kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Шығармашылық жұмыс Тақырыбы: Жүннен жасалатын бұйым-Шұлық

Нажмите, чтобы узнать подробности

Шығармашылық жұмыс

Тақырыбы: Жүннен жасалатын бұйым-Шұлық

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Шығармашылық жұмыс Тақырыбы: Жүннен жасалатын бұйым-Шұлық»


№27 Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектеп









Шығармашылық жұмыс



Тақырыбы: Жүннен жасалатын бұйым-Шұлық










Орындаған: Л. Мақулбай 11 сынып

Жетекшісі: Д. Алимкулова №27

Ы.Алтынсарин орта мектебінің

технология пәні мұғалімі
















Қордай

2016


Мазмұны:



Титул парағы......................................................................................1


Мазмұны.............................................................................................2


Кіріспе.................................................................................................3


Жүннің шығу тарихы........................................................................5


Жасалу технологиясы.......................................................................9


Экономикалық құнын есептеу.........................................................10


Жобаны қорғау..................................................................................11


Қорытынды бөлім.............................................................................17


Пайдаланған әдебиеттер..................................................................19

















Кіріспе

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың еліміздің бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына қосылу бағдарламасы ең басты басымдық. Қай қоғамда болмасын бүгініміз бен кешегімізді қастерлеу өмірдегі тіршіліктің, қоғамның парызы. Ал қоғамның дамытушысы – адам.

Қазақ халқының көп тараған көлөнері-тоқыма. Соның бір түрі ілмек бізбен тоқу. Абай атамыз айтқан: «Бес дұшпанның бірі ысырап» болса, қолөнердің бұл саласы ысырапшылдыққа жол бермеген. Қыз баланы әжелеріміз үнемділікке, ұқыптылыққа тәрбиелеген. Дайын тоқыған шұлықты дүкеннен сатып алмай, қолдан қалдық жіптерден, әсемдеп заманауи шұлық тоқығанды үйрету. Өз қолауынша көркемдеп, әсемдеп, өзінің жеке тұрмыс салтына әсемдікті енгізуге ұмтылатың қасиетке тәрбиелейді.

«Шеберді шілтірінен танисың» деген сөздер ел ішінде бекер айтылмаған. Шеберлікке жету үшін дарын, білім, іскерлік пен шыдамдылық керек.















Шығармашылық жұмыс


Тақырыбы: Жүннен жасалатын бұйым-Шұлық


Мақсаты:

  • Жүннен жасалатын бұйым-шұлықтың жасалу жолдарымен таныстыру.


  • Шығу тарихын зерттеу.



  • Өзіндік ерекшелігін анықтау.


Міндеті:

  • Шығармашылық жұмыс барысында өз бетімен шығармашылық жұмыс жүргізе білуге, ісмерлікке, еңбек-сүйгіштікке үйрету.


  • Күнделікті тұрмысқа қажетті, заман талабына сай, жаңа бұйым жасап шығару



  • Дизайн талабына сай әсемдей білу, тұтыну бұйымын еңбек объектісі ретінде пайдалана отырып, танып білу.



Тоқыма үшін қажетті құралдар:

  • Түрлі түсті тоқыма жіптер

  • Қайшы

  • Ілмек бізі















Тоқу өнері – қазақ халқының ежелден келе жатқан, ең алғаш киімі мен үй жабдығының негізі болған қадірменді өнер. Бұл тамаша өнер қазіргі талап тілектер тұрғысынан жалғастырып, тұрмыспен бірге ұласа дамып, одан сайын жетіліп, адамдарды сұлулыққа, әсемділікке жетелеуде. Адамдардың тұрмыс хәлдері үнемі өрлеуіне сай олардың мәдени тұрмыстық тілектері өсе түсуде. Сондықтан да әр адам киген киімінің қазіргі сән үлгісіне сәйкес бола отырып, қайталанбас әсем ерекшелігін, даралығын таныта білуге тырысады. Міне, осыған орай бізге көмекке келген өнердің бірі – тоқыма. Тоқымамен айналысқанда адам жеке басына аса қажет нәрсені жасау үшін тоқымайды: осы тоқу үстіндегі түрлі түсті бояулар әлемінің үйлесімділігін, алуан түрлі сән үлгілерін таңдап, түрлі тоқу әдістерін меңгеруі адамның талғамын, шеберлігін, ой-өрісін жетілдіріп, көркемдікті сезіну қабілетін дамытады. Соған орай, тоқу өнері басқа да істер сияқты үйренуді, ізденуді қажет етеді. қазақ қолөнершілері тоқу ісіне көбінесе жүннен иірілген жіптерді пайдаланған. 

Жүн – жануарлардан алынатын табиғи материал. Оны қазақ халқы мыңдаған жылдар бұрын іске асырған. Қой , ешкі, қоян, түйе жүндерінен жіп иіріп мата өндіруге, тоқыма, кілем, алаша тоқуға қолданған. Қой жүні – күзем және жабағы жүніне бөлінеді. Қойдың қозысынан алынған жүнді қозы жүн деп атайды. Қой жүнін қырқып алған соң, оны жуып кептіреді де, сабауға дайындайды. Жүнді сабау технологиясына сабау мен тулақ құралдары қажет. Содан кейін жүнді тарақпен тарап, қолмен түтеді.


Иіру

Ұршықты саптағанда оның мұрындық өткізілетін, жағын ұршық басқа кигізеді (басынан 3 елідей шығарып). Саптың ұшынан жіп жататын сай салып, ұшынан 1 елідей төменіректен мұрындық өткізеді. Оның жуандығы сіреңке шырпысынан сәл ғана жуандау болады. Жіп ауырлағанда сынып кетпеу үшін, мұрындық қатты ағаштан дайындалады.

Ұршықпен иірілетін жіптердің ең жуаны өрмектің арқауы, күзуі, серуі және түйенің жабуын көктейтін, киіз үйдің түндік, үзік, туырлық сияқты әбзелдерін тігуге арналған шуда жіп, ал ең жіңішкесі - шидем шекпен тоқуға, теріденкиім тігуге арналады. Жіп иірілуіне қарай екі түрлі : оңқай жіп,солақай жіп болады. Жіптің бұл түрлері шекпен тоқығанда таңдай түсіру үшін пайдаланылады. Жіп иіргенде шебер майдалап түтілген жүннен шүйке жасап, оны бостау етіп, домалақтап шүберектен не шүйкенің өзінен саусаққа ілетін ілгек шығарады. Иірілген жіпті ұршық сабына төгеді.



Жіпті ұршықпен иіру


Ұршықтың құрылысы

Ұршық негізгі үш бөліктен құралады. Олар- ұршықтың басы, сабы және мұрындығы. Ұршықтың басын тығыз ағаштан ойып, жұмсақ тастан қашап, қорғасыннан дөңгелектеп құйып жасайды. Ұршық басының ауыр не жеңілдігі иірілетін жіптің жуан-жіңішкелігіне сәкес



Жіпті ұршықпен иіру - түтілген жүнді ұзынынан созып, спиральді тәсілмен орап ұзын, мықты тоқыма жіп алу тәсілі.


Жіпті ұршықпен иіру

  • a — түтілген жүн

  • b — иірілген жіп оралған ұршықтың сабы

  • c — ұршық басы


Жүнді машинамен, қолмен иіруге болады. Өндірісте жүн иіру технологиясында жүн иіретін арнайы машиналар кеңінен қолданылады. Сонымен қатар күнделікті тұрмыста да жүн иіруге арналған жүн иіруші аппараттар қолданылады.


Жіп иірудің құралдары

Жіп иірудің екі түрлі құралы бар. Оның біріншісі – ұршық. Екіншісі – аяқпен айналдыратын жіп иіруіш. Ұршықпен жүн иірудің де екі түрлі әдісі бар. Бірі – шүйкені сол қолдың сыртына іліп қойып иіру, екіншісі – шүйкені жоғары (үйдің қабырғасына, сәкіге, керегеге және т.с.с.) іліп қойып иіру. Екеуінде де иіруші шебердің созу, оны мұрындыққа іліп, иіріліп келе жатқан жіпті буылдықсыз біркелкі етіп сыптығырлай отыруын, саусақтарының шебер, ширақ қимылдауын керек етеді. Иіріп келе жатқан жіп үзіліп кетсе, оны шүйкенің үлпілдек ұшымен жалғастырады. Егер оның біраз жері жуандап кетсе, не жіңішкерсе онда оны тарқатып қайта иіру қиын. Сондықтан жіптің ондай жерін үзіп тастап, тегіс жерінен қайта жалғап иірген дұрыс. Шұлық, ұйық, қолғап, шарф, шәлі жіптері өрмек, шуда жіптері сияқты өте пысық иірілмейді. Өйткені бұлай иірілген жіп тоқуға бөгет жасайды, ал тоқылып шыққан заттар өте дөрекі және тықыр болып шығады. Қолғап пен ұйықты кейде мықты болу үшін екі қабатталған жіппен тоқиды. Бірақ мұндайда екі жіпті қосып, қатты ширатудың қажеті жоқ. Тоқуға арналып иірілген жіп домалақтанып жиналады.

Жіп иіру станогы

Жіп иіру станогы – қысқа талшықтардан жіп иіретін өндіріс машинасы. Алғашқы механикаландырылған жіп иіру станогы 1738 жылы Англияда жасалған. Жіп иіру станогында тазаланған талшықтардан ширатылған шүйке созу тетігінде жіңішкертіліп, станок ұршығымен иіріледі де, одан жіп алынады. Станок 2 түрге бөлінеді: 1) үзілмелі жіп иіру станогында созу, ширату және орау процестері жеке-жеке жүргізіледі; 2) үздіксіз жұмыс істейтін жіп иіру станогында барлық 3 процесс бір мезгілде атқарылады. Әр машинада 200 – 500 ұршық болады. Ұршықтар әр түрлі. Солардың ішінде әрі қарапайым, әрі жоғары өнімді болғандықтан, сақиналы ұршығы бар жіп иіру станоктары көп қолданылады. Мұндағы шүйке бағыттау түйінінің үстімен созу тетігіне қарай өтеді. Одан шыққан шүйке жіп түрінде ширатылады. Жіп жүргізгіштен өткен жіп сақинаға орнатылған жүгіртпеге бағытталады. Жүгіртпенің әр айналымы жіпті бір рет ширатып өтеді, ал жүгіртпенің ұршықтан кейін қалған әр айналымы жіпті келепке бір рет орап шығады. Ұршық 8 – 14000 айн./мин жасайды. Ұршықтың әрқайсысы 1 мин-та 8 – 18 м жіп иіреді. Жіп иіру станогында жұмыс істейтін бір адам 200 – 2000 ұршық жұмысын бақылайды.

болуға тиіс. Ұршық сабының ұзындығы 30 сантиметрдей болады.


Іліп тоқуға арналған иірім жіп түрлері.

  • Зығыр

  • Мақта иірімжібі

  • Мохер

  • Жүн иірімжібі

  • Ангор

  • Кашемир

  • Альпак

  • Вискоза

  • Фасонды иірім жіп


Біздің өзі әрқалай бөлінеді. Мысалы:

  • Қарапайым сым темірден жасалған біз. Бұл көбінесе шұлық тоқуға, мойын орағыш тоқуға, баскиім, т.б. тоқуға арналған. Оны қазіргі таңда пластмассадан, ағаштан, бамбуктен, сүйектен жасауға болады.

  • Екі басы сым темірден жасалған, ортасына түтікше пластмасса кигізілген қарапайым біз.

  • Ілмек біз. Аты айтып тұрғандай іліп тоқуға арналған біздің бір түрі. Ілмек біздің бір түрі. Ілмек біздің әр түрлісі болады. Мысалы ата-бабаларымыздың бұл бізді қойдың кәрі жілігінің басындағы кішкентай бөлініп шығатын сүйегінен жасаған. Ал қазіргі заманда арнайы сауда орындарынан сатып алуға болады. Бұл бізді қолданғанда жуан жіптерді жуан ілмек бізбен, ал жіңішке ілмек бізбен тоқу керек.

Тоқыма тоқу үшін таза жүннен, мақтадан, вискозадан, синтетикадан, жүн мен синтетикадан аралас иірілген жіптер пайдаланылады. Сондай-ақ бұрын пайдаланылған жіптерді де тарқатып, қайта пайдалануға болады. Ілмекпен тоқу үшін кез келген жіпті пайдалануға болады, жүннен, мақтадан иірілген немесе жібек жіптер, т.б.


















Ілмекпен тоқу

Ілмекпен тоқу- ілмектің көмегімен бұйым жасау барысы. Тоқыма тоқудың бір түрі.

Тоқу барысында ілмектің болаттан, пластмассадан және ағаштан жасалынған түрлерін және олардың жіптің жуан-жіңішкелігіне сәйкес түрлі нөмерлері пайдаланылады. Ілмекпен тоқу үшін кез келген жіпті пайдалануға болады: жүннен, мақтадан иірілген, жібек жіптер, синтетикалық және аралас жіптер. Әдетте үстіге киетін киімдерді бостау иірген, ал дастарқан, салфетка, сумка сияқты заттарды ширақ иірілген жіппен тоқиды. Бөлшектерінің сыртқы пішіні үлгі мен есепке сәйкес шалуды (петель) қосу, яки қысқарту, сирек те жиі тоқу (ілмек пен жіптің диаметріне қарай) арқылы жасалады.





Экономикалық негізі.


Жүннен жасалған бұйым шұлықтың өзіндік құнын есептеу.



Материал

атауы

Өлшем бірлігінің шартты бағасы, тг.

Бұйымға жұмсалатын материалдың шығыны

Материал шығыны тенгемен

Тоқыма жіптер

100гр. – 800 тг.

0,90гр.

720тг.



Барлығы:

720тг


Бұл жерде мен жіптерді осы шұлықты тоқу үшін арнайы жіп сатып алған жоқпын. Өзім тоқығанды жақсы көрем. Көп тоқимын. Сол тоқылған бұйымдардан қалған жіптерден осы шұлықты тоқып отырмын. Бұл дегеніміз, қалған жіптерді тастай салмай, заман талабына сай ілмек бізбен әр түрлі жіптерден төртбұрыштарды тоқып, оларды біріктіріп шұлық тоқуға болады. Жүннен тоқылған шұлық жылы және әдемі көрінеді. Бұған көп қаржы кетпейді, себебі қалдық жіптерден тоқылған.

Экологиялық жағынан қарасақ менің жұмысыма көп ресурстар қажет емес. Энергия шығыны, күрделі құрылғылар, қымбат материалдарды қажет қылмайды. Қоршаған ортаға ешқандай зиян келген жоқ деп есептеймін. Қайта мен қалдық жіптерді тастай салмай жинап соны өзімнің қажетіме жұмсадым.




















Қорытынды

«Кен асылы жерде, сөз асылы елде» дегендей, өнер түрі елде мол, халықпен бірге жасап келеді және жасай береді. Осыған орай бұл шағын еңбегімде – қолөнері жайында азды-көпті сөз болды. Сәндік қолөнеріміз біздің мәдениетіміздің құрамды бөлігі. Оны дамыта отырып, жер-жерде халық шеберлерінің өнегелі істерін жас ұрпаққа насихаттау, қолөнер бұйымдарының сапасын арттыра беру аса құрметті және игілікті іс болмақ.

Тоқыма жіптерден қазіргі заман талабына сай әр түрлі заттарды тоқып жасауға болады.

1. Бұл менің алға қойған мақсатымның орындалып, өз шешімін тапқаны. Жұмыс барысында төзімділікке, ұқыптылыққа, шыдамдылыққа үйрендім.

2. Мен өз жұмысымның қорытындысына зер сала отырып, менің жұмысым ойымдағыдай шыққанын нық сеніммен айтамын.

3. Тоқыма өнері арқылы мен осы жұмысты ары қарай жалғастыру өзімнің міндетім деп, зерттеп оны әрі қарай дамытып түрлендіру керек екенін іздестіремін деген мақсатты алдыма қойдым.



















Пікір


Ләззат Бақытжанқызының жұмысының тақырыбы ілмек бізбен тоқылған «Шұлық». Ы.Алтынсарин атындағы №27 орта мектебінің 11-сынып оқушысы. Оқушы технология пәнінен өз бетімен ізденіп, білімін тереңдету мақсатында жұмыс жасап келеді. Оқушының жұмысының мақсаты: қолданбалы өнердің өміршеңдігін дәлелдеу, өнер арқылы еңбек етудің шығармашылық жетілуге тигізер көмегін түсіндіру. Тоқыма жіптерден ілмек бізбен қазіргі заман талабына сай әр түрлі тұрмыста керекті, көрпеше, салфеткалар, пледтер, шұлықтар тоқып келеді Тек қана тоқыма емес басқада қолөнердің түрлері қолынан келеді. Домдыра да тартады. Қандай жұмыс болсада соны аяқтап шығарады. Көптеген аудандық байқауларға қатысып, жүлделі орындарды алып келеді.

Оқушы жан-жақты ізденген, шығармашылқпен жұмыс істеген. Технология пәнінің еңбек етуге үйретудегі қызметі мен маңызын дәл түсінген оқушы.

Жасынан өнерге үйренген адам өмірде өз жолын табады. Ләззат Бақытжанқызы келешекте бұл шығармашылық ізденісін жалғастырады деп сенемін.





Пән мұғалімі: Д. Алимкулова





Пайдаланылған әдебиеттер



1. Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз. Сов. энцикл.

Бас ред. 1990

2. «Қазақ Энциклопедиясы», 4 том 3 бөлім

3. «Мектептегі технология» журналы №3,12 2007ж. №10, 2008ж.

4. Шоқпарұлы Д.Дәркембайұлы Д. Қазақстың қолданбалы өнері.

5. «Жүннен жасалған бұйымдар» Алматы «Қайнар»,

6. «Вязаниие» кітабы. Россия. 1990 ж.

7. «Валя-Валентина» журналы






16



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Технология (девочки)

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 11 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Шығармашылық жұмыс Тақырыбы: Жүннен жасалатын бұйым-Шұлық

Автор: Алимкулова Джанара

Дата: 08.12.2016

Номер свидетельства: 367215


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства