадағы тығыз заттар мен ауа құрамының қатынасын анықтайды, 1см3 матаның граммен алынған массасы. Бұл көрсеткіш төмен болған сайын, матаның массасы жеңіл болады
Гидрофобтық (суланбайтын) - гидрофильділікке қарама-қайшы қасиет. Сыртқы киімдерге әсіресе қар, жаңбыр, тұмандардан қорғануға арналған киімдердің гидрофобтығы жоғары болуы керек.Липофильділік - матаның тері бетіндегі майларды өзіне сіңіріп алу қасиеті, пайызбен алынады. Әсіресе синтетикалық маталарға тән қасиет, талшықтар арасындағы ауа өтетін кеуектіліктер тығыздалып, матаның физикалық-гигиеналық қасиеттері төмендейтіндіктен, олардың нашар қасиеті болып табылады. Жылуөткізгіштік - матаның жылусақтау қасиетін сипаттайды; бұл көрсеткіш төмен болған сайын, матаның жылылық қасиеті жоғарылайды.
Жылулық қарсылық - жылуөткізгіштікке қарама-қайшы қасиет, температура өзгерісі 10С болған жағдайда, 1м2 матадан 1ккал жылу өтетін уақытпен (сағатпен) өлшенеді және жылу өткізгіштікке кері шама болып табылады.Балалар киімін дайындау үшін табиғи талшықтардан жасалған маталар және қатал түрде Балаларға арналған басқадай заттарға жасанды жүндер мен синтетикалық жылу сақтағыштарды (желімденген, көлемдік, ине өтетін) қолдануға болады.Жаңа туған сәбилер мен сәбилер жасындағы балалардың (28 размерге дейін) іш киімдеріне химиялық жіп қосылмаған болуы керек, бастауыш мектеп жасына дейінгі жастағы балалардың киімінде ол 30%-ға, одан жоғары жастағы балалардың киімінде 50%-ға дейін рұқсат етіледі. 30 размерге дейінгі суға түсуге арналған костюмдер мен спорт киімдері тек қана табиғи жіптерден жасалуы керек.Іш киімдер - тері қабатымен тікелей байланыста болатындықтан, киім астындағы аралықта пайда болып отыратын зат алмасу заттарынан (ылғалдылық, май, газдар) тазартып отыруға қатысады және олар ыңғайлы, кең, киім асты аралығының желдетілуіне, терінің “тыныс алуының” қамтамасыз етілуіне жағдай жасауы керек. Іш киімдер үшін ауа-, ылғал-, буөткізгішітігін, гигроскопиялылықтың және гидрофильділіктің жоғары болуын қамтамасыз ететін жұқа, жұмсақ, құрылысы тоқыма-трикотаждық маталар алынады. Жаңа туған нәрестелер мен 3 жасқа дейінгі сәбилердің киімінің ішкі қабаты тек табиғи талшықтардан (кендір, мақта, жібек) немесе вискозадан жасалуы керек. Мектепке дейінгі жастардағы балалардың іш киімдерін дайындауға мақта-сиблон маталарын (70% мақта және 30% сиблон) қолдануға рұқсат етіледі.
4..Жаңа сабақты бекіту.
Маталардың түрлері
Маталардың қасиеттері
Олардың пайдасы мен зияны
5.Үйге тапсырма: Маталардың түрлерінен альбом жасау. Қасиеттерін оқу
Тексерілді:__________________________________
Пәні: технология Сыныбы: 7 Күні: 02.12.2015ж
Сабақтың тақырыбы: Қазіргі заманғы киім үлгілері және оған қойылатын талаптар.
Мақсаты: Қазіргі кездегі жаңа үлгідегі иық бұйымдарының түрлері туралы білім қалыптастыру.
Күтілетін нәтиже:
Қазіргі заман киімдерінің ішінен иық бұйымдарының ерекшеліктері, оларға қойылатын талаптар туралы біледі;
Иық киімдерінің түрлерін, қазіргі киімнің стилдерін ажырата алады;
Жаңа үлгідегі иық киім үлгісін суретте бейнелейді шығармашылық жұмыста қолданады.
Дереккөздер, құрал - жабдықтар: АКТ, Таныстырылым, А4 формат, түрлі - түсті қағаздар,
қарындаштар, флипчарт, маркер. желім, қайшы. ресурстар. стикер.
Сабақтың барысы:
Кіріспе
Киім силуэті мен стилі.
Әр топ берілген тапсырма бойынша жұмыстанып, постер дайындайды және қорғайды.
Жеке жұмыс. Ұлттық иық киім үлгісін қағаздан жапсырмалау. Табыс критерийлерін оқушылармен бірге шығару.
Топ атынан ұсынылған жұмыстарды екі жұлдыз, бір ұсыныс арқылы бағалау.
Оқушы әрекеті
Оқушылар оқулыққа қосымша ресурс парақтарын пайдалана отырып постер дайындайды, әр топтан бір адам шығы топтық жұмысты қорғайды. Топтық жұмысты табыс критерийлер бойынша бағалайды.«Сэндвич» әдісі арқылы 1жақсы 1сын 1мақтау айтады.
Топтық жұмысты бағалау табыс критерийлері.
Критерийлер Толық жауап Жартылай
жауап
1. Тақырып мазмұнының
ашылуы.
2. Баяндау шеберлігі.
3. Эстетикалық талғамы.
Оқушылар А4 форматына түрлі - түсті қағаздан ұлтттық киімінің үлгісін жасайды.
Табыс критерийлері:
Критер - й 3 4 5
Ұлттық
киімді
бейнелеу
шебер - гі
Эстети -
калық
талғамға
сай болуы.
Шығарма - шылығы
Табыс критерийлер бойынша, өзін - өзі бағалау, өзара бағалайды.
Топ атынан үздік жұмысты ұсынады. Стикерге екі мақтау, бір ұсыныс жазып ұнаған жұмысқа жапсырады.
Қорытынды.
Мұғалім әрекеті
Түрткі сұрақтарды қолдана отырып сабақты бекіту.
Оқушылардың қоржынына жиналған бағаларын назарға ала отырып, қортынды бағалаймын.
Рефлексия:
«Мен.... есептеймін. Ең табысты болғаны...... Менің ұсынысым бар....»
Оқушы әрекеті
Оқушылар бекіту сұрақтарына жауап береді.
Оқушылар сабақтың барлық кезеңдерін еске түсіре отырып, сыныптағы оқу әрекетіне талдау жасайды, баға береді.
Тексерілді:__________________________________
Пәні: технология Сыныбы: 7 Күні: 16.12.2015ж
Сабақтың тақырыбы: «Қазақтың ұлттық киімін әшекейлеу»
Сабақтың мақсаты: оқушыларға қазақтың сәндік қолданбалы өнері жайында түсінік беру; қазақтың ұлттық киіміндегі ою-өрнек түрлерінің ерекшеліктерін көрсету; киім үлгісіндегі ою- өрнектердің қарапайым түрлерін қағаз бетіне түсіріп, ұлттық киімдерін дайын шаблон арқылы әшекейлеуге үйрету.
Сабақтың міндеті: оқушылардың шығармашылық ой қабілеттерін арттыру, эстетикалық тәрбие беру; жұмыс барысында оқушыларды қайшымен жұмыс істеуде қауіпсіздік техникасын сақтау керектігін ескерту.
Сабақтың жоспары: 1. Ұйымдастыру бөлімі:
а) амандасу
ә) оқушыларды орналастыру
б) журнал бойынша тексеру.
2. Негізгі бөлім:
а) кіріспе
ә) сергіту жаттығуы (ойын)
б) сұрақ –жауап
в) тәжірибелік жұмыс, оқушылардың жұмыстарын
тексеру
д) қорытындылау.
Сабақтың барысы:
Кіріспе. Сабақтың мақсатын түсіндіру.
Сәлеметсіздер ме, балалар! Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Қазақтың ұлттық киімін әшекейлеу». Осы жұмысты дайын шаблон арқылы жасаймыз.
Бейнелеу өнерінің бір түрі –сәндік қолданбалы өнер. Бұл өнерде халық қолданатын заттарды – ыдысты, киімді, киізден жасалған бұйымдарды, жиһазды әдемілеуге, әшекейлеуге тырысқан. Қазақтың ұлттық киім –кешектеріне келсек, оның да ұлттық өзгешеліктері бар. Киімдерді алдымен көшіп –қонуға арнап тіккен. Ұлттық киімдер екі бағытта тігілген - әйел адам және ер адам киімдері.
Біз киімдердің бір қатар түрлеріне тоқталамыз. Ұлттық киімді бірінші таңдаған түрлі –түсті қатырма қағазға бастырып, үлгісін қиып аламыз да, үстіне кимешек, камзолды үйлестіріп жапсырып дайындаймыз. Содан соң оларды түстері келетін фольга немесе жылтыр қағаздан қарапайым ою -өрнек ойып әшекейлейміз.
Сұрақ –жауап.
Бәрекелді, жарайсыңдар. Енді мұқият тыңдап, мынадай сұрақтарға жауап берейік:
Ерте заманда қыздар мен әжелердің қандай бас киімдері болған, олар қалай аталған?
Жауап : сәукеле, кимешек, шарқат, жаулық, орамал, тақия.
Ер баланың киімдері қандай болғанын атаңыз
Жауап: шапан, тон, мәсі, кебіс, т.б.
Ұлттық киімдерді бүгінде қай күні киеміз? Қандай мереке келе жатыр?
Жауап: Бүгінде Наурыз мерекесінде киеміз. Наурыз мерекесі келе жатыр.
Ұлттық ою -өрнек түрлерін білесіңдер ме?
Жауап: қошқар мүйіз, жұлдызша, ирек, түйе табан, т.б. Сонымен, балалар, біз ұлттық киімдер түрлерін айқындадық. Сол киімдерге ата- бабаларымыз ою -өрнектің көптеген әсем түрлерін орналастырды. Біз енді жасымызға қарай қарапайым ою -өрнек түрлерін ойып, түстік шешімін табу арқылы қиып орналастырып, таңдаған ұлттық киімімізді әшекейлейміз. Кең тараған қошқар мүйіз, қызғалдақ, жұлдызша, ирек оюларын үлгілерге қарап, киімдеріміздің үстіне, ортасына, шетіне орналастырамыз. Оқушылардың ұлттық киімдердің түстік шешімдерін, оюды үйлесімділікпен орналастыруды дұрыс орындауын қарап шығу, жеке көмек көрсету.
Тексерілді: _________________________________________
Пәні: информатика Сыныбы: 5 Күні: 03.03.2016ж.
Сабақтың тақырыбы: Кестелерді пішімдеу.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға Word мәтіндік редакторында кесте құру түрлері, оны өңдеу және форматтау бойынша білім-біліктілік қалыптастыру.
Дамытушылық: Кестемен жұмыс жасаудың мүмкіндіктерін игерте отырып практикада кеңінен қолдануға және ақпараттық –технологиялық ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Өз ойларын ,пікірлерін тұжырымды түрде қорғай білуге , сыпайы қарым-қатынас жасауға, ұжымдық-топтық сезімді ояту, компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар топтамасы, кеспе парақтар, ноутбуктер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу
Түгендеу
Назарларын сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
1. Нөмірленген және маркерленген тізімдер.
2. Бағандар.
3. Беттердің параметрлері.
4. Жиек.
5. Алдын ала қарау.
6. Құжатты баспадан шығару
ІІІ. Білімдерін жан-жақты жетілдіру.
«Иә», «Жоқ» ойыны
1. Мәтіндік редакторды іске қосу үшін:Бастау – Бағдарламалар – Microsoft Office – Microsoft Word. Тізбегін керек пе?
2. Осы тізбекті орындағаннан кейін экрандағы терезелердің қай түрі пайда болады?
3. Word терезесінде тақырып жолы бола ма?
4. Мәзір жолағы «Стандартты» құралдар үстелі кейін орналасқан ба?
5. Сызғыш «Пішімдеу» құралдар үстелінде орналасқан ба?
6. Мәтінді форматтау үшін «Стандартты» құралдар үстелін пайдалану қажет пе?
7. «Пішімдеу» құралдар үстелі терезенің төменгі жағында орналасқан ба?
8. Тақырып жолағында терезені басқару батырмалары бола ма?
9. Қалып күй жолағы терезенің үстінгі бөлігінде орналасқан ба?
IV. Жаңа сабақ
Олай болса, бүгінгі күнді және сабақтың тақырыбын жазамыз. Кесте – бұл жолдар мен бағандарда реттеліп берілген ақпарат. Жолдар мен бағандар қиылысып, ұяшық құрайды. Ұяшыққа бірнеше жол немесе абзацтар, сонымен қатар суреттер, т.б. заттар да орналасуы мүмкін.
Кесте құрудың үш әдісі бар:
1-әдіс. Мәзір жолы: Кесте қою кесте
2-әдіс. Стандартты тақтадағы кесте қою белгісі
3-әдіс. Мәзір жолы: Кесте кесте сызу
Редакциялау дегеніміз - өңдеу, енгізу, өшіру, орын ауыстыру немесе құжаттың мазмұнын түзету.
Ұяшықтарды біріктіру Ұяшықты бөлу
Бағана, жолдарды қою Бағана, жолдарды өшіру
Кесте ішіндегілерін енгізу және пішімдеу
Алдымен тышқан курсорын енгізілетін ұяшыққа апарып шертеміз де пернетақта арқылы ақпараттарды енгіземіз. Кесте ішіндегі қозғалыс тышқан курсорының көмегіме немесе басқару, Tab пернелері арқылы жүзеге асырылады.
Ұяшықтардың ішіндегі мәліметтерді форматтау үшін әдеттегі мәтінді форматтау тәсілдерін қолдануға болады. Мысалыға, сіздер шрифт түрін, өлшемін және сызылымын өзгерте аласыз.Формат командасы ұсынатын барлық (бұрыннан таныс ) әрекеттерді пайдалануларыңызға болады. Мысалыға жол аралық интерволды тағайындап, оның шеттерін туралауға және ол үшін контекстік тәуелді менюді пайдалануға мүмкіндік бар. Контекстік менюді тышқанның оң жақ батырмасын басу арқылы шақыруға болады.
V Практиқаық тапсырма
№1 тапсырма : 6 бағанадан 5 жолдан тұратын кесте сыз, бағаналардың енін өз қалауларың бойынша өзгертіңдер
№2 тапсырма: Кестеге екі бағана және екі жол қосыңдар
№3 тапсырма: Кестеден екі бағана және екі жолды өшіріңдер
№4 тапсырма : Кестеде бірінші жолдың және соңғы екі бағанның ұяшықтарын біріктіріңдер
№5 тапсырма : 5А сынып оқушылары туралы мәлімет
VІ. Жаңа сабақты бекіту.
“Кім жүйрік?”
1. Кесте дегеніміз не?
2.Ұяшық дегеніміз не?
3.Кестелер неден тұрады?
4.Баған, жол сөздерінің орысша аудармасы?
5. Ұяшықтарды қосу, өшіру және біріктіру.
6. Кестедегі сызықтар мен бояулар қалай жасалады?
VI. Үйге тапсырмасы: Кестелер
Тексерілді:_________________________________________
Пәні: технология Сыныбы: 7 Күні: 16.03.2016ж
Сабақтың тақырыбы: Тоқу тәсілдері, қолды дұрыс ұстау.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың ілмекпен тоқу әдістері туралы білімдерін қалыптастыру,және жұмысты қауіпсіздендіру ережелерін үйрету,құрал-жабдықтар туралы мәліметтерді қайталау.
Дамытушылық: ілмекпен тоқу білімдерін ,қол икемділіктерін және танымдық қызығушылықты дамыту.
Тәрбиелілік: өнердегі сұлулықты түсінуге ,икемділікке,шыдамдыллыққа еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндірмелі –суретті (әңгімелесу ,айтып түсіндіру ,дидақттикалық материалдармен жұмыс істеу,көрсету ) ; Сарамандық жұмыс . Сабақтың түрі : аралас сабақ. Кұрал –жабдықтары: ілмектер ,тоқыма жіптер,ілмекпен тоқу негізгі әдістерінің үлгілері ,ілмекбізбен іліптоқу технологиялық нұсқау карталары,компютер интерактивтік тақта . Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. а) сабаққа қатысуды бақылау; ә ) сабаққа дайындығын тексеру. 2. Сабақтың тақырыбын жариялау : Бүгін біздің үйренетініміз көбіне белгілі ілмекбізбен тоқу технологиясы. Әсіресе көркемдік бұйымдар жасайтындарға қызықты болуы мүмкін. Қарапайым қол құралдар арқылы қиын емес операциялар жолымен тұрмыстық бірегейлі заттарды жасауды білу ,жаңашыл өмірде керек болуы мүмкін .Сонымен бұл ілмекбізбен іліптоқу технологиясы туралы айтылады. 3. Жаңа тақырыпты мазмұндау. Ілмекбізбен іліптоқу –бұл сәнді қолданбалы шығармашылық түрінде және өнерге жақын мүмкіндігін береді.Тоқу үшін ілмекбізді таңдағанда ,оның басына назар аударады.Өте үшкір бас тоқу барысында сұқ саусақты жаралайды, ал доғал бас төменгі қатардағы ілмекке өте қиын кіреді және созып жібереді. Егер жаңа ілмекбіздің ұшы бұдырлау болса, басына жіп жабысып қалмауы үшін ,ілмектердің арасына оңай кіруі үшін ,сондай –ақ жеңіл тартып шығару үшін ,ұсақ түйіршікті егеумен немесе қажауқағазбен өңдейді. Ілмекбізді (нөмірін) иірімжіптің жуандығына қарайды таңдайды.Жіп қанша жуан болса ,ілмекбіз де сонша жуан болуы керек.Жіңішке ілмекбізбен жуан жіпті тоқу ыңғайсыз ,жіпті түтіп жібереді. Тоқу үшін кез келген жіпті пайдалануға болады : жүн, жібек, мақта, т.б Ілмекбізбен тоқылған жайманың созылғыштығы төмен болады. Бөлшектердің сыртқы пішіні пішім мен есепке сәйкес шалуды қосу не қысқарту, сирек немесе жиі тоқу (жіптің даметріне қарай) арқылы жасалады. Ілмекбізбен іліптоқудың негізгі элеметтері –бос шалу,шалмасыз бағанша ,шалмалы бағанша.Басқа элеметтер осылардың түрленуі.Тоқу өрнектері бос шалу мен бағаншалардың әртүрлі үйлесуінен тұрады. Тізбекше . Бірнеше босшалудан тұратын тізбек алғашқы (негізгі) қатар болып саналады.Ол өрнектер қатарына жатпайды.Тоқылатын жайма жиырылып (бүрісіп) тұрмауы үшін бос шалу тізбегі біршама бос алынады . Өрнектің бірінші қатарын бастағанда шалудың биіктігін көтеру үшін бір немесе бірнеше бос шалу тастап тоқу керек. Тоқу барысында қалам ұстаған сияқты ілмекті оң қолға ұстайды.Сұқ саусақ шамалы алдыға шығып, Ілмекбізде жатады. Шүйкедегі жіптің ұшын сол қолдың ұшын сол қолдың сұқ саусағынның үстіне өткізіп ,үлкен ортаңғы саусақпен басады. Шүйке жібі алақан ішімен және қалған саусақтар арасынан өтеді.Шүйкеден келетін жіп «жұмысшы жіп» деп аталады. Тоқу барысында ілмектер созылып кетпей бірдей ұзындықта болуы үшін ілмекті ұстап тұру керек. Тоқу бос шалудан және бос шалу тізбегінен басталады. Бос шалу. Ілмекбізге жіп ұшына тастап бір шалу жасайды да, жұмысшы жіпті алғашқы шалудың ортасынан өткізіп алады. Осылайша қайталана береді. Тура және кері қатарлармен тоқу. Тізбектің жоғарысынан өрнектің бірінші қатарын тоқу.Келесі қатарға өту үшін ,шалудың биіктігін көтеретін бірнеше бос шалу жасайды : бағаншалардың қатарына шалмасыз-1 бос шалу ; жарты бағаншалардың қатарына шалмасыз : 2 бос шалу,шалмалы бағаншалар қатарына - 3 бос шалу,екі шалмалы бағаншалар қатарына – 4 бос шалып , тоқу осылай жалғаса береді.Содан кейін айналдырып екінші қатарды тоқиды. (терістеме қатар) Айналдырып шеңбер жасай тоқу .Ілмекбізбен айналдыра шеңбер жасап тоқуға болады,бұл тәсілде ортасынан бастап бір бағытта тоқиды және жұмысты (тоқып отырған бұйымды) айналдырудың қажеті жоқ. Ол үшін бос шалулардан тізбек тоқып, тоқылған тізбектің бірінші бос шалуына ілмекбізді кіргізіп, біріктіргіш бағаншалармен сақина жасап тұйықтау керек. Содан кейін осы сақинаға өрнек бойынша бағаншалар тоқиды,әрбір айналымды көтеретін бос шалудан бастап, соңғы көтеретін бос шалумен және біріктіретін бағаншамен аяқтайды.Дөңгеленген қатарларға жайма бұралып кетпеуі үшін үстеме шалулар қосып отыру керек. Айналдырымды біріктіретін бағаншалармен аяқтайды. Жіпті жайманың терістеме жағынан тоқып бекітеді. Іліптоқуды бекіту. Тоқылған бұйым тарқап кетпеу үшін жұмысты аяқтаған соң ,оның шетін бекіту. керек.
Жұмыс орындалған соң ,жіпті кеседі де, шалуды соза отырып соңғы ілмектерден ілмекбізбен тартып шығарады. Жұмысшы жіптің ұшын көзі үлкен инеге өткізеді де жайманың терістеме жағына шығарады 6. Қорытынды : 1 Ілмекбізбен тоқуға арналған жіптердің түрлерін атап шығыңдар 2.Ілмекбізді қалай ұстау керектігін айтып беріңдер 3.Ілмекбізбен тоқудың негізгі элеметтерін атаңдар ? 4.Шалмалы бағанша қалай орындалады ? 5.Ілмекбізбен жұмыс істегенде сақтау керек қауіпсіздік ережесін айтып беріңдер ? Оқушылардың ерекше қателерін және оның себептерін талдау,әр бір оқушылардың жұмыстарын бағалау. 7. Үйге тапсырма беру : Ілмекбізбен өрнек тоқып үйрену. Жұмыс орнын жинастыру.
Тексерілді: _____________________________________
Пәні: технология Сыныбы: 7 Күні: 23.12.2015ж
Сабақтың тақырыбы: Түнгі жейде әзірлеуге кететін мата мөлшерін анықтау, пішімді пішуге дайындау.
Мақсаты: Түнгі жейде әзірлеуге кететін мата мөлшерін анықтау, пішімді пішуге дайындау, оңай тігілетін жолдарын қарастыру.
Қазіргі заман киімдерінің ішінен иық бұйымдарының ерекшеліктері, оларға қойылатын талаптар туралы біледі;
Иық киімдерінің түрлерін, қазіргі киімнің стилдерін ажырата алады;
Жаңа үлгідегі иық киім үлгісін суретте бейнелейді шығармашылық жұмыста қолданады.
Дереккөздер, құрал - жабдықтар: АКТ, Таныстырылым, А4 формат, түрлі - түсті қағаздар,
қарындаштар, флипчарт, маркер. желім, қайшы. ресурстар. стикер.
Сабақтың барысы:
Кіріспе
Киім силуэті мен стилі.
Әр топ берілген тапсырма бойынша жұмыстанып, постер дайындайды және қорғайды.
Жеке жұмыс. Ұлттық иық киім үлгісін қағаздан жапсырмалау. Табыс критерийлерін оқушылармен бірге шығару.
Топ атынан ұсынылған жұмыстарды екі жұлдыз, бір ұсыныс арқылы бағалау.
Оқушы әрекеті
Оқушылар оқулыққа қосымша ресурс парақтарын пайдалана отырып постер дайындайды, әр топтан бір адам шығы топтық жұмысты қорғайды. Топтық жұмысты табыс критерийлер бойынша бағалайды.«Сэндвич» әдісі арқылы 1жақсы 1сын 1мақтау айтады.
Топтық жұмысты бағалау табыс критерийлері.
Критерийлер Толық жауап Жартылай
жауап
1. Тақырып мазмұнының
ашылуы.
2. Баяндау шеберлігі.
3. Эстетикалық талғамы.
Оқушылар А4 форматына түрлі - түсті қағаздан ұлтттық киімінің үлгісін жасайды.
Табыс критерийлері:
Критер - й 3 4 5
Ұлттық
киімді
бейнелеу
шебер - гі
Эстети -
калық
талғамға
сай болуы.
Шығарма - шылығы
Табыс критерийлер бойынша, өзін - өзі бағалау, өзара бағалайды.
Топ атынан үздік жұмысты ұсынады. Стикерге екі мақтау, бір ұсыныс жазып ұнаған жұмысқа жапсырады.
Қорытынды.
Мұғалім әрекеті
Түрткі сұрақтарды қолдана отырып сабақты бекіту.
Оқушылардың қоржынына жиналған бағаларын назарға ала отырып, қортынды бағалаймын.
Рефлексия:
«Мен.... есептеймін. Ең табысты болғаны...... Менің ұсынысым бар....»
Оқушы әрекеті
Оқушылар бекіту сұрақтарына жауап береді.
Оқушылар сабақтың барлық кезеңдерін еске түсіре отырып, сыныптағы оқу әрекетіне талдау жасайды, баға береді.
Тексерілді:__________________________________
Пожалуйста, введите ваш Email.
Если вы хотите увидеть все свои работы, то вам необходимо войти или зарегистрироваться
* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт