Жеке т?л?аны дамыту- о?ыту педагогикасыны? негізгі проблемасы.Ол дамыта о?ытумен ?атар ж?ретіндіктен, м??алім о?ушыларды біліммен, да?дымен,іскерлікпен ?аруландыра отырып оларды? танымды? іс-?рекеттері мен шы?армашылы? ?ыбілеттерін дамыту-адамны? жеке т?л?а болып ?алыптасуы мен дамуыны? ?оз?аушы к?ші болып табылады. Т?рбие беруді? тиімділігі мен сапасын арттыруды? негізгі ба?ыты- т?рбиел?к істе ?рбір баланы жеке т?л?а деп танып біліп, жан-жа?ты ?алыптастыру
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Ма?сат-жеке т?л?аны дамыту »
Мақсат-жеке тұлғаны дамыту.
Жеке тұлғаны дамыту-оқыту педагогиксының негізгі проблемасы.Ол дамыта оқытумен қатар жүретіндіктен, мұғалім оқушыларды біліммен, дағдымен, іскерлікпен қаруландыра отырып олардық танымдық іс-әрекеттері мен шығармашылық қабілеттерін дамыту- адамның жеке тұлға болып қалыптасуы мен дамуының қозғаушы күші болып табылады. Тәрбие берудің тиімділігі мен сапасын арттырудың негізгі бағыты- тәрбиелік істе әрбір баланы жеке тұлға деп танып біліп, жан-жақты қалыптастыру. Мектеп оқушыларының жеке тұлғасын қалыптастыру мәселелері білім мен тәрбие беру тұжырымдамасында негізгі орын алады. Еліміздің білім беру жүйесінде әлемдік деңгейге жету үшін жасалып жатқан талпыныстар жағдайында әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, терең білімді, ізденімпаз, барлық іс-әрекетінде шығармашылық бағыт ұстанатын, сол тұрғыда өз болмысын таныта алатын жеке тұлғаны қалыптастыру маңызды міндет болып отыр. Осы тұрғыда тұлғалық бағдарлы технологиялар негізінде студенттердің коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру өзекті мәселелердің бірі.
Біздің ойымызша, жеке тұлғаға бағдарланған оқыту материалды шығармашылықпен меңгеру аясын кеңейтеді және жеке тұлғадан бағдарланған оқытушыдан төмендегідей іс-әрекетті талап етеді:
1) жеке тұлғаның темпераменті, мінезі-құлқы, көзқарасы, талғамы мен әдеп-дағдыларының жеке ерекшеліктерін үнемі зерделеп, жақсы білуі;
2) жеке тұлғаның ойлау ерекшелігі, қызығушылығы, мүддесі, ұстанымы, бағытталуы, өмірге, еңбекке көзқарасы, құндылық бағыттары, өмірлік жоспары және т.б. сияқты аса маңызды тұлғалық қасиеттерінің нақты қалыптасу деңгейін қадағалап, білуі;
3) әрбір жеке тұлғаның өз шамасына сай және біртіндеп күрделене беретін әрі жеке тұлға дамуын қамтамасыз ететін тәрбиелік әрекетке үнемі тартып отыруы;
4) мақсатқа жетуге кедергі келтіретін себептерді уақытылы айқындап, жойып отыруы, ал егер мұны уақтылы істей алмаса, жаңа жағдайларға сай тәрбие тактикасын жедел түрде өзгертуі;
5) жеке тұлғаның өз белсенділігіне неғұрлым көбірек сүйенуі;
6) тәрбие ісін жеке тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеуімен ұштастырып, өзін-өзі тәрбиелеу мақсаттарын, әдістерін, формаларын таңдауға көмек беруі;
Бүгінгі қазақстандық білім беру сипатындағы айрықша өзгерістер оны «адамның еркін дамуына» оның жоғары мәдениетін, шығармашылық белсенділігін, дербестігін, бәсекеге қабілеттілігін, бейімделгіштігін дамытуға бағыт береді. Бұл бағыт өз алдына оқушы тұлғасын қалыптастыруда жаңа тұрғыдан келуді қажет етеді. Тұлғалық–бағдарлы білім беруді педогогикалық қауымның меңгеруі нәтижесінде туындайтын педогогикалық мақсаттардың өзгерісі толық, тұлғалық және әлеуметтік–интеграцияланған нәтижені анықтау мәселесін алға қойды. Осындай интеграцияланған әлеуметтік –тұлғалық-іс-әрекеттік ұғымның білім берудің нәтижесі ретіндегі жалпы анықтамасы болып мотивациялық–құндылықты, когнитивті, дүниетанымдық, коммуникативтік «құзырет/құзыреттілік» ұғымы танылады. Бұнда бірінші анықтама, әдетте, белгілі бір аядағы процестер, нормативті міндеттер мен құқықтармен белгіленетін тұлғаның сапаларымен байланыстырылса, екіншісі құзыреттердің практика жүзінде жүзеге асуы, оның нақты іс–әрекетке қатынасынан туындайтын нәрсе болып табылады.
Қазіргі кезде Қазақстанда педагогика ғылымында адам проблемасының даму тарихында жан-жақты зерттелулер жүргізілуде.
Педагогикалық зерттеу нысанасы-жеке тұлға болғандықтан,оның проблемаларының қарастырылуы педагог-ғалымдардың ғылыми еңбектерінде ерекше орын алады. Еліміздің жарқын болашағы, өзіміз қызмет істеп жүрген мектеп болашағы біздің ұстаздардың ізденісіне, балаларға деген сүйіспеншілігіне, кәсіптік деңгейіне байланысты екенін жақсы түсінеміз. Шындығында мұғалімнің алдында оқушыларға білім мен тәрбие беруде үлкен жауапкершілік тұр. “Баланың шығармашылық қабілетін ашу, оны алға қарай дамыту үшін ең бастысы жағдайлар жасау қажет”.
Оқушының дарындылығының дамуы, қабілетінің ашылуы көбінесе мұғалімнің кәсіби біліктілігне, және оның тұлғалық қасиетіне байланысты екені айдан анық.
Көбінесе “дарынды оқушы – бұл жақсы оқитын оқушы” деген пікір қалыптасқан. Заман талабына сай білім бере отырып, оқушы бойында танымдық қабілетін дамыту бүгінгі таңда ұстаз үшін үлкен жауапкершілік іс болып табылады. Бұл туралы Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Ғасырлар мақсаты – қоғамның нарықтық қарым-қатынасқа көшу кезінде саяси-экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, ізгіленген ХХІ ғасырды құрушы, іскер, өмірге икемделген, жан-жақты мәдениетті жеке тұлғаны қалыптастыру», – деген тұжырымдамасында ашып көрсеткен.