kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ұлттық қолөнердегі жүннен жасалған бұйымдардың жасалуы мен тарихы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жүнді басу әдістерін анықтау және олардан бұйымдар жасау.8-9 сыныптарға арналған.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ұлттық қолөнердегі жүннен жасалған бұйымдардың жасалуы мен тарихы»
























































































Кіріспе


Қазақ ұлттық қолөнерінің бірі-сырмақ,тұскиіз,алаша,кілем сияқты жүннен жасалатын бұйымдардың маңызы мен жасалуын зерттеу бүгінгі күнде қазақ ұлттық мәдениетінде көкейтесті мәселе болып табылады. Осындай қазақ дәстүрін жастар арасында дәріптеп, жасалу әдістерін үйрету мақсатында осы ғылыми жобаның тақырыбын: «Ұлттық қолөнердегі жүннен жасалған бұйымдардың жасалуы мен тарихы» деп алып отырмыз. «Дәстүр мен мәдениет-ұлттың генетикалық коды, оларды осы әр алуандығымен және ұлылығымен қосып қорғауымыз керек деген болатын «Қазақстан 2050стратегиясында Президент Н.Ә. Назарбаев[14,2]. Елбасының айтқанындай ұлттық брендіміз болып саналатын жүннен жасалған бұйымдарды бүгінгі күнде дәріптеп, қорғауымыз қажет. Елбасының алға қойған зор міндеттерін іске асырушылар-жастар бізге байланысты. Осыны ескере отырып, көнере бастаған қолөнерді бүгінгі күнде өз кәдемізге жаратып, қолданудың маңызы өте зор.

Зерттеу мақсаты: Жүннен жасалған бұйымдардың шығу тарихы мен жүнді басу әдістерін анықтау, және олардан бұйымдар жасау.

Осы негізде ғылыми жұмыстың алдына мынадай міндеттер қойылады:

  • Қазақ салт-дәстүріндегі жүннің маңыздылығы мен тархын ашып көрсету.

  • Киіз басудың және киізден жасалған бұйымның бүгінгі күндегі қажеттілігін аннықтау.

  • Жүн басудың ертеден келе жатқан қазақи әдістерінқарастыру.

  • Киізден әртүрлі бұйымдар(сырмақ,тұскиіз,алаша,кілем) жасаудың түрлі технологияларынзерттеу.

Киіз Басу ісімен қазақ халқы өте ертеден таныс. Ғасырлар бойы көшпелі өмірге ыңғайлы тұрмыстық бұйымдардың бірқатарын киізден жасап келгендіктен, киіз басу технологиясын әбден меңгеріп, өнер дәрежесіне көтерген. Қазақстанның барлық аймақтарында жүннен жасалған бұйымдарды жасаумен түгелдей айналыспайды. Мысалы кілем тоқу тек қана Оңтүстік Қазақстан аймақтарында кең тараған. Шығыс, батыс аймақтарда киіз басу, сырмақ, алаша тоқу дәстүрі көп қолданылады. Біздің өңірде кілем тоқу өнері кенже қалған. Біз өз зерттеуімізде киіз басу, сырмақ сыру және алаша тоқу технологияларын жүеге асырып, өз мектебіміздің қыздары арасында кеңінен насихаттауға тырыстық.Дәстүрлі қазақ қоғамында киіз басу ісі маусымдық сипатта болған. Ол қойды қырқудан басталады да (күзде), қырқылған күзем жүннің барлығын өңдеп болғанға дейін созылады.

Қазіргі заманғы киіз басу жұмыстары әр түрлі, мысалы: механикаландырылған, кір жуатын ұнтақ, сабын, құрғақ киіз басу түрлерін анықтап, олардан бұйымдардан өнім алуға болатындығын анықтау.Жүн-ұйысуға бейім бірден-бір талшық. Ол ылғал мен температура әсерінен және механикалық әрекет нәтижесінде ширайды да, жасалып жатқан бұйымның көлемі кішірейіп, тығыздығы артады: шұға 30-35%, киіз бен байпақ 80%-дай шуиды. Киіз басудағы ең жоғары тығыздық 0,55 г/см3 (байпақтың табаны 0,42г/см3), тығыздығын бұдан әрі арттырса, жүн талшықтары үзіліп,материал ыдырай бастайды[2,64].Қазақ халқының баға жетпес асыл қазынасы болып саналатын қазақ қол өнері ішіндегі киізден жасалған бұйымдар әлемдік мәдени мұра қатарынан орын алады.

Жүнді басу әдістерін үйреніп, тарихымызды ұмытпауымыз керек. Бұл ғылыми жұмыстың негізгі мақсаты жоғарыда көрсетілгендей жүннен жасалған бұйымдардың шығу тарихы мен жүнді басу әдістерін анықтау, және олардан бұйымдар жасау.




























І-тарауҚазақ халқының жүннен дайындалған бұйымдарының шығу тарихы

1.1 Жүннің шығу тарихы


Қазақ халқының ұлт болып қалыптасуынан бұрынырақ сақ, үйсін, қаңлы тайпалары кезеңінде-ақ киіз басу, жүн иіру кеңінен қолданылған. Археологиялық материалдарға сүйенсек, адамзат тарихында Пазырыққа дейінгі аралықта киіз басу өнері қалыптасып, дамығанына көз жеткіземіз. Қолөнер шеберлері табиғат сұлулығын өнер туындыларына арқау ете білген. Қолөнер дүние жүзінің әр халқына тән, халық қазынасы, ғасырлар мұрасы. Әр халықтың тарихи дамуына, тұрмысына, табиғат ерекшелігі мен эстетикалық талғамына байланысты қолөнері де өзіндік ерекшелігімен халық өмірінде өшпес із қалдырып отырған.

Жүнді сақтау жөнінде ғалымдар мынаған көңіл бөлу керектігін айтады. Биязы жүннің ылғал тартқыштығы қылшық жүндікінен артық. Бос жүн қапқа салып нығыздалған жүнге қарағанда ылғалды көп тартады.Қазақтардың киізге деген мұқтаждығы әр уақытта орасан зор болған.Көшпелі және жартылай көшпелі тұрмыс жағдайында жүннен алуан түрлі бұйымдар жасау белгілі бір өнерді, шеберлікті қажет етті. Киізден жасалған бұйымдар қазіргі заманда халықтың генетикалық мәдени қарым-қатынасындағы байланысты көрсететін дерек. Киізден жасалған бұйымдар 1970-1980 жылдары жан-жақты жүргізілген экспедициялық жұмыстар кезінде молынан толықтырылды. Киізден жасалған бұйымдар ішінде өзінің қанық, ашық түсімен оюлы текеметтер топтамасы қазақ халқының ертеден келе жатқан киіз басу тәсілінң меңгеріп, қасиетін толық ашқанын дәлелдейді[15,19].

Киіз басу барлық жерде бірдей тәсілмен орындалады. Әр халықтың тарихи дамуына, тұрмысына, табиғат ерекшелігі мен эстетикалық талғамына байланысты қолөнері де өзіндік ерекшелігімен халық өмірінде өшпес із қалдырып отырған.

Халықтың шеберлері материалдың табиғи қасиетіне зер салып өңдеуде техникалық тәсілімен күнделікті тұрмысқа қолайлы жақтарын қарастырып отырып, әсемдік, әдемілік жақтарына көңіл бөлген. Киізбасу үшін алдымен қойдың жүнін таңдап алады.

Қазіргі кезде киіз бұйымдары нағыз қауырт өркендеу үстінде. Бұл икемді және пластикалық қасиеті бар материал іс жүзінде бүкіл әлемге танымал. Шеберлер бұйым жасауда өте кең ауқымды киіз пайдаланады.

Жуылмаған жүн шектен тыс ылғалданып және жүнді шірітетін микроорганизмдердің көбеюіне қолайлы орта болып саналады. Жүнді ұзақ уақыт сақтау керек болса, оларды фанерь жәшіктерге нығыздап салып, арасына «Молемор», «Дезмоль», «Антимоль», «Фоксид», препараттарын салып сақтайды». Мұндай жүнді пайдаланар алдында ашық күндері аула ішіне керілген жіпке жайып, арасын қопсытып отырады. Жүнді сақтайтын бөлменің есік-терезесін ашып,міндетті түрде желдетіп тұру керек. Жүнді ашық күн астында сақтауға болмайды.

Тоғытып қырқылған қойдың жүнін жумауға да болады. Жуылып кептірілген жүннің түтілуі қиын болады. Оны ағаш сабы бар қалақшаға бекітіліп жасалған арнайы тарақпен түтеді. Алашаға арналған жіп кілем жібіне қарағанда ширақ,ал кілем жібі алаша жібінен жуандау әрі бос иіріледі.Киім-кешекке арналған жүн мен түбіттің иірілуі өзгеше. Түбіт арнайы жеңіл ұршықпен иіріледі. Киім-кешекке арналған жүнді қылшығынан арылтып бөлек түтіп шүйкелейді.Дәстүрлі қазақ қоғамында Киіз Басу ісі маусымдық сипатта болған. Ол қойды қырқудан басталады да (күзде), қырқылған күзем жүннің барлығын өңдеп болғанға дейін созылады.

Қазіргі заманғы киіз басу жұмыстары әр түрлі, мысалы: механикаландырылған, кір жуатын ұнтақ, сабын, құрғақ киіз басу түрлерін анықтап, олардан бұйымдардан өнім алуға болатындығын анықтау.Жүн-ұйысуға бейім бірден-бір талшық. Ол ылғал мен температура әсерінен және механикалық әрекет нәтижесінде ширайды да, жасалып жатқан бұйымның көлемі кішірейіп, тығыздығы артады: шұға 30-35%, киіз бен байпақ 80%-дай шуиды. Киіз басудағы ең жоғары тығыздық 0,55 г/см3 (байпақтың табаны 0,42г/см3), тығыздығын бұдан әрі арттырса, жүн талшықтары үзіліп,материал ыдырай бастайды[2,64].Қазақ халқының баға жетпес асыл қазынасы болып саналатын қазақ қол өнері ішіндегі киізден жасалған бұйымдар әлемдік мәдени мұра қатарынан орын алады.

Қылшық жүндер мен ешкінің қылынан , түйенің шудасынан алашаға арқау, күзу жіптерін иіреді. Күзем жүн мен қозы жүнін киіз басуға пайдаланады. Жүннің талшықтары қысқа болғандықтан иіруге келмейді,ол киіз басуға ыңғайлы шабақталып тез кірігеді. Жұқа киізден қалпақ, ұйық, байпақ т.б. бұйымдар жасалады. Сапасы нашарлау жүндерге қылшық, шуда, жылқының қылын араластырып арқан, ноқта, тұсау тағыда басқа күнделікті тұрмысқа пайдаланатын ұсақ бұйымдар есіліп ,өріліп жасалған.

Қазақ шеберлері мал жүнінен басқа қоянның жүнін , құстың мамығын да іске жаратқан. Құстың мамығынан құс жастық, құс төсек жасайды. Тымақтың маңдайына , найзаның ұшына , салт атты адамның иығына құс қауырсынын тағып өте асығыс деген белгіні білдірген. Үкінің жүні қазақтың ескі салты бойынша әсемдік деп саналып әрі қасиетті деп те білген.

Күнделікті тұрмыс тәжірибеден бояу ретінде ашудас, қына көп пайдаланылған. Қазір өнеркәсіптің өркендеп дамыған тұсында сан алуан химиялық бояулар қолданылып отыр.

8 -10 литр суды қайнатып, 1 литріне 15 грамм есебімен бөлек ыдыста ерітілген бояуды құйып араластырады. Бояу түйіршігі ерімей қалса , жүнге біркелкі сіңбейді. Қазанның қақпағын жауып біртіндеп қайнатып отырып , оған жүнді мөлшерлеп салады. Жүнді салмай тұрып 1 литр суға 1 шай қасық мөлшерінде сірке суы құйылады.Қазан қайнағаннан кейін оттың қызуын азайтып , жүнді қалақпен аударыстырып отырады. Суығаннан кейін жүн керілген жіпке немесе ағаш еденге жайылып көлеңке жерде кептіріледі.

Жүннің қасиеттері:

1. Жүн жылуды жақсы сақтайды. Сондықтан одан тоқылған бұйымдар жылы болады.

2 . Жіңішкелігі мен көлемі бірдей басқа талшыққа қарағанда жүннің салмағы жеңіл.

3 . Күннің ультракүлгін сәулесін өткізеді.

4 . Талшықтары иілгіш , серпімді , созылғыш болады.

5 . Бояуды бойына жақсы сіңіреді.

6 . Шуды және тербелістерді төмендететін қасиеті бар.

7 . Биязы жүннің ылғал тартқыштығы қылшық жүннен артық.

Жүннің иіруге дейінгі өңделуі .

1 . Жүнді сұрыптаймыз.

2 . Жуамыз.

3 . Кептіреміз.

4 . Жүнді сабаймыз.

5 . Жүнді түтеміз.

6 .Созамыз.

7 . Шүйкелейміз.

8 . Иіреміз.

Ұлтымыздың тарихында дәстүрлі киіз басу, алаша тоқу, кілем тоқу, сырмақ сыру сияқты қолөнер бұйымдарын жасау тарихы бүгінде көп зерттелді, дегенмен бұны жастар арасында дәріптеу кең тарамаған. Тармақты қорытындылай келе қазақ қолөнері ерте дәуірден-ақ қалыптасып, дами бастағанын байқаймыз. Жүннен жасалған бұйымдардың тарихы қазақ халқының тарихымен біртұтас қабысып қарастырылады.












1.2 Киіз және тұскиіз

Қазақ қолөнерінің көркемдік ерекшелігінің негізі болып киіз басу өнері саналады. Бұл өнер сонау көне заманнан бері белгілі. Археологиялық материалдарға сүйенсек,адамзат тарихында Пазырыққа дейінгі аралықта киіз басу өнері қалыптасып, дамығанына көз жеткіземіз. Қолөнер шеберлері табиғат сұлулығын өнер туындыларына арқау ете білген. Қолөнер дүние жүзінің әр халқына тән, халық қазынасы,ғасырлар мұрасы. Әр халықтың тарихи дамуына,тұрмысына,табиғат ерекшелігі мен эстетикалық талғамына байланысты қолөнері де өзіндік ерекшелігімен халық өмірінде өшпес із қалдырып отырған.

Қазақ қолөнерінің бүгінгісі мен болашағын айтар болсақ оның өткеніне назар аудармауға болмайды.Қолөнер бұйымдары көшіп–қонуға ыңғайлы,пайдаланар орнына сәйкес сыртқы формасын тауып , әр шебердің талғамына ой- өрісіне тән ою- өрнекпен нақышталып берілген[9,12]. Көне заманнан келе жатқан қазақ қолөнері де өз халқының дәстүрлі көркемдік мұрасын сақтап қалған .

Фото №1;2









Механикаландырылған киізден тұскиіз жасау

Механикаландырылған киізден тұскиіз жасауда экономикалық көрсеткіш

атаулар

мөлшері

шығысы

бағасы

сомасы

1

Киіз

1түлі(бірыңғай ақ киіз)

1 түрлі

180тг

180тг

2

Жіп

2түрлі

2түрлі

50тг

100тг

3

Адам

1

1

200тг

200тг

4

бастырма

3түрлі

3түрлі

60тг

180тг

Бәрін қосқанда:

180тг+100тг+200тг+180тг=660тг

Қазақ қолөнерінде пайдаланылған негізгі шикізаттың бірі және ең бастысы – жүн болды . Халық шеберлері материалдың табиғи қасиетіне зер салып өңдеуде техникалық тәсілімен күнделікті тұрмысқа қолайлы жақтарын қарастыра отырып , әсемдік әдемілік жақтарына көңіл бөлген .

Киіз басу үшін алдымен қой жүнін таңдап алады негізінен күзем жүн алынады.Қазіргі кезде киіз бұйымдары нағыз қауырт өркендеу үстінде. Бұл икемді және пластикалық қасиеті бар материал іс жүзінде бүкіл әлемге танымал. Шеберлер бұйым жасауда өте кең ауқымда киіз пайдаланады . Ол жихаз бен интерьер заттарынан, пуфиктер мен орындықтарды сәнді кілемшелерінен, перделер мен жастықтардан, үстелге қойылатын сәнді жаймалар мен мата салфеткаларға арналған сақиналардан, ыстық жұмыртқаларға арналған қорапшалардан және жылытқыштардың қаптамаларынан , шамдардың абажуларынан және перделердің безендірмелерінен , сәнді панно мен еденге төсейтін кілемдерден тиісті орын алған. Модельерлер қазіргі заманғы әр түрлі технологияларды пайдалана отырып , сан түрлі фактуралар мен маталарды – жібек , мақта , кендір тоқыма заттарды үйлестіре отырып , нағыз өнер жаухарларын жасап жүр . Киімге арналған киіз бижутерия мен аксессуарларды да кездестіруге болады .

Қазіргі заманғы технологиялар киізді жылдың кез келген уағында , шағын орында және азғана шығын шығарып жасауға мүмкіндік береді .

Киіз жасаудың дымқыл және құрғақ әдістері деп аталатын жолдарының бірнеше техникалық тәсілдері бар. Бірінші әдіс, суды және киіз басу үдерісін жылдамдататын құралдарды қажет етеді. Екінші әдісте жазық заттарды да, жұмыр көлемі бар заттарды да жасауға мүмкіндік береді. Онда арнайы инелер қолданылады .

Жүннің түрлі түстерін айқын жіптен шекарасын дәл ажыратуға болады:

* Көлемдік детальдарды және тіпті мүсін жасауға болады

* Суретке тоқыма жіп пен матаны енгізуге болады :

* Киіз бен ұсақ бұйымдар жасауға болады .

* Ою –өрнекті оңай салуға болады :

Осындай артықшылықтардың арқасында инелер арқылы киіз бұйым жасау бүкіл дүние жүзіне кең тарап отыр .

1 . Жабағы жүн қойдан мал төлдеп болған соң ерте көктемде қырқылады.

2 . Күзем жүн қойдан күз мезгілінде қырқылып алынады . Жергілікті жердің ауа райын ескере отырып , қойды бірнеше рет тоғытып , жүні кепкеннен кейін қырқады .

3 . Қозы жүні – қозы туған жылғы бірінші қырқылған жүн .

Сапасы жағынан талшықтары нәзік , ұйыспаған , күзем жүнге ұқсас болады .

4 . Текемет , киіз басу жұмысына осы жүндерден араластырып пайдалануға немесе бір маусымдық жүнді де пайдалануға болады .

5. Жабағы жүн шайырлы әрі лас болса , әбден жуылып , кептірілгеннен кейін ғана пайдаланылады . Жуылған жабағы жүнді ұсақтап қайшымен қияды.Ары қарай сұрыпталған жүндерді өңдеуге кірісу қажет .

Алдымен жүн сабаумен сабалады . Жүнді сабауға 1 метрден артықтау сабау таяқ керек . Сабар алдында 2 -3 сағат күн көзінде жатқаны дұрыс .

Сұрыпталып , сабалған жүн келесі өңдеу жұмыстарына әзірленеді . Ол үшін ені екі жарым құлаштай ши керек . Шидің бір шетінен бастап жүнді тегістеп салады да , мол етіп қайнап жатқан ыстық суды шашып , ұқыптап орап отырады . Су барлық жеріне біркелкі себілуі үшін сыпырғыш немесе тегіс тақтайға шашырата құймалап тұрады . Жүн суға әбден қанғанда шиді орап , екі шетін тұйықтап жабады .

Оралған шиді бес жерінен қатты буады . Байланған орамды бірнеше адам қарама – қарсы тұрып арқанмен кезек тартып ауната отырып бірігіп қатайғанша тебеді . Осыдан кейін 7 – 8 адам жарты сағаттай білектеп жарты сағаттай алақандайды .

Білектеу дегеніміз 7 – 8 адамның қатарынан тізерлеп отыра қалып текеметті білегімен әрі –бері ырғап , ұрғылауы .

Бұдан кейін кезекпен кезек оң – терісімен алмастыра отырып киіздің ұзыны қалыптағыдай болу үшін ұзындайды . Енді киіз жазылып , ұзыны екі бүктеледі . Екі басы біріктіре дөңгелектеліп , шуда жіппен тігіледі . Осыдан кейін 11 – 12 адам сағат тілінің бағытымен тігіс ұшынан ұстап айналдыра қарпиды . Киіз қарпу 1 сағатқа созылады . Осыдант кейін жіп сөгіліп , тағы да білектеп , алақандалады . Содан соң күннің көзіне кепкенше шет – шетін тегістеп , қағып – сілкіп төсеніш ретінде пайдалануға болады .

Киіз басудың кезең реті :

1 . Жүнді сабаймыз .

2 . Жүнді шиге шабақтар тартамыз .

3 . Су себеміз .

4 . Ораймыз

5 . Байлаймыз .

6 . Суды ши сыртынан себелей құямыз .

7 . Саумалау жібін өткіземіз .

8 . Тебеміз .

9 . Жібін шешеміз .

10 . Киізді булаймыз (10 мин )

11 . Киіздің өзін байлаймыз ( бостау салып )

12 . Білектейміз .

13 . Байлауды шешеміз .

14 . Екі басын қусырып тебен инемен шуда жіппен тігеміз.

15 . Қарпимыз .

16 . Жібін қиып аламыз .

17 . Ұзындау немесе уқалау .

18 . Кептіру .

Киізге салынатын ою түрлері:

1 . Жан – жануарлар дүниесін білдіретін ою – өрнектер .

2 . Өсімдік тәріздес ою – өрнектер .

3 . Геометриялық ою – өрнектер .

4 . Аспан әлемін , жер , дүние сырын суреттейтін ою-өрнектер .





Фото №3;4














Сабынды сумен киіз басу техникасы

Сабынды сумен киіз басуда экономикалық көрсеткіш

атаулар

мөлшері

шығысы

бағасы

Сомасы25

1

Жүн

2кг

2кг

150тг

300тг

2

Су

10тг

50тг

3

Су қайнату

10кВт

10кВт

5тг

50тг

4

Адам

1

1

150тг

150тг

5

сабын

2

2

150тг

300тг

Бәрін қосқанда:

300тг+50тг+50тг+150тг+300тг=850тг

Қазақтардың киізге деген мұқтаждығы әр уақытта орасан зор болған.Көшпелі және жартылай көшпелі тұрмыс жағдайында жүннен алуан түрлі бұйымдар жасау белгілі бір өнерді, шеберлікті қажет етті. Киізден жасалған бұйымдар қазіргі заманда халықтың генетикалық мәдени қарым-қатынасындағы байланысты көрсететін дерек. Киізден жасалған бұйымдар 1970-1980 жылдары жан-жақты жүргізілген экспедициялық жұмыстар кезінде молынан толықтырылды. Киізден жасалған бұйымдар ішінде өзінің қанық, ашық түсімен оюлы текеметтер топтамасы қазақ халқының ертеден келе жатқан киіз басу тәсілінң меңгеріп, қасиетін толық ашқанын дәлелдейді[15,19].

Киіз басу барлық жерде бірдей тәсілмен орындалады. Әр халықтың тарихи дамуына, тұрмысына, табиғат ерекшелігі мен эстетикалық талғамына байланысты қолөнері де өзіндік ерекшелігімен халық өмірінде өшпес із қалдырып отырған.

Халықтың шеберлері материалдың табиғи қасиетіне зер салып өңдеуде техникалық тәсілімен күнделікті тұрмысқа қолайлы жақтарын қарастырыпотырып, әсемдік, әдемілік жақтарына көңіл бөлген. Киізбасу үшін алдымен қойдың жүнін таңдап алады.

Қазіргі кезде киіз бұйымдары нағыз қауырт өркендеу үстінде. Бұл икемді және пластикалық қасиеті бар материал іс жүзінде бүкіл әлемге танымал. Шеберлер бұйым жасауда өте кең ауқымды киіз пайдаланады. Ол жихаз бен интерьер заттарынан, пуфиктер мен орындықтарды сәнді кілемшелерінен, перделер мен жастықтардан,т үстелге қойылатын сәнді жаймалар мен мата салфеткаларға арналған сақиналардан, ыстық жұмыртқаларға арналған қорапшалардан және жылытқыш тардың қаптамаларынан, шамдардың абажуларынан және перделердің безендірмелерінен, сәнді панно мен еденге төсейтін кілемдерден тиісті орын алған. Модельер қазіргі заманғы әр түрлі технологияларды пайдалана отырып, сан түрлі фактуралар мен маталарды-жібек, мақта, кендір тоқыма заттарды үйлестіре отырып, нағыз өнер жаухарларын жасап жүр. Киімге арналған киіз бижутерия мен аксессуарларды да кездестіруге болады.

Қазіргі заманғы технологиялар киізді жылдың кез келген уағында, шағын орында және аз ғана шығарып жасауға мүмкіндік береді.

Киіз жасаудың дымқыл және құрғақ әдістері деп аталатын жолдарының бірнеше техникалық тәсілдері бар. Бірінші әдіс, суды және киіз басу үдерісін жылдамдататын құралдарды қажет етеді. Екінші әдісте жазық заттарды да, жұмыр көлемі бар заттарды да жасауға мүмкіндік береді. Онда арнайы инелер қолданылады.











1.3 Иірілген жүннен жасалған бұйымдар:алаша, кілем.

Қолөнер бұйымдарының ішіндегі кілем тоқу өнері өте күрделі өнер. Кілемдердің бірнеше түрі бар . Түкті кілем , тақыр кілем , және қазіргі таңда суретшілердің қолға алып жүрген гобелен кілемін атауымызға болады .

Кілем ерте кезден қазақ тұрмысында киіз үй мүлкінің бірі болып есептелген ол қазірдің өзінде маңызын жойған жоқ .Тарихқа жүгінетін болсақ , қазақ кілемінің төркіні байырғы сақ ,үйсін , ғұн өнері мұраларына саяды . Дайындалу тәсіліне қарай кілем қолдан және машинамен тоқылған болып екіге бөлінеді . Қолдан тоқылған кілем тоқыма станоктарында өндіріледі . Қолмен тоқылатын кілемнің түгі әртүрлі бояулы жіптерді өріс жібіне шалу арқылы жасалады . Майда өрнек қажет болғанда бір өріс жібіне түйіледі . Түк үшін жүннен иірілген жіп , ал өріс және арқау үшін мақта жіп қолданылады . Ұсақ өрнек жасау үшін өрістік мақта жіп жіңішке жібек жіппен алмастырылады . Кілемге қойдың жабағы жүні немесе түйе жүнін алады .Кілем түгіне арнап иірілген жіп келептеліп , жүн жууға арналған синтетикалық ұнтақтармен жылы суға жуылып , салқын сумен шайылады . Келептер жеке –жеке жайылып сорғытылып боялады . Бояу боялатын жіптің мөлшеріне қарай салынып аздап су құйылады . Қазанның қақпағын жауып , жіп бояуды алғанша қайнатады . Сонан соң бөлек ыдыстарға салынып әбден суығанша бетін жауып қояды . Боялған жіп өз буымен бояуды бойына қажетінше сіңіріп бабына келеді . Қазір байқап қарасақ шаң жинайды , қағып –сілкуге , тазалауға қиын деген сылтаумен қолдан тоқылған кілемді пайдаланбайтын болған . Оның орнына синтетикасы көп зауыттардан шыққан заманауи бұйымдар көбейген . Бір қарағанда түрлі –түсті бояумен көз тартатын бұйымдар денсаулыққа зиян . Қазақ ұлты жерге , төсеніштің үстіне бір- екі қабат көрпеше төсеп отырады. Мұндайда табиғи жүннен жасалған киіз бен кілем әрбір үйде болса артық етпейді дегіміз келеді .

Кілем арнаулы қарапайым өрнек арқылы ерекше түр салынып , әрбір шаршы метріне шамамен 230-400-ге дейін , ал өн бойына бір миллионға жуық жіп тіндерін келтіріп өте тығыз тоқылатын аса бағалы бұйым . Жазбаша ескерткіштерге қарағанда бұрынғы замандарда киіз үй ішінде жерге төсеумен бірге , кілемді киіз үйдің туырлық пен үзігі орнына да жапқан .

Кілемнің үй тұрмысында ұзақ тұтылуы оның өте беріктігі мен төзімділігіне байланысты . Сонау ерте заманнан бері келе жатқан халықтың дәстүрлі үй мүлкінің бірі – кілемнің құндылығы жайында сөз ететін болсақ , ол өзінің қолданылу жағынан көптеген материалдардан артық . Себебі кілем тұтынуға төзімді , оңайлықпен тозбайтын , жыртылмайтын шаң –тозаңнан тез тазартылатын , ылғалдық пен құрғақшылықты елең қылмайтын , күйе түскеннен де қорықпайтын аса бағалы дүние . Оны алтын , күмістен жасалған қымбат бұйымдар сияқты баршылықтың,байлықтың бір белгісі ретінде біле білген. Кілемнің осындай асыл қасиеттеріне байланысты қай заманда болмасын,кілемді одан жасалған мүліктерді көбінесе қой жүнінен тоқиды.Әсіресе,Орта Азия мен Қазақстан аумағында тоқылған кілемдердің сапасы өте жоғары.

Түкті кілем ою- өрнегіне,тоқу сапасына,бояуының түріне,тұрмыста қолданылуына қарай әр алуан атауларға ие болған . Әндіжан кілем,бұқар кілем, түркімен кілем ,парсы кілемі ,араб кілемі деген атаулар соның айғағы болса керек.

Кілемнің қазақ арасында көп тараған түрлеріне келетін болсақ олар мыналар : масаты кілем,қалы кілем,қара кілем ,бұқар кілем , терме кілем , сарыаяқ кілем , шатыр гүл кілем , шешенгүл кілем , мәскеугүл кілем , самаурынгүл кілем , торғай түр кілем , алтыауым кілем , қарамантүр , тақта кілем , талас кілем , ақтаңлақ кілем т. б. түрлері көп ақ .

Кілем тоқу үшін мынадай құралдарды пайдаланады :

1.Тоқпақ - керілген желідегі еркек жіп пен ұрғашы жіптің шатысынан арқау жіп өткізілген соң , жіп арасын тығыздап түйгіштейтін шеге тісті ағаштан жасалған құрал .

2 . Кесермен пышақ – кілемнің өрнек тізбе жіптерін арқауға шалып байлаған соң артық жіпті кесетін аспап .

3 . Қайшы – түр шалынған соң тегістеу үшін пайдаланатын құрал .

Кілем тоқитын станоктардың кейбір атаулары:

Төсек – кей жерлерде оны желі деп те атайды . Оның ұзындығы бес метр шамасында болады .

Кергі ағаш – кілем тоқылатын , желінің басынан және аяғынан кілем тоқылатын орында жүгірілген ағашты керіп тұратын ағаш .

Белағаш – кілем тоқу үшін керілген жіп желісін күзу арқылы байланыстырып тұратын көлденең ағаш .

Адарғы – керілген жіп желісінің шатысын немесе күзусідін бетіне шығарып, былайша айтқанда еркек жіп пен ұрғашы жіпті ерсілі қарсылы , жоғары , төменді алмастырып тұратын белағашпен қатар жатқан ағаш .

Аяқ – белағашты көтеріп тұратын , аша басты тіреу ағашы .

Еркек жіп кілем тоқу үшін керілген желі жіптердің күзуде тұрған үстіғгі жіптері .

Ұрғашы жіп –керілген желі , төсек жіптің төменгі күзусіз жіптері .

Күзу – тоқылатын жіптерді ажырата білу үшін желінің үстіңгі жіптерін белағашпен жалғастырып тұратын екі қабат иіріліп , ысылған бір түсті жіптер.Күзуді тоқу барысында керілген жіпке арқау өткізуге ыңғайлы болу үшін байлайды .

Тарту жіп – белағаштың үстінен екі басына бекітілген күзуді тартатын жіп .

Шатыс – еркек жіп пен ұрғашы жіптің айқасуы .

Шалыс-еркек жіптен алып,ұрғашы жіптің арасынан шалып орауды түр шалу деп атайды.

Арқау–еркек жіп пен ұрғашы жіптің арасынан әрлі –берлі өткізетін бас жағындағы керіге шатысты ұстап тұратын жіп.

Жіп қашу–кілем тоқу үшін керілген жіп желісінің үзілуін жіптің қашуы деп атайды.

Жіп жалғау–керілген желі жіптерінің үзігін немесе қашқанын тауып байлау.

Сирексіту – керілген жіп желілерінің арасынан арқау өткізілген соң ұйысқан жіп аралығын тоқпақпен түйгіштеп сол желі жіптерінің арасын сирексіту.

Қайшы – керілген желідегі жіпке түр салынған соң тегістеу үшін пайдаланылатын құрал . Осы қайшы арқылы түгі тегістеліп қырқылады .Кілем тоқу басталысында түксіз тоқылыстан соң салынған екі түсті түкті жолақты жиек салу немесе шеттік деп атайды . Жиектен ішке қарайғы тоқылыста кілем ортасына түсірілетін өрнекті айналдыра әркімнің қалауынша отау өрнегі бір немесе екі қатар жүргізіледі . Ал отау өрнектері болсын , кілем табағына түсірілетін негізгі өрнектері болсын олардың шетін айналдыра бір жіптен салынып отырылатын түрді су өрнек деп атайды.Су өрнектің міндеті өрнекті бір-бірінен айқындап тұрады,яғни екі түрдің шекарасы.

Алтынға бергісіз алаша.

Жиектелген көздің жауын алатын сан өрнекті термелер мен қақпа алашалар әлі күнге тұрмыс сәні . Әр түрлі жүннен немесе әр түске боялған мақта , жүн жіптерінен өрмекпен тоқылатын төсеніш . Алаша екі түрлі әдіспен тоқылады . Бірі- түрлі – түсті жіптерді жарыстыра тоқып жолақ жасау . Екіншісі- әр түсті тік жіптерді санап отырып , теріп тоқу арқылы көп мәнерлі өрнектер түсіру . Алғашқысын «жолақ алаша» деп , соңғысын «терме алаша» деп , кейде «кілем алаша» деп те атайды.Алаша енсіз тоқылғандықтан,төсеніш ,тұскілем, қоржындар жасағанда бірнеше ендерді құрап тігеді . Терме алаша тоқығанда оны геометриялық және көкөріс өрнекпен безендіреді Оны тоқығанда «ілмек», «өткерме», «мәймөңке»,деп аталатын құралдар пайдала нады.Алашаны Қазақстанның әр облысында жергілікті дәстүрге сай,әр түрлі етіп тоқиды. Тоқу барысында әр түсті жіптерден өрнек салып,оның жібі ерсісіне қолмен оралып, арқаумен бекітіледі . Алаша қазақ тұрмысында ең көп кездесетін мүлік .

Алашаға жүн дайындау .

1 . Жүнді іріктеп алады . Жабағы жүн қоқысынан тазартылып бірнеше рет сабынды сумен жуылады.

2 . Жүнді сорттау,түсіне қарау.

3 . Шүйкелеу.

4 . Иіру.

5 . Домалақты келептеу.

6.Бояу.

7.Өрмек жүгірту үшін 3-4 адам керек.Үшбұрыш формасында үш қазық қағылады.Ұзындығы тоқылатын алашаның көлеміне қарай дайындалады.

8.Күзу байлау.Күзу жіп ешкінің қылынан алдын ала дайындалады. Тоқылатын өрмекті 12 құлаш деп есептейтін болсақ тоқылған кезде екі қабатталып жататыны ескеріліп 5-7 метрлік бөлмеге құрылады .

Алаша түрлері:

1.Қазақтың жүз теруі

2.Түрікпен теру

3.Жапырақ теру

4.Қақпа теру

Өрмек жабдықтары:

1.Көтерме мосы

2.Өрмек өрісінің қазықтары

3.Кергіш сабау

4.Адарғы

5.Арқалық

6.Қылыш

7.Арқау шөлмегі

8.Арқау

9.Күзеу шыбығы

10.Күйеу қазығы

Зерттеудің екінші кезеңі!

«Шебердің қолы ортақ»

Халық бұрын ғылым мен білімге қолы жетпесе де,сұлулық пен әсемдікті таңдай да,талғай да білген . Өз тұрмысы мен мәдениетінде қолөнерін мұрат тұтып жетілдіре берген.Шеберліктің небір сан саласын асқан ұқыптылықпен көкірегінде қастерлей сақтап,меңгеріп,біздің дәуірімізге ұштастырған .

Біз жоғарыда халық өнерпаздарының көне заманнан келе жатқан қолөнерінің көркемдік,әсемдік бұйымдарын және олардың жасалу тәсілдері жайлы әңгіме еттік . Ендігі жерде халық шеберлерінің асыл мұрасын сақтап біздің қазіргі заманымызға дейін алып келушілер жайында әңгіме еткіміз келеді .

Ондай шеберлер елде көп , қазақ елі шебер , ісмер адамдарға бай екенін ешкім жоққа шығармайды .

Ауылдық жерде тұратын қазақ әйелдері мен қыздары тоқыма , жүн түту , жүн сабауды ұмыта қойған жоқ .

Ертедегі ата-бабаларымыздың қолөнер шеберлігінің үлгісін сақтап , біздің заманымызға алып келген , сонымен бірге , әлі де болса кейінгі жас ұрпақтарға ұстаздық көрсетіп , соларды үйрете алатын шеберлеріміз әзірге баршылық . Он саусағынан өнері тамған белгілі адамдар шаңырағының әсемдігін , жылылығын сақтауды мақсат тұтып,түрлі бұйымдар жасап,ұрпақтарына қалдырған .

Қазақ халқы өнерін қадір тұтып,ұрпақтан ұрпаққа жалғасуын берік ұстанған.Қолөнерге деген ықыластары төмен жастардың етек алып бара жатқанын күнделікті өмірден көріп жүрміз.Келешектің кемшілігін көргісі келмеген ел бүлдіршінін бесіктен тәрбиелейді.Сондай тәрбиелеушілердің бірі- көнекөз әжелеріміз деп білер едім.Асыл әжелердің қолынан шыққан бұйымдарға қарап отырып , ол кісілердің сұлулыққа,әсемдікке,ашықтыққа құмар болғанын байқауға болады.Басқан киіздерінің түсінің ашықтығы,тоқыған алаша,кілемшелерінің бедерлеріне өмірден көргендерін түсіруі мол нәрсені аңғартады .






























II-тарау Жүн бұйымының жасалу технологиясы

2.1Сырмақ жасау әдіс-тәсілдері


Сырмақ–халқымыздың тұрмыс тіршілігіндегі ұлттық қолөнерінен туындаған аса сәнді төсеніші,әрі өнер туындысы.Сырмақ еденге төселетін бірден–бір жарасымды дүние.

Көшпелі,жорықты,салтты тұрмыс талабына өзінің өміршеңдігімен, табандылығымен мықтап етене қалыптасқан төсеніштің бірі болып табылады.

Сырмақ киізден сырып,оюлап жасалған төсеніш.Оны жасаудың атадан балаға таралып,дәстүр болып келе жатқан өзіндік ерекше салты бар.Сырмақты түрлі- түсті киізден ойып,өрнек салып та,сондай –ақ шымқай ақ киіздің бетіне ақ ,қызыл , сары маталардан ою бастырып та тігеді[5,70]. Сырмаққа керекті ақ , қара киіздер бөлек –бөлек дайындалады , олар жұқа әрі тығыз басылуы керек . Сырмақтың оюларын құрастырып , үстінен басып тігіп біткеннен кейін , ақ киізді ақ жіппен , қара киізді қаражіппен жөрмеп тігеді . Осы әдіспен тігілген сырмақ шымыр , қатты болады. Сырмақ жасау өнерінде «қошқар мүйіз» ою- өрнегі көп қолданылады. Олар бір –бірімен жалғасып ұласып жатады . Орталық Қазақстанда кездесетін сырмақтар оюы үш-төрттен бірігіп бір квадрат немесе ромбы құрап тұйықталып әрқайсысы жеке тұрады . Шығыс Қазақстанда кездесетін сырмақ оюларында өсімдік элементтері кеңінен қолданылып басқаша сипат алады. Гүл сияқты гүлденген сырмақ оюларына да өрнектің екіжағының өлшем үндестігі қатаң сақталады .


Фото №6;7





Механикаландырылған киізден сырмақ жасау технологиясы


атаулар

мөлшері

шығысы

бағасы

сомасы

1

Киіз

1түрлі

1түрлі

180тг

180тг

2

Мата

3зтүрлі

3түрлі

150тг

450тг

3

Адам

1

1

150тг

150тг

4

жіп

3түрлі

3түрлі

50тг

150тг


Сырып тігудің екі түрі болады,біріншісі жеке жіптің өзімен әрлі–берлі тік шаншып тігу,екіншісі қос жіппен сырып тігу.Сырмақты сыру үнемі ою– өрнектердің бағытымен жүргізіледі.Сырмақтың шеттерін тегістеп қиып,шетіне айналдыра жиек бастырады.

Жиекке арналған жіпті жалаң қабат түрінде біреуін оңқай,екіншісін солақай етіп иіреді.

Сырмақ түрлері:

Сырмақтар пайдаланатын орындарына қарай от киіз(от сырмақ) отбасы сырмағы , тізе сырмағы , маяуза( үлкен адамдарға арналған төсеніш) сырмақ , төр сырмақ,іргелік,( ірге киіз),аяқжол,бұйым сырмақ, т.б. деп аталады .

Үлгілеу және жасалу жолдарына қарай бірнеше түрге бөлінеді .

Байырғы үлгідегі дәстүрлі сырмақ , оюлы сырмақ , ойыстырылған сырмақ , жиек сырмақ , кестелі сырмақ , біз кестелі сырмақ , баспа кестелі сырмақ , ашамай кестелі сырмақ , жапсырма кестелі сырмақ , кілем пішінді сырмақ , көне , жаңа үлгідегі от киіздер .

Істелу материалына қарай оюлы сырмақ , ойыстырылған сырмақ , кестелі сырмақ , жиек сырмақ , кілемше сырмақ , құрақ сырмақ деп аталады .Қазақ сырмақтарының төрт түрлі атауы бар . Оларды «ақ сырмақ» , «қарала сырмақ», «жиекті сырмақ» , «дебіске сырмақ» деп атайды .

Ақ сырмақты шуда жіппен немесе таңдайлап иірген қарала жиекпен жиектейді . Қарала сырмақты қара және ақ киізден ойыстырып , астарлап , сырып жасайды . Жиекті сырмақты тұтас бірыңғай ақ немесе қара түсті киіздің бетіне бірнеше түсті бояумен өрнектеп жиек бастыру арқылы жасайды. Дебіске сырмақты жасағанда тұтас киіздің бетіне әр түсті матаны оюлап бастырып сол оюлардың шет-шетіне жіңішке жиек басады .

Сырмақ сыру технологиясы .

Екі түсті киізді біріне –бірін ойыстыру арқылы шығарылған қара ала сырмақ.Сырмақ киізі қарпылмайды . Киіз оюға арналған пышақ өте өткір , әрі епті болуы шарт.Пышақ сызыққа тік шаншылып өрнектер аса ептілікпен орындалады.Ойылып болған киіз екі қабат күйінде екі бөлек оюға айналады. Қалыбын бұзбай көктеу жібін сөгіп,киіздің екі түсінің ортасын ауыстырып қиыстырады.Үйлестіру оюлардың әрбір мүйіз,мүйістері әр жерден жіппен іліп қосылады.Жиектеу жұмысы сырмақтың оң бетіне жиек жіп бастырылады Қос жиек бірі оң, бірі теріс иірілген екі жіп. Жиек жіптің бірін астына бірін үстіне тартылып тігілген шуда жіп.Ата бабаларымыз мал бағумен айналысып олардан түскен тері мен жүнді шикізат ретінде пайдаланған.Олардың өмірі көшпелі болғанымен,рухани болмысы көшпелі болған емес.Аналарымыз бен әжелеріміздің ісмерлігімен талғампаздығынан талай ұлттық өнер туындылары өмірге келген. Жүннен бау-шу,арқан-жіп, киім-кешек, қазақ үйдің киізін, әртүрлі төсеніштер мен қап,шекпен сияқты ең қажетті мүліктер жасалған. Жүннен жасалған бұйымдар

гигиеналық тазалығымен , сыртқы түрінің әдемілігімен көзге түседі және оларды халық көп тұтынады.

Қазіргі өнеркәсіп жүннен басқа мақта, зығыр, кендір, кенеп және басқа -да өсімдік текті талшықтарды, сонымен бірге химия өнеркәсібі жасап шығаратын жасанды және синтетикалық талшықтарды пайдаланады. Әдемілік адамдарға ләззәт пен қанағаттанушылық сыйлайды, еңбекке деген құштарлығын арттырады. Жүн терінің арнаулы түзіндісі, ол белокты қосылыс –кератиннен тұрады. Жүн кератиннің ерекшелігі мынада : онда басқа белоктардағыға қарағанда күкірттің мөлшері едәуір көп болады. Төрт түлік малдың жүні қазақ халқының өмір тіршілігінде үлкен роль атқарған және оны ұқсатуды ел бұдан мыңдаған жылдар бұрын білген.

Қазақ халқының шаруашылығында мал жүнінің ең асылы және бұйымдар жасауға ең көп қолданатыны түйе және қой жүндері, ешкі түбіті, оның қылы, содан кейінгісі жылқының жал-құйрығы, түйенің жүні, шудасы. Қойдың жүнін жабағы, күзем жүні, өлі жүн және шет-пұшпақ деп бес түрге бөліп атайды. Қойдың жабағы жүнінен шидем шапан, күпі, ішпек, терілік жасайды. Тыстап көпшік жеңіл байпақ тігіді. Жабағы жүнді киімнің, көрпенің арасына салады, неше түрлі иіру ісіне , бізбен, сыммен тоқу жұмысына қолданады. Түтілген жабағы жүннен шүйке жасалып, бау-шу есіледі, өрмек жіптері, түрлі жиектер ширатылады. Жүн сапасы алдымен малдың күтіміне байланысты . Сондықтан мал күтіміне –азық құрамына , уақытында суарылып ,серуендеуіне мұқият көңіл бөліп отырған.







2.2Киізден аяқ киімдер жасау


Киізден жасалатын киімдер:

1. Байпақ.2. Пима.3. Киіз етік.4. Саптама етік.5. Мықшима етік.6.Киіз қалпақ.

Байпақ — қыстың суық, боран кезінде саптама етіктің ішінен киетін ақ киізден жасайтын байпақ. Алыс жолға шыққанда ат үстіңде, шанада отырғанда жиі киеді. Жасалу әдісі киіз етікке жақын, тек былғары салмай тігеді.

          Байпақ тігудің екі тәсілі бар: табанын бөлек салып ұлтарып тігу, тұтастай қусырып тігу.

Жүннен тоқылатын байпақтардың қонышы қысқа болады. Аяққа батпас үшін тігісі сыртынан түседі. Ел арасында байпақтың іш байпақ, сырма байпақ, мәсі байпақ, байпақ етік, киіз байпақ, шәркелі байпақ сияқты түрлері мен атаулары кездеседі. Мәселен, киіз байпақ - киізден жасалған, етік ішінен киілетін байпақ; шәркелі байпақ - ішінен байпақ киілетін көннен тігілген шәркей; байпақ етік - жүннен басылған аяқкиім.

Байпақ басудың өзіндік тәсілі болған. Ол үшін майдалап түткен жүн сиректеле шиге жайылып, үстінен ыстық су құйып, жүннің қопсуын басады да, жалаңаш білекпен ысқылап пісіреді. Бұған нағыз шеберлік керек. Нобаймен ысқыланса, кеуегі бітеліп, жүн жабысып қалады. Сондықтан әр қимыл мұқият жасалып, жасау әдісінен ауытқымау керек. Байпақ басу ісі дамып жетіліп, пима басу кәсіпшілігіне ұласқан. Балаларға аяғына шақтап, кішкене етіп, тысы мен ішкілігін матадан салып, жүн, түбіт, жабағы, мақта тәрізділермен жылылап қауып, сырып тігеді

Пима — қойдың күзем жүнінен, қозы жүнінен басылатын қыста киетін аяқ киім.

Киіз етік — қыстыгүні киетін қысқы аяқ киім. Ақ киізден қонышы мен басын бөлек, екі бет етіп пішіп алған соң, тігістіктерінің ортасына былғарыдан жіңішке сызық салып, қусырып қайып тігеді. Етіктің басын былғарымен қаймалайды, калып салып, табанына қалың былғарыдан ұлтан, өкшесіне сірі салып бүрмеленеді. Қонышын жұмсақ былғарымен көмкеріп, өкшесінің сыртын, басының үстін өрнектеп қайып тігеді. Киіз етік өзінің жұмсақтығымен және сәндігімен, жеңілдігімен шаруада тұрмысқа өте қажетті аяқ киім.

Саптама етіктің бір түрі – шоңқайма етік. Оның өкшесі биігірек, өкше сірісі аласа, тұмсығы үшкір, қонышы тізеден асады. Кеңдігі саптаманың кеңдігіндей. Қонышы екі жақ жағынан жармаланып тігілген. Сондықтан оны кейде, «жарма қоныш» деп те атайды. Көмкерме байпақпен, шұлғаумен киеді. Шоңқайманы сәнге кию үшін, жай саптамадан көрі әдемілеп, өкшелігін, оймасын кестемен өрнектеп тігеді.

Мықшима етік- өкшенің түбі жуан, жер басар жағы жіңішке, тұмсығы жоғары қарай қайқы келген биік өкшелі саптама етіктің түрі. Оны да байпақпен, шұлғауиен киеді. Мықшиманы бұрын жас жігіттерге, ойын сауықшыл серілерге арнап тігетін. Оның қонышын өкшелігін көксауырлап тұмсығына қатырғы салады.


Фото №8;9






Фото №8;9

                            




Механикаландырылған киізден аяқкиім жасау

Механикаландырылған киізден аяқкиім жасауда экономикалық көрсеткіш

атаулар

мөлшері

шығысы

бағасы

сомасы

1

Киіз

1түрлі

1түрлі

180тг

180тг

2

Адам

1

1

150тг

150тг

3

жіп

1түрлі

1түрлі

50тг

50тг

Бәрін қосқанда:

180тг+150тг+50тг=380тг

Аяқкиім жасау технологиясын жүзеге асыра отырып, мынандай тұжырымға келдік киізден жасалған аяқкиімдер қазіргі жасалатын аяқкиімдерден қарағанда адам аяғында қаншасуық болса да, бірқалыпты температура сақталады, аяқты терлетпей ауа алмасуына мүмкіншілік жасайды.















Қорытынды

Халқымыздың тәрбиелік мәні бар асыл мұралары аз емес. Ұлттық мәдениетімізді меңгермей, мәдениетті азамат тәрбиелеу және ұлттық сананы қалыптастыру мүмкін емес. Қай кезеңде болмасын адамзат алдында тұрған марат міндеттердің ең бастысы өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу болып табылады.Білімді, жан-жақты тәрбиелі қабілетті жастар ұлтымыздың баға жетпес қазынасы, сондықтан жастарды қабілетті азамат етіп өсірудегі халық қолөнерінің тәлім-тәрбиелік, білім, танымдық рөлі орасан зор.

«Өнерсіз қыздан без,өнегесіз ұлдан без» деген келер ұрпақты қолөнерден сырт қалмай теориялық білім мен сарамандық жұмысты қатар жүргізе отырып бір өнерді үйретуде ұстаз оқушы бойында мынадай қасиеттерді қалыптастырады:

Біріншіден, халық ісмерлерінің өнер шеберлерінің қолынан шыққан алуан түрлі бұйымдардың бұрынғысы мен бүгінгісін салыстыру;

Екіншіден, ұлттық өнерді құрметтей отырып, туған жерге, ұлттық өнерге деген сүйіспеншілікті қалыптастыру;

Үшіншіден, «Ою ойғанның ойы ұшқыр», демекші,оюды ою, тігу арқылы шеберлікті түс үйлесімділігін, композициялық шешімдерді үйрену;

Төртіншіден, оқушының ерте жастан ғылыми ізденіс жұмыстарға қызығушылығын және бейімділігін ояту, жоғары деңгейдегі сапалы білім мен іскерлігін көтеруге мүмкіндік жасау.

Сонымен бүгінгі мақсат-өздерінен бұрынғы өмір сүрген аға буынның тәрбие мәселесіндегі жинақталған бай тәжірибесіне сүйене отырып, келер ұрпақты өнерге баулу,өмірге, белгілі бір кәсіпке бейімдеу.

Қазіргі кезде өз өнерін баласына, қызына үйретіп,кілем тоқып алаша иірумен айналысып отырған апалар,әжелер азайған тәрізді. Сондықтан баланы қолөнерге баулу және оған қызықтыру үшін ең алдымен оған үлгі алатындай жағдай туғызып, халық қолөнерінің әсемдік құпиясынашып көрсету қазіргі таңдағы маңызды істердің бірі.











Пайдаланылған әдебиеттер:


1. Арғынбаев Х. Қазақ халқының қолөнері. Алматы,«Өнер». 1987. -17б.

2. Асанова Б. Қазақ ұлттық ою-өрнектерінің маңызы «Фолиант» Астана «Фолиант» 2008.-72б.

3.Әбдуәлиева Ш. Халық қолөнері Алматы «Рауан» 1992ж 63-72 бет

4. Бикенов А. Қазақстанның материалдық мәдениеті Астана 2010ж 33бет

5. Нұрғалиев Р.Шаңырақ үй-тұрмыс энциклопедия Алматы 1989.-97бет

6. Амангелдиев Б.Кілем тоқу \\ Мектептегі технология №6,2008жыл 30-31бет

7.Қасенова Қ. «Қолдан кілем тоқу сабақтарын оқыту әдістері» \\ Мектептегі технология №9,2007.-7 бет.

8.Саматова Б.«Жүннен жасалған бұйымдар» \\Мектептегітехнология№2,2010-22б

9.Бекеева Ш«Киіз басуды жаңғырту арқылы оқушылардың шығармашылыққа баулу»\\ Мектептегі технология №1,2010.-13бет

10. Жуматаева Г.«Кілем тоқу әдісі» \\ Мектептегі технология №1,2012жыл 15бет

11.Мусумбаева А.«Кілем тоқу кезіндегі қолданатын әдістер»\\Мектептегі технология №8,2012.-14 бет

12. Ербасова А.«Тоқу өнерін оқыту»\\Мектептегі технология №5,2006.-15

13.Оразымбетова Ұ.«Біз инемен түкті кілем тоқу» \\ Мектептегі технология№7,2008.-17бет

14 Назарбаев Н.«Қазақстан халқына Жолдауы» 2003жыл 4сәуір

15 Шақирова Қ.«Текемет басу»,Сырмақ жасау \\ Мектептегі технология №7-8,2007.-20 бет

16 Тұрманова Р.«Сырмақ оюлары сыр шертеді»\\Мектептегі технология №7-8 2007.-22бет

17 Стрелина Ю.«Киіз басу»\\Мектептегі технология №4 2009жыл 28-32 бет

















23



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Технология (девочки)

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 11 класс

Скачать
Ұлттық қолөнердегі жүннен жасалған бұйымдардың жасалуы мен тарихы

Автор: Аринова Сауле Зейнулла

Дата: 12.12.2016

Номер свидетельства: 368855


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства