kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Шығармашылық жоба. Сумоншақпен кестеленген киіз сөмке

Нажмите, чтобы узнать подробности

Шығармашылық жоба.Сумоншақпен кестеленген киіз  сөмке

Міндеттері:

1. Ізденіс жұмыстарын жүргізу.

2. Ою-өрнек түрлерін күнделікті өмірде қолдана білу.

3. Өз бетіммен шығармашылық жұмысты жүргізе білу;

4. Дизайн талабына сай әсемдей білу.

Зерттеу жұмысының барысы:

1. Жетекшінің көмегімен жұмыс бағдарламасы, құрылымы жасалды.

2. Кітапханамен байланыс.

3. Интернеттен пайдалы ақпараттар, керекті материалдар қоры жиналды.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Шығармашылық жоба. Сумоншақпен кестеленген киіз сөмке»





Ы. Алтынсарин атындағы №27 орта мектеп




Шығармашылық жоба.





Сумоншақпен кестеленген киіз сөмке
















Орындаған: А. Бахтығалиқызы 10 сынып

Жетекшісі: Д. Алимкулова №27

Ы.Алтынсарин орта мектебінің

технология пәні мұғалімі








БЕТҚАЙНАР

2016



Мазмұны:


1. Титул парағы.

2. Мазмұны.

3. Кіріспе.

4. Жүннің шығу тарихы.

5. Жасалу технологиясы.

6. Экономикалық құнын есептеу.

7. Жобаны қорғау

8. Қорытынды бөлім

9. Пайдаланған әдебиеттер



Мақсаты: Сумоншақпен кестелеу өнерін үйреніп оны түрлендіріп дамыту. Сумоншақпен әр түрлі бұйымдарды жасауды және оларды көркемдеп тігу технологиясымен таныстыру.



Міндеттері:

1. Ізденіс жұмыстарын жүргізу.

2. Ою-өрнек түрлерін күнделікті өмірде қолдана білу.

3. Өз бетіммен шығармашылық жұмысты жүргізе білу;

4. Дизайн талабына сай әсемдей білу.



Зерттеу жұмысының барысы:

1. Жетекшінің көмегімен жұмыс бағдарламасы, құрылымы жасалды.

2. Кітапханамен байланыс.

3. Интернеттен пайдалы ақпараттар, керекті материалдар қоры жиналды.


















КІРІСПЕ


Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан – 2030 стратегиясында алға міндет етіп қойған ішкі және сыртқы саясатының аса маңызды 30 бағытының бірі – мәдени мұра бағдарламасы аясындағы халықтық мәдени құндылықтар мен дәстүрін дамыту. Осы бағытты ескере отырып, көнере бастаған қолөнерді бүгінгі күнде өз кәдемізге жаратып, қолданудың маңызы өте зор.

Қазақ халқының мұрасы, қазынасы – қолөнер болып табылады.Халық шеберлері ұлттық қолөнер бұйымдарын жасау арқылы сол халықтың этникалық және мәдени ұлттық дәстүрлерін көрсете білген.

Қолөнер - ұрпақтан ұрпаққа ауысып, тамырын кең жайып келе жатқан халық мұрасы. Осынау халық қазынасын қастерлеу – көзі ашық, көкірегі ояу, ар-намысты, ұлтжанды әрбір адамның борышы. Алғаш ұстазыммен осы істі қолға алған кезде, осы борышымды қолдан келгенше өтегім келді.

«Ел іші – алтын бесік» деген аталы сөздің ақиқатын көзіммен көріп, халық шеберлерінің жасаған таңғажайып ою-өрнекті бұйымдарын қолыма ұстағанда, іздегенімді тапқандай болдым.

Ойымда жүрген киіз сөмкені жасап көрейін деп шештім.























Көшпелі халық болғандықтан мал бағумен айналысып, ата-бабаларымыз қолөнер бұйымдарын жасауда мал терісі мен жүнін шикізат ретінде пайдаланған. Жүн– қой, ешкі, түйе және т.б. жануарлардың түгі, жеңіл өнеркәсіптің құнды шикізаты. Жүн талшықтары жылуды аз өткізеді, ылғал тартқыш және берік болады. Ол жіп иіру, мата тоқу, киіз басу, әр түрлі тоқыма бұйымдар жасау үшін пайдаланылады. Қой, ешкі және түйе жүні құнды шикізат болып есептеледі. Дүние жүзінде қой жүні көп өндіріледі. Қой жүні талшықтарының жуан-жіңішкелігіне, құрылымына қарай бөлінеді. Жүн құрамындағы қылшықтардың ара қатынасы қой тұқымына байланысты әр түрлі болады. Сондықтан қой жүні биязы, биязылау, ұяң және қылшық жүн деп бөлінеді. Биязы жүн талшығының жіңішкелігі 14,2 – 25 мкм, ұзындығы мен ирегі біркелкі болады. Түсі ақ, шайыры мол. Бұл жүннен жоғары сапалы мата тоқылады. Биязылау жүн біркелкі ірілеу жүн мен аралық қылшықтан тұрады. Талшығының жіңішкелігі 25,1 – 35 мкм. Мұндай жүннен трикотаж, жоғары сапалы шұға тоқылады. Ұяң жүн құрамында жүннен басқа аралық және майда қылшықтар болады. Ұяң жүннен кілем тоқылады. Қылшық жүннің құрамында қылшық, әсіресе, өлі қылшық көп болады. Мұндай жүн киіз, киіз аяқ киім, т.б. жасауға пайдаланылады. Жүннің барлық түрінің сапасы малдың тұқымына, оны дұрыс азықтандыруға, бағып-күтуге байланысты. Ешкі жүні қылшықты, түбіт аралас болады. Ангор, т.б. ешкі тұқымының жүні биязылау келеді. Түйе жүні берік, сапасы жақсы болады. Одан жүн мата, сырт киім, әр түрлі бұйымдар жасалады. Сиыр, жылқы жүндерінен киіз, қоян жүнінен жеңіл киім жасайды. Ит жүні емдік мақсатта қолданылады. Жүннен жасалған бұйымдар мықты, жылы, шыдамды, тұрмысқа қолайлы, денсаулыққа пайдалы, алып жүруге ыңғайлы жеңіл. Тұрмысқа қажетті арқан-жіп, бау, ноқта, киіз, текемет, сырмақ, алаша, кілем әртүрлі дорбалар, киімдер осы жүннен жасалған. Жүн сақтайтын бөлменің есік-терезесін ашып, желдетіп тұру керек. Ашық күн астында сақтауға болмайды.

Жүн – ұйысуға бейім бірден-бір талшық. Ол ылғал мен температура әсерінен және механикалық әрекет нәтижесінде ширайды да, жасалып жатқан бұйымның көлемі кішірейіп, тығыздығы артады: шұға 30 – 35%, киіз бен байпақ 80%-дай шуиды. Киіз Басудағы ең жоғары тығыздық 0,55 г/см3 (байпақтың табаны 0,42 г/см3), тығыздығын бұдан әрі арттырса, жүн талшықтары үзіліп, материал ыдырай бастайды.

Киіз басу тарихы

Киіз басу ісімен қазақ халқы өте ертеден таныс. Ғасырлар бойы көшпелі өмірге ыңғайлы тұрмыстық бұйымдардың бірқатарын киізден жасап келгендіктен, Киіз басу технологиясын әбден меңгеріп, өнер дәрежесіне көтерген. Дәстүрлі қазақ қоғамында Киіз басу ісі маусымдық сипатта болған. Ол қойды қырқудан басталады да (күзде), қырқылған күзем жүннің барлығын өңдеп болғанға дейін созылады.























  • Киіз басу барысы

Жүні таза болу үшін, қойды қырқар алдында 3 – 4 рет ағынды суға тоғытады. Киіз басу барысы бірнеше кезеңдерден тұрады:

  • Сабау.

Алдымен жүн жасалатын бұйымдарға ыңғайланып, ақ, қара түстерге бөлініп жиналады да, оны ешкі терісінен жасалған тулаққа салып, сабайды.

  • Шабақтау.

Жүн сабалып болған соң, басылатын киіздің көлеміне қарай, шиді жаяды да, оның үстіне жүнді салып, шабақтайды. Осыдан кейін бет тартылады, яғни киіздің оң жағына арналған неғұрлым таза, әдемі жүнді сол қолмен уыстап алып, әлгі шабақталған жүннің үстіне салып отырып, оң қолдың қырымен басып қалып, үзіп қалдырады. Үзілген жүн бірімен-бірі жалғаса, біртегіс болып төселе береді. Бұл істі бұрыннан бет тартып машықтанған, жүн тартудың шебері деп танылған бір адам ғана орындайды. Себебі, екі-үш адам орындаса, жүн ала-құла тартылады да киіз біркелкі шықпайды.

  • Булау.

Содан кейін қайнап тұрған ыстық суды шелекпен әкеліп,  сүзгімен немесе шөміштің сырт жағымен шашыратып шидің бір жақ шетінен бастап себелеп құяды. Жоғарыдан шашырап құйылған су өз салмағымен жүнді басып, шабақталған жүн мен тартылған жүнді біріне-бірін қосып жабыстырады.  Ыстық су жүннің талшықтарын буландырып жібітеді де, оның өзара кірігіп, тез киізденуіне жағдай жасайды. Су себіле басталысымен қатар отырған 3 – 4 әйел басылып жатқан жүнді сыртындағы шимен қабаттай шиыршықтап, жинап отырады. Шиді ширатып орап жинаған сайын әлсін-әлсін ыстық су құйылады. Түгел жиналған шидің сыртынан жіппен шандып, жұмырлап байлайды да, ортан белінен бір жерінен немесе екі жерінен арқанды өткізіп алып домалатады, екі басын тұйықтап бос салып қояды. Бүктеліп әзір жатқан шидің өн бойын бойлай 10 – 12 адам қатар жүріп келе жатып, шиге ораулы киізді аяқтарымен теуіп отырады. Бұларға қарама-қарсы бір адам – “қой бастар” киізді алға қарай (өзіне қарай) домалата сүйрейді. Бұдан кейін шидің шандуларын шешіп, шиыршықталған киізді жазып босатады. Киіздің асты-үстін ауыстырып отырып, 3 – 4 рет шиыршықтап, бүктейді де, екі басын түйістіріп шұжыққа ұқсатып көктеп алып, тағы да ыстық су құйып сығымдап, үстін күпімен, тонмен жылылап жауып тастап булайды.

  • Білектеу.

Ыстық буымен балбырап жатқан киізді мөлшерлі уақыт өткен соң шешіп алып, қайыра ширатып, тағы да жіппен шандып байлайды. Қатарласа отырған киізшілер шидің үстінде көлденең жатқан киізді өздеріне қарай жұла тартып алып, тізесіне соғады, білегімен ұрып басады. Білектеліп болған киізді ұзыннан екі қабаттап бүктеп, оның екі басын бір-біріне түйістіре шуда жіппен көктейді.

  • Қарпу.

Киіз басушылар киізді ақ шидің үстіне салып, айнала отырады. Қусырылған киіздің әр жерінен қамти ұстап, оңды-солды қарпиды. Қарпылған киіздің шет-шеті жиналып тегістеледі де, екі жақ бетіндегі кірікпей қалған бос қылшықтары түседі. Білектеу мен қарпудан кейін кірігіп, ширай түскен киіз біраз қуырылғандай болып көлемі шағындалады. Енді оны ұзынынан шығара созғылай есіп шиыршықтайды да, әуелі бір жақ шетін жұмарлай білектеп есе отырып, екінші басына жеткізеді. Одан кейін екінші басын тағы да соза білектей отырып бірінші басына дейін апарады. Сонда киіз молығып, созыла түседі. Киізді білектегенде және ұзындағанда оның екі жақ басына жуан ағаш, жинаулы ши сияқты нәрселерден тиянақ қойып отырады. Сонда киіздің ұзына бойының екі жақ шеті олпы-солпы болмай, тегістеліп шығады. Дайын болған киізді арналған мақсатына қарай өре киіз, кесек киіз, текемет киіз, сырмақ киіз, талдырма, сатымсақ киіз, қозы жүнді киіз деп бірнеше түрге бөліп айтады.

Механикаландырылған киіз басу.

Қазіргі заманғы Киіз басу жұмыстары механикаландырылған. Киіз өндірісінде жүн арнаулы машиналармен көпсітіліп, майланып, араластырыла ды да, тарақтап түту машинасымен түтіледі. Түтілген жүн жасалатын бұйым пішіміне сай тартылып, талдыру машиналарында дірілдеткіш, қызған тақталар көмегімен талдырылады, күкіртқышқылының ертіндісі сіңіріледі. Сөйтіп басу машинасына жіберіледі. Мұнда ол білектеуден өтіп нығызда- лады, соның нәтижесінде бұйымның көлемі қажетті мөлшерге дейін кішірейеді. Білектеу бірнеше рет қайталанады. Әр білектелген сайын бұйым кергіш машиналармен түзетіліп отырады. Соңынан байпақ пен қалпақтарды қалыпқа кигізіп, ал киізді булы кептіргіштерге жайып кептіреді. Киіз басу – әрлеу, түгін қырқып тазалау, престеу, кесу т.б. жұмыстармен аяқталады. Шұға өндірісіндегі Киіз басу тек өңдеу процесінің бірі боп саналады.



Сумоншақтың шығу тарихы

Моншақпен сәнді жұмыстар жасау тарихы өте арыдан басталады. Бұны өнертанушы ғалымдарымыз қолданбалы сән өнері шеберлерінің әйгілі, осы уақытқа дейін сақталып келген өте әдемі, сапалы орындалған жұмыстарын зерттеу арқылы дәлелдеген. Моншақ неолит дәуірінде тастан және сүйектен, қола дәуірінде металдан жасалған. Уақыт өте келе моншақты өте бағалы және аса қымбат емес тастар, әйнек өндіру кәсібінің нәтижесі моншақ, сумоншақтар алмастырады. Моншақ ертеде тау хрусталі мен ақық тастардан даярлаған.

Бисердің шығу тарихы әйнектің пайда болуымен тікелей байланысты. Ал әйнектің қашан пайда болғанына әлі күнге дейін нақты дерек жоқ. Аңыз бойынша , өте ерте заманда бай саудагер Жерорта теңізінен Африкаға табиғи сода әкеле жатып құнды жағалауға түнеп, түнде от жағады. Оттың қасына үлкен кесек содаларын түсіріп қояды. Таңертен оттың жанынан ғажайып тас сияқты қатты, су сияқты мөлдір, таза күн сәулесіне қызған тасты – кристалды көреді. Бұл қазіргі әйнек еді. Осыдан бастап әйнектен түрлі формадағы моншақтар жасала бастады.

Кейбір деректер бойынша әйнектің Отаны Ежелгі Египет болған дейді. Әйнектен жасалған моншақтар, амулет, ыдыс-аяқтар сонау б.з.д. IV ғасыр ескерткіштерінен табылған.













Әйнекті массаға кобалть, мыс, маргенец қосу арқылы египеттіктер көгілдір, жасыл, алқызыл түсті әйнек алған. Мұндай әшекейлерді әйелдер, еркектер де ақ түсті киімдермен таққан екен.

Ең алғаш «бисер» атауы дәл осы Египет елімен байланысты. Оның атауы «бусра» немесе «бусер» деген сөзінен шыққан. Мағынасы «жалған маржан». Рим империясы Египет елін басып алғанда әйнек өндіру Рим еліне көтіп, империя құлағаннан кейін Византияға өтеді. Ал Константинопольды түрік жауынгерлері жаулап алған соң, әйнек өндіруші шеберлер жан-жаққа тарап әлемге «бисер» атауы әйгілі бола бастады.









Бисер тоқу өнері ертеден таралып, танылып келе жатқан халық шығармашылығының бір түрі. Халық тұрмысында үлкен атқаратын рөлі бар. Қазіргі кезде бисерден тоқылған бұйымдар, жастар мен орта жастағы әйелдерге арналған сәндік киімдерге жапсырылған немесе түрлі оюлармен әшекейленген киімдер, аяқкиімдер, сөмкелер жиі кездестіруге болады. Олар талғампаз адамдардың көңілінен шығып, үлкен сұраныстарға ие болып отыр. Бисермен қазақтың ою-өрнектерін тұмарша, өңіржиек (алқа), бойтұмар, алқа, сырға, шашпау, брошкалар жасауға болады.

Бисер тоқу өнері өте нәзіктілікті, әдемілікті, шыдамдылықты және шеберлікті талап етеді. Бисермен жұмыс істегенде жұмыс істейтін орын жарық болу керек. Көзге демалыс беру үшін әр сағат сайын 5-10 минут үзіліс жасау керек. Бисердің әр түрі бар, домалақ, сопақ және таяқша. Бисермен тоқу көп уақытты талап етеді. Қолдан жасалған бисер моншақтары Ресейде, шетелдерде өте жоғары бағаланады. Ресей патшасы Екатеринаға Жәңгір хан бисерден , асыл тастардан әшекейлеген сәнді сәукелені сыйға тартқан екен. Осы кезге дейін сәукеле Реседегі мұражайда сақталуда. Бисерді шыны, керамика, хрусталь, металдан жасайды.


Қазіргі кезде шығармашылығында сумоншақпен әшекейлеу жаңа өрлеу үстінде. Халық қолөнерінің мұраларын сұрыптай отырып , заманымызға сай киізге қазақтың ою-өрнектерін бисермен кестелеп сөмке тігейіндеп отырмын. Киіз болса экологиялық жағынан таза, химиялық қоспасы жоқ шикізат.

Бисермен тоқудың ең көп тараған түрі – параллельді тоқу. Тоқу элементі екі түрлі болады – жай және қиын. Түріне қарай тығыз және кестелі. Бисермен кестеленетін мата тым қатты немесе жұқа емес, орташа болу керек. Бисер тігу үшін арнайы жіңішке инелері болады. Жіптің түрлері әр түрлі болады. Капрон, леска, жіңішке сым темірлер. Жуандығы бірдей, мықты болу керек. Бисермен жұмыс істегенде өткір қайшы, арнайы кергіш керек. Моншақтарды арнайы қораптарда сақтаған жөн.


Қазақтың ұлттық оюлары.

Қазақ халқының қолөнер саласында кең қолданып келген, өнердің өте көне, әрі күрделі түрі ою-өрнек өнері. Сәндің өнерінің барлық түрінде оюлар мен өрнектер алғашқа элемент ретінде қолданылады. Ою-өрнектің көнеден келе жатқанын дәлелдейтін бұйымдар мұражайда сақталуда. Адамдар өздерін қоршаған айнала дүниені тасқа бейнелеген, бертін келе киім-кешектеріне, қолданатын бұйымдары мен ыдыс-аяқтарына қарапайым сурет ретінде салған. Осылай бірте-бірте ою-өрнек пайда болды.

Ою-өрнектің бірнеше ондаған ғасырлық тарихы бар, атадан балаға, ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып, үнемі қолданыста болып, дамып келе жатқан өнер түрі. Ою-өрнектерді композициялық құрылымына қарай бір жүйеге келтіру үшін ғалымдар ою-өрнекті төрт топқа бөледі:

1. Зооморфты.

2. Өсімдік пішіндес.

3. Геометриялық.

4. Космогониялық.

Әр ою-өрнектің астарында мағына болады. Мысалы: «қошқармүйіз» оюы молшылықты меңзейді, «ағаш» оюы ынтымақ бірлікті, «ирек» оюы адамның өмір жолы, судың белгісі, «шеңбер» оюы жарық өмір жолы дегенді білдіреді. Қазақ шеберлері көп қолданатын ою-өрнек элементтерінің мынадай атаулары бар:

а) аспан әлеміндегі құбылыстарға байланысты өрнектер: «ай», «күн», «жұлдыз», «айшық», «аймүйіз», «құс жолы», «кемпірқосақ», т.б.

ә) заттардың атауына байланысты өрнектер: «балға», «балта», «тарақ», «балдақ», «күмбез», «табақ», «қармақ», т.б.

б) эпиграфиялық өрнектер, яғни жазуды өрнек тәріздендіріп, белгілі бір заттың бейнесіне келтіре әдемілеп, астарлап жазу.

в) ру таңбалары мен ел таңбаларға байланыстыою-өрнек элементтері: «тұмар», «айшық», «босаға»,

Халқымыздың бізге жеткен ою-өрнек үлгілері бай мұра, сарқылмас қазына. Ою-өрнек – тұрмыста бір бұйымның бетін әшекейлеу үшін қолданылатын нақыш, өрнек. Заттың бетін өрнектеу үшін ісмерлер әр түрлі тәсілді қолданады. Олар оймыштау, бедерлеу, шеку, қашау, тісеу, құрау тәрізді әрекеттер арқылы жүзеге асады. Әр өрнек белгілі бір бөлшектен(элементтен) құралады.

Ғалымдар ою-өрнектің 200-дей түрін анықтады. Халық арасында көп тараған мүйіз тектес ою-өрнекті көп қолданамыз. Бұл ою-өрнектің төркіні десек те болады. Өйткені, барлық жаңа буындар осының негізінде жасалып , тек атаулары ғана өзгеріп отырған. Мысалы: қошқар мүйіз, арқар мүйіз, бұғы мүйіз, қырық мүйіз, қос мүйіз, сыңар мүйіз, төрт құлақ, түйе табан, сыңар өкше, қос алқа, құс қанат, қаз табан, т.б. Осы элементтерден ою-өрнек композициясы жасалады. Қазақ оюларының мазмұны мал өсіру мен аңшылықты, жер-су, көшіп-қону көріністерін, күнделікті өмірде кездесетін әр түрлі заттардың сыртқы бейнесін аңғартады және бәрінде де мүйіз оюы үнемі араласып отырады. Ғалымдардың анықтауынша, ол ежелгі өрнек, сондықтан онда көбінесе мал шаруашылығы мен көшпенді өмір салты бейнеленген. Қазақстан аумағында ою-өрнектің ең қарапайым элементтері Андронов  дәуірінен жеткен көне әшекейлерінен байқалады. Мұндай әшекейлер жал,  нүкте, ирек тәріздес болып келеді. Ою-өрнек түрлі геометриялық  пішіндерден  құралып, зерлеу, дәнекерлеу, оймалау, кестелеу, құйма-жапсыру әдістері арқылы жасалады. Ұлттық ою-өрнек көбіне өзіне тән белгілерінің жүйелерін қазақ халқының қалыптасуымен әрі республиканың қазіргі аумағын мекендеген Азияның басқа да халықтары мәдениетімен  тығыз байланыста дамыды. Бұл орта ғасырлық архитектуралық ғимараттардағы көкөніс және геометриялық ою-өрнектерден (Бабажы қатын күмбезі. 10-11 ғасырлар Айша бибі кесенесі, 11-12 ғасырлар, Қожа Ахмет Иасауи кесенесі, 13 -14 ғасырлар т.б.) айқын көрінеді. Ою-өрнек дәстүрлі  тоқыма өнері үлгісінде (гобелен, текемет, алаша, сырмақ), кестеде (киім-кешек, тұрмыстық заттар), ағаш, мүйіз, сүйек, ғаныш, металл мен теріге  өрнек салу мейлінше жетілдіріле түсті.

Түрлері [өңдеу] Қазақ ою-өрнегінің негізгі композияциялық құрылымы:
  • жиектік өрнектер - ою-өрнекті жолақ (фриздер, жиектер т.б.);

  • өсімдік тектес ою-өрнектер

    • гүлді өрнектер (шеңбер түріндегі ою-өрнектер, розетка, күн белгісі, т.б.);

  • торлы ою-өрнектер (заттың бетін тұтас жауып тұрады);

    • геометриялық (әр түрлі геометриялық денелерден құралады);

    • зооморфтық ою - өрнектер (жануарлар, яғни аң-құс, балық , әр түрлі жәндіктер т.б.);

    • көкөніс (өсімдіктердің гүлі, жапырағы, сабағы, жәні т.б. элементтері).

  • қиял-ғажайып өрнектер (бойтұмарлар, аспан әлемінің белгісі).

Олардың аса маңызды элементтері: қошқар мүйіз, құс таңдай, түйе табан, үш жапырақты, бес жапырақты, т.б. Ою-өрнектің геометриялық элементтері шаршы, ромбы, жұлдызша түрінде), сондай-ақ, көкөніс өрнектері (гүл, жапырақ, бұтақ түрінде) ағаш ұқсатуда, әсіресе үй жиһазы мен ыдыс-аяқтарда, музыка аспаптары мен аңшылық қару-құралдарында сақталып қалды. Халық ою-өрнегінің сан алуан түрлері әйел әшекейлерінде (сақина, сырға, бойтұмар, білезік) кездеседі. Ал сәулет өнерінде зооморфтық пен көкөніс өрнектері (сыңар мүйіз, кұсмойын, түлкі бас, арқар мүйіз, т.б.) басым болады.

Ою-өрнек үлгілері [өңдеу]
  • "Жұлдыз" - өрнек геометриялық сынық сызықты тұспалдайды. Жұлдыз бейнесі копмозицияланған ою-өрнектердің ортасында кездеседі.

  • "Жұлдызгүл" - бес бұрыш жасап, гүлмен өрнектеліп, бес тармақтан тұратын гүлді тұспалдайды.

  • "Күн" - ою-өрнегі күнді меңзейді.

  • "Мүйіз" - мүйіз оюдың ең көне мәнері.

  • "Қосмүйіз" - малдың екі мүйізін бейнелейді. Кейде "ырғақ", "ілмек" деп аталтын оюларды "қосмүйіз" дейді.

  • "Арқармүйіз" - бұл элемент "қошқармүйізге" ұқсас, бірақ оған қарағанда шиыршықтанып, тармағы одан көбірек болып келеді.

  • "Сыңар мүйіз" - қошқармүйіздің бір жақ сыңарын бейнелейтін өрнек.

  • "Қырықмүйіз" - біріне-бірі жалғаса, тармақтала қосылған көп мүйізден тұрады. Негізінен мүйіз бейнеленген оюлардың барлығының символдық мәні бақыт-береке, байлық, мал-жанының көбеюі.

  • "Төртқұлақ" - өсімдік тектес оюларға жатады. Бұл Пазырық қорғанынан табылған ең көне оюлардың бірі. Кесте өнерінде батырлар шапанының жауырынына, шалбардың тізе тұсына салынған.

  • "Үшжапырақ" - өсімдік тектес оюларға жатады. Ертедегі сәулет өнері ескерткіштерінде кездеседі. Ісмерлер кесте тігуде қолданып жүр.

  • "Түйемойын" - түйенің мойнына ұқсаған мүйіз оюына жатады.

  • "Ботагөз" - әшекейлі композиция ортасына салынады.

  • "Тіс" - малдардың, аңдардың тістеріне және шахмат тақтасына ұқсайтын ою-өрнек.

  • "Таңдай" - мал таңдайының бедерін бейнелеуден шыққан.

  • "Құсқанаты" - қанатын жайып ұшып келе жатқан құсты бейнелейді.

  • "Шетою" - өрнектің бір элементі шексіз қайталана береді. Сырмақ, киім-кешектердің басқа да үй жиһаздарының жиектерін кестелеуде, сәулет өнерінде қолданылады.

  • "Ирек", "ирексу" өрнектері бешпеттің, қамзолдың, шапан мен тақияның жиектеріне салынады.

  • "Гүл", "жапырақ", "қоза" өрнектері - барлық гүл түрін тұспалдайды. Бұл өрнектер қолөнердің барлық саласын қамтиды.

Өрнектерді орналастыру үшін симметрия сақталу керек. Симметрия дегеніміз –ою-өрнектің екі жағының тең болуы. Ою-өрнекте бір элемент қайталанып келсе мұны – ритм дейді. Бұйымға салынған ою-өрнектің бояу түрлерінің бір-бірімен үйлесіп, жарасым табуы – колорит деп аталады. Мысалы: көк түс – аспанды, жасару, өмір, өсу деген мағынаны білдіреді. Қызыл түс – оттың, күннің белгісі, қара түс – дердің түсі, берекенің белгісі, сары түс – ақыл, парасат, байлықтың белгісі, ақ түс – қуаныштың, бақыттың, тазалықтың белгісі, жасыл түс – жастықтың, көктемнің белгісін білдіреді. Сонымен қазақтың ою және өрнек деген қос сөзі біріге келіп, латынша орнамент деген ұғым білдіреді. Мағынасы әсемдеу, сәндеу. Ою дегеніміз – бұйымға түсірілген өрнекті пышақпен кесу арқылы өңдеу, бұйымды шабу кезіндегі ойып өңдеу жұмыстары. Өрнек дегеніміз – кез келген бұйымның сыртына түсірілетін біртұтас байланысты әшекей.


























Осы ою-өрнекті зерттей келе, мен де оны өзімнің жұмысыма қолдануды дұрыс көрдім. Қазіргі заманғы жасанды киізден (фетр) ою-өрнекті сумоншақпен кестеленген сөмке.
































Ал қазіргі кезде киізді қолдан баспайтындықтан жасанды киізді алдым. Оның қазіргі заманауи аты фетр. Бұл өте жеңіл, қылшықтары жоқ, таза. Осы фертдің бетіне қазағымыздың оюын бисермен өрнектеп, кестелелеймін. Сумоншақтың түсін сары және көгілдір. Бұлай таңдағаным біздің қазақстанымыздың туының түсі сары мен көк болған соң осы түсті таңдадым. Сөмкеге қазақтың ою-өрнегін салып кестеледім. Жалғыз киізден жасағаннан да оны бисермен көркемдеп, әсемдеп тіккім келді. Бұл сөмке өте қолайлы, әрі жеңіл.





Технологиялық карта





Технологиялық карта.
























































































































Экономикалық есептеу.

Материал

атауы

Бағасы

Бұйымға жұмсалған материал шығыны

Бағасы

Фетр

1метр – 1000 тенге

80 см.

800тг.

Сумоншақ

(бисер)

Көк - 100гр –200тенге

Сары - 100гр. –200тенге

10гр.

50гр.

20тг.

100тг.

Тоқыма жіп

50метр - 200 тенге

30мт.

120тг.



Барлығы:

1040тг.



Экологиялық негізі.

Менің жұмысым көп мөлшердегі ресурстарды, энергия шығынын, күрделі құрал-саймандар, қымбат материалдар, құрылғыларды қажет етпейді. Мысалы: қайшы, ине-жіп, фетр және бисер. Бұл сөмкені тіккенде қоршаған ортаға ешқандай зиян келген жоқ деп есептеймін.

Қорытынды.

Сәнді қолөнеріміз біздің мәдениетіміздің құрамды бір бөлігі. Өсіп келе жатқан біз сияқты жастарға мұра болып келе жатқан ұлттық қолөнеріміз зерттеліп баяндалды. «Адамды адам ететін еңбек» - дегендей, адам күнделікті еңбек ету арқылы ой-өрісі дамып, бір-бірін түсініп, рухани жағынан дамиды. Осы сөмкені жасау барысында оның неден жасалатынымен таныстым, іздендім. Көптеген ақпараттар жинадым. Бұл менің алға қойған мақсатымның орындалуы өз шешімін тапты. Жұмыс барысында төзімділікке, ұқыптылыққа, шыдамдылыққа үйрендім.

Ұлы Абай атамыздың: «Өзге білмей сен білсең, Білгеніңнің бәрі тұл» дегендей, өзімізді де еңбекке үйрете отырып, өзгеге де үлгі бола аламыз.

Осы еңбектің бәрі көп ізденістің және ерінбей жеткен жетістіктің нәтижесі екенін осы жобадағы сөмкені дайындау барысында түсіндім. «Көз қорақ, қол батыр» дегендей, кез келген жұмысқа шығармашылық баппен кіріссеңдер мақсаттарыңа жетесіңдер. Мен соны түсіндім.

Сумоншақпен кестелеу өнері арқылы мен осы жұмысты ары қарай жалғастыру өзімнің міндетім деп, зерттеп оны әрі қарай дамытып түрлендіру керек екенін іздестіремін деген мақсатты алдыма қойдым.





















Пікір

Айдана Бахтығалиқызының Ы.Алтынсарин атындағы №27 орта мектебінің 10-сынып оқушысы. Жұмысының тақырыбы Сумоншақпен кестеленген киіз сөмке. Оқушының жұмысының мақсаты: Сумоншақпен кестелеу өнерін үйреніп оны түрлендіріп дамыту. Сумоншақпен әр түрлі бұйымдарды жасауды және оларды көркемдеп тігу технологиясымен таныстыру. Қазіргі заман талабына сай өзінің жасаған шығармасына өзгерістер енгізу жолдарын қарастырды. Қандай жұмыс болсада соны аяқтап шығарады. Көптеген аудандық байқауларға қатысып, жүлделі орындарды алып келеді.

Оқушы жан-жақты ізденген, шығармашылқпен жұмыс істеген. Технология пәнінің еңбек етуге үйретудегі қызметі мен маңызын дәл түсінген оқушы.

Жасынан өнерге үйренген адам өмірде өз жолын табады. Айдана Бахытжанқызы келешекте бұл шығармашылық ізденісін жалғастырады деп сенемін.



Пән мұғалімі: Д. Алимкулова

















Пайдаланған әдебиеттер:

1. Шоқпарұлы Д. Қазақтың қолөнері. Алматы, «Өнер» 2005ж.

2. « Мектептегі технология. Технолгия в школе» республикалық журналы.

3. Өмірбекова М. Ш. Қазақ халқының дәстүрлі өнері. 2004ж.

4. З.Ә. Әбілова. Этномәдениет.

5. Оразбекова Н.А. Қазақ халқының сәндік ою-өрнек өнері. Ленинград – 1970ж.

6. «Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы. Алматы 2003ж.














Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Технология (девочки)

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 10 класс

Скачать
Шығармашылық жоба. Сумоншақпен кестеленген киіз сөмке

Автор: Алимкулова Джанара

Дата: 08.12.2016

Номер свидетельства: 367169


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства