К?не, балалар, мында келіп карточка суыра ?ойы?дар
«?ош?ар м?йіздер» бір б?лек, «Сы?ар м?йіздер» бір б?лек т?ра ?ойы?дар да, келіп ?ркім ?з тобыны? киімдерін киіп, топтары?а барып ?з орындары?а отыра ?ойы?дарТопты? аты мен ??рал-жабды?тарын ?лестіру, топбасшысын сайлау, ?пайларын жазып отыру
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«6-сынып. "Ою-?рнек" ашы? саба?ы »
Технология пәні 6-сынып
Тақырыбы: Ою-өрнек
Мақсаты: ою-өрнек ұғымымен таныстыру, алған білімдерін практика жүзінде қолдануға үйрету
Дамытушылығы: өз бетімен үйренуге, ізденуге, қабілеттерін ашуға дағдыландыру, практикалық іс-әрекетін қалыптастыру
Тәрбиелілігі: еңбексүйгіштікке тәрбиелеу, әдемілікті сезіне білуге, жасай білуге үйрету, қолөнерге деген құрметтеу сезімін қалыптастыру
Көрнекілігі: ою-өрнек түрлері, слайдтар
пән аралық байланыс: әдебиет, сурет, геометрия, дүние тануСабақ түрі: аралас сабақ
Сәлемдесу, ұйымдастыру
Кәне, балалар, мында келіп карточка суыра қойыңдар
«Қошқар мүйіздер» бір бөлек, «Сыңар мүйіздер» бір бөлек тұра қойыңдар да, келіп әркім өз тобының киімдерін киіп, топтарыңа барып өз орындарыңа отыра қойыңдарТоптың аты мен құрал-жабдықтарын үлестіру, топбасшысын сайлау, ұпайларын жазып отыру
к
а
м
з
О
л
о
Ю
ш
ы
к
Ө
ж
е
т
о
Р
с
ы
қ
г
о
б
е
л
е
Н
б
Е
с
і
к
б
і
л
е
з
і
К
Сөзжұмбақ шешейік
1жеңсіз жеңіл киім (Камзол)
2 . .Әртүрлі өрнек түрін қиюшы адам.(Оюшы)
3. Жеті түрлі дәнді-дақыл мен сүт қосып
дайындалатын сұйық тағам (көже)
4. Теріден жасалған қымыз құятын ыдыс (торсық)
5. Сурет салып тоқылған кілем (гобелен)
6. Нәрестеге арналған ағаш төсек (бесік)
7. Сәндік үшін білекке тағатын бұйым (білезік)
Балалар, қандай сөз шықты. ОЮ-ӨРНЕК.
Халқымыздың дәстүрлі төл өнері, кәсібім ата-мұра қолөнері
Жинадым әдет-ғұрып , салт-дәстүрін. Елімнің көзге ыстық қолөнерін. Сенемін келер ұрпақ көрмес зиян, өнерім, өлеңімді дербес қоям.
Геометриялық элементтердің үйлесімді орналасуы-ою-өрнек деп аталады.
2.Ою-өрнекті қайда пайдаланамыз?
Ұлттық киімдерге, бұйымдарға т.б
3.Ою-өрнек туралы мақал-мәтел білеміз бе?
А) Ою ойғанның ойы ұшқыр
Б) Өрнегі көптің ермегі көп
В) Ойсыз адамнан оюшы шықпас
4.Ою-өрнектер қалай бөлінеді? Жануартекті, өсімдіктекті,космогониялық-аспан әлемін бейнелейтін т,б.
5. Біздің рәміздерімізде ою-өрнек бар ма?
Бар. Туда, гербте.
Өте дұрыс. Әркім өз тобын бағалауға.
Белгілі қазақ суретшісі Әбілхан Қастеев бұл өнерді қайдан үйрендің дегенде: Таудың бұлағынан, қойдың құлағынан,
Апамның киізінен, ешкінің мүйізінен,-деген екен.
Сол айтқандай ою-өрнектің 200-ге тарта түрі бар.Әрқайсысының атауы бар, белгісі бар. Қазіргі ою-өрнектің негізгі элементі-мүйіз. Мысалы : «Қошқармүйіз»-байлықтың, молшылықтың белгісі, «Аққу қанаты» ою-өрнегі-адалдықтың, тазалықтың, сүйіспеншіліктің белгісі, «Ирек» ою-өрнегі –адамның өмір жолының белгісі, « Шеңбер» ою-өрнегі –жарқын, жарық жолдың белгісі.
Ою-өрнек туралы аңыз білесіңдер ме?
ОЮ ХАН МЕН ЖОЮ ХАН АҢЫЗЫ.
Слайдтар арқылы көрсетіледі.
Ертеде Ою хан деген хан болыпты. Халыққа жайлы, өзі шебер болыпты. Жарлығы бойынша қол астындағы елдің бәрі ою-өрнек, тоқыма, кесте, тігін өнерлерін меңгергені соншалық, үй жиһаздары,ішкі-сыртқы бұйымдары, құрал-саймандары бәрі өрнектелген, оюланған екен. Тіпті бір-бірімен ою тілінде сөйлесетін болған.
Бір күндері бөтен бір елдің ханы соғыс ашып, Ою ханды орнынан алып, зынданға тастайды. Елді өзі басқарады. Ескі салт. Көне дәстүрді , әдеп-әдетті тастап жаңаша басқарғысы келеді.Бірақ ескі оюдың орнына жаңасын таба алмапты.
-Уа, хан ием, райыңыздан қайтыңыз, теріс жолмен кетіп барасыз,-дегендердің көзін жоя беріпті.Ел оны Жою хан деп атап кетіпті.Жою ханның жалғыз баласы бір күні аңға шығады. Жолындағы аң біткенді қырып, ойына келгенін істейді.Келе жатса бір үкі кездесіп бетіне шапшиды. Жар басынан көлге құлап, батып кетеді. Жою хан баласына іздеу салады. «Егер біреуің жоқ, өлді десеңдер бастарыңды аламын»- дейді.Көрген-білген жұрт айта алмайды. Ою хан мен іздейін деп шығады. Жолда кездескен жан-жануарларға көмегін тигізіп, ең соңында қанаты сынған үкіні емдейді. Қаныпезер ханның баласының не істегенін біледі де, бәрін кілем бетіне оюлап салып Жою ханға әкеледі. Кілемдегі оюлардан хан баласының жүрген жолдарын көріпті. Сол ою-өрнек арқылы мынау недеп тұр, балаң екі бөлінді деп тұр ғой деп,-отыра кетіпті. Сен айттың, өлтірем,-дегенде Ою хан: өлгенін сенен естіп тұрмыз,сенің басың алынады,-дейді.
Өнердің күштілігін, құдіретін,терең ойлаудың нәтижесін көрдік.Қазақтың ән-жырында , ою-өрнегінде аққудың әні мен тотының тілі жүретіні сондықтан
Сурет бойынша жұмыс:
1-топ Қошқармүйіздер 2-топ Сыңармүйіздер
Ою-өрнектің атауларын жазу Қайда қолданылады (жазыңдар)
Топтың жұмысын бағалату
Шеберлік, өнер туралы мақал-мәтелдер білеміз бе?
Шебердің қолы ортақ.
Өнерлі өрге жүзер.
Төзім мен еңбек бәрін де жеңбек.
Өнерлі бала арлы бала.
Өнерді үйрен , үйрен де жирен.
Өте жақсы, жақсы жауап бердіңдер.
Балалар, ою-өрнек тек эстетикалық мұра емес, ол-халықтың тілі, тарихы, түсінігі, өмір-салты,түйсік-түсінігі туралы мағлұмат береді. Әрбір жануар мен затты бейнелейтін оюдың қасиеттеріне қарай композициясы, философиялық мәні бар екенін байқадық. Ою-өрнекті орналастыруда симметрия болуы керек. Ол екі жағының тең болуы.Ою-өрнектің белгілі бір қашықтықта қайталанып отыруы РАППОРТ деп аталады. Раппорт латын тілінен аударғанда қайталау деген сөз. Колорит деген де ұғым бар. Ол бояудың, түстің үйлесімділігі.
Балалар, енді тәжірибелік бөлімге көшейік.
Техникалық қауіпсіздік ережесін еске түсірейік және есте ұстайық.
Құралдарымызды алып, қағаздан таратылған үлгі бойынша қошқармүйіз қиып,оны орналастыру және одан композиция құрастыру