«Сәкен Сейфуллин атындағы №2 шағын орталығы бар жалпы білім беретін орта мектебі»
Мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Ашық сабақ
Тақырыбы:
Алғашқы технологиялық өңдеу және өңдеу тәртібі
Пән мұғалімі: Бүйенбаева Майгүл
2013-2014 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы:
Алғашқы техналогиялық өңдеу және өңдеу тәртібі
Сабақтың мақсаты:
Б. Мата туралы түсінікті қалыптастыру
Т. Матаның түрлерін таңдай білуге және өңдеу тәртібін сауатты орындауға
тәрбиелеу
Д. Арнайы үлгілер бойынша матаны пішіп үйренуге қабілеттерін
қалыптастыру
Көрнекілік: Дайын лекалылар және сызбалар.
Әдісі: Аралық төсемдердің сызылу үлгісі арқылы түсіндіру, сұрақ-жауап
Түрі: Аралас сабақ
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі (оқушылардың сабаққа даярлығын тексеру)
Үй тапсырмасын тексеру (өткен сабаққа шолу жасау)
Мақсат қою: Матаның оң терісін, қасиетін, төзімділігін үйрену
Жаңа сабақ: пішудің алдында барлық матаны дерлік декатирлейді
Дектирлеу (тігер алдында матаны отырмас ушін ширату) мақта мата, зығыр, штапель матаны суға салып шығып, бойлық жіп бойымен тегістеп жаяды. Содан кейін матаны шала кептіріп бойлық жіп бойымен терістеме жағыан бастыра үтіктеіді. Матаның оң жағын түгінң бағытын ақауын анықтау. Жүн маталарды орағанда өңін ішке қаратады. Сәтен матаның оң жағы жылтыр болады. Егер матаның оң жағы мен терістеме жағы бірдей болса, онда салыстырмалы алғанда сапалы жағы өңі деп есептеледі. Лекалоларды жайып пішуде матаның жиектерін келтіріп, оң жағын ішке қаратып, арқау жіптің негізгі жіпке көлденең келуін қадағалай отырып, ұзындығын екіге бүктейді. Барлық лекалоны бірдей жайып қойып шығады. Мұндай жағдайда өңір астына астыңғы жағаға, әдіпке, белдіктің терістеме жағына жаға салуға болады. Сонымен бірге желімді материалдардың түсі, тығыздығы, қалыңдығы және ені әр түрлі болады.
Желімдеме аралық төсем беті бедерлі және сусымалы маталарға жабыспайды. Дублириннің ең ұтымды түсі, ол жоғары деңгейде эластикалық және өте жақсы күлтеленеді.
Дублирин-бояға төзімді жиырылмайтын, отырмайтын экологиялық таза материал.
Филизилин-бүл беймата негізді, бір жағы желімді материал.
Қолдануылуына қарай желім жіп әр түрлі қалаңдықта болады:
0,4 мм- ауыр маталар үшін
0,3мм- орташа және жұмсақ маталар үшін
0,2мм- желімденетін кестелер үшін
Түсінгенін тексеру.
Оқушылардың матаның қасиеттерін анықтап, пішімді лекалоның бетіне жаюдың тәртібін көрсету.Дублеренді матаға көлем және беріктік үшін,қыртыстануды азайту үшін қандай әдістер қолдану керектігін сұрау.
Бекіту, қорытындылау.Бағалау.
Үйге тапсырма беру:
Пішінді үлгісі бойынша жеңіл көйлектің үлгісін даярлап келу.