Кілем тоқу - ғасырлар қойнауынан бізге жеткен, көптеген алыс және жақын шет елдер халықтары тұрмысындағы әйелдердің уйде айналысатын дәстүрлі көркем қолөнер түрлерінің бірі кілем тоқу өнері.
Кілем тоқу өнері әсіресе, орта Азия мен Қазақстанда өркендеген. Ұттық қолданбалы өнердің бұл түрі осы күнге дейін халық арасында қажеттілігін жоғалтпауы, оның тек қана беріктігімен, пайдалылығымен және сәнділігімен ғана емес, сонымен бірге қажет шикі затымен материалының оңай табылуы оларды ұқсатудың үнемділігі, қолданылатын жабдықтардың құрлысының қарапайымдылығымен уй жағдайында оңай өндірілуі, жасалу әдістерінің күрделі еместігі, сондайақ халықтың эстетикалық көз қарастарына, ұлттық салт – дәстүр, әдет ғұрып және тұрғылықты жердің ерекшеліктеріне сәйкес кілем тоқуға мүмкіндіктің молдығына. Ертеде Қазақстанда кілем және кілем бұйымдары көшпенді қазақтың тұрмысында ерекше орын алды, әсіресе киіз уй жиһазы ретінде маңызды болды. Кілем тоқу өнері – ұлттық дәстүр үлгісінің бір түрі ғана. Дәстүр дегеніміз – белгілі бір қоғамдық құрылым мінез – құлық ережесі, құндылықтар, идеялар, салт – дәстүр, әдет – ғұрып көрністері. Кілем тоқу өнері қашанда кәсіп ретінде кун көріс көзі болып табылған. Бабалар мұрасы кілем бұйымдары қазірде бұрынғыдай тұрмысымызда кеңінен тараған. Әсіресе ауыл тұрғындарының үй іші тұрмысында ұсталынатын маңызды заттардың бірі. Кілем – үй ішінің сәні, жөн жоралығы, ырым жасауда қолданылатын тұрмыстық зат, ұзатылған қыздың жасауы, сыйлы адамдарға тарту жасауға тағыда басқа қажеттіліктерді өтеуде әліде қызмет етіп келеді. Сондықтан орта мектептерде кілем тоқуды үйрету – « технология» пәні бағдарламасының міндетті құрам бөлігі болып саналады . Кілем тоқу сабақтарының негізгі мақсаты: ұлттық дәстүрлер негізінде оқушылардың іскерлігін қалыптастыру. Іскерлікті қалыптастыру деп оқушылыларды белгілі бір әрекетті орындауда жылдам , нақты тиянақты атқаруға дайындау барысын айтады. Бұл мұғалімнің бағыттауымен түсіндіру, көрсету , қателерін түзету, оқушылардың белсенді әрекетін бақылау жаттығу, өзін – өзі тексеру және өзін – өзі бағалауды қамтитын процесс. Кілем тоқу өнері оқушыларға ұлттық тәрбие беруде және олардың технологиялық мәдениетін қалыптастыруда ықпалды қызмет етеді. Осыған орай кілем тоқу өнері мектептегі технология пәні бағдарламасына ендіріп, оқушыларға кілем тоқуды менгерту, кілем бұйымдарын (сыйлықтық кілемшелер, орындық үстіне төсеніштер, гобелендер) көптеп жасату кілем көрмесін жәрменке ұйымдастыру технология пәні мұғалімінің міндеті. Шағын кілемшелерді оқушылар өздерінің достарына, туыстарына аналарының туылған күніне сыйлауға тырнақ алды жұмыстары екенін айтып түсіндірген жөн. Мектебімізде 8-9 сыныптарда қыз балалар кілемшелермен гобелен кілемдер тоқумен айналысуда. Олардың жұмыстары түрлі мектеп ішілік, аудандық, облыстық көрмелерге қойылды. Өздері тоқыған кілемшелерді ата – аналарына, ұстаздарына туыстарына сыйға тартты. Кілем тоқу өнерін насихаттау барысында 8 ә оқушыларына кілем тоқу түрлері сабағынан жаңа технологиялық әдіс тәсілдерді қолдана отырып ашық сабақ өткіздім. Талдау барысында оқушылардың ұлттық қолөнерге деген қызығушылығы артты. Алынған нәтиже жастарға өз халқының ұлттық мәдениетін одан әрі оқып үйренуді қажет ететінін дәлелдеді. Жастар өз халқының мәдениетін біліп және есте сақтауға міндетті. Өз түп тамырымыздың тарихын, дәстүрін білмейінше ұлттық дәстүрді қол өнерді дамыту мүмкін емес.
Пәні : технология 8- сынып
Күні: 12.03.2015ж Барлық оқушы саны:12
Қатысқаны:12
Сілтеме: күнтізбелік жоспар, мектептегі технология журналы № 1 2012 жыл.
Сабақтың тақырыбы: Кілем тоқудың түрлері.
Жалпы мақсаты: оқушыларды кілем түрлерімен тоқу әдістерімен таныстыру, қабілеттерін дамыта отырып, эстетикалық талғамдарын қалыптастыру.
Оқыту нәтижесі: санитарлық- гигиеналық талаптарды, техникалық қауіпсіздік ережелерін танып біледі.