kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Танбалы тас

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жамбыл облысы ?ордай ауданы ?асы? ауылы № 23 Т. Рыс??лов атында?ы ОМ

Жоба

Та?ырыбы:

«Та?балы тастар»

Орында?ан:  Исаева Салтанат  10  «А» сынып о?ушысы

Жетекшісі:  Муналова Забира Кайраковна

технология п?н м??алімі

?асы? ауылы

2016

Мазм?ны:

I.Негізгі б?лім

Та?дау себебі

Ма?сат пен міндет

Нысаны

Идеялар ?оры

II.Кіріспе

Шы?у тарихы

Теориялы? ж?не практикалы? ма?ыздылы?ы

III.Технологиялы? кезе?

Техникалы? ?ауіпсіздік ережесі

Дайындау технологиясы

Жобаны? экономикалы? негізі

Жобаны? экологиялы? негізі

IV.?орытынды

Жа?алы?ы мен дербестік  д?режесі

Ж?мыс н?тижесі

Пайдалан?ан ?дебиеттер

Та?дау себебі

   Ой жиынты?ыны? ішінен мен эскиз ішінен бір суретті та?дап алдым.Та?балы тастарда?ы ??дай бейнесіні? басын ?орша?ан ??н с?улесі, оны ?оршап ж?рген адамдар мен жануарлар т?різді ?сер етеді. Мені? негізгі шы?армашылы? ж?мысымны? та?ырыбы «Та?балы тастар» деп аталады. Шы?армашылы? ж?мысты? екі жа?ын ?аза? хал?ыны? ?лтты? ?рнегімен к?мкердім.

Ма?саты мен міндеті:

?аза? хал?ыны?  ?лтты? ?ол?нерін ?азіргі уа?ытта ?арапайым болып к?рінгенмен, казіргі заман талабына сай «Та?балы тастар» атты кесте тігу ?неріні? ?ыр – сырын ж?не  тігу т?сілдерін насихаттау.

Нысаны:

?аза? хал?ыны? ?ол?нер туындылары

Кезе?дері:


1-кезе?:  ?лтты? ?ол?нер т?рлері, оларды? жасалу жолдары туралы к?рем ?дебиет, журналдар беттерінен ?ол?нер туралы  ма?л?мат жинастыра отырып, т?сінік беру.

2- кезе?: ?азіргі ?ол?нер т?рлеріні? жа?артыл?ан т?рлеріні? ?лгілері.

Т?рмыста ?олданылатын халы? ба?асын білетін кесте  т?рлеріне аса к??іл аудару.

Теориялы? ж?не практикалы? ма?ыздылы?ы:

     ?аза?ты? ?лтты? ?нер т?рлеріне  орындалу жолдарына жеке талдау жасау.

?аза? ?неріні? ?адір-?асиеті білу.Кестені? алатын орны.Кесте тігу ?неріні? мектептегі сыныптан тыс ?йірме ж?мысы барысында ж?ргізуді? жолдары мен ?дістері ай?ындалады. Кестеленетін ж?мысты? м?ражай экспонаты ретінде дайындалуы ?аралады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Танбалы тас»

Жамбыл облысы Қордай ауданы Қасық ауылы № 23 Т. Рысқұлов атындағы ОМ





Жоба


Тақырыбы:

«Таңбалы тастар»
















Орындаған: Исаева Салтанат 10 «А» сынып оқушысы

Жетекшісі: Муналова Забира Кайраковна

технология пән мұғалімі




Қасық ауылы

2016

Мазмұны:



I.Негізгі бөлім

Таңдау себебі

Мақсат пен міндет

Нысаны

Идеялар қоры

II.Кіріспе

Шығу тарихы

Теориялық және практикалық маңыздылығы

III.Технологиялық кезең

Техникалық қауіпсіздік ережесі

Дайындау технологиясы

Жобаның экономикалық негізі

Жобаның экологиялық негізі

IV.Қорытынды

Жаңалығы мен дербестік дәрежесі

Жұмыс нәтижесі

Пайдаланған әдебиеттер





















Таңдау себебі

Ой жиынтығының ішінен мен эскиз ішінен бір суретті таңдап алдым.Таңбалы тастардағы құдай бейнесінің басын қоршаған құн сәулесі, оны қоршап жүрген адамдар мен жануарлар тәрізді әсер етеді. Менің негізгі шығармашылық жұмысымның тақырыбы «Таңбалы тастар» деп аталады. Шығармашылық жұмыстың екі жағын қазақ халқының ұлттық өрнегімен көмкердім.


Мақсаты мен міндеті:


Қазақ халқының ұлттық қолөнерін қазіргі уақытта қарапайым болып көрінгенмен, казіргі заман талабына сай «Таңбалы тастар» атты кесте тігу өнерінің қыр – сырын және тігу тәсілдерін насихаттау.


Нысаны:


Қазақ халқының қолөнер туындылары


Кезеңдері:


1-кезең: Ұлттық қолөнер түрлері, олардың жасалу жолдары туралы көрем әдебиет, журналдар беттерінен қолөнер туралы мағлұмат жинастыра отырып, түсінік беру.

2- кезең: Қазіргі қолөнер түрлерінің жаңартылған түрлерінің үлгілері.

Тұрмыста қолданылатын халық бағасын білетін кесте түрлеріне аса көңіл аудару.


Теориялық және практикалық маңыздылығы:

Қазақтың ұлттық өнер түрлеріне орындалу жолдарына жеке талдау жасау.

Қазақ өнерінің қадір-қасиеті білу.Кестенің алатын орны.Кесте тігу өнерінің мектептегі сыныптан тыс үйірме жұмысы барысында жүргізудің жолдары мен әдістері айқындалады. Кестеленетін жұмыстың мұражай экспонаты ретінде дайындалуы қаралады.

Практикалық құндылығы: жұмыстың жазба бөлімінде берілген мәліметтер: кесте өнері, кесте өнерінің түрлері, кесте тігу өнерінің технологиясы, жалпы білім беретін мектептерде сыныптан тыс үйірме жұмыстарында, сондай-ақ жеке тапсырыстар бойынша жұмыс жасайтын шеберханаларға көмекші құрал ретінде пайдалануға қажет.







І. Кіріспе


«Қол өнер – мол өнер» – деп дана халқымыз айтқандай қайта жаңғырып, жастар Қазақ қолөнерінің тамаша туындыларын жасаудың қарапайым технологиясын осы күнде қазіргі таңда жалпы білім беретін мектепте «Сәндік Қолданбалы өнер» деген үйірме сабағында үйреніп.
Қазақтың қол өнерінде халықтың бүкіл тарихы, елге, жерге деген махаббаты, салт-дәстүрі мен даму. Сонау тас дәуіріндегі тасқа қашалып салынған суреттер мен ою-өрнектер бүгінгі технологиясы дамыған елдің қолөнерінде бір үндестік сабақтастық бар. Ол тек қана қазақ халқына тән.
Қазақ халқының мәдениеті мен өнері - оның тарихы бөлігінің құрамдас бөлігі.Тас дәуірінде адамдар аң аулаумен және тіршілікпен айналысқанын осы панно да көрсеттім.
Қолмен кестелеп тігу - өте көне заманнан келе жатқан қолданбалы өнер түрі. Қолданбалы өнер - көптеген елдер дін шеберлігін, суретшілердің шығармашылық жемісі. Бұл панно интерьерді әшекейлеу нәтижесінде кісінің көңіл – күйін көтереді.


Кестенің шығу тарихы

Кесте – қазақ халқының қолөнерінің тамыры терең дәстүрлі ерекше түрінің бірі. Кесте тігу өнерінің қазақ халқында бағзы кезден болғандығын археологиялық қазбалар мен жазба ескерткіштері дәлелдейді. Бұл салада ғұн кестелері деп аталатын қазба деректердің құндылығы ерекше.

Кесте тігу өнері көшпенді тұрмыс салты жағдайында қалыптасқандықтан қазақтардың кәсібі мен тұрмысын суреттеген.

Қазақтың кестелеу өнерінде түс пен бояудың да мәні зор. Бояу түрлерін үйлесімді пайдалану оюды байытып, кестенің композициялық жарамдылығын айқындайды. Қазақ ісмерлер бір түстің басымдылығын қолданбай алуан түрлі түстердің сәйкестерін таба білген.

Қазақтың кесте тігу техникасында негізінен «біз кесте», «шалма кесте», «жөрме» деген әдістері бар. Кестелеудің будан басқа да айқас тігу, басып тігу, қайып тігу, баспа, кебене кесте түрлерін қолданған.

 Шым кесте – тігілетін матаның ашық жерін қалдырмай немесе ашық орынды өте аз қалдырып, тұтас кестелеген шымқай кесте. Шым кесте тұс киіз, сандыққап, мақпал шапан, орамалдың алақаны, жастық жапқыш, кежім, сәукеле, т.б. көптеген заттарға төгіледі немесе бөлек матаға төгіп қондырылады.

Сәндік кесте тақия, балақ, өңір, жаға, етекке және кең қоныш етіктердің бұрыш-бұрышы сияқты заттарға төгіледі немесе бөлек төгіп қондырылады.. Кесте тігу өнері қазақ халқына өте ертеден таныс. Байырғы сақ, ғұн, үйсін өнерінде кестені зерлеп, маржандап, торлап, түктеп тігу тәсілдері кездеседі. Қазақ салтында үй жиһаздарын (тұс киіз, киім жапқыш, төсек жапқыш және үзік - туырлықтар), киім-кешектерді (кимешек, тақия, қамзол, кеудеше, т.б.), аяқ киімдерін (кебіс, мәсі, биік өкше етіктер, т.б.), қол орамалдар мен ер-тұрмандарды, т.б. тұрмысқа қажетті заттарды безендіру үшін кесте көп пайдаланылған.

Үлгі таңдау


Қазақ халқының сәндік қолданбалы өнерінің көп ғасырлық тарихы бар. Халық қолөнерінің бай мұралары бүгінгі күннің алтын қорына айналып отыр. Халықтың мәдени дәрежесі өскен сайын ұлттық қолөнердің озық үлгілері әлемдік мәдениеттен де өз орнын алды. Қазақ халқының қолөнері түрлерімен кең көлемде танысқыларың келсе, этнографиялық әдеби кітаптар оқыңдар. Бұл салада ұзақ уақыт бойы зерттеген ғалымдар баршылық. Атап айтқанда: академик Ә. Марғұлан, зерттеуші этнографтар С. Қасиманов, Ө. Жәнібеков, X. Арғынбаев, т. б.

«Қол өнер - мол өнер» дейді халық. Халықтың қолөнер бұйымдарын өрнектеу үшін де бейнелеу өнерінің маңызы зор. Әрбір бұйымдар мен заттардың ұнамдылығы мен дәлдігі, олардың жарасымды болып жасалуы суретшілік көзбен қаралуы тиіс. Қай халықтың болса да тұрмыс-тіршілігіне қажетті әдемі бұйымдар мен заттарды дүниеге әкелген қолөнері болды. Солардың ішінде біздің қазақ халқы қолөнерінің дамуы өзінше ерекше

Ой жиынтығының ішінен мен эскиз ішінен бір суретті таңдап алдым.

Таңбалы тастардағы құдай бейнесінің басын қоршаған құн сәулесі, оны қоршап жүрген адамдар мен жануарлар тәрізді әсер етеді.

Менің негізгі шығармашылық жұмысымның тақырыбы «Таңбалы тастар» деп аталады. Шығармашылық жұмыстың екі жағын қазақ халқының ұлттық өрнегімен көмкердім. 

  Сурет композициясын таңдап,  дайын сұлбаны қағазға сызып алып, өлшеміне қарай мата таңдап кестеледім.











Мата таңдау.

Шығармашылық жұмысқа мен киіздің екі түрін тандап алдым, кестелеу кезінде жақсы өңделді. Көптеген маталар өзінің әлсіз жылтырымен, түсімен, жұмысты толықтырып тұрады. Киіз Басу ісімен қазақ халқы өте ертеден таныс. Ғасырлар бойы көшпелі өмірге ыңғайлы тұрмыстық бұйымдардың бірқатарын киізден жасап келгендіктен. Киіз Басу технологиясын әбден меңгеріп, өнер дәрежесіне көтерген. Дәстүрлі қазақ қоғамында киіз басу ісі маусымдық сипатта болған. Ол қойды қырқудан басталады да, қырқылған күзем жүннің барлығын өңдеп болғанға дейін созылады.

Қазіргі заманғы киіз басу жұмыстары механикаландырылған. Киіз өндірісінде жүн арнаулы машиналармен көпсітіліп, майланып, араластырылады да, тарақтап түту машинасымен түтіледі. Түтілген жүн жасалатын бұйым пішіміне сай тартылып, талдыру машиналарында дірілдеткіш, қызған тақталар көмегімен талдырылады, күкірт қышқылының ертіндісі сіңіріледі. Сөйтіп басу машинасына жіберіледі. Мұнда ол білектеуден өтіп нығыздалады, соның нәтижесінде бұйымның көлемі қажетті мөлшерге дейін кішірейеді. Білектеу бірнеше рет қайталанады. Әр білектелген сайын бұйым кергіш машиналармен түзетіліп отырады. Соңынан байпақ пен қалпақтарды қалыпқа кигізіп, ал киізді булы кептіргіштерге жайып кептіреді.

Киіз Басу – әрлеу, түгін қырқып тазалау, престеу, кесу т.б. жұмыстармен аяқталады. Шұға өндірісіндегі киіз басу тек өңдеу процесінің бірі боп саналады. Киіз басу кәсібіміздің маңызы зор, өйткені киізден неше түрлі бұйымдар жасалатын. Ал менің жұмыстарым сәнді үй жиһазының бірі.

III.Технологиялық кезең

Техникалық қауіпсіздік ережесі


1. Қайшыны абайлап қолдану.

2. Қайшыны арнайы қобдишада сақтау.

3. Инені киімге қыстыруға болмайды.

4. Инемен жұмыс істегенде оймақ киген дұрыс.

5. Инені тістеп ауызға салуға болмайды.



Қажетті құрал-жабдықтар.

Кесте тігу үшін қолданылатын құрал - саймандар:

Кергіштер – кесте тігушінің негізгі құралы. Ол матаны керіп ұстайды және оны зақымдалудан сақтайды. Кергіштер дөңгелек болады. Ол бірінің ішіне бірі кіретін екі дөңгелектен тұрады. Оны ағаштан, пластамассадан, резеңкеден және металдан дайындайды.

Инелер – мата қалыңдығы мен жіптің жуандығына қарап таңдалады.

Қайшылар – жіптің ұшын қию үшін қайтқы қайшылар, оралған жіпті қию және жіпті тегістеу үшін орташа қайшы қолданылады.

Жіптер – кестелеу үшін табиғи, жасанды, синтетикалық және аралас жіптер, ирис, мулине т. б. жіп түрлері қолданылады.

Калька – бұл мөлдір ақ қағаз. Калька түпнұсқа суреттің көшірмесін жасау үшін қолданылады. Ал калькадан суретті көшіру үшін көшіргіш қағаз пайдаланылады.

Өрнек құрастыру үшін миллиметрлік қағаз қолданылады. Кестелеуге арналған материалдар – канва, тегіс боялған мата және киіз

Кесте және көркемдеп тігу ою-өрнекті әшекейлеудің ертеден келе жатқан
Сондай-ақ кесте тігу деп – мата, тері, киіз т.б. материалдардың бетіне әртүрлі
кесте өнері қазақ халқына ертеден енген өнер еркіндігін тарихтан
«Кестені көңіл сызады, қол тігеді, көз сынайды», адам өнерімен кесте тігу үшін жіп, мата, ине, оймақ, қайшы, кергіш кестелеу кезінде жіпті түйіншектеуге болмайды.



Кесте түрлері

Қазақ халқының қол тігістері өзінің тігілу әдісі мен мәнеріне қарай бірнеше түрге бөлінеді де, олардың әрқайсысы өз атауларымен аталады.

Батырып тігу. Бұл былғары, киіз, көрпе сияқты қалың заттарға ғана қолданылады. Оның үстіңгі өң жағы өте жиі шаншылып, ал астыңғы жібі қатты тартылып алыс шаншу арқылы үстіңгі жіпті сіңіріп отырып тігіледі. Шебер неғұрлым жіптің өң бетте көрінбей тұруын қарастырады.

«Бұзау тіс», тұмарша орындалу жағынан қарапайым, жүрдек тігістер. Бұзау тіс екі жапсарды қосатын тігіс. Бұл әдіспен көбінесе қалың киіз, жабағы сияқты заттарды шеттестіріп тігеді. «Бұзау тіс» тігісі заттың шетін кезек түйреп алып, жапсардан өткізіп отыру арқылы орындалады.

Тұмарша тігісін көбінесе орамалдың шетін жинауға қолданады. Бұл тігіс матаның шетін бекітіп, соның ізімен қайта жөрмеу арқылы орындалады. Бүрме тігіс әр түрлі желбірлерді, қос етектерді бүре жап - сырғанда, бүрмелі жағаларға, етіктің басын қалыпқа салып ұлтарақшаға жапсырғанда, бір заттың шетін жинай тіккенде қолданылады. Бүрме тігістер көбіне екі қатар жүргізіледі. Мұнда иненің әрбір шаншымы сиректеу келеді де, жіптің бүре тартылуымен жиырыла тігіледі. Бүрмелердің қатпар жасалып, тізбелей жиырыла тігілуі мүмкін.  

«Таңдай» тігіс — бұл да көркемдеп тігу істерінде қолданылатын әдіс. Оны үш сызықтың үстімен, үнемі қиғаш шаншып тігілетін «қос қабырға» мәнерімен орындайды. Мұндай кестелі тігістермен кимешектің жақтарын, жаға - қақпаларды, жеңнің аузын, кестеленген материалдардың шеттерін өрнектеген.
«Тышқан із» тігісі үш сызық арасымен, не шаршы сызықтар арасымен тігіледі. Алғашқы шаншымында инені төменгі сызықтан жоғары көтеріп үстіңгі сызықтан шаншып матаның астына түсіреді. Бұл кезде сол қолдың бармағымен ине жібін өзіне қарай тарта басып, іркінді ілмек жасайды да, инені босаңдау тартады. Ине үшінші шаншымында орталық сызық бойымен екі шаншым ілгері аттап іркіліп тұрған ілмек арасынан шығады. Инені келесі кезекте тартқанда ілмек ортасында сопақтау үш бұрыш жасалады. Тігіс осылайша қайталана береді.






Дайындау технологиясы.





Кезеңдері

Мазмұны

1

Мата таңдау

Екі түсті киізді таңдап, бұйымның ені мен ұзындығын белгілеу

2

Суретті белгілеу

Белгілеу әдістері:

- киізді кесіп бүкпесін белгілейміз;

- «инені алға қарай» шаншып отырып, өзекті сызықтарды жүргіземіз.

- өзекті сызықтарды сызғыш бойынша қаламмен белгілейміз.

3

Суретті киізге көшіреміз

– киіз

– көшіргіш қағаз

– сурет.

4

Бұйымды кергішке керу

Мата негізі мен арқауының бағыты бойынша керіледі.


5

Қол тігістерді орындау

Кестені тігу тәсілдері - Батырып тігу, Тұмарша,

«Таңдай» тігіс, «Бұзау тіс», «Тышқан із»


6

Кестеленген бұйымның күтімі


Бұйымды әрлеу жұмыстары




Суретін салу






Кестені тігу





Жобаның экономикалық негізі


Материал атауы

Өлшем бірлігінің шартты бағасы

Бұйымға жұмсалатын материалдың шығыны

Жалпы шығын

Ақ киіз

300 теңге

70 см

200 теңге

Қоңыр киіз

300 теңге

50 см

150 теңге

Тігін жібі

70 теңге

4 орауыш

280 теңге

Астарлық мата

100 теңге

70 см

70 теңге



Барлығы

700 теңге + еңбек



Жобаның экологиялық негізі


Менің жұмысым көп мөлшердегі ресурстарды, энергия шығыны ,күрделі құрал –саймандар, қымбат материалдар қажет етпейді және қоршаған ортаға ешқандай зиян келмейді деп есептеймін.




ІІІ. Қорытынды

Халық бұрын ғылым мен білімге қолы жетпесе де, сұлулықпен әсемдікті таңдайда, талғай білген. өз тұрмысы мен мәдениетінде қолөнерді мұрат тұтып жетілдіре білген. Шеберліктің небір сән саласын асқан ұқыптылықпен көкірегінде қастерлей сақтап меңгеріп біздің дәуірімізге ұштастырған.

Халқымыздың сонау арғы кезеңдердегі мәдени өміріне көз жүгіртіп көрсек ерте заманда да он саусағынан өнері тамған іскер шеберлердің жасаған бұйымдары таңғажайып шежіре болып шертіледі. Олардың қолтаңбалары түскен өшпес салтанатына айналуда.

Біздің ата-бабаларымыз өздерінің қандай рухани қазынаға мұрагер екенін жете танымаған. Сол ол халықтың өтеуі халық қолөнерін зерттеу қалын қауымның игілігіне айналдыру біздің заманымызда жүзеге асырылып келеді. Сәндік қолөнері - халықтық мәдениет пен өнердің айқын көрінісі өнегелі елден өнерлі, өнегелі бала туарың - дейді халық мақалы. Көне де келешегі зор өнеріміздің өркендеуіне мемлекеттік маңыз беріліп, өмірімізде игілікті қозғалыс байқалуда.

Біздің мектепте қолөнер шеберханаларының өнімдерінің саны мен сапасының жақсаруы - оның бірден - бір айқын көрінісі деуге болады.


Жаңалығы мен дербестік дәрежесі:

Қазіргі уақытты қазақтың ұлттық өнерінің жаңа түрлері.

Кестенің маңызы және тігістердің түрлерінің қолданылуы.

Нарықтық экономикаға байланысты киізді үнемдеу және дұрыс пайдаланып іске асыру.


Жұмыс нәтижесі:
Бүгінгі күн талабы ұлттық мәдениетті зерттеу, танып білу. Ұлттық мәдениеттің бір саласы - қолөнер, яғни ою - өрнек болғандықтан, қолөнер шеберлерінің дәстүрлі талабын да жан-жақты зерттеу болашақ жастардың ісі. Қолөнер – баға жетпес, өшпес мұра. Оны қорғай да, қолдай да білу тиісті.

Бұл шығармашылық жұмысты орындаған 10-сынып оқушысы Исаева Салтанат. Салтанат ізденімпаз шығармашыл оқушылардың бірі. Бұл жобаны жазу барысында қызығушылық танытып, қазақ халқының ұлттық қолөнерін қазіргі уақытта қарапайым болып көрінгенмен, казіргі заман талабына сай «Таңбалы тастар» атты кесте тігу өнерінің қыр – сырын және тігу тәсілдерін таңдады. Таңдау себебі Салтанат қазіргі қолөнер түрлерінің жаңартылған түрлерінің үлгілері көрсетіп, тұрмыста қолданылатын халық бағасын білетін кесте түрлеріне аса көңіл аударды.

Қолмен кестелеп тігу - өте көне заманнан келе жатқан қолданбалы өнер түрі. Қолданбалы өнер - көптеген елдер дін шеберлігін, суретшілердің шығармашылық жемісі. Бұл панно интерьерді әшекейлеу нәтижесінде кісінің көңіл – күйін көтереді деп сенімді.

Пайдаланылған әдебиеттер.


1. Әбдуәлиева Ш. «Халық қолөнері» Алматы 1992ж. 
2. Қасиманов С. «Қазақ халқының қолөнері» Алматы «Қазақстан» 1995ж. 
3. Нұрғалиев Н. «Шаңырақ» энциклопедиясы. Алматы 1989ж. 
4. Тәжімұратов «Шебердің қолы ортақ»Алматы 2000ж
5. Әбдіғаппарова Ү.М. «Қазақтың ұлттық ою өрнектері» (оқу құралы) 
Алматы.Өнер. 1999ж 152 бет. 
6. Еспенбетов.Б. «Оқушыларды халықтың қолданбалы өнеріне баулу» 
Бастауыш мектеп. № 9; 10 бет. Алматы 1988ж. 


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Технология (девочки)

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 10 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Танбалы тас

Автор: Муналова Забира Кайраковна

Дата: 22.02.2016

Номер свидетельства: 297060


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства