Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей
Сабақтың тақырыбы: «Аквариум» панносы
Мақсаты:
Білімділігі: «Аквариум» панносын жасалу жолдарын түсіндіру
2) Коррекциялық дамыту: Ой өндірісін дамыту, есте сақтау қабілетін, көру қабілетін дамыту.
3) Коррекциялық тәрбиелік: еңбексүйгіштікке, іскерлікке, жауапкершілікке тәрбиелеу. Үнемі еңбек қауіпсіздік ережесін сақтап жүруге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер, үлгілер
Үйымдастыру кезеңі:
1 Сабаққа дайындығын тексеру.Үй тапсырмасын тексеру.
2 Өткен тақырыптан сұрақтар шолу
3 Оқушылардың назарын тақырыпқа аудару, сабаққа дайындығын тексеру.
Материалдар мен құрал жабдықтар:
-мақта мата кесінділері панноның көлеміне тәуелді болады;
-түссіз органза;
-түрлі-түсті жібек матаның, органзаның, капронның, шифонның ұсақ қиықтары (бау, жіп қалдықтары да болады);
-қайшы;
-ине;
-жіп;
-тігін машинасы;
-қарындаш.
Жаңа тақырыпты түсіндіру
Қажетті түстегі мата қиықтарын ұсақтап кеседі.
Негізге түссіз органзадан жоғарғы қабат салады. Төменгі және бүйір жақтарын көктеп тігеді. Шыққан қаптаманы қиықтармен толтырады.
Жоғарғы тесікті тігеді. Тігін машинасымен еркін бағытта тігеді.Тесікке теңізге ұқсатыпкөктүсті қиықтарды салады.
Жасыл органзаның шеттерін кеседі. Панноға жабыстырып тігеді, балдыр пайда болады.
«Балық» жазық ойыншығын жасаймыз. Оны негізге тігеді.
Жиегін безендіреміз.
Сабақ қорытындылау:
Оқушылардың жұмысын талқылау. Өзін – өзі бағалау.
Сұрақ жауап арқылы қорытындылау.
Балалар жаңа тақырыпқа сұрақтарың бар ма?
Бағалау: Оқушылардың жасаған жұмыстарына қарай бағалау.
* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт