kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ая??ап

Нажмите, чтобы узнать подробности

  • ая??ап туралы, оны? негізін, оюын дайындау туралы, о?ан ?олданылатын тігіс т?рлеріні? ?ыр-сырын, о?ан дайындалатын бау т?рлерін т?сіндіру.

    Саба?ты?  т?рбиелік  ма?саты: халы? м?расы ая??ап туралы т?сінік беру, оны? т?рлерімен о?ушыларды таныстыра отырып, о?ушыларды ?лтты? салт-д?ст?рлерімізді са?тау?а ж?не с?ндікке, шеберлікке, ж?йелілікке, білімдерін шеберлікпен пайдалана білуге т?рбиелеу.

    Саба?ты?  дамытушылы?  ма?саты: о?ушыларды? талпынысын саба??а деген ?ызы?ушылы?ын арттыру ?шін ая??ап?а ?ажетті оюларды ?з бетінше сызып ою?а ба?ыт беріп, тігу ?дісіне икемділіктерін арттыру.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ая??ап »

Шығыс Қазақстан облысы,Үржар ауданы,Үржар ауылы

«Крупская атындағы орта мектеп-балабақша»КММ-сі
технология пәнінің мұғалімі Саябаева Гульгайша Жакенқызы


Сабақтың тақырыбы: Аяққапты дайындау.

Сабақтың білім беру мақсаты: аяққап туралы, оның негізін, оюын дайындау туралы, оған қолданылатын тігіс түрлерінің қыр-сырын, оған дайындалатын бау түрлерін түсіндіру.

Сабақтың тәрбиелік мақсаты: халық мұрасы аяққап туралы түсінік беру, оның түрлерімен оқушыларды таныстыра отырып, оқушыларды ұлттық салт-дәстүрлерімізді сақтауға және сәндікке, шеберлікке, жүйелілікке, білімдерін шеберлікпен пайдалана білуге тәрбиелеу.

Сабақтың дамытушылық мақсаты: оқушылардың талпынысын сабаққа деген қызығушылығын арттыру үшін аяққапқа қажетті оюларды өз бетінше сызып оюға бағыт беріп, тігу әдісіне икемділіктерін арттыру.

Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: драп және барқыт мата, қатты қағаз, қалам, өшіргіш, қайшы, ине, жіп, мулине жіптері, сабын, фломастер, шашақ, жүннен иірілген екі түрлі жіп.

Сабаққа қажетті көрнекілктер: аяққап (дайын бұйым), буклеттер, «Аяққап», «Ою-өрнек түрлері», «Ою-өрнекті дайындау жолдары», «Көркемдік тігіс түрлері», «Ілмекпен тоқу», қосымша М. Муканов «Казахская юрта».

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақта қолданылатын әдістер: әңгімелесу, түсіндіру, ауызша баяндау, графикалық әдіс, көрнекілік көрсету, практикалық жұмыс.

Сабақтың пәнаралық байланысы: тарих, қазақ тілі, сурет, сызу, математика.

Сабақ барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Өткен сабақты қайталау.

III. Жаңа материалды мұғалімнің баяндауы.

IV. Практикалық жұмыс.

V. Жұмыстарын бағалау.

VI. Үйге тапсырма беру.

I. Ұйымдастыру кезеңі.

а) сабақтағы оқушыларды түгелдеу;

ә) сабаққа дайындығын тексеру.

II. Өткен сабақты қайталау.

Үйге берілген тапсырманы сұрау, оқушыларға сұрақ қою, тест тапсырмаларына жауап беру.

Тест сұрақтары:

  1. Қазақ халқының қандай қолөнер бұйымдарын білесіңдер?

а) кілем, алаша, текемет, сырмақ, аяққап, керме.

б) макраме, кресло, диван.

2. Кестелі түпкиіз неше бөліктен тұрады?

а) 2 бөліктен: негізі, оюы.

б) 3 бөліктен: негізі, оюы, астары.

3. Түпкиіздің негізі, оюы, астары қандай материалдан дайындалады, не үшін?

а) негізіне драп, оюына барқыт, астарына шыт. Драп болу себебі, оның су сіңіргіштік қасиеті бар, барқыт болу себебі, оның көктеу, кестелеу кезінде таймайды, әрі зат бағалы көрінеді.

б) негізіне барқыт, оюына шайы, астарына шифон. Барқыт болу себебі, ол қалындау, шайы болу себебі, ол жарқырап, сусылдап әдемі көрінеді.

4. Түпкиіздің қызметі қандай?

а) шайнек, қазан астына ыстық өтпеу үшін қолданылады.

б) орындықтың бетіне төсеу үшін қолданылады.

III. Жаңа материалды мұғалімнің баяндауы.

Аяққап – қазақ халқының тұрмысында ыдыс-аяқ салу үшін арналған қапшық. Аяққаптың пішіні екі түрлі болады. Біріншісі – тік төртбұрышты, екіншісі – ауыз жағы тік төртбұрышты, түбі дөңгелек, доғал болып келеді.

Аяққапты бұрын кілем, текеметтің өрнекті тұстарынан қырқып, киізден шашақтап дайындай берген. Қажетті өлшемде пішіліп, екі бөлек бір-біріне беттестіріліп (қақпағынан басқа бөлігі), олардың қоспасы шуда жіппен жөрмеп (қиғаш тігіс) тігілген. Тігілген бөлігіне шашақ тігіліп жиегі көмкерілген.

Аяққаптың беті кестеленген матамен қапталып, кейде жібек жіппен өрнек салынған. Қақпағы міндетті түрде болған, себебі ыдыс-аяқ шаң болмау үшін. Аяққаптың бауы да шашақталып тігілген.

Аяққапты әсемдеу үшін ою-өрнектер, шашақтар, кестелер, таспалар қолданылады. Қазақ халқының ою-өрнектерінің атаулары көп, оның 200-дей түрі тараған, аяққапта көп қолданылатын мүйіз тектес ою-өрнектермен танысамыз. Барлық жаңа буындарға, оюларға жаңа атаулар берген. Мысалы, қошқармүйіз, қыңырмүйіз, арқармүйіз, түйе табан, сынықмүйіз, сыңармүйіз және т. б. ою-өрнектің негізгі арқауы.

Қазақ ою-өрнектері төрт түрге бөлінеді:

Енді ою-өрнектің кең тараған біраз түріне сипаттама беріп өтейік.

  • Жұлдыз өрнегі – аспандағы жұлдыз көрінісіне ұқсайды. Ол көбінесе кілемдерде жиі қолданылады.

  • Қошқармүйіз – қошқардың екі шекесіне иіріліп кеткен қос мүйізіне ұқсайды. Ол ұлттық киімдерде және текемет, сырмақ, аяққап, т. б. Киіз бұйымдарында кездеседі.

  • Сынықмүйіз – сынық жасап барып мүйізді бейнелейтін өрнек. Ол көбінше шым шиде, терме бауда, алашада жиі қолданылады.

  • Балта – атына сай балтаға ұқсас немесе баспа “Г” әрпі тәріздес өрнек. Кестеде жиі кездестіруге болады.

  • Түйетабан – түйенің табанына ұқсас ою. Ол киімдерде, бұйымдарда кездеседі.

  • Ай өрнегі – айға ұқсас ою. Ол мазарда, мешіттерде кездеседі.

  • Гүл, құсқанат – оюлары қыз баланың киімдерінде кездеседі.


IV. Практикалық жұмыс.

а) Кіріспе нұсқау

Мұнда аяққап түрлерін көрсету, өлшемдер бойынша алып пішу, алдыңғы, артқы бөліктерін біріктіру, аяққаптың өлшеміне, яғни алдыңғы бөлігі мен қақпағының өлшеміне сәйкес ою дайындау, оюларды көктеу, кестелеу түрлері, тәсілдері, шашақ қойып, аяққаптың алдыңғы, артқы бөліктерін біріктіру, жиек үшін бау, алақұрт дайындау, аяққаптың өзіне ілу үшін бау дайындау, тағу, олардың ұзындықтарын таңдаудағы тәсілдер туралы жұмыс барысында мәлімет беріледі.

б) Ағымдағы нұсқау.

1. Аяққапты пішу. Негізі, оюы.

2. Аяққаптың оюын дайындау.

3. Аяққаптың бетіне оюды көктеу, кестелеу.

4. Шашақты қондырып, артқы бөлігі мен алдыңғы бөлігін біріктіру.

5. Аяққапқа бау, баужиек дайындау, тағу.

в) Қорытынды нұсқау

Мұнда оқушылардың жұмысына, сапасына, талпынысына, іскерлігіне байланысты талдау жасаймын.

V. Жұмыстарын бағалау.

Ою-өрнектерге байланысты тест сұрақтарын беру.

Тест сұрақтары:

  1. Көк әлеміне байланысты ою-өрнекті тап:

а) түйетабан; ә) арқар мүйіз; б) айшық.

  1. Малдың дене мүшелеріне байланысты ою-өрнекті тап:

а) қошқармүйіз; ә) жұлдыз; б) бұғы мүйіз.

  1. Құстарға, жәндіктерге байланысты ою-өрнекті тап:

а) көбелек; ә) төртқұлақ; б) балта.

  1. Қазақтың ою-өрнегінің неше түрі бар?

а) 4; ә) 3; б) 2.

5. Геометриялық денелерге байланысты ою-өрнекті тап:

а) көбелек; ә) жұлдыз; б) тұмар.

6. Аңға, аңның дене мүшелеріне байланысты ою-өрнекті тап:

а) тұмар; ә) түйетабан; б) бұғы мүйіз.

7. Жер, су, өсімдік тектес ою-өрнекті тап:

а) жұлдыз; ә) жапырақ; б) айшық.

Оқушылардың өздерін қатыстыру арқылы, тест сұрақтарына берген жауаптарына қарап, сұрақтарға берген жауаптарына қарап, жасаған бұйымына қарап баға қою.

VI. Үйге тапсырма беру.

Өзіңе ұнаған ою-өрнекпен әшекейлі бұйымды көркемдеп безендір.

Ою-өрнек түрлерін оқып келу.



.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Технология (девочки)

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Ая??ап

Автор: Саябаева Гульгайша Жакеновнаg

Дата: 04.05.2015

Номер свидетельства: 208219


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства