kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Таза болса айнала? – ауылы? г?лдей жайна?ан

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тазалы? денсаулы?ты? кепілі. Облыс ?кімдігіні? тапсырмасымен                                     28 наурыздан  бастап   мемлекеттік мекемелермен  ерікті т?р?ындар тазалы? ж?мыстарын ж?ргізіп келеді.  Мектеп ауласында?ы к?шеттерге минералды? азы? беріліп, зиянкестерден ?ор?алды.  Мектепке ?арасты к?шелерге тазалы? ж?мыстарын ж?ргізді. Мектеп бітіруші т?лектер естелік ретінде  жас к?шеттер отыр?ызды. Сенбілікке барлы? ?ызметкерлер мен бірге о?ушыларда ?з ?лестерін ?осты. Мектебімізге ?арасты к?шелер ?о?ыстан тазартылып, т?р?ындар?а ?о?ыстарын к?шеге  тастамау керек екені ескерілді. Сенбілік аясында ауыл ішіне абаттандыру ж?мыстары ж?ргізіліп, айнала т?гел тазартылса, аула таза болады, ауыл таза болса елді мекен таза болатыны с?зсіз. ?кініштісі к?ше ішіндегі ?о?ыстарды сыртан біреу ?келіп тастамасы аны?. ?зімізді? к?нделікті  ?олданылып ж?рген  т?рмысты? б?йымдарымызды? ?алды?тары. Сол ?алды?тарды к?шеге т?кпей, арнайы  орындар?а апару жа?ы ?йымдастырылу ?ажет-а?.  Сенбілік ар?ылы бірінші аула таза болса, екіншіден о?ушыларды отанс?йгіштікке т?рбиелеу мен е?бекке баулиды. ?р отбасы м?шелерін ?з ?о?ысын  жинап, к?шеге ла?тырмай таби?ат ?ор?ау?а міндетті.  К?ктемгі нау?ан кезінде т?р?ындар екі к?шеттен отыр?ызып ауылымызды к?ркейтуге атсалысу?а ша?ырамын. ?рбір ?аза?станды? жалпыхалы?ты?  сенбілік аясында ?з айналасын тазартса, б?кіл елді мекендеріміз  к?ктеммен бірге ерекше ??лпырары аны?.

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Таза болса айнала? – ауылы? г?лдей жайна?ан »



Таза болса айналаң – ауылың гүлдей жайнаған

Тазалық денсаулықтың кепілі. Облыс әкімдігінің тапсырмасымен 28 наурыздан бастап мемлекеттік мекемелермен ерікті тұрғындар тазалық жұмыстарын жүргізіп келеді. Мектеп ауласындағы көшеттерге минералдық азық беріліп, зиянкестерден қорғалды. Мектепке қарасты көшелерге тазалық жұмыстарын жүргізді. Мектеп бітіруші түлектер естелік ретінде жас көшеттер отырғызды. Сенбілікке барлық қызметкерлер мен бірге оқушыларда өз үлестерін қосты. Мектебімізге қарасты көшелер қоқыстан тазартылып, тұрғындарға қоқыстарын көшеге тастамау керек екені ескерілді. Сенбілік аясында ауыл ішіне абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, айнала түгел тазартылса, аула таза болады, ауыл таза болса елді мекен таза болатыны сөзсіз. Өкініштісі көше ішіндегі қоқыстарды сыртан біреу әкеліп тастамасы анық. Өзіміздің күнделікті қолданылып жүрген тұрмыстық бұйымдарымыздың қалдықтары. Сол қалдықтарды көшеге төкпей, арнайы орындарға апару жағы ұйымдастырылу қажет-ақ. Сенбілік арқылы бірінші аула таза болса, екіншіден оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеу мен еңбекке баулиды. Әр отбасы мүшелерін өз қоқысын жинап, көшеге лақтырмай табиғат қорғауға міндетті. Көктемгі науқан кезінде тұрғындар екі көшеттен отырғызып ауылымызды көркейтуге атсалысуға шақырамын. Әрбір қазақстандық жалпыхалықтық сенбілік аясында өз айналасын тазартса, бүкіл елді мекендеріміз көктеммен бірге ерекше құлпырары анық.





Манашы орта мектебінің технология

пәнінің мұғалімі Сиыкова Раиса































Амал оң болсын!

Маңғыстау жерінде жалпы батыс өңірінде амал мерекесі аталып өтіледі. Жыл өткен сайын бұл мерекенің маңыздылығы артып келеді. «Адай ата – Отпан тау» тарихи танымдық этно-мәдени орталығында бас қосып, қалың жұртшылық амал мерекесін атап өтеді. Жер жерде мерекені ел ағалары ұйымдастырып ағайындар бір-бірімен бас қосып, ел тыныштығы мен болашағы жайлы ой қозғалады. Амал мерекесінің мақсатты жастарды патриоттық тәрбиеге баулу, адамгершілік, ізгілік сынды асыл қасиеттерін нығайту болатын. Осы мақсатта мектебімізде «Амал оң болсын!» атты мерекелік шара ұйымдастырылды. Барлық қызметкерлер мен оқушылар ұлттық киімдер киіп ерекше көңіл күйде болды. Мерекенің шығу тарихы мен құндылығы түсіндірілді. Көрісу рәсімі оқушыларға көрсетілді. Мектеп директоры барша қатысушыларды айтулы күнмен құттықтап ұлттық салт дәстүрімізді ұлықтауға шақырды. Оқушылар өз бойындағы өнерлерін ортаға салып, қазақтың ұйқы ашар, селт еткізер т.б. салт дәстүрлерімізді бозбала мен бой жеткен қыздар шынайы көрсете білді. Мың бұралған бишілер мен тамылжыта әуендеткен әншілер мерекенің көркін келтірді. Аузы дуалы қарияларымыз ақ батасын берді. Жеке кәсіпкер М.Түбекбаева мерекеге орай ақ дастарқан жайып, арнайы әзірленген көжеден дәм татып, ұлттық бұйымдар мен тағамдар көрмесін тамашалады. Мектеп оқушылары арасында аударыспақ, теңге алу, дойбы, тоғызқұмалақ, қазақша күрес, қол күресі, асық ойыны сынды ұлттық ойындарымыз ойнатылды. Жеңімпаздар арнайы дипломдармен марапатталды. Шараға жиылған барша қауымның жүзінде қуаныш, мәре-сәре болып тарқасты. Өзінің шығу тегін тану үшін ұлттық салт- дәстүрімізді жаңғыртып, бүгінгі ұрпаққа дәріптеу міндетіміз. Қаймағы бұзылмаған қазақы салтымыздан ажырамай, ел тізгінін ұстайтын кемел азамат тәрбиелейік. Осы бастама жалғасын тауып, барлық мекемелерде Амал мерекесі кең көлемде аталып, жас ұрпаққа ұлттық құндылықтарымыз көбірек көрсетілсе екен.

Манашы орта мектебінің технология пәні

мұғалімі Сиыкова Раиса













Жаңа жылдағы алғашқы жеңіс

6 «А» сыныбында 20 оқушы болса олардың қай-қайсысының да өзіндік орны ерекше. Жас шыбықты қалай тәрбиелесең, солай өсіп жетілетіні сияқты олардың бойындағы қабілеттеріне қарай жол көрсетіп, бағыт-бағдар берсек болғаны. Жансая сабақта озат. Күмісай мен Гүлнұр тігінші. Желтоқсан айында азияда ойындарының чемпионы Әділбек Ниязмбетовпен кездесу оқушыларға үлкен серпіліс берді. Ағаларынан қолтаңба алып, бізде осындай боксшы боламыз деп армандап қоятын. Оқу тоқсаны аяқталып, оқушылардың тоқсандық бағалары шығып, білім деңгейлері сараланды. Оларға қысқы демалыс кезінде сыныптан тыс тапсырмалар бердім.

Аудандық спорт үйірмесіне қатысатын Сайлыбай, Нұрбек, Нұрсұлтан қысқы демалыс кезінде бокстан облыстық турнир болатын айтты. Менде іштей оқушыларымның жеңіспен оралуына тілектес болып күтіп отырдым. Турнирдің алғашқы күнінде үш тарланымда қарсыластарын тізе бүктіріп, келесі турға жолдаманы алып отырды. Екінші қарсыласын еш қандай мүмкіндік қалдырмай жеңіске бір табан жақындай түсті. Шешуші кезеңде Меңдібай Нұрбек ІІІ орын, Мұңалбаев Сайлыбай мен Тегисов Нұрсұлтан жүлделі І орынды иеленді. Турнир қорытындысында өзге боксшылардан дараланып тұрған Тегисов Нұрсұлтан «Ең үздік техникасы үшін» кубогын қанжығасына байлады. Осы сәттегі оқушыларымның бойындағы ерекеше бір құбылысты тілмен жеткізу мүмкін емес шығар сірә!? Жаңа жылды үлкен жеңісті бағындырған белестері құтты болсын. Алдағы уақытта оқушыларымыздың жеңісті сәттері жалғасын таба берсін.

Манашы орта мектебінің технология пәнінің

Сиыкова Раиса


























































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Технология (девочки)

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
Таза болса айнала? – ауылы? г?лдей жайна?ан

Автор: Сиыкова Раиса Бекетаевна

Дата: 23.04.2015

Номер свидетельства: 204947


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства