kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ая??ап тігу технологиясы

Нажмите, чтобы узнать подробности

??

Ая??ап тігу технологиясы

Саба?ты? ма?саты:

Білімділік:  о?ушылар?а ая??ап туралы т?сінік беру. Ая??апты? жасалу жолдарын ?йрету.

Дамытушылы?: о?ушыларды?  шы?армашылы?   ?абілеттерін  дамыту. Ойлау, есте са?тау ?абілеттерін ж?не ынтасын арттыру.

Т?рбиелік:  хал?ымызды?  ?ол?нерін  с?йе  білуге  ??рметтеуге т?рбиелеу. О?ушыларды  ??ыптылы??а, тияна?тылы??а, ?демілікке, тазалы??а т?рбиелеу. 

Саба?ты?  т?рі:  аралас  саба?.

Саба?ты?  ?дісі: с?ра? -жауап, сараманды?  ж?мыс, т?сіндіру

П?наралы?  байланыс: сурет

Саба?ты?  к?рнектілігі:  интерактивті  та?та,  ая??апты?  т?рлері.

Саба?ты?  барысы:

  1. ?йымдастыру  кезе?і: о?ушыларды?  саба??а  ?атысуын,  ??рал-жабды?тарын  т?гендеу, тексеру.
  2. ?ткен  саба?ты  ?айталау  с?ра?тары.

І. Шы?армашылы?  жоба  дегеніміз  не? (?р  о?ушыны? жыл   бойы  м??аліміні?  к?мегімен  орындайтын  ?зіндік  ж?мысы,  ?ыс?аша  айт?анда  технология  п?ні  бойынша  ж?ргізілетін  ба?ылау  ж?мысы).

ІІ. Б?йымны?  жарнамалы?  жобасы  дегенді  ?алай  т?сінесі?дер? (жарнама  к?сіпорынны? ?з   тауарын  т?тынушы?а  ?ажеттілігін   к?рсететін  а?парат).

    О?ушылар  с?зж?мба?  ар?ылы  б?гінгі  ?тетін  саба?ымызды?  та?ырыбын  шы?арады.

  1. Ж?ннен  то?ылатын  т?сеніш (алаша). 
  2. ?лтты?  бас  киім  т?рі (та?ия).
  3. Ж?ннен  басылып  жасалатын  т?сеніш (сырма?).
  4. Киіз  ?йге  ілетін  бау (бас??р).
  5. Кесе  салатын  ертедегі  б?йым (кесе?ап).
  6. ??ралып  тігілетін  б?йым (к?рпе).



 

  1. Жа?а  саба?ты  т?сіндіру.

       ?аза?  хал?ыны?  ?ол?нері  к?не  заман  тарихымен  бірге  дамып,  біте  ?айнасып  келе   жат?ан  бай  ?азына.  ?аза?  хал?ында  ыдыс-ая?,  таба?  са?тайтын  ?азіргідей  а?аш  б?йымы  бол?анмен  д?л  сол  кезді?  т?рмысына    лайы?   ая??аптары  ?зіндік  ?ызметімен  ?азіргіден  еш  кем  т?спеген. Ая??ап –ыдыс-ая?  салатын  б?йым. К?шпелі  ?аза?,  ?ыр?ыз,  ?ара?алпа?,  т?ркімен  халы?тары  т?тын?ан. Киізден  т?ртб?рышты ?лгіде  тігіліп,  ауызы  ?шб?рышты  ілгекті   ?а?па?пен   жабыл?ан. Кейде  теріден де  ?зірленген.  К?шпелі  т?рмыста  ы??айлылы?ымен   ?атар  ?й   ішіне  к?рік   беріп,  с?ндік  ?ызмет  те  ат?ар?ан. Ая??апты?  беті  бар?ыт,  ш??а  т?різдес   маталармен  к?мкеріліп,  кестеленген  немесе  оюмен  ?рнектеліп,  жиегі  шаша?тал?ан. Ая??апты  іліп  ?ою  ?шін  ызбалы  не  ?рмелі  берік  бау  та?ылады. Ая??ап  керегені?  басына, ?азан  ма?ында?ы  ?ре  ба?анасына  ілінеді. Бауы  ?р  т?рлі  жіптерден  ?ріледі. Ая??апты?  формасы  т?ртб?рышты,  до?ал  ж?не  ?а?па?ты  да  болып  келеді. Ая??апты  газет-журналдар  т.б. ?йдегі  ?са?  заттар  жина?ы  т?ру  ?шін  пайдалану?а  болады. Жалпы  ?аза?  шеберлері   ?р  зат?а   оны  т?тыну  б?йымы  ?ана  емес,  ?ол?нер  туындысы  деп  ?арап,  ?лтты?  ?семдік  ?рнек  ар?ылы  ?зіні?  таным  т?сініктерін  де  к?рсетіп отырады. То?ылып  жасалатын  ая??аптар  кілем  т?різді  т?кті  ж?не  т?ксіз  болып  б?лінеді.  Д?ст?рлі  ою-?рнектермен  ?рнектеледі. Халы?ты?  ?семдік  ?нерге к?з?арасы  кілем,  текемет,  ер – т?рмандар мен  бас?а  т?тыну  б?ымдарынан  да  танылады. Біз  б?гінгі саба?ымызда  ая??апты  велюр  матасымен  тігеміз. Себебі  б?л  мата  ?ыртыстанбайды,  тігістері  ?демі  к?рінеді,  ою-?рнек  салу  ы??айлы. Ою-?рнекті  мата?а   орналастыру  да  ?лкен  шеберлікті ?ажет  етеді.

        (Слайдтан  ая??апты?  т?рлерін  к?рсету,  тігілу  жолдарын  т?сіндіру).

  1. Сараманды?  ж?мыстар:

  О?ушылар  суретке  ?арап     н?с?ау  картасы   ар?ылы  ж?мыс жасайды.  Ж?мыс  жасау  кезінде  техникалы?  ?ауіпсіздік  ережесін  есте  са?тау  ?ажет. ?лгі  тарату. Матадан  ая??апты  пішіп,  к?ктеп  тігу. Ая??ап?а  ??с?анаты  оюын  тігу.

Н?с?ау  карта  ар?ылы  ж?мыс  жасау

  •  

Ж?мысты?  орындалу  реті

  •  
  1.  

?лгі  ар?ылы  2  б?лігін  пішеміз.

  1.  

Матадан  ?иып  алу.

  1.  

Оюды  мата?а  басып,  ?иып  аламыз.

  1.  

Оюды  мата?а  кестелеп  тігу.

  1.  

Ая??апты?  2  б?лігін  бір-бірімен  ?осып  тігу.

  1.  

Ая??апты?  шеттеріне шаша?  тігу.

  1. Жа?а  саба?ты  бекіту  (с?ра?-жауап  ар?ылы).
  2. Ая??апты?  неше  т?рі  болады?
  3. Ая??апты  ?андай  маталардан  тігеді?
  4. Ая??ап?а  ою-?рнекті  ?алай  тігеміз?
  5. Ая??апты?  тігілу  жолдарын  айт.
  6. Ая??апты?  шеттерін  немен  ?шекейлейді?

О?ушыларды?  ж?мыстарыны?   жетістіктері мен  кемшіліктеріне  то?талу. ?здік  орындал?ан  ж?мысты  ?лгі  етіп  к?рсету,  ба?алау.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ая??ап тігу технологиясы»

АЯҚҚАП ТІГУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ


К.Ч.Калижанова,

22 жалпы орта білім беретін мектептің технология, бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі,

Семей қаласы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға аяққап туралы түсінік беру. Аяққаптың жасалу жолдарын үйрету.

Дамытушылық: оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін және ынтасын арттыру.

Тәрбиелік: халқымыздың қолөнерін сүйе білуге құрметтеуге тәрбиелеу. Оқушыларды ұқыптылыққа, тиянақтылыққа, әдемілікке, тазалыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: сұрақ -жауап, сарамандық жұмыс, түсіндіру

Пәнаралық байланыс: сурет

Сабақтың көрнектілігі: интерактивті тақта, аяққаптың түрлері.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі: оқушылардың сабаққа қатысуын, құрал-жабдықтарын түгендеу, тексеру.

  2. Өткен сабақты қайталау сұрақтары.

І. Шығармашылық жоба дегеніміз не? (әр оқушының жыл бойы мұғалімінің көмегімен орындайтын өзіндік жұмысы, қысқаша айтқанда технология пәні бойынша жүргізілетін бақылау жұмысы).

ІІ. Бұйымның жарнамалық жобасы дегенді қалай түсінесіңдер? (жарнама кәсіпорынның өз тауарын тұтынушыға қажеттілігін көрсететін ақпарат).

Оқушылар сөзжұмбақ арқылы бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбын шығарады.

  1. Жүннен тоқылатын төсеніш (алаша).

  2. Ұлттық бас киім түрі (тақия).

  3. Жүннен басылып жасалатын төсеніш (сырмақ).

  4. Киіз үйге ілетін бау (басқұр).

  5. Кесе салатын ертедегі бұйым (кесеқап).

  6. Құралып тігілетін бұйым (көрпе).

а





я









п

а

қ

қ
























































  1. Жаңа сабақты түсіндіру.

Қазақ халқының қолөнері көне заман тарихымен бірге дамып, біте қайнасып келе жатқан бай қазына. Қазақ халқында ыдыс-аяқ, табақ сақтайтын қазіргідей ағаш бұйымы болғанмен дәл сол кездің тұрмысына лайық аяққаптары өзіндік қызметімен қазіргіден еш кем түспеген. Аяққап –ыдыс-аяқ салатын бұйым. Көшпелі қазақ, қырғыз, қарақалпақ, түркімен халықтары тұтынған. Киізден төртбұрышты үлгіде тігіліп, ауызы үшбұрышты ілгекті қақпақпен жабылған. Кейде теріден де әзірленген. Көшпелі тұрмыста ыңғайлылығымен қатар үй ішіне көрік беріп, сәндік қызмет те атқарған. Аяққаптың беті барқыт, шұға тәріздес маталармен көмкеріліп, кестеленген немесе оюмен өрнектеліп, жиегі шашақталған. Аяққапты іліп қою үшін ызбалы не өрмелі берік бау тағылады. Аяққап керегенің басына, қазан маңындағы өре бағанасына ілінеді. Бауы әр түрлі жіптерден өріледі. Аяққаптың формасы төртбұрышты, доғал және қақпақты да болып келеді. Аяққапты газет-журналдар т.б. үйдегі ұсақ заттар жинақы тұру үшін пайдалануға болады. Жалпы қазақ шеберлері әр затқа оны тұтыну бұйымы ғана емес, қолөнер туындысы деп қарап, ұлттық әсемдік өрнек арқылы өзінің таным түсініктерін де көрсетіп отырады. Тоқылып жасалатын аяққаптар кілем тәрізді түкті және түксіз болып бөлінеді. Дәстүрлі ою-өрнектермен өрнектеледі. Халықтың әсемдік өнерге көзқарасы кілем, текемет, ер – тұрмандар мен басқа тұтыну бұымдарынан да танылады. Біз бүгінгі сабағымызда аяққапты велюр матасымен тігеміз. Себебі бұл мата қыртыстанбайды, тігістері әдемі көрінеді, ою-өрнек салу ыңғайлы. Ою-өрнекті матаға орналастыру да үлкен шеберлікті қажет етеді.

(Слайдтан аяққаптың түрлерін көрсету, тігілу жолдарын түсіндіру).

  1. Сарамандық жұмыстар:

Оқушылар суретке қарап нұсқау картасы арқылы жұмыс жасайды. Жұмыс жасау кезінде техникалық қауіпсіздік ережесін есте сақтау қажет. Үлгі тарату. Матадан аяққапты пішіп, көктеп тігу. Аяққапқа құсқанаты оюын тігу.

Нұсқау карта арқылы жұмыс жасау


р/с

Жұмыстың орындалу реті

Сызбасы

1

Үлгі арқылы 2 бөлігін пішеміз.


2

Матадан қиып алу.


3

Оюды матаға басып, қиып аламыз.


4

Оюды матаға кестелеп тігу.


5

Аяққаптың 2 бөлігін бір-бірімен қосып тігу.



6

Аяққаптың шеттеріне шашақ тігу.




  1. Жаңа сабақты бекіту (сұрақ-жауап арқылы).

  • Аяққаптың неше түрі болады?

  • Аяққапты қандай маталардан тігеді?

  • Аяққапқа ою-өрнекті қалай тігеміз?

  • Аяққаптың тігілу жолдарын айт.

  • Аяққаптың шеттерін немен әшекейлейді?

Оқушылардың жұмыстарының жетістіктері мен кемшіліктеріне тоқталу. Үздік орындалған жұмысты үлгі етіп көрсету, бағалау.








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Технология (девочки)

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Ая??ап тігу технологиясы

Автор: Калижанова Кунслу Чумабековна

Дата: 08.04.2016

Номер свидетельства: 316459


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Курсы ПК и ППК для учителей!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства